4) Егер жарылыс жұмыстары ауа температурасының жағымсыз жағдайында орындалатын болса, (12) - (14) формулаларымен анықталған қауіпсіз қашықтық 1,5 еседен кем емес шамаға арттырылуы тиіс.
5) Сауықтандыру, балалар мекемелері және әйнектелу аумағы едәуір көп болатын имараттардың маңында, адамдардың көп шоғырланған жерлерінде жарылыс жұмыстарын жүргізген кезде, қауіпсіз қашықтықты анықтау мәселесі арнайы мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен жүзеге асырылады.
13. Ашық жұмыстарда жарылыс жұмыстарын жүргізген кезде екпінді ауа толқыны әсері бойынша қауіпсіз аумақ радиусын есептеу үлгісі.
1) Салмағы 84 кг сыртқы зарядтың екпінді ауа толқыны әсерінен қауіпсіз аумақ радиусын анықтау. Жарылатын жыныстар – ҚНжЕ бойынша IV топтағы ізбесті тастар.
Заряд салмағы =84 кг (< 1000 кг) болғандықтан, қауіпсіз аумақ радиусын есептеу үшін (13) формула қолданылады.
Ауа температурасы жағымды болған жағдайда
м.
Ауа температурасы жағымсыз болған жағдайда қауіпсіз аумақ радиусы 1,5 есеге артады (осы Қосымшаның 12-тармағының 4-тармақшасын қараңыз) және шамасы 894 м құрайды.
2) Жалпы салмағы 25 228 кг болатын скважиналық зарядтар сериясының жарылысы кезіндегі екпінді ауа толқыны әсерінен қауіпсіз аумақ радиусын анықтау. Зарядтар (әр ұңғымадағы салмақтары бірдей) бәсеңдетілуі 25 мс болатын аралықта үш топпен жарылады. Бірінші топта 20, екіншісінде – 40, үшінші топта – 10 ұңғыма жарылысы өткізіледі. Скважина диаметрі 0,22 м, ұңғыма тереңдігі 15 м, жарылыс ұзындығы 4,4 м. Жарылатын жыныстар ҚНжЕ бойынша Х топтағы гранит. Жарылыс жұмыстары ауаның жағымсыз жағдайында жүргізіледі.
Жарылыстар бәсеңдетілуі 25 мс аралығымен берілгендіктен, есептеу кезінде скважиналар саны N = 40 ең көп болатын топ алынады. Заряд ұзындығы 10,6 м, скважинаның 12 диаметрінен көп болғандықтан, эквиваленттік заряд (17) формула бойынша анықталады. Есептеу парамлері келесі түрде болады
P = 34 кг/м, = 20 және = 0,002.
Эквиваленттік заряд
кг.
Қауіпсіз аумақ радиусын анықтау үшін (13) формула қолданылады. Қауіпсіз аумақ радиусы (Х топтағы гранит үшін) 12-тармақтың 1-тармақшасына сәйкес 1,5 есеге арттырылуы тиіс. Жыныстардың беріктігін, топтардың арасындағы бәсеңдету интервалын (осы Қосымшаның 12-тармақтың 3-тармақшасын қара) және ауа температурасының жағымсыз жағдайын ескергенде (осы Қосымшаның 12-тармақтың 5-тармақшасы)
м.
14. Екпінді ауа толқыны әсері бойынша адамға қауіпсіз қашықтықты анықтау.
1) Сыртқы зарядтың екпінді ауа толқынының адамға әсерінен қауіпсіз қашықтық (м) келесі формуламен анықталады
, (18)
мұндағы Q – ЖЗ сыртқы зарядының салмағы, кг.
(18) формуласы, жұмысты орындау шарты бойынша жарылысты жүргізу персоналына жарылыс орнына ең жақын қашықтыққа жақындауға рұқсат етілген жағдайда ғана қолданылады. Басқа барлық жағдайларда формула бойынша есептелген қашықтық 2 - 3 есеге арттырылады.
Жертөлелер қарастырылған жағдайда (18) формула бойынша есептелген қашықтық 1,5 еседен кем болмайтын шамаға қысқартылады.
Достарыңызбен бөлісу: |