2018 жылғы 23 ақпандағы №34 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына



жүктеу 315,5 Kb.
бет1/2
Дата14.11.2018
өлшемі315,5 Kb.
#19779
  1   2




 

2018 жылғы 23 ақпандағы № 34 Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына
3 - қосымша

 

Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы
4 тамыздағы №204 қаулысымен
бекітілген







"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Батыс Қазақстан облысының аудандары және облыстық маңызы бар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 маусымда №11342 тіркелді) бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетіледі.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1) "Халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Орталық);

      2) тұрғылықты жері бойынша Орталық болмаған жағдайда – кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – әкім) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.

      Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Орталықтың қызметкері Стандарттың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме Стандарттың 9-тармағына сәйкес нысан бойынша өтініш болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

      әкімге жүгінген кезде:

      1) әкім кеңсесінің қызметкері өтінішті және Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар) тіркеп, қарау үшін әкімге жібереді -20 (жиырма) минут.

      Нәтижесі – тіркеу журналына жазба.

      2) әкім құжаттарды қарайды және жауапты қызметкерді анықтайды -1 (бір) жұмыс күні ішінде.

      Нәтижесі – жауапты қызметкерді анықтау.

      3) жауапты қызметкер келіп түскен құжаттарды жасақтайды және отбасының материалдық жағдайын зерттеу және қорытынды дайындау үшін көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын учаскелік комиссияға береді - 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

      Нәтижесі – учаскелік комиссияның қорытындысын алу үшін құжаттарды дайындау.

      4) учаскелік комиссия отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізеді және оның нәтижелері бойынша қорытынды дайындайды- 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

      Нәтижесі – комиссияның қорытындысын алу.

      5) жауапты қызметкер көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын, учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса, Орталыққа береді - 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

      Нәтижесі – құжаттарды Орталыққа береді.

      Орталыққа жүгінген кезде:

      1) Орталықтың кеңсе қызметкері өтінішті және Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар) тіркеп, қарау үшін Орталықтың басшысына жібереді - 20 (жиырма) минут.

      Нәтижесі – құжаттарды журналға тіркеу.

      2) Орталықтың басшысы құжаттарды қарайды және Орталықтың жауапты қызметкерін анықтайды - 30 (отыз) минут.

      Нәтижесі – Орталықтың жауапты қызметкерін анықтау.

      3) Орталықтың жауапты қызметкері келіп түскен құжаттарды жасақтайды және материалдық жағдайын зерттеу және қорытынды дайындау үшін көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын учаскелік комиссияға береді- 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

      Нәтижесі – учаскелік комиссияның қортындысын алу үшін құжаттарды дайындау.

      4) учаскелік комиссия отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізеді және оның нәтижелері бойынша қорытынды дайындайды- 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

      Нәтижесі – комиссия қорытындысын алу.

      5) Орталықтың жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті алушы немесе ауылдық әкім ұсынған құжаттар мен учаскелік комиссияның қорытындысы негізінде көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрін айқындайды, отбасының жиынтық табысын есептейді және атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы электрондық шешім жобасын дайындап, көрсетілетін қызметті берушіге жібереді – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

      Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушіге электрондық шешім жобасын жолдайды.

      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Орталықтан келіп түскен құжаттарды, учаскелік комиссия қорытындысы мен электрондық шешім жобасын тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін жолдайды- 15 (он бес) минут.

      Нәтижесі – құжаттарды журналға тіркеу.

      7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкерін анықтайды – 30 (отыз) минут.

      Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкерін анықтау.

      8) көрсетілетін қызметті беруші атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау (оны тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды және нәтижесін Орталық не әкім арқылы көрсетілетін қызметті алушыға хабарлайды - 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

      Нәтижесі – шешім қабылдау.

      9) Орталықтың кеңсе қызметкері атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту туралы) хабарламаны тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді не әкімге жолдайды -1 (бір) жұмыс күні ішінде.

      Нәтижесі – хабарламаны тіркеу, беру немесе жіберу.

      10) әкім кеңсесінің қызметкері атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді-3 (үш) жұмыс күні ішінде.

      Нәтижесі – хабарламаны тіркеу және беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің бөлімшелерінің (қызметкерлердің) тізбесі:

      1) әкім кеңсесінің қызметкері;

      2) әкім;

      3) жауапты қызметкер;

      4) Орталықтың кеңсе қызметкері;

      5) Орталықтың басшысы;

      6) Орталықтың жауапты қызметкері;

      7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

      8) көрсетілетін қызметті беруші.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары) мен өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің нақты сипаттамасы "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау" Регламенттің 1, 2-қосымшаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі Стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.



 

"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік
көмек тағайындау" мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет
регламентіне 1- қосымша

"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы ауылдық округ әкіміне жүгінген кезде



 

"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік
көмек тағайындау" мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет
регламентіне 2- қосымша

"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы Орталыққа жүгінген кезде



жүктеу 315,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау