2017 жылдың І жартыжылдық жұмыс есебі Қысқаша түйіндеме


Көркем әдебиетті дәріптеу



жүктеу 7,21 Mb.
бет15/19
Дата15.09.2022
өлшемі7,21 Mb.
#39271
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
2017 1 kv det kaz

Көркем әдебиетті дәріптеу
( ОҚБК) Жазушы, журналист, аудармашы Сейітжан Омаровтың 110 жылдығына арналған «Халқының сүйікті қарымды қаламгері» атты әдеби портреті өтті. Жазушының өмірі мен шығармашылығына, жас жеткіншектерді Отаншылдыққа, қаһармандыққа, шынайы достыққа тәрбиелейтін туындылары жайында кеңінен тоқталған кітапханашы, жазушының аударма саласында Л.Толстойдың, А.Чеховтың, М.Горькийдің шығармаларын, ағайынды Гриммдердің, чех жазушысы Б.Немцованың ертегілерін қазақ тіліне аударғаны туралы мағлұмат берді. Шара барысында қарымды қаламгер туралы бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты, қазақ балалар әдебиетіне өзіндік үлес қосқан ақынның бірі - Ескен Елубаевтың шығармашылығына арналған «Балалар бағының бағбаны» атты әдеби салон өтті. Кітапханашы жазушы шығармаларынан көрнекті орын алатын жанрдың бірі ертегілер мен аңыздар екеніне тоқталып, негізгі тақырыбы — балалар өмірі екенін баяндады. Әдептілікке, ізгілікке, парасаттылыққа, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейтін бірнеше өлеңдерін талдап, соңында «Жыл мезгілдері», «Туады, шығады, түседі, келеді» өлеңдерін балалар мәнерлеп оқыды. (ф№1) “Ескен Елубаевтың таңғажайып әлемі” тақырыбында әдеби орындық өткізілді. Шара барысында жас оқырмандарға ақынның өмірі жайлы қысқаша айтылып, оқушылардың сөздік қорларын молайтып, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық қабілетін дамытатын - “Жаңылтпаштар мен жұмбақтар”, “Метаграммалар”, “Логогрифтер”, “Омофондар” кезеңдерінен сүрінбей өтті. Жеңістерін өздері ұтып алған смайликтерімен дәлелдеді.ОҚБК оқырман қауымды балалар жазушысы және ақынының туған күніне орай ұйымдастырылған «Маршакта қонақта» атты қызықты және интерактивтік әдеби-ойын бағдарламасына шақырды.
Балалар кітапхана қызметкерімен бірге жазушы шығармашылығына шолу жасады: жұмбақтар шешті, шығармалар бойынша үзінділерді тапты, байқауларға қатысып өздерінің жазушы жайында білетін білімдерін көрсетті. Іс-шараға орай Самуил Яковлевичтің өмір жолдары, шығармашылықтарымен таныстыратын «Веселый волшебник» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көңілді де қызықты өткен шара мультфильм тамашалаумен аяқталды.ОҚБК –да ақын, қызықты ертегі әлемінің өкілі, атақты балалар жазушысы Чуковскийдің туғанына 135 жыл толуына орай «Чуковскийдің таңғажайып қаласы» атты әдеби саяхат ұйымдастырылды. Балалар жазушының таңғажайып ертегілер еліне саяхаттап, өмірі және шығармашылығымен танысты, с иқырлы кітаптарының кейіпкерлерімен кездесті. Өткізілген «Корней Чуковскийде қонақта» атты сұрақ-жауап ойынында ақынның өлеңдері жатқа айтылды. Шара барысында шығарма кейіпкерлерінің кескінділері құрастырыла отырып, назарларына ұсынылған заттардың қай шығармаға тиесілі екенін тапты. Әдеби саяхаттың соңында балалар көтеріңкі көңіл күймен «Муха-Цокотуха» атты мультфильмді тамашалады.



жүктеу 7,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау