2017 жылдың І жартыжылдық жұмыс есебі Қысқаша түйіндеме


Оқырмандар қызығушылығын зерттеу және қалыптастыру



жүктеу 7,21 Mb.
бет5/19
Дата15.09.2022
өлшемі7,21 Mb.
#39271
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
2017 1 kv det kaz

Оқырмандар қызығушылығын зерттеу және қалыптастыру

Жас ерекшеліктеріне қарай оқырмандарға дифференциалдық қызмет көрсету




Мектеп жасына дейінгі балалар тобымен жұмыс (ОБК) «Жұлдыз» балабақшасында (бүлдіршіндерге арналған кітаптар мен мерзімді басылымдарға шолу жасалды. Балдырған балалабақшасына «Балабақша күні» театрланырылған экскурсия өткізілді. Ойындар ойналды.2017 жылы жылжымалы кітапхана жұмысы жалғасын тауып айына 2 рет кітап алмасып тұрды.(ф№5) „Көңілді жауапқұмар“, „Мультсказка“, „Менің алғашқы кітапшам“, «Музыкальная шкатулка для маленьких медвежат» „Ақылды ертегілер“, үш тілде оқуға болатын „Мектепалды“ атты сериялар бойынша шыққан кітаптарды оқып тыңдады. Оқып-тыңдату (Чтение-слушание). Байғабылова А. „Менің Әлемім“, „Менің алғашқы әліппем“, Степанов В. „Учебник для малышей“, „Энциклопедия малыша“, ертегілер және сөйлейтін кітаптар қойылды.


Кітапты нашар оқитын балалармен жұмыс :Жыл бойы оқырмандарға оқу залы және абонемент арқылы қызмет көрсетіліп тұрды. 1-4 сынып оқушыларымен «Ерекше күн» «Тырна, тоты, тоқылдақ» (К.Баянбаев) «Ашық есік» күндері ұйымдастырылып, кітапханада экскурсиялар жүргізілді-жаңа кітаптармен, мерзімді басылымдарды таныстырырылдысонымен қатар жаңа келіп түскен мерзімді басылымдарға шолу жасалдыЕртегілер елінде», «Алтын классикасы» сериялар кітабы бойынша, СД дискіден«Қазақ ертегілері», «Орыс халық ертегілері», «Керқұла атты Кендебай», «Ұр, тоқпақ» және «Жақсылық пен жамандық» тындатып, дауыстап оқулар өткізіліп тұрды.Нашар оқитындар тобына жататын Айткулова Ажар, Сейтжанова Аяжан, Қабдоллақызы Жансұлу, Сансызбай Ернұр бұл кітаптарды үйге алып оқып, оқу қабылеттерін жақсартты.


Аз оқитын балалармен жұмыс
Ж аңа кітаптардан кітап көрмесі ұйымдастырылып «Сеніңақылшы досың – кітап» тақырыбында әңгіме болып өтті. Балалар өздерінің оқыған қызықты кітаптарының ішіндегі сүйікті кейіпкерлері жайында бір-біріне әңгімелеп, басқа балаларға да сол кітапты алып оқуына кеңес берді. Оларға(ф№5)«Шығыстың ұлылары»сериясы бойынша оқу жоспары жасалынды. Бұл тақырып бойынша 7-8с. оқушылары Әбдіғалық Алтынай, Мейрамова Жансая, Тлугабылова Айханым, Шеш Сағыныш алып оқып жүр.
Ұсынылған әдебиеттер:
Мұхтар Құл- Мұхаммед. Мөңке би. –Алматы: 2006., Галиев А. Томирис – Алматы: 2005., Қасымбаев Ж. Кенесары. –Алматы: 2005. Оқу жоспары. 7-9с. Хамиева
“Зачем и почему” деген тақырыпта оқу жоспары”Почему и потому”, “500 вопросов и ответов”, “Большая иллюстри-рованная энциклопедия почемучки” атты кітаптары ұсынылды. Бұл оқу жоспары бойынша 5-6с. оқушылары Есенова Индира, Сакенова Дильназ, Тлеугабылова Дильназ алып оқып жүр. Оқу жоспары. 5-6с.

«Қызығушылығы бар балалар» тобы (1-9сынып)


7-9 сынып оқушылары Оқырмандардың кітапшаларына қарап отырып, кітап оқуына талдау жасалды .Кітапханаға жазылған әр оқырманмен кітап таңдауда әңгіме – ұсыныстар өткізіліп тұрды.Оқырмандарға оқу залы және абонемент арқылы қызмет көрсетіп кітапханамен таныстырылды. Кітапшаларына талдау жүргізіліп, оқу жоспары құрылды. 5 сынып оқушысы Д.Мұқажанова «Ертегілер елінде»7 сынып оқушысы Бужек В «Тіл- алтын қазынам», 3 сынып оқушысы Лузгин А. «Техника әлемінде», 4 сынып оқушысы Бухталкина К. -“Удивительный мир животных ”, Құсайынова Ж. «Аталар сөзі – ақылдың көзі” оқу жоспары бойынша кітап алып оқиды.




(ф№5) Мүмкіншілігі шектеулі балалармен жұмыс.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың ортаға бейімделуі, күнделікті тұрмыстағы кездесетін қақтығыс, күйзелістерді зерттеп, қажетті шешімдерге қол жеткізуге көмек ретінде №5 кітапхана-филиалында 2011 жылы Күншуақ“ клубы ашылды.


Клубтың мақсаты балаларға қамқорлық жасау, оларды өздерін осы қоғамның бір мүшесі екендігін сезіндіру, түрлі іс-шаралар ұйымдастыра отырып, оларды психологиялық тәрбиелеу. Клуб ұраны „ Қуанышқа бөленген әр күніміз, бақыттымыз, балалар барлығымыз.“ Әні „Әрқашан күн сөнбесін“.
К ітапхананың негізгі басты жобаларының бірі мүмкіншілігі шектеулі балармен жұмыс болғандықтан, мұндай балалардың ақыл-ойын, қолдың ұсақ моторикасын дамыту үшін көптеген іс-шаралар өтіп тұрады.«Шебер қолдар» атты пластелинмен жұмыс өткізілді, балалар өздерінің қолынан не келетіндігін көрсетті. Олар өздері ойлана отырып, Сәкітай А. биылғы тауық жылына байланысты тауықтың және балапанның формасын жасаса, Жакупова Т. Манатханова І. Нұрланқызы К., Тұрлыбекова Н. табиғаттың тамаша бейнесін онда тіршілік ететін жәндіктердің, гүлдің формаларын жасап шығарды. Соңынан балалар бұл жұмыс өздеріне қатты ұнағандықтарын қуанышпен жеткізді.«Сиқырлы саусақтар» аттымақта таяқшалармен сурет салу мақсаты мүмкіншілігі шектеулі балалардың ақыл-ойын дамытып, саусақтарының ұсақ моторикасын жетілдіру болып табылады. Әр бала бұл жұмыстарды өте қатты қызығушылық пен атқара білді. Олар тек қана мақта таяқшалармен ғана сурет салып қойған жоқ. Олар жұмыртқа салатын қорапты пайдаланып бірнеше заттың бейнесін жасап шығарды. Оның ішінде А. Олжастың «кемесі», И. Айнұрдың «гүлдері», Т. Хадишаның «жұлдызқұрты», Н. Каусардың «саңырауқұлақтары» бәрі өте керемет жасалды. Бұл жұмыстары арқылы балалар өздерінің даму қабілеттерін көрсете білді.


Оқырмандар активы.Үйірмелік жұмыс.
Б алалар кітапханасын да өзін-өзі танытуға, дамытуға барлық жағдай жасалуда. Жыл басында жас жеткіншектің уақытын тиімді және қызықты пайдалануы, қолөнерге деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық тәрбие беру, еңбексүйгіштікке, төзімділікке,басқаадамныңеңбегін сыйлауға баулу мақсатымен А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында«Сиқырлы ілмек»атты кесте тігу үйірмесі жұмысын жалғастыруда. .Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігіненеңбек етугедайындау, іскерлігін дамыту. Қалалық көрмегеЖексембаева Айзат пен Брехова Сашаның туындылары қойылып, дипломдармен марапатталды.
Клубтар



  • (ОҚБК) «Рауан» клубы патриоттық тәрбиесіне көмек

  • (ОҚБК) «Шаг навстречу» клубы өнегелілікке баулу

  • (фил№5) «Атамекен» өлкетану клубы

  • (фил№5) «Күншуақ» мүмкіншілігі шектеулі балалармен клуб

  • (фил№3) «Жас талап»балалардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған.



(ОҚБК) «Рауан» клубы(Патриоттық тәрбиесіне көмек) 2002 жылы «Рауан» атты әдеби –патриоттық бірлестік құрылды. Негізгі қызметі- жас оқырмандарға арналған рухани-танымдық, ұлттық санасын оятатын қазақстандық патриотизм тақырыптарына ерекше назар аудару. Клубтың өз ұраны, логотипы бар.
Клубтың мақсаты:
- оқушылардың ұлттық санасын қалыптастыру; -жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, мақтаныш сезімін ұялату; ана тілін, дінін, туған тарихын, мәдениетін, өнерін, кәсібін меңгертіп, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларын қастерлеу. Клуб аясында жас жеткіншектің бойына патриоттық сезімін ояту, отансүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа баулу мақсатында Елбасының Жолдауы жария етілгеннен кейін кітапханада оқырмандарға жалпы стратегиялық жолдау дегеннің не, ол қашаннан бері жүзеге асырылып келе жатқан құжат екендігін түсіндіріліп, «Жолдаудан жолдауға» кітап көрмесімен таныстырылды. Мәншүк Мәметованың туғанына 95 жыл толуына байланысты «Қаһарман қызы қазақтың» атты тарихи сағат,«Этих дней не смолкнет слава» әдеби сағат-реквием балқаштық соғыс ардагері Хаден Тотаевичтің денсаулығына байланысты бейне-интервью арқылы өткізілді.


«Шаг навстречу» клубы
К луб жұмысы (өнегелікке тәрбиелеу) 2003 жылы «Шаг навстречу» клубы өнегелікке тәрбиелеу мақсатында жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға арналған №3 мектеп –интернатының негізінде құрылған Клубтың мақсаты:Өнегелі мәдениетті қалыптастыру;Рухани және өнегелі құндылықтардың жасөспіріммен қабылдануы.К луб аясында «Доброта в нас и вокруг нас» әңгіме, «Ата-анама мың алғыс» көктемгі калейдоскоп, «Библиотека, книжка, я - вместе верные друзья» отбасылық қарым-қатынас сағаты, «Отбасым-бақыт мекенім» атты кездесу кешіт.б. өткізілді. «Кітапқа өмір сыйла» атты акция аясында «Будь здорова, Книга!» атты кітап жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Шаг навстречу» клубының мүшелері кітапханашымен бірге 53 кітапты жөндеуден өткізді, олар кітаптарды желімдеді, түптеді. Балалардың еңбекқорлықтарының арқасында балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармаларға екінші өмір берілді. Кітапханашылар жас оқырмандарға алғыстарын айтып, келешекте кітаптарды ұқыпты қарау керектігін айтты.
(ф№5)«Атамекен» клубы ашылуы 2006 ж.Клубтың мақсаты балалардың өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, туған өлке туралы білімдерін жетілдіру, өлкемізден шыққан тұлғалармен таныстыру. Ұраны „Туған жер тұғырың, туған тіл қыдырың“. Әні „ Туған өлкем“
(ф№5) «Күншуақ» клубы «Әрбір бала жұлдыз, оның жарқырауына көмектес» деп дана халқымыз айтқандай, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу мақсатымен 2011 ж (ф№5)Қоңырат мөлтек ауданында орналасқан №5 балалар кітапхана-филиалында «Күншуақ» клубы ашылды. Алғашқыда 10 балаға арнап ашылған жоба 15 балаға жетті. Жоба
М үгедек балаларды кітапханаға деген қызығушылығын оята отырып, оларды әлеуметтік- мәдени сауығу үшін жағдай жасауға негізделген. Олардың өзін толыққанды азамат ретінде сезінуі үшін, өмірге деген сенімін арттыра отырып, оларды сау балалардан оқшауламай, солармен бірге жұмыс істеп қоғам өміріне белсене араластыру. «Шебер қолдар» атты ермексазбен жұмыс өткізілді. Бұл кітапхананың басты жобаларының бірі мүмкіншілігі шектеулі балалармен жұмыс болғандықтан, мұндай балалардың ақыл-ойын, қолдың ұсақ моторикасын дамыту үшін көптеген іс-шаралар өтіп тұрады. Осы ұйымдастырылған іс-шарада балалар өздерінің қолынан не келетіндігін көрсетті. Сәкітай А. биылғы тауық жылына байланысты тауықтың және балапанның формасын жасаса, Жакупова Т., Манатханова І., Нұрланқызы К., Тұрлыбекова Н. табиғаттың тамаша бейнесін, онда тіршілік ететін жәндіктердің, гүлдің формаларын жасап шығарды. Бұл жұмыстың қатты ұнағандықтарын балалар қуанышпен жеткізді.
«Күншуақ» клубының мүшелеріне арналған «Гүлдер бағы» атты салфетка қағаздан гүл жасау арқылы мастер класс өткізілді. Балалар іс-шараға қуана қатысып, әлеуметтік қызметкердің және кітапханашының көмегімен әдемі гүлдер жасады.



жүктеу 7,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау