Бекітемін
Мектеп директоры: А.Р.Ахметова
АЖЫ НЕГІЗГІ МЕКТЕБІНІҢ 2015-2016 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН
ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫ
2015 жылы 29 тамыз күні
педагогикалық кеңесте талқыланды
ЖҰМЫС ЖОСПАРЫНЫҢ ТАРАУЛАРЫ БОЙЫНША ҚАРАЛАТЫН
НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕР
І. Кіріспе
ІІ. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңын іске асыру.
- Мөлтек аудандағы мектеп жасындағы балалардың есебін жүргізу.
- Оқушылар қозғалысының есебін жүргізу.
- Мектеп бітірушілердің қозғалысын бақылау.
- Тамыз есебін жасау.
- Оқушылардың, мұғалімдердің дәрігерлік байқаудан өтуі.
- Оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету.
- Әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларының есебін алу,демеушілік ұйымдастыру.
- Оқушылардың, мұғалімдердің жеке іс -қағаздарының талапқа сай жүргізілуін бақылау.
ІІІ. Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру
- Пәндік олимпиадаларға жүйелі дайындық жұмыстарын ұйымдастыру.
- Факультативтік сабақтар,курстардың жүргізілуі.
- Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстарды жандандыру.
- Оқушылардың ғылыми қоғамы
- Бағдарлы сыныптарда бағдаралды дайындық шараларын жасау.
- Оқушылардың интеллектуалдық конкурстарға қатысуын ұйымдастыру.
- Пән бірлестіктерінің жұмыстарының нәтижеге бағытталуы.
- Облыстық, республикалық білім ұйымдарымен, қорлармен т.б. байланыс жасау.
IV. Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру
- Азаматтық – патриоттық, құқықтық, және полимәдениеттік , рухани – адамгершілік, отбасы, өзін - өзі дамыту, әлеуметтік, коммуникативті мәдениет, , экологиялық , эстетикалық, дене тәрбиесі және салауатты қалыптастыру, еңбек және экономикалық, кәсіби – шығармашылық, интеллектуалды мәдениетті даму тәрбиесі.
- Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс.
- Қыз балалармен жүргізілетін жұмыс.
- Ер балалармен жүргізілетін жұмыс.
- «Жас ұлан» бірлестігінің жұмысы.
- «Ұландар» ұйымының жұмысы.
- Клубтар мен қоғамдық ұйымдардың жұмыстары.
- Мектепшілік тәрбиелік шаралар.
- Сынып жетекшілерімен жүргізілетін жұмыс.
V. Педагог кадрлармен жүргізілетін жұмыс
- педагогикалық кеңес
- директор жанындағы кеңес
- әдістемелік кеңес
- жас мамандармен жұмыс
- шығармашылық топтың жұмысы
- педагог кадрлардың білімін жетілдіру
- педагог кадрларды аттестациялау
- педагогикалық оқулар ұйымдастыру
- мұғалімдердің сапалық құрамын анықтау
- түрлі деңгейдегі байқаулар, сайыстарға, т.б. қатысу.
VI. Мектепішілік бақылау
-оқу жоспарлары мен бағдарламалардың орындалуы
-құжаттардың жүргізілуі
-оқу пәндерінің берілуі
-оқушылардың білім сапасы
-мұғалімдердің кәсіптік деңгейі
-сыныптан тыс жұмыстардың жүргізілуі
-мектеп кітапханасының жұмысы
-оқулықтардың сақталуы
-санитарлық-гигиеналық талаптың сақталуы.жағдай
VII. Мектептің материалдық – техникалық базасын дамыту
- мектепті жаңа оқу жылына дайындау
- материалдық – техникалық базаны толықтыру
- қысқа дайындық жұмыстары
- мектеп мүліктеріне есеп жүргізу және сақталуын қамтамасыз ету
- мектеп ауласын көгалдандыру, көркейту жұмыстары
- ағымдағы және күрделі жөндеу құжаттарын дайындау
- оқу кабинеттері мен бөлмелердің оқу материалдық базасын жетілдіру
- зертханалық, сарамандық жұмыстарды ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлар жасау
VІІІ.Бағдарлы оқыту бойынша атқарылатын жұмыстар.
ІХ.12 жылдық білім беруге көшу жағдайында жүргізілетін жұмыстар,ата – аналармен жүргізілетін жұмыс.
Х.Мектептегі білім сапасын басқару мен бақылау.
Кіріспе бөлім
2014 - 2015 оқу жылының қорытындысы
Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың айтқанындай «Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында болады. Біз халыққа білім беру және ғылымды дамыту, оларды реформалау ісін қорытынды жолға қоюмыз керек».
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жетілдірудің басты міндеті – білім берудің қазіргі заманғы сапасы қамтамасыз ету және білім беру жүйесінің барлық құраушыларын жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің өзекті әрі болашақ сұраныстарына сәйкестікке келтіру болып табылады.
Мемлекеттің білім беру саласындағы саясатының басты бағыты – шығармашыл, сыни тұрғыда ойлайтын, өз мүмкіндіктеріне сенімді, әр түрлі әлеуметтік және өндірістік мәселелерді өз бетінше шешуге қабілетті тұлғаны дайындау және оқу – тәрбие үрдісінің тәжірибесін жетілдіру. Бұл жұмыстар кең көлемде жүргізілуде. Атап айтсақ , олар: оқудың мазмұнын жаңарту дидактикалық жетістіктерді білім беру тиімділігін арттыру мақсатында пайдалану, ғылыми негізделген жаңа идеялар мен технологияларды қолдану жолдарын табуды қамтиды. Осыған байланысты жалпы білім беретін мектептерде оқудың сапасын жетілдіру аса маңызды мәселе болып табылады.
Ажы негізгі мектебінің 2014 – 2015 оқу жылына арнаған жұмыс жоспарының орындалуы және оған педагогикалық талдау мен жылдық қорытындылар
Қоғамдағы қазіргі кезеңдегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Білім берудің басты мақсаты – білім алып, білік пен дағды – машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынды өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
ХХІ ғасырда қоғам мен мемлекет дамуының басты тетігі білім болып табылатыны мойындалды. Білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру, мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыру, жаңа буын оқулықтарын оқыту үрдісіне енгізу тәрізді келелі мәселелер ұстаздарға шеберлік пен іскерлікті, кәсіби дайындығының сапасын өсіру мен дамыту міндеттерін қойып отыр. Осындай міндеттерді жүзеге асыру жолында мектебіміз «Нәтижеге бағытталған білім беруде оқу үрдісіне педагогикалық технологияларды ендіру» мәселелік тақырыбы аясында жұмыс жасап келеді.
2014-2015 оқу жылында Ажы негізгі мектебінде 14 мұғалім, 1 психолог оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында жұмыс жасады.
Мұғалімдердің сапалық құрамы жайлы мәліметтер.
р/с
|
Мұғалімдердің білім сапасы
|
Біліктілігі
|
Жоғары
|
Арнаулы орта
|
Аяқталмаған жоғары
|
Жоғары
|
І
|
ІІ
|
Түрлі разрядтағылар
|
1
|
10
|
3
|
1
|
-
|
5
|
2
|
7
|
2014 -2015 оқу жылындағы оқушылар қозғалысы
Сыныптар
|
Жыл басында
|
І тоқсан
|
ІІ тоқсан
|
ІІІ тоқсан
|
IV тоқсан
|
Жыл соңында
|
1-4
|
30
|
30
|
28
|
28
|
28
|
28
|
5-9
|
26
|
26
|
25
|
25
|
25
|
25
|
Барлығы
|
56
|
56
|
53
|
53
|
53
|
53
|
Жалпыға бірдей міндетті оқу заңы талабын орындау мақсатында тамыз есебі жүргізіліп, жас бойынша балалар тізімі алынды. Тоқсан көлемінде оқушылар қозғалысы қадағаланып, келген –кеткен оқушылар есепке тіркелді. Оқушылардың жеке іс қағаздары жүргізіліп, мақтау қағаздары, табельдері тіркеліп отырылды. Бірінші сыныпқа оқушылар жасына сәйкес қабылданды.
Мектептің 2014-2015 оқу жылына арналған оқу – тәрбие жоспарында көрсетілген жұмыстар орындалды. Тоқсан сайын білім сапасы мониторингі жасалып, талдау - сараптау жүргізу, нәтижесін педагогикалық кеңестерде талқылау іске асырылды.
Жылдық қорытынды бойынша сыныптардың білім сапасы көрсеткіші
Педагогикалық кеңесте мектептің жылдық және даму жоспары, әдістемелік бірлестіктердің қызметі, таңдау, қолданбалы курстар жоспарлары, үйірме сағаттарын бекіту, мұғалімдердің шығармашылық есептері, санитарлық – гигиеналық жағдай, оқушыларды емтиханға жіберу, сыныптан – сыныпқа көшіру, негізгі және орта мектепті бітіру туралы куәлік, аттестат беру, марапаттау секілді маңызды шешімдер қабылданды.
Мектепшілік іс – шаралар мен іс - әрекеттердің өзара байланысты жүйесі ретінде мектептің әдістемелік жұмысы білім беру үрдісінің сапасы мен әрбір мұғалімнің біліктілігін көтеруге бағытталған.
Жыл басындағы педагогикалық кеңестер бекітілген жоспарға сәйкес әдістемелік кеңестің жыл бойы 5 отырысы өткізілді. Онда мұғалімдердің шығармашылық бағыттағы іс – тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Білім беру технологияларын пайдалану тиімділігі және оның оқушылардың даму деңгейіне ықпалы» , «Жазба және бақылау жұмыстарындағы қатемен жұмыс істеудің тиімді түрлері» , «Ана тілі , шет тілі сабақтарында оқушылардың сөйлеу сауаттылығын арттыру жұмыстары», «Бастауыш сыныптарда оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыптарындағы әдістемелік баяндамалар.
Мектепте 3 пән бірлестігі жұмыс жасады. Оларға мұғалімдер пәндерге сәйкес біріктірілген. Пәнәдіс бірлестігінің жұмыстары, оның жыл басында бекітілген жоспарының орындалуы қадағаланып келді. Оларда қаралған мәселелердің өзектілігі мен мектеп үшін тиімділігі басты назарда ұсталып, құжаттары жинақталды.
Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Осы бағытта мұғалімдердің кәсіби білімін жетілдіру жұмысына ерекше мән беріледі.
Ахметова Гульнур Жанабыловна «Білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайындағы технология және сызу, бейнелеу өнері пәндерін оқыту әдістері», Тусупбеков Самат Турсынханович «Білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайындағы технология және сызу, бейнелеу өнері пәндерін оқыту әдістері», Қыпшақиндира Сүлейменқызы «12 жылдық оқыту жағдайында мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру», Қаржаспаева Бахытжамал Кабделманаповна «Ағылшын тілін оқытудың әдістемелік ерекшеліктері», Анафина Салтанат Ермековна «Тарих сабақтарында оқушылардың танымдық құзырлылықтарын қалыптастыру жолдары» тақырыптарында білімдерін жетілдірді.
Мектеп бойынша 5 сынып бөлмесі: 5-і де ақысыз жұмыс жасайды. Пән кабинеттері қажетті көрнекіліктермен, техникалық құралдармен толықтай жабдықталмаған, толықтыруды қажет етеді.
№
|
Пән кабинетінің аты
|
І кезең
|
ІІ кезең
|
Сыныптар
|
1
|
Математика
|
6
|
3
|
2
|
Қазақ тілі
|
7
|
Даярлық тобы
|
3
|
Бастауыш сынып
|
5
|
1
|
4
|
Биология
|
8
|
4
|
5
|
Информатика
|
9
|
2
|
Мектепте ОСЖБ – ға дайындық жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілді. Ата – аналармен, пән мұғалімдерімен, сынып жетекшілермен байланыста болып, оқушылардан бауқау сынақ тестері алынып, қорытындысы бойынша жұмыстар жүргізілді.
Сондай – ақ оқушылардың психологиялық тұрғыдан дайын болуын қамтамасыз ету мақсатында «Достық» тестілеу орталығынан байқау сынақтары алынды.
9 – сыныптың оқушылары мемлекеттік емтихандар тапсырды. 3 оқушы Ерейментау қаласын №1 мектепке 10 сыныпқа 1 оқушы Астана қаласындағы №65 мектепке, 1оқушы Ерейментау қаласындағы агротехникалық колледжге оқу орындарына оқуға түсті.
Сыныптан – сыныпқа көшу, мемлекеттік емтихан қорытындылары шығарылып, мониторинг жасалынды.
Мектеп - әдістемелік жұмыстарының негізгі орталығы. Кез келген педагогикалық іс - әрекет дұрыс орындалуы үшін тура байланыс пен кері байланыс та ойдағыдай жүзеге асырылуы керек. Ал кері байланыстың ең ықпалды түрі – бақылау. Бақылау – мұғалімге көмек беру деген сөз.
Мектеп жұмысын басқару, мектепішілік бақылау ұйымдастыру аса күрделі де сан – салалы мәселе. Мектеп әкімшілігі өзінің басқарушылық білім мен шеберлігін, бірлігі, әдіс – тәсілдерін игеру, ұйымдастырушылық қабілетін дамыту жолында біраз жұмыстар атқарады. Мектеп әкімшілігі арасында еңбек бөлінісі мен міндеттерін нақты айқындау ісі жүргізіліп, әрбір сабақтастықты сақтау жолдарын анықтады. Мектепішілік бақылау жыл бойы барлық пәндер бойынша жүргізілді. Сол жүргізілген бақылау деректемелері негізінде төмендегідей кемшіліктер байқалды:
1.Кейбір мұғалімдер мамандық – кәсіптік деңгейінің төмендігін;
2. Үйірме, таңдау курстарының өз деңгейінде жүргізілмеуін;
3 . Оқушылар білімдерін объективті бағаламаушылықты;
4. Оқу үрдісін ұйымдастыруда мұғалімдердің оқушылардың нақты қызығушылықтарын ескермеуін:
6. Дәстүрлі сабақ жүйесінің тиімсіздігін, педагогикалық жүйеге жаңа технолгиялық бағыттылықты енгізудің керектігін т.б.
Жаңа оқу жылында мектепішілік бақылау жоғарыда аталған кемшіліктерді жою бағытындағы жұмыстарды басты нысанаға алып отыр.
Педагог қызметкерлерді аттестаттау – педагог қызметкерлердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім. Педагогтарды аттестаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы №16 бұйрығына (аттестаттаудың екінші кезеңі) сәйкес өткізілді.
Аудандық аттестаттау комиссиясының шешімімен 2 мұғалім І біліктілік санатқа өтті, 3 мұғалім ІІ біліктілік санатқа өтті.
Аудандық білім бөлімі білім қызметкерлерінің еңбегін бағалау, жұмыс нәтижелері бойынша ынталандыру, марапаттау мақсатында рейтинг жүйесінің үлгі жобасын ұсынған болатын. Үлгі – жоба барлық пән әдіс бірлестігі отырыстарында талқыланып, қолдауға ие болды. Рейтингі мұғалімнің өзін - өзі бағалауынан, әдістемелік бірлестік жетекшісінің бағалауынан, мектеп әкімшілігі бағалауынан тұрды. Бағалау қорытындысынан мұғалім рейтингісі шықты. Рейтингі қорытындысы бойынша төмендегі пән мұғалімдер жоғары балл жинады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 24 қыркүйек 2002 жылғы №693 бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес жалпы орта білім беретін мектептің жоғары сатысында бағдарлы оқыту қарастырылған.
Мектеп оқушыларының пәндік олимпиадаларға қатысу көрсеткіші:
Оқу жылы
|
Олимпиада деңгейі
|
Қатысқан оқушы саны
|
Нәтижесі
|
І орын
|
ІІ орын
|
ІІІ орын
|
Алғыс хат
|
2013 – 2014
|
Аудандық
|
2
|
-
|
-
|
-
|
1
|
Облыстық
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
2014 – 2015
|
Аудандық
|
3
|
-
|
-
|
1
|
1
|
Облыстық
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Жалпы мектепте беріліп жатқан курстардың мазмұнды берілуі, оқушылардан ғылыми негізде алынатын олимпиадалардан, ғылыми жобалардан, жоғары нәтижелерге жетуі болып табылады. Жыл басынан бері оқушылар түрлі интеллектуалдық марафондарға зор қызығушылықпен қатысып жүлделі орындарға ие болды.
Интеллектуалдық марафондарға қатысу көрсеткіші
№
|
Интеллектуалдық ойындар
|
Қатысу саны
|
Жүлделі орындар
|
1
|
Ақбота
|
27
|
-
|
2
|
Русский медвежонок
|
-
|
-
|
3
|
Кенгуру
|
-
|
-
|
4
|
Золотое руно
|
-
|
-
|
5
|
КИО
|
5
|
-
|
Мектепте бағдарлы сынып оқушылары барлық пәндер бойынша оқулықпен 100 пайыз қамтылған. Бағдарлы сыныптарға сабақ беретін мұғалімдердің І санаттылар – 8, ІІ санаттылары – 3.
Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасында нақтыланған 12 бағыты болашақ ұрпақты бәсекеге қабілетті ел ұланы етіп өсіру мақсатындағы сұранысты қанағаттандыратын мемлекеттік құжат. Бағдарламадағы тәрбие түрлері бір – бірімен тығыз байланысты әрі кешенді сипатта жүзеге асырылады.
Мектебімізде жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу мақсатында мектеп мұғалімдерінен полиция қызметкерлеріне көмек ретінде арнайы жасақ тобы құрылып, жыл көлемінде ата – аналар құқық бұзушылық және қылмысқа қарсы күрес айлықтары болып өтті. Аудандық ІІБ-нің КТІЖБ-де тәртіп бұзушылық пен қылмысы үшін есепте тұрған оқушы жоқ.
Әрбір жеке тұлғаның өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, зиянды затарды қолданудан бас тартуына және салауатты өмір салтын ұсынуына ықпал ету мақсатында, оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, өмір жайлы түсініктерін қалыптастыруға, дарынды, жігерлі, батыл оқушылардың өзін - өзі көрсетуіне, ерік – жігерін шыңдауға бағытталған түрлі шаралар өткізуде сынып жетекшілердің өзіндік үлесі бар.
Тәрбие үрдісін басқару, сынып жетекші болу – күрделі іс. Сынып ұжымын ұйымдастыру және дамыту, оқушы тұлғасын қалыптастыру – сынып жетекшінің тікелей міндеті.
Сынып жетекшілер бірлестігінің – 9 мүшесі бар. Сынып жетекшілердің 2-еуі арнаулы орта, 7 жоғары білімді мамандар.
Мектептегі тәрбие жұмысының өткен оқу жылындағы негізгі мақсаттарының бірі – оқу – тәрбие әрекетінде өз Отанын сүйіп, құрметтейтін, өзара қарым – қатынас жасай білетін, өзін -өзі жетілдіру арқылы өмірлік мақсаттарына жете алатын, адамгершілік құндылықтары мен қажеттіліктерін қоғам талаптарымен үйлестіре алатын құзырлы тұлға қалыптастыру болды.
2014 -2015 оқу жылында мектебіміздегі оқушының әлеуметтік жағдайына тоқталсақ, 16 - көп балалы және 3 тұрмысы төмен отбасының балалары. Жыл көлемінде осындай ерекше қамқорлықтағы 13 оқушыға қаржы бөлініп, бір мезгіл құрғақ тамақ ішсе,демеушілердің көмегімен бастауыш сынып оқушылары буфеттік тамақпен қамтамасыз етілді. 4 оқушы жалпы оқу қорынан бөлінген қаржы есебінен киім –кешекпен қамтамасыз етілді. Көп балалы жанұядан 4 оқушы аудандық «Жұлдыз»лагерінде демалды, 2 оқушы «Жұлдыз» лагерінде демалды.
Жаңа оқу жылында алға қойылатын негізгі міндеттер.
Мектепте 2014-2015 оқу жылында атқарылған оқу – тәрбие жұмыстарына жасалған талдаулар негізінде мектептің 2008-2013 жылдарға арналған стратегиялық даму бағдарламасының ІІІ кезеңін іске асыру мақсатында және аталған кемшіліктерді жою, әдістемелік жұмыстарды жетілдіру мақсатында 2014 – 2015 оқу жылына басым бағыттар белгіленіп, оны орындау мақсатында төмендегідей міндеттерді қадағалаймыз:
Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы.
Білім беру сапасын арттыру мақсатында пән сабақтарында интерактивті оқыту технологияларын кеңінен пайдалану;
Білім сапасының орта балын көтеру бағытындағы жүйелеу, үздіксіздендіру, нәтижеге бағыттау;
«Ұлағат» мұғалімдердің шығармашылық тобының жұмысын жандандырып, озат тәжірибелерді ақпараттандыру, насихаттау;
Тәрбие, білім берудің жаңа бағдарламаларын, оқу жоспарларын, мемлекеттік білім беру стандартын, мемлекеттік білім беру стандартын, нормативтік құжаттар, әдістемелік нұсқауларды талдау, игеру, жұмыстарын ұйымдастыру;
«Дарын» оқушылардың шығармашылық тобының жұмысын жетілдіру;
Мұғалімдерге педагогикалық білімін өз бетінше көтеру жолдарын үйрету, өзара кәсіби бәсекелестік орнату;
Оқыту мен тәрбиені ұйымдастырудың жаңа формаларын, әдістерін педагогикалық технологиялармен байыту;
Мұғалімдердің оқушылар білімдерін бағалауда объективтік принципін ұстауға бағыттау;
Жеке оқушымен жұмысты жетілдіру жолдарын қарастыру;
Оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмыстарының деңгейін көтеру;
Математика, физика пәндерін оқушылардың үлгірім көрсеткіштерін көтеру, математика, физика және орыс тілі пәндері бойынша оқушылардың білім сапасын арттыру;
Сынып журналдарының дұрыс жүргізілуіне семинар, оқулар ұйымдастыруды қолға алу
Мұғалімдерді зерттеушілік, шығармашылық жұмыстарға баулу, ынталандыру.
Оқушыларды бейінді оқыту жағдайында бағдары кәсіби ағартушылық, кәсіби насихат және кеңес беру мақсатындағы мазмұнды іс – шараларды жүргізу;
Оқушыларды даралап және саралап оқытуда жаңа технологиялармен жүргізетін жұмыстарды жандандыру;
Элективті курстарды оқушы сұранысына сай мазмұнды жүргізу;
Бейінді оқыту жұмыстарын ұйымдастыруда сынып жетекшілерімен жүргізілетін жұмыстарды күшейту;
ОСЖБ-ға жан – жақты дайындық жүргізу;
Оқушылардың білім сапасын арттыру, олардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне ықпал ететін интеллектуалдық шараларды өз дәрежесінде ұйымдастыру;
Сынып жетекшілерінің жеке оқушылармен, тәрбие деңгейі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстарын ерекше бақылауға алу;
Қолайсыз отбасыларды жете анықтап, ауыл әкімшілігімен, ата – аналар комитетімен бірлесе жұмыс жүргізу;
Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында сыныптан тыс үйірмелер, спорттық секциялар жұмысын жандандыру;
Ата – аналар, ауыл жұртшылығымен ынтымақтастықты нығайту;
Балалар мен жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс шараларды көбейту, сапасын арттыру;
Сынып жетекшілерінің кәсіби біліктілігін арттырудағы жұмысты жетілдіру
Бекітемін
Мектеп директоры: А.Р.Ахметова
Достарыңызбен бөлісу: |