Тендерлік құжаттамаға 3 қосымша
(Кімге)
_________________________________________________________________
(тендерді ұйымдастырушының атауы)
(Кімнен)
_________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
Тендерге қатысуға өтінім
(кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар және заңды
тұлғалар үшін)
___________________________________________ тендерді жүргізу бойынша
(тендердің атауы) тендерлік құжаттаманы қарап,
осы арқылы алуды куәландыратын __________________________________
_________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
мына лоттар бойынша тендерлік құжаттамаға сәйкес тауарларды беруі жүзеге асыруды ұсынады: _____
_________________________________________________________________
(тауарларды егжей-тегжейлі сипаттау)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Осы тендерлік етінім мыналарды қамтиды:
1. ________________________________________________________
2. ________________________________________________________
3. ________________________________________________________
4. ________________________________________________________
5. ________________________________________________________
6. ________________________________________________________
7. ________________________________________________________
8. ________________________________________________________
9. ________________________________________________________
10.________________________________________________________
Мен (біз) егер менің (біздің) тендерлік өтінімім(із) ұтты деп танылған жағдайда, шартқа қол қойылған күнінен бастап _______ күн ішінде (толық жазу) тауарларды беруді бастауды және осы тендерлік өтінімде көрсетілген барлық тауарларды ________________ дейін (толық жазу) (күні көрсетілсін) беруді аяқтауды міндетіме аламын (мыз).
Егер менің (біздің) тендерлік өтінімім(із) ұтты деп танылған жағдайда, мен (біз) келісімдегі жалпы соманың _____________ пайызын құрайтын сомада сатып алу туралы шартты* орындауды қамтамасыз етемін (міз).
Осы тендерлік өтінім тендерлік өтінім салынған конверттерді ашқан күннен бастап _____________ күн ішінде (толық жазу) жарамды.
Сатып алу туралы шарт жасасқан сәттен бастап осы тендерлік өтінім оны ұтып алды деп тану туралы сіздің хабарламаңызбен бірге арамыздағы міндетті шарттың қызметі орындалатын болады.
__________ ___________________________________
(қолы, күні) (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
МО
_________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы) атынан және тапсырмасы бойынша тендерлік өтінімге қол қоюға барлық өкілеттілігі бар
*егер шартты орындауды қамтамасыз ету тендерлік құжаттамада көзделген болса көрсетіледі.
Тендерлік құжаттамаға 4 қосымша
Әлеуетті өнім берушінің өтініміне қоса берілетін құжаттардың
тізімін толтыру нысаны
N
|
құжаттың атауы
|
Күні және нөмірі
|
Қысқаша мазмұны
|
Құжатқа кім қол қойды
|
Түпнұсқа, Көшірме, Нотариалды расталған көшірме
|
Тендерлік құжаттамаға 5 қосымша
Берешектің жоқтығы туралы анықтама
Банк/банк филиалы (атауы) _________________ жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамдағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарына сәйкес осы банкте/банк филиалында қызмет көрсетілетін (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның толық атауы, мекенжайы, СТН, БСК және т.б. көрсету қажет) банк алдында анықтама берілген айдың алдыңғы үш айдан созылған мерзімі өткен берешегінің жоқ екендігін растайды.
Күні
Қолы МО
Тендерлік құжаттамаға 6-қосымша
Әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінім
ағасының кестесі
(әлеуетті өнім берушінің атауы, әрбір лотқа жеке толтырылады)
N
|
Мазмұны
|
Тауарлардың атауы
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
Қысқаша сипаты
|
|
2.
|
Шығарылған елі
|
|
3.
|
Жасаушы зауыт
|
|
4.
|
Өлшем бірлігі
|
|
5.
|
Баға____ бірлікке _______
ИНКОТЕРМС 2000 шарттары бойынша__________
(белгіленген пункті)
|
|
6.
|
Саны (көлемі)
|
|
7.
|
Барлық бағасы = ______
б.5 х б.6,
|
|
8.
|
Жалпы бағасы,_________ ИНКОТЕРМС 2000 шарттары бойынша __________ белгіленген пункті, әлеуетті өнім берушінің тасымалдауға арналған, кеден бажын, ҚҚС және басқа төлемдер мен алымдарды, жинақтаушы бөлшектер мен міндетті қосалқы бөлшектер бағасын, бір өлшем бірлігіне пайдаланудың бастапқы мерзімі ішінде қызмет көрсетуге арналған барлық шығыстарды қоса алғанда, басқа да шығыстар.
Әлеуетті өнім беруші басқа да шығыстарды көрсетуге құқылы, оның ішінде
8.1
8.2.
|
|
9.
|
Жеңілдіктер берілген жағдайда оларды ұсыну мөлшері
9.1.
9.2
|
|
Мен (Біз) Сіздердің тендерлік құжаттамада айтылған төлем шарттарыңызға келісе(мін) (міз). Төлемнің мынадай балама шарттарын ұсынамыз
____________________________________________________________
(егер олар болса)
____________________________________________________________
(төлемнің балама шарттары көрсетіледі)
немесе басқа шарттар (санамалау қажет:___________ __________)
бұл ретте__________________ мөлшерде жеңілдіктер ұсынамыз
____________________________________________________________
(ақшалай мәнде жазбаша түрде көрсету қажет)
_________________________________ __________
(лауазымы, тегі, әкесінің аты) (Қолы)
М.О.
Ескертпе: әлеуетті өнім беруші 8-жолда көрсетілген жалпы бағаның құрауыш бөліктерін көрсетпеуі де мүмкін, бұл ретте осы жолда көрсетілген бағаны әлеуетті өнім берушінің барлық шығындарын ескере отырып тендерлік комиссия қарайды және қайта қарауға жатпайды.
Тендерлік құжаттамаға 7- қосымша
Банктік кепілдік
Банктің атауы:___________________________________________________
(банктің атауы мен деректемелері)
Кімге:___________________________________________________________
(сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен деректемелері)
N__________ кепілдік міндеттеме
____________________________ ___ жылғы "____" _________
(орналасқан жері)
Біз бұданәрі "Өнім беруші" деп аталатын,_________________,
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
___________________________________ ұйымдастырған _______________
(сатып алуды ұйымдастырушының атауы)
сатып алу жөніндегі тендерге қатысатындығынан және жалпы сомасы __________ теңгеге ______________________________________________
(жазумен) (тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің атауы мен көлемі)
беруді (жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді) жүзеге асыруға дайындығынан хабардармыз.
_________ жылғы "___" ________________ жоғарыда аталған сатып алуды өткізу жөніндегі тендерлік құжаттамада/баға ұсыныстарға сұрау салу тәсілімен сатып алу шарттарында әлеуетті өнім берушілердің банктік кепілдік түрінде тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді енгізуі көзделген.
Осыған байланысты біз ____________________ осымен өзімізге
(банктің атауы)
Сіздің талап өтуіңіз бойынша Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды, сондай-ақ Өнім беруші:
тендерлік өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі өткеннен кейін тендерлік өтінімді кері қайтарып алғандығын немесе өзгерткендігін;
белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоймағандығын;
тендерлік құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылғаннан кейін мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбегендігін жазбаша растауды алғаннан кейін ____________________________________
(сомасы цифрмен және жазумен)
тең соманы төлеуге қайтарымсыз міндеттемені өзімізге аламыз.
Бұл кепілдік міндеттеме тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашқан күннен бастап күшіне енеді.
Бұл кепілдік міндеттеме өнім берушінің тендерге қатысуға тендерлік өтінімінің қолданылуының соңғы мерзіміне дейін қолданылады және, егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз __________ аяғына дейін алмасақ, осы құжат бізге қайтарылатыңдығына немесе қайтарылмайтындығына қарамастан, толық және автоматты түрде күшін жояды. Егер тендерлік өтінімнің мерзімі ұзартылған болса, онда бұл кепілдік міндеттеме сондай мерзімге ұзартылады.
Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттемелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Кепілгердің қолы және мөрі Күні және мекен-жайы
8-қосымша тендерлік құжаттамаға
Мамандардың бар-жоғы және саны туралы мәліметтер
(әлеуетті өнім беруші осы тендер (лот) бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажет деп есептейтін қызметкерлер көрсетіледі)
№
|
Тегі,аты,әкесінің аты,жеке куәгілінің нөмері және берілген күні
|
Қызметі
|
Мамандығы бойынша жұмыс өтілі
|
Білім туралы дипломы,куәлігі және басқа құжаттары бойынша біліктілігі (мамандығы)
|
Мамандығы бойынша санаты,разряды,класы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Басшының қолы М.О.
Тендерлік құжаттамаға
9 қосымша
Сатып алу туралы үлгілік шарт
____________________ _____ жылғы "___" ___________
(Орналасқан жері)
Бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын __________________
(тапсырыс берушінің
толық атауы)
атынан,_________________________________________________________,
(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
бір тараптан және бұдан әрі "Өнім беруші" деп аталатын,
___________________________________________________________
(өнім беруші - тендер жеңімпазының толық атауы)
атынан ___________________________________ негізінде әрекет ететін
(Жарғы, Ереже және т.с.с.)
___________________________________________________________
(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
екінші тараптан, Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесі және ___ жылғы "__" ________ өткен (затты сатып алу) сатып алу __________________________ (тәсіл көрсетілсін) тәсілмен сатып алу қорытындысы туралы N_____ хаттамасының негізінде сатып алу туралы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты және мына төмендегі келісімге келді:
1. Өнім беруші Шарттың талаптарына сәйкес тауарды осы Шарттың қосымшаларында анықталған санда және сапада беруді, ал Тапсырыс беруші оны қабылдауды және Шарттың талаптарына сәйкес төлеуді міндетіне алады.
2. Тауарлардың жалпы құны (ММ үшін бюджеттік бағдарламаға/ерекшелігіне сәйкес тауарлардың атауы көрсетілсін) (сома санмен цифрмен және жазумен көрсетілсін) (бұдан әрі - шарттың жалпы сомасы) құрайды.
3. Осы Шартта төменде санамаланған ұғымдарға мынадай түсінік беріледі:
1) "Шарт" - Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету үшін дәрілік заттарды сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесіне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалған, жазбаша нысанда тіркелген, тараптар оған барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ шартта сілтеме бар барлық құжаттамамен бірге қол қойған азаматтық-құқықтық акт;
2) Шарттың бағасы тапсырыс беруші Шарттың шеңберінде Өнім берушіге өзінің шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін төленуге тиіс соманы білдіреді;
3) тауарлар - өнім беруші Тапсырыс берушіге Шарт шеңберінде жеткізуі тиіс тауарлар және ілеспе көрсетілетін қызметтер;
4) ілеспе көрсетілетін қызметтер - тауарларды беруді қамтамасыз ететін қызметтерді, мәселен, тасымалдау және сақтандыру және мәселен, монтаждау, іске қосу, техникалық жәрдем көрсету, оқыту қамтылатын кез келген басқа да көмекші қызметтер және Өнім берушінің осы Шартта көзделген басқа да осыған ұқсас міндеттерін білдіреді;
5) Тапсырыс беруші - акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ олармен аффилиирленген заңды тұлғалар;
6) Өнім беруші - шартта көрсетілген шарттарда тауарларды беруді жүзеге асыратын және тапсырыс берушімен сатып алу туралы жасасқан шартта оның агенті ретінде әрекет ететін заңды және жеке тұлға.
4. Төменде санамаланған құжаттар және оларда баяндалған талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:
1) осы Шарт;
2) сатып алынатын тауарлардың тізбесі;
3) техникалық ерекшелігі;
4) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету (бұл тармақша егер тендерлік құжаттамада көрсетілсе, шартты орындауды қамтамасыз ету көзделеді).
5. Төлем нысаны ___________________________________________
(қолма-қол есептесулер үшін ақша аударулар, акредиттер және т.б.)
6. Төлем мерзімі____________________________________________________
(мысалы: % белгіленген пунктте тауарды қабылдау немесе алдын ала
төлеу және т.б.)
7. Алдағы төлемде қажетті құжаттар:__________________________________
____________________________________________________________________
(шот-фактура немесе қабылдау-тапсыру акті немесе т.б.)
8. Осы Шарт шеңберінде берілетін тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес келуге немесе олардан жоғары болуға тиіс.
9. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын адамға Шарттың мазмұнын немесе оның қандай да бір ережелерін, сондай-ақ тапсырыс беруші немесе осы Шартты орындау үшін өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, оның атынан басқа адам берген техникалық құжаттаманы, жоспарларды, сызбаларды, модельдерді, үлгілерді немесе ақпаратты ашпауға тиіс. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада берілуге тиіс.
10. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын жоғарыда санамаланған құжаттарды немесе ақпаратты Шартты іске асыру мақсатынан басқа, пайдаланбауға тиіс.
11. Өнім беруші Тендерлік құжаттамаға 1-қосымшада көрсетілген белгіленген соңғы пунктке тасымалдау уақытына олардың бұзылуын немесе бүлінуін болдырмауы, тауардың қаптамасын қамтамасыз етуі тиіс. Қаптама қандай да болмасын шектеулерсіз қарқынды көтергіш-көлік өңдеуіне және тасымалдау кезіндегі өзгермелі температураның, тұз бен жауын-шашынның, сондай-ақ ашық сақтаудың әсеріне төзуге тиіс. Оралған жәшіктердің габаритін және олардың салмағын анықтау кезінде жеткізу пунктінің алыстығы және тауарларды алып жүрудің барлық пункттерінде қуатты жүк көтергіш құралдардың болуы ескерілуі қажет.
12. Жәшіктерді орау мен таңбалау, сондай-ақ ішінен және сыртынан құжаттамалау Тапсырыс беруші белгілеген арнайы талаптарға қатаң сәйкес келуге тиіс.
13. Тауарларды беруді Өнім беруші сатып алынатын тауарлардың тізбесінде айтылған Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес (1-қосымша) жүзеге асырады.
14. Өнім беруші Тендерлік құжаттамаға 1-қосымшада көрсетілген белгіленген пунктке дейін тауарды беруі тиіс. Осы тауарларды белгіленген пунктке дейін тасымалдау жүзеге асырылады және өнім беруші төлейді, ал осымен байланысты шығыстар шарттың бағасына енеді.
15. Осы Шарттың шеңберінде Өнім беруші тендерлік құжаттамада көрсетілген қызметтерді ұсынуы тиіс.
16. Ілеспе қызметтерге арналған бағалар Шарттың бағасына енгізілуі тиіс.
17. Тапсырыс беруші Өнім берушіден өнім беруші дайындайтын немесе сататын қосалқы бөлшектер туралы ақпаратты ұсынуды, атап айтқанда Тапсырыс беруші Өнім берушіден сатып алу үшін таңдап алатын және кепілдік берілген мерзімнен кейін оларды пайдаланатын қосалқы бөлшектердің құны және номенклатурасын талап етуі мүмкін.
18. Өнім беруші оларға қосалқы бөлшектерді шығаруды тоқтатқан жағдайда:
а) Тапсырыс берушіні оған қажетті санда қажетті сатып алуды жүргізе алуына мүмкіндік беру үшін өндірістің алдағы уақыттағы тоқтауы туралы алдын ала хабарлауға;
б) қажет болған жағдайда өндіріс тоқтағаннан кейін артынша Тапсырыс берушіге қосалқы бөліктерге жоспарларды, сызбалар мен техникалық құжаттаманы тегін беруге тиіс.
19. Өнім беруші Шарт шеңберінде берілген Тауарлар, егер Шартта өзгеше көзделмесе, жаңа, пайдаланылмаған, конструкциялар мен материалдардың барлық соңғы түрленулері көрсетілген жаңа не сериялық модель болып табылатындығына кепілдік береді. Өнім беруші, бұдан әрі, осы Шарт бойынша берілген Тауарлар Тапсырыс берушінің елі үшін әдетте қолайлы жағдайларда берілген Тауарларды қалыпты пайдаланған кезде конструкцияларына, материалдары мен жұмысына байланысты ақаулары болмайтындығына бұдан әрі кепілдік береді. Тапсырыс беруші берген техникалық ерекшелікке қатаң сәйкестікте Өнім беруші дайындаған конструкцияларда, материалдарда ақау пайда болған жағдайда Өнім беруші Тапсырыс берушінің оның (Тапсырыс берушінің) техникалық ерекшелігінде жіберген қателігі үшін жауап бермейді.
20. Бұл кепілдік Тауарлардың бүкіл партиясын немесе оның бөлігін нақтылы жағдайға және оларды Шартта көрсетілген тағайындалған нақты пунктіне қабылдағанға орай _____________________________________________________
(кепілдіктің талап етілетін мерзімі көрсетілсін)
ішінде жарамды.
21. Тапсырыс беруші Өнім берушіні осы кепілдікке байланысты барлық талап қоюлар туралы жазбаша түрде жедел хабардар етуге міндетті.
22. Тауардың істен шыққаны туралы хабарлама алғаннан кейін әлеуетті өнім беруші хабарлама алған сәттен бастап 72 (жетпіс екі) сағаттан аспайтын мерзімде болжамды жөндеу жұмыстарының себептерін, мерзімдерін айқындау үшін білікті мамандарды жергілікті жерге жіберуді қамтамасыз етеді. Өнім беруші дайындаушы-зауыт өндірген қосалқы бөлшектерді және тораптарды пайдалана отырып жөндеу жұмысын немесе бір ай ішінде тапсырыс берушінің тарапынан қандай да бір шығыстарсыз ақауы бар тауарды немесе оның бөлшектерін ауыстыруды жүргізуге тиіс.
23. Егер Өнім беруші хабарлама алып, Тапсырыс беруші талап еткен мерзімде ақауды(ларды) жөндемесе, Тапсырыс беруші Өнім беруші есебінен және Тапсырыс беруші Өнім берушіге қатысты Шарт бойынша иеленуі мүмкін басқа да құқықтарға қандай да болмасын залалсыз ақауларды жөндеу жөніндегі қажетті санкциялар мен шараларды қолдана алады.
24. Өнім берушіге берілген Тауарларға ақы төлеу осы Шарттың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген нысанда және мерзімде жүргізілетін болады.
25. Тапсырыс беруші Шартта көрсеткен баға Тапсырыс берушінің тендерлік өтінімінде ол көрсеткен бағаға сәйкес келуге тиіс.
26. Екі тарап қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, Шарттың құжаттарына ешқандай ауытқуларға немесе өзгерістерге (сызбалар, жобалар немесе техникалық ерекшеліктер, тиеу, орау әдістері, жеткізу орны немесе өнім беруші көрсететін қызметтер және т.б.) жол жіберілмейді.
27. Егер кез келген өзгеріс Өнім берушіге Шарт бойынша тауарлардың кез келген бөлігін беру үшін қажетті құнның немесе мерзімнің азаюына әкелетін болса, Шарттың бағасы немесе беру кестесі немесе сол немесе өзгелері тиісті түрде түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Осы бап шеңберінде Өнім берушінің түзету жүргізуге барлық сауалдары Өнім беруші Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкім алған күнінен бастап 30 (отыз) күн ішінде көрсетілуге тиіс.
28. Өнім беруші қандай да болмасын біреуге осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз не толық не ішінара бермеуге тиіс.
29. Тауарларды беруді және Қызметтерді көрсетуді Өнім беруші бағалар кестесінде көрсетілген кестеге сәйкес жүзеге асыруға тиіс.
30. Өнім беруші тарапынан өнім беруді орындауды кешіктіру шартты орындауды қамтамасыз етуді ұстап қалуға және тұрақсыздық айыппұлын төлеуге әкеп соқтырады.
31. Егер Шартты орындау кезеңінде Өнім беруші немесе оның қосалқы мердігері (лері) кез келген сәтте тауарларды уақтылы беруге және қызметтерді көрсетуге кедергі келтіретін жағдайларға тап болса, Өнім беруші Тапсырыс берушіге тез арада кешігу фактісі, оның шамамен ұзақтығы және себебі (тері) туралы жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Өнім берушіден хабарлама алғаннан кейін Тапсырыс беруші жағдайды бағалауға тиіс және өзінің қалауы бойынша Өнім берушінің Шартты орындау мерзімін ұзарта алады: бұл жағдайда мұндай ұзартуды тараптар Шарттың мәтініне түзетулер енгізу жолымен ратификациялануы тиіс.
32. Форс-мажор жағдайларын қоспағанда, егер Өнім беруші тауарларды Шартта көзделген мерзімде бере алмайтын не қызметтерді көрсете алмайтын болса, Тапсырыс беруші өзінің басқа құқықтарына зиян келтірместен, Шарт шеңберінде әрбір мерзімі өткен күн үшін Шарттың бағасынан 0,1 % соманы тұрақсыздық айыбы түрінде шегеріп тастайды.
33. Өнім беруші, егер Шартты орындауды кешіктіру форс-мажор жағдайларының нәтижесі болса, өзінің Шартты орындауды қамтамасыз етуден айырылмайды және Шарттың талаптарын орындамауына орай тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оны бұзуға жауапкершілік жүктемейді.
34. Осы Шарттың мақсаты үшін "форс-мажор" Өнім берушінің есебіне және салақтығына байланысты емес және күтпеген сипаттағы Өнім беруші тарапынан бақылауға бағынбайтын оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар әскери іс-қимылдар, табиғи немесе зілзала апаттары, індет, карантин мен тауарларды беруге эмбарго сияқты іс-қимылдарды қамтуы мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.
35. Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде Өнім беруші Тапсырыс берушіге мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы тез арада жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер Тапсырыс берушіден өзгеше жазбаша нұсқаулықтар түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауды ол орынды болғанынша жалғастырады және форс-мажор жағдайларына байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін жүргізеді.
36. Тапсырыс беруші, егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, Шартты бұза алады. Бұл жағдайда бұзу тез арада жүзеге асады және Тапсырыс беруші, егер Шартты бұзу іс-әрекеттерді жасауға немесе Тапсырыс берушіге қойылған немесе қойылатын санкцияларды қолдануға залал әкелмесе немесе қандай да болмасын құқықтарды қозғамаса Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндеттемелер жүктемейді.
37. Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, оның бұдан әрі орындалуының орынсыздығына орай кез келген уақытта Шартты бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебі көрсетілуге тиіс, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ Шарттың бұзылуы күшіне енген күн айтылуға тиіс.
38. Шарт жойылған кезде, өнім беруші Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнгі іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші тікелей келіссөздер процесінде олардың арасында Шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге бар күш-жігерін жұмсауға тиіс.
39. Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауды шеше алмаса, тараптардың кез келгені осы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.
40. Шарт мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жасалады. Егер екінші тарап шетел ұйымы болса, онда екінші дана Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңнамасына сәйкес тілге аударылуы мүмкін. Шартты төрелікте қарау қажет болған жағдайда, Шарттың мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі данасы қаралады. Шартқа қатысты барлық хат алмасу немесе тараптар алмасатын басқа құжаттама осы талаптарға сәйкес келуге тиіс.
41. Шартқа сәйкес тараптардың бірі екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама кейіннен түпнұсқасын бере отырып, хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жіберіледі.
42. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне ену көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе) күшіне енеді, ол бұл күндердің қайсысы кеш болатындығына байланысты.
43. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленуге тиіс.
44. Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді тендерлік құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда енгізуге міндетті.
45. Осы Шарт оны Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық аумақтық органында тіркелген күнінен бастап (мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшін) және Өнім беруші Шартты қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін күшіне енеді.
46. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері:
Аумақтық қазыналық органда тіркелген күні (мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер үшін) _________________________________
Осы Сатып алу туралы шарт Тапсырыс берушінің дәрілік заттарды, медициналық мақсаттығы бұйымдарды және медициналық техниканы сатып алуды жүзеге асыруы үдерісінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді. Осы Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына, тапсырыс берушінің тендерлік құжаттамасына, өнім берушінің тендерлік өтініміне және тендердің қорытындысы туралы хаттамаға сәйкес болуы тиіс. Осы Шартта курсивпен бояп көрсетілген түсіндірмелерді Тапсырыс беруші толтыруға тиіс.
|
Приложение 3
к тендерной документации
(Кому) ________________________________________________________
(наименование организатора тендера)
(От кого) _____________________________________________________
(наименование потенциального поставщика)
|