Біздің пікірімізше лауазым иесі болып табылмайтын Мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлық қылмыстардың субъектісі қатыстарына қосу төмендегі жағдайларға байланысты:
а) Сыбайлас жемқорлықтың соңғы кездегі ұлғаю көлемі биліктің барлық тармақтарының сыбайлас жемқорлықпен байланыса, оларға қарсы қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының ең тиімді жолдарын іздеуге, соның ішінде коррупциялық қылмыс субъектілерінің шеңберін кеңейту жолымен де негіз болды. Егер ''қылмыстық саясатты дамыту тенденциясы'' деген сөздерден қылмыстық заңдарды ізгілендіруді түсінсек, онда мұндай ізгілендіру жемқорлық қылмыстың белең алып тұрған қазіргі кезінде де, онымен табысты күресте де өзін-өзі ақтамайды [9, 153-160 бб.].
б) В.С. Комиссаровтың лауазым иелері болып табылмайтын қызметкерлердің билік өкілеттілігі болмайды деген пікірмен келісе отырып, келесі мәселені атап өткен жөн. Сыбайлас жемқорлықтың мәні адамның жеке басының мүддесі үшін өз қызмет бабын, билік өкілеттілігін пайдалануда. Қызмет бабын пайдалану деген тек билік өкілеттілігін пайдалану ғана емес, сонымен бірге оның белгілі бір лауазымдық орынға ие болуына байланысты берілген мүмкіндіктерімен беделін пайдалану деген сөз. Осылайша мемлекеттік қызметкерлер лауазым иесі болмаса да және олардың билік өкілеттілігі болмаса да олар өздерінің қызмет бабына байланысты берілген мүмкіндіктері мен беделін пайдакүнемдікке немесе басқа жеке мақсатта пайдалану мүмкіндіктері бар.
в) Мемлекеттік билікпен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына қарсы кез келген қызметкер (нұсқаушы, референт, хатшы, көмекші) жоғары дәрежеде қауіп төндіре алады. Б.В. Волженкин дұрыс атап көрсеткендей, іске осылай қарау ұсақ қызметкерлерді жауапқа тарту керек деген ойды білдірмесе керек, себебі, қызмет бабындағы қылмыстың көпшілігі үшін қылмыстық жауапкершілікке тартудың міндетті шарты заң қорғайтын мүддеге – елеулі түрде бұзу, зиян келтіру болып табылады, ал мұндай әрекетті олар өздерінің қызмет бабының шектелуіне байланысты әдетте жасай алмайды [10. 55 б.]. Егер қызметкер өзінің қызмет бабын жеке мақсатта пайдаланып, құқық қорғау мүддесіне орасан зор нұқсан келтірсе, онда оны жауапқа тарту керек.
Іс-әрекеті жеке адам, мемлекет, қоғам мүддесіне қарсы келіп және ол пайдакүнемдік басқа да жеке мүддені көздеу сипатына ие болады. Осылайша, сыбайлас жемқорлық тек пайдакүнемдікпен ғана байланысты емес сонымен қатар ол басқада жеке мүддеге байланысты (басшыға жағымпаздану, туыстық қамқорлық жасау, рулық қатынасты қоздыру және т. б.)
Сыбайлас жемқорлық әрекеті нәтижесінде жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің құқық қорғайтын мүддесін елеулі түрде бұзу орын алады. Тек осы белгі бойынша сыбайлас жемқорлық қылмысын әкімшілік тәртіптік, азаматық-құқықтық жауапкершілікке тартып коррупцияның болмашы түрін айырып алуға болады.
Заң әдебиеттерінде сыбайлас жемқорлықты қоғамға қауіпті iс-әрекеттердi үнемі жасау деп түсіндіру көзқарасы қалыптасқан [11, 13 б.]. Бірақ бұл біздің көзқарасымызға сай емес, өйткені мұндай түсінік коррупциямен күресті өте қиындатып жібереді, себебі үнемі жасау ұғымын сипатын дәлелдеу қажеттілігі туады. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлықтың қауіптілікті оның қылмыстық- құқықтық қорғау объектісін елеулі түрде бұзады. Осы келтірілген зиянды қол сұғушылықтың санына қатысты қарап бағалау дұрыс емес. Қызмет өкілеттілігін бір рет теріс пайдаланудың өзі жеке адам, қоғам, мемлекет мүддесіне онша қауіпті емес бірнеше сыбайлас жемқорлық қылмысты жасаудан гөрі көп зиян келтіруі мүмкін. Сонымен біз сыбайлас жемқорлыққа тән негізгі белгілерді анықтадық. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлықта төмендегідей қылмыстық-құқықтық анықтама беруге болады. Сыбайлас жемқорлық деп мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамнан, не оған теңестірілген адамның, лауазымды адамның қызметтік өкілеттігін өзі немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында қызмет мүдделерін керағар пайдалану нәтижесінде жеке адамның заңды құқықтары мен мүдделеріне, қоғам, мемлекеттік заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеліп соққан заңсыз іс-әрекеттерді айтамыз. Көріп отырғанымыздай, бұл анықтама құбылыстың нақты көріністерінің кең шеңберін қамтып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |