2015 ж. Мектеп түлектерінің арасында «Мәңгілік ел – 2050» конкурсын өткізу тәртібі туралы ереже № дана түпнұсқа



жүктеу 127,5 Kb.
Дата20.11.2018
өлшемі127,5 Kb.
#21929
түріКонкурс

БЕКІТЕМІН

Басқарма төрағасы
___________________________

Т. Нәрікбаев
«____» ______________ 2015 ж.

Мектеп түлектерінің арасында

«Мәңгілік ел – 2050» конкурсын өткізу тәртібі туралы

ЕРЕЖЕ

___ дана түпнұсқа


Көшірме № _________


Астана – 2015
АЛҒЫСӨЗ
1. Жұмыс тобымен ӘЗІРЛЕНГЕН.

Жұмыс тобының жетекшісі – Қоғамдықпен байланыс және маркетингтік зерттеулер бойынша бөлім басшысы – Серікбаев М.Ж.



2 Қоғамдықпен байланыс және маркетингтік зерттеулер бойынша бөліммен ЕНГІЗІЛГЕН;

3 «КАЗГЮУ Университеті» АҚ Басқарма Төрағасының «____»___________ 2015 ж. № _________ бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН.

4 ӘЗІРЛЕУШІЛЕР:

«КАЗГЮУ Университеті» АҚ Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы – Крушинский М.А.;

Қоғамдықпен байланыс және маркетингтік зерттеулер бойынша бөлімінің бас маманы – Кузербаев Д.М.

5 САРАПТАМАЛЫҚ ТОП:

Басқарма Төрағасының орынбасары – бас бухгалтер Коробко Н.М.

Басқарма Төрағасының орынбасары – Құдайбергенов Г.Б.

6 ТЕКСЕРУ КЕЗЕҢДІЛІГІ 1 жыл

7 АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛІП ОТЫР

Осы Ереже «КАЗГЮУ Университеті» АҚ Басқарма Төрағасының рұқсатысыз толық немесе ішінара жариялана, тираждала және таратыла алмайды.




Мектеп түлектерінің арасында

«Мәңгілік ел – 2050» конкурсын өткізу тәртібі туралы

ЕРЕЖЕ
1. Қолданылу саласы

1.1. Мектеп түлектерінің арасында «Мәңгілік ел – 2050» конкурсын өткізу тәртібі туралы осы Ереже (бұдан әрі – Ереже) оқушыларды әлеуметтік қолдау, оларға қосымша әлеуметтік кепілдіктер ұсыну мақсатында, сонымен қатар оқу үрдісіндегі жоғары көрсеткіштері үшін ынталандыру және көтермелеу ретінде қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясында әзірленген.

1.2. Осы Ереже «КАЗГЮУ Университеті» АҚ (бұдан әрі –Университет) барлық бөлімшелерінде қолдану үшін міндетті.

1.3. Осы Ереже «КАЗГЮУ Университеті» АҚ-да оқу үшін конкурс қатысушылары мен жеңімпаздарына жеңілдік беру тәртібі мен рәсімін анықтау мақсатында «КАЗГЮУ Университеті» АҚ-да және оның құрылымдық бөлімшелерінде ішкі қолдануға арналған.



2. Нормативтік сілтемелер

2.1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, оның ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік және нұсқаулық құжаттарына, «КАЗГЮУ Университеті» АҚ Жарғысына, «КАЗГЮУ Университеті» АҚ атқарушы органының (Басқармасының), Ғылыми кеңестің, сонымен қатар шешімдеріне, «КАЗГЮУ Университеті» АҚ Басқарма Төрағасының бұйрықтарына қатаң сәйкестікте әзірленген.



3. Белгілеулер мен қысқартулар

3.1. Осы Ережеде келесі белгілеулер мен қысқартулар пайдаланылған:

ҚР БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;

ҚҚБ – Құықтық қамтамасыз ету басқармасы;

БЕҚТжББ – Бухгалтерлік есеп жүргізу, қаржы, талдау және бюджеттеу басқармасы;

ҚБжМЗБ- Қоғамдықпен байланыс және маркетингтік зерттеулер бойынша бөлімі;

ЖМ – Жоғары мектеп;

4. Жауапкершілік және уәкілеттеліктер

4.1. Осы Ереже «КАЗГЮУ Университеті» АҚ Басқарма Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

4.2. Осы Ереже талаптарының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және «КАЗГЮУ Университеті» АҚ әкімшілігінің ішкі актілеріне сәйкестігі үшін жауапкершілікті ҚҚБ бастығы артады.

4.3. Осы Ережеде көрсетілген талаптарды енгізу және орындау, Ереженің нақты кезеңдерін орындау бойынша қызметті ұйымдастыру және үйлестіру үшін жауапкершілікті ҚБжМЗБ бастығы артады.

4.4. Бөлімшедегі құжаттардың сақталуы және рұқсатсыз көшірмесінің жасалуы, және «КАЗГЮУ Университеті» АҚ-ның қызметтік ақпараттарының таратылуы үшін жауапкершілікті құрылымдық бөлімшелердің басшылары артады.

5 Жалпы ережелер

5.1. Осы Ереже «КАЗГЮУ Университеті» АҚ-ның конкурс қатысушылары мен жеңімпаздарына білім беру гранттарын ұсыну тәртібін орнатады.

5.2. Осы Ережеде университеттік білім беру гранты (бұдан әрі – «грант») ретінде «КАЗГЮУ Университеті» АҚ-да оқуға құқық алған конкурс жеңімпаздарына Университеттің өтемсіз негізде көрсететін қызметі түсіндіріледі.

5.3. Конкурс орта мектептердің, мектеп-лицейлердің, мектеп-гимназиялардың түлектерінің арасында өткізіледі.

5.4. Конкурс қорытындылары бойынша гранттар сертификаттар түрінде ұсынылады.

5.5. Сертификаттар «КАЗГЮУ Университеті» АҚ-ның тек осы Ережеде көрсетілген мамандықтары бойынша ғана беріледі.

5.6. Білім беру гранттары конкурстық негізде беріледі.

5.7. Ереже, конкурс өткізу шарттары, конкурсқа қатысу үшін қажетті материалдар үлгілері «КАЗГЮУ Университеті» АҚ-ның ресми сайтында орналастырылады: www.kazguu.kz.

5.8. Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының жалпы орта білім берудегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес жалпы білім беру оқу бағдарламасын игерген тұлғалар жіберіледі.

5.9. Конкурс қатысушылары осы Ережемен ұсынылған мамандықтардың бірін таңдауы тиіс, бұл орайда ҰБТ-де таңдалған пән конкурста таңдалған мамандыққа сай болуы тиіс.

5.10. Конкурс нәтижелері бойынша жеңімпаздар грант ұсыну туралы сертификаттың негізінде «КАЗГЮУ Университеті» АҚ-на қабылданады. Бұл орайда білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгілік ережелеріне сәйкес, қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеу және/немесе абитуриенттерді кешендік тестілеу нәтижелері бойынша жүргізіледі.

5.11. Грант беру туралы сертификат болған жадғайда конкурс жеңімпазын қабылдау тек аяқтау емтихандарының және білім беру саласындағы уәкілетті орган мен «КАЗГЮУ Университеті» АҚ тиісті мамандыққа орнатқан студенттер қатарына қабылдауға арналған өту балының шектік деңгейіндегі ҰБТ нәтижелері бойынша жетістіктерін ескерумен ғана өтемсіз негізде жүргізіледі.

5.12. «КАЗГЮУ Университеті» АҚ-ның конкурс жеңімпазына берген сертификаты, егер осы конкурстың жеңімпазы ұлттық бірыңғай тестілеу және кешендік тестілеу нәтижелері бойынша оның университеттік грантқа алған сертификаты бойынша мамандыққа қабылдану үшін балдардың орнатылған мөлшеріне жетпеген (өту балының шектік деңгейіне) жағдайда, тағайындау бойынша іске асырыла алмайды.

6. Конкурсты өткізу кезеңдері

6.1. Бірінші кезең – «Іріктеу туры». Конкурсқа қатысушылар сауалнама толтырады және КАЗГЮУ Университетінің ҚР-ның әр бір өңіріндегі қоғамдықпен байланыс және маркетингтік зерттеулер бойынша бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен эссе жазады. Конкурстың екінші кезеңі «15» қазаннан «15» қаңтарында (2016 ж.) дейінгі кезеңде өтеді (2-қосымшадағы кестеге сәйкес).

6.2. Екінші кезең – «Финал». Финал 2016 жылдың 29 қаңтарында «КАЗГЮУ Университеті» АҚ-ның оқу корпусында өткізіледі.

Ақтық кезең барысында меңгерілген жалпы білім беру мектеп бағдарламалары бойынша тестілеу және әңгімелесу түрінде Қазақстан тарихы бойынша емтихан өткізіледі.



7. Конкурс кезеңдерін өткізу тәртібі

7.1. Конкурстың іріктеу кезеңі – «Эссе жазу».

7.1.1. Конкурс қатысушысы эссе жазады. Жазбаша жұмыс тақырыбы –«Мәңгілік Ел – 2050» атты эссе. Ұзақтығы: 1 академиялық сағат.



7.2. Эссе түріндегі жазбаша жұмыс төмендегілерден тұруы тиіс:

7.2.1. Жұмыстың атауы;

7.2.2. Өзектілігі;

7.2.3. Көпұлтты Қазақстан Республикасын дамыту және нығайту бойынша ұсынымдар;

7.2.4. Қазақстанның қалыптасу және даму кезеңіне жаңа көзқарастар.

7.3. Конкурстық жұмысты ресімдеуге қойылатын талаптар:

7.3.1. Эссе жазбаша жұмысы А4 форматындағы 2-ден 3 бетке дейінгі көлемді құрауы тиіс.



7.4. Конкурстың ақтық кезеңі – «Тестілеу және әңгімелесі».

7.4.1. 2016 жылдың 29 қаңтарында Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 8 в үй мекенжайы бойынша, «КАЗГЮУ Университеті» АҚ оқу корпусында конкурстың ақтық бөлімі өтеді. Ақтық кезең барысында қатысушылар кешендік емтихан тапсырады:

1. Тест – Қазақстан тарихын білуге (компьютерлік тест 30 сұрақтан тұрады, тестілеу уақыты: 1 академиялық сағат).

2. Әңгімелесу – тіл мәдениетін және ой-өрісі деңгейін анықтауға.

Тестілеуде ең көп бал алған конкурстың бірінші 30 қатысушысы әңгімелесуге жіберіледі. 



8. Өтінімдер қабылдау және конкурс өткізу кезеңдері

8.1. Эссе қабылдау және конкурс өткізу мерзімі 2015 жылдың «15» қазанынан 2016 жылдың «15» қаңтарында дейін орнатылады.



9. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі

9.1. Конкурсты «КАЗГЮУ Университеті» АҚ өткізеді, ол конкурстың қажетті ұйымдастырушылық, сараптамалық және ақпараттық сүйемелденуін қамтамасыз етеді.

9.2. «КАЗГЮУ Университеті» АҚ:

9.2.1. Конкурстық комиссия және Ұйымдастыру комитеті құрамын бекітеді;

9.2.2. осы конкурсты өткізуді қаржыландыру көзін және қаржыландыруға жұмсалатын қаражаттар көлемін белгілейді;

9.2.3. конкурс өткізу мерзімдерін және гранттар беру мерзімін белгілейді;

9.2.4. конкурс туралы таратулар немесе өзге де ақпараттық хабарламалар жіберуді қамтамасыз етеді;

9.3. Конкурстық комиссия:

9.3.1. өтінімдерді, жұмыстарды қарау және конкурс жеңімпазын анықтау барысында ашықтықтың, қол жетімділіктің, әділдіктің, жариялылықтың сақталуына бақылау жасайды;

9.3.2. ұсынылған өтінімдер мен жұмыстардың конкурс талаптарына сәйкестігін тексереді;

9.3.3. конкурс қатысушыларының болашағы бар жұмыстарына конкурстық іріктеу жүргізеді;

9.3.4. конкурс жеңімпазын анықтау, грант ұсыну, немесе өтінімді қабылдамау туралы қорытынды шешім қабылдайды;

9.3.5. конкурс қатысушыларына және өзге де үшінші тұлғаларға конкурс қорытындысына және білім беру грантын ұсынуға қатысты жазбаша және/немесе ауызша түсіндірмелер беруге міндетті емес;

10. Қаржыландыру көзі және қаражаттар көлемі

10.1. Конкурсқа дейін және кері жол жүруді қос алғанда, конкурсқа қатысуға жұмсалатын шығыстарды, сонымен қатар тұру ақысын әр бір конкурс қатысушысы өз есебінен төлейді.

10.2. Конкурсты ұйымдастыруға және өткізуге бағытталған, оның ішінде конкурс өткізу орнын, сертификаттар дайындау, қажетті құралдар сатып алу шығыстары «КАЗГЮУ Университеті» АҚ қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.

11. Конкурс қатысушыларына ұсыну үшін қажетті материалдар

11.1. Осы конкурсқа қатысу үшін әр бір қатысушы орнатылған мерзімдерде келесі материалдарды тапсырады:



  • Конкурс қатысушысының сауалнамасы;

  • Осы Ережеде көрсетілген тақырыпқа эссе түріндегі жазбаша жұмыс.

11.2. Грант алуға үміткер конкурс қатысушылары сауалнама толтырып, эссе түріндегі жазбаша жұмысымен қоса онлайн режимде мына сайтқа жіберуі тиіс: www.kazguu.kz, немесе толтырылған сауалнама мен эссенің электрондық нұсқасын мына e-mail бойынша жіберуі тиіс: mangilikel.kazguu@mail.ru

11.3. Материалдар бір тілде (мемлекеттік немесе орыс тілінде) ресімделуі және толтырылуы тиіс;

11.4. Осы Ережеде көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген сауалнамалар мен жұмыстар қабылданбайды;

11.5. Конкурсқа ұсынылған материалдар қайтарылмайды;

11.6. Комиссия өтінімнің электрондық нұсқасын немесе электрондық почта бойынша алынған оның сканерленген көшірмесін қарауға құқылы.

12. Білім беру гранттары берілетін мамандықтар:

Жоғары құқық мектебі:

«Халықаралық құқық»

«Заңтану»

«Құқық қорғау қызметі»



Жоғары экономика мектебі:

«Қаржы»


«Менеджмент»

«Экономика»

«Есеп жүргізу және аудит»

«Психология»

«Туризм»

«Аударма ісі»



13. Басқа шарттар

  • Осы Ережеге кез-келген өзгертулер мен толықтырулар тек «ҚазМЗУ Университеті» АҚ Басқарма Төрағасымен келісу бойынша ғана енгізіледі.

  • Осы Ереженің түпнұсқасы хранится в ҚБжМЗБ-де сақталады, орнатылған тәртіпте куәландырылған Ереженің көшірмелері құрылымдық бөлімшелердің басшыларына беріледі.


Мәміле парағы


Лауазымы

АЖТ

Күні

Қолы

Басқарма Төрағасының орынбасары – бас бухгалтер

КоробкоН.М.







Қоғамдықпен байланыс және маркетингтік зерттеулер бойынша бөлім басшысы

Серикбаев М.







Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы

Крушинский М.А.














































































































































































































































































Қосымша 2



« Мәңгілік ел – 2050 » Конкурсының 1-ші кезең

КЕСТЕСІ




Мерзімі

Сағаты

Мекен-жайы

Аймағы
























































































































































































































































































































































































Қосымша 3



САУАЛНАМА

«Мәңгілік ел – 2050» байқауының қатысушысы

  • Аты-жөніңіз__________________________________________________________________________________________

  • Сіздің жасыңыз: ______________________________________________________________________________________

  • Сіздің контакт нөмеріңіз: ______________________________________________________________________________

  • Сіздің e-mail адресіңіз: _________________________________________________________________________________

  • Қандай мамандыққа түсуді жоспарлайсыз?

  •  Құқықтану

  •  Құқық қорғау қызметі

  •  Халықаралық құқық

  •  Аударма ісі

  •  Экономика

  • Қаржы

  •  Есеп және аудит

  •  Менеджмент

  •  Туризм

  •  Психология

Өз жауабыңызды көрсетіңіз: ________________________________________________________________________

Қосымша 4



АНКЕТА

участника конкурса «Мәңгілік ел – 2050»

  • Укажите Ф.И.О__________________________________________________________________________

  • Укажите Ваш возраст: ____________________________________________________________________

  • Укажите Ваш контактный номер: _________________________________________________________

  • Укажите Ваш e-mail адрес: ________________________________________________________________

  • На какое направление Вы планируете поступать?

  • Юриспруденция

  • Правоохранительная деятельность

  • Международное право

  • Переводческое дело

  • Экономика

  • Финансы

  • Учет и аудит

  • Менеджмент

  • Туризм

  • Психология

Укажите Ваш вариант ответа: _______________________________________________________________
жүктеу 127,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау