2015 жылғы «3» шілдедегі №192/6



жүктеу 415,33 Kb.
бет1/2
Дата14.02.2018
өлшемі415,33 Kb.
#9647
  1   2





Павлодар облысы әкімдігінің

2015 жылғы « 3 » шілдедегі

192/6 қаулысымен

бекітілген



«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ

пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде,

жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде

сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 
1. Жалпы ережелер
1. «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі мемлекеттік көрсетілетін қызмет) автомобиль жолдары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында функцияларды жүзеге асыратын облыстың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың тиісті жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – ХҚКО);

www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға паспорт (бұдан әрі – паспорт) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен куәландырылады.



Мемлекеттік қызмет көрсету заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің)

іс-қимылдар тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі «Автомобиль жолдары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» № 529 бұйрығымен бекітілген «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көзделген құжаттардың тізбесі немесе көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрауы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтінішті қабылдау сәтінен бастап көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарастыруға құжаттарды тапсырады − 15 минут ішінде;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ұсынылған құжаттар мен өтінішті қарастырады және көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің басшысына жібереді − 30 минут ішінде;
3) көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің басшысы өтінішті және ұсынылған құжаттардың нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптарға сәйкестігін қарастырады, жауапты маманды анықтайды және көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің маманына жібереді − 1 сағат ішінде;
4) көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің жауапты маманы паспортты беру үшін қажетті құжаттар дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді − 3 (үш) жұмыс күні ішінде. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартуды береді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы паспортқа немесе өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартуға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің қызметкеріне жібереді − 15 минут ішінде;
6) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері паспортты немесе өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартуды шығыс хат-хабарлар журналында тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған қағаз түрінде немесе электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушыға береді − 15 минут ішінде.

6. Келесі рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

1) көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркеу және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберу;

2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімше басшысының бұрыштамасы;

4) паспортты ресімдеу және оны қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберу;

5) көрсетілетін қызметті алушыға паспортты беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің)

өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:



1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

4) көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің жауапты маманы.

8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы 1-қосымшада (кестеде) келтірілген.


 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

9. ХҚКО-ға жүгінудің тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы:

көрсетілетін қызметті алушыға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса беру арқылы Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес өтініш береді;

құжаттарды ХҚКО-ға тапсырған кезде ХҚКО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді.

Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚКО қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, одан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

ХҚКО-да дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхаттың негізінде, жеке өзі келген кезде қолын қойғызу арқылы және жеке басын құжатты ұсыну бойынша немесе уәкілетті өкілдің: өкілеттігін растайтын куәландыратын заңды тұлғаның; нотариат куәландырған сенімхат бойынша жеке тұлғаның құжатын ұсыну бойынша жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері өтінішті тіркеген сәттен бастап Стандарттың 4-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

Ақпараттық жүйелердің ХҚКО арқылы функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

10. ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу процесін сипаттау, оның ұзақтығы:

ХҚКО қызметкері 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті өзге де құжаттарын тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға ХҚКО қызметкерінің ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы құжаттардың көшірмесін ақпараттық жүйе арқылы жолдайды;

көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 15 минут ішінде өтінішті қабылдау сәтінен бастап көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына құжаттарды қарастыруға жібереді;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 30 минут ішінде ұсынылған құжаттар мен өтінішті қарастырады және көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің басшысына жібереді;

көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің басшысы 1 сағат ішінде өтініш пен ұсынылған құжаттардың нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптарға сәйкестігін қарастырады, жауапты маманды анықтайды және көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің маманына жібереді;

көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің жауапты маманы 3 (үш) жұмыс күні ішінде паспортты беру үшін қажетті құжаттар дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартуды береді;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 15 минут ішінде паспортқа немесе өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартуға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің қызметкеріне жібереді;

көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 15 минут ішінде шығыс хат-хабарлар журналында тіркейді және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ХҚКО-ға жолдайды;

ХКҚО қызметкері 15 минут ішінде паспортты немесе өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартуды көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сымен куәландырылған қағаз түрінде немесе электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушыға береді.

11. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде жүгіну тәртібін және көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті беруші рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау:

электрондық сұрауды портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрауды қабылдау туралы мәртебесі көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі порталға жүгінген сәттен бастап − 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

Ақпараттық жүйелердің портал арқылы функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы осы регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.

12. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылын толық сиппатау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл тәртібін және ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау осы регламенттің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.








«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша


Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың)

реттілігін сипаттау


 

Үдеріс іс-қимылы

1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағымының) №

1

2

3

4

5

6

2

Бірліктер атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің басшысы

Көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің жауапты маманы


Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері

3

Іс-қимылдың атауы және оның сипаттамасы

Өтінішті қабылдау және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарастыруға құжаттарды жіберу

Ұсынылған құжаттар мен өтінішті қарастыру және көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің басшысына жіберу

Өтініш пен ұсыныл­ған құжаттардың нормативтік құқық­тық актілермен белгі­ленген талаптарға сәйкестігін қарасты­ру, жауапты маманды анықтау және көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің маманына жіберу

Паспортты беру үшін қажетті құжаттарды немесе өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартуды дайындау және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберу


Паспортқа немесе өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартуға қол қою және көрсетілетін қызметті берушінің қызметкеріне жіберу

Шығыс хат-хабарлар журналында тіркеу

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)

Өтінішті тіркеу

Бұрыштама

Бұрыштама

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қалыптастыру

Паспорт немесе өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тарту

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру

5

Орындау мерзімі

15 минут ішінде


30 минут ішінде

1 сағат ішінде

3 (үш) жұмыс күні ішінде. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартуды береді

15 минут ішінде


15 минут ішінде

6

Келесі іс-қимыл нөмірі

2

3

4

5

6










«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша



ХҚКО арқылы ақпараттық жүйелердің

функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы








№ 1 әрекет

№ 2 әрекет

№ 3 әрекет

№ 4 әрекет

№ 5 әрекет

№ 6 әрекет


Х

Қ



К

О





Көрсетілетін қызметті алушы









«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

3-қосымша



Портал арқылы ақпараттық жүйелердің

функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы



жүктеу 415,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау