ПОӘК 042-18.19- 045/2013
|
_____2013 жылғы
№ 3 басылым
|
19 беттің сі
|
5В012000 – Кәсіптік білім беру мамандығының
студенттеріне арналған
«Кәсіби педагогикадағы ғылыми зерттеулердің негіздері»
пәнінің
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей - 2013
Мазмұны
1 Глоссарий..........................................................................................................
2 Дәріс сабақтары........................................................................................
3 Тәжірбиелік сабақтар....................................................................................
4 Студенттердің өздік жұмыстары........................................................................
1 ГЛОССАРИЙ
Пән бойынша глоссарий
Әдіснама – білімдердің жиынтығы ретіндегі ілім және танымдық іс - әрекеттің ауқымы.
Әдіс -білім беру тәрбилеу және дамыту барысында белгіленген мақсатқа жетуді қамтамассыз етуге, ғылыми зерттеуді жүзеге асыруға көмектесетін тәсіл, алға қойылған міндеттерді шешу үшін ұйымдастырылған адамдардың, ұжымдардың іс-әрекетінің бір жолы.
Біз диалектикалық материялистік дүние тану әдісін башылықа аламыз ол табиғат қоғам ойлау дамуының жалпы заңдарын қамтиды.Бұл жағдайда материалистік диалектикалық басқа ғылымдардың философиалық негізгі негізгі тұрғысынан көрінеді
Педагогика әдіснамасы – педагогикалық шындықты бейнелейтін педагогика теориясы және құрылымы жөніндегі білімдер жүйесі, белгілі тұрғыдан қарау принциптері және білімдерді алудың тәсілдері, осы білімдерді алудығы және бағдарламадарды, логикасы мен әдістерін негіздеудегі, арнайы – ғылыми педагогикалық зерттеулер сапасын бағалаудағы іс - әрекет жүйесі.
Ғылым – шындық жөніндегі объективтік заңдарды жасап шығару және теориялық жүйеге келтіру жүретін іс- әрекет ауқымы. Ал, ғылымның ауқымындағы іс -әрекет – ғылыми зерттеу.
Зерттеу әдісі деп – тәсілдер мен амалдар жиынтығында жүзеге асатын, нақты ғылыми міндеттерді шешуге бағытталған іс-әрекеттің нормативтік жобасын (моделін) түсінеміз.
Эмпирикалық әдістер - педагогикалық байқаулар әдісі. Құбылыстар мен барыстарды тұтастығында және олардың өзгерістерінің динамикасында тікелей қабылдаумен сипатталады.
Анкеталық әдіс – топ оқушыларының оқытылғандығы мен тәрбиелігінің деңгейі және олардың сұраныстары, тілектері, жеке пәндерге қатынасын зерттеу және кейбір құбылыстарды топтап бөлуге хабарлама алудың мүмкіндігін жасайды.
Рейтинг және өзін өзі бағалау әдістері. Рейтинг – іс-әрекеттің жан-жағына құзырлы сарапшылардың бағасы.
Өзін - өзі бағалау – бағдарлама бойынша жүзеге асады. Онда белгілі бір іс-әрекеттегі мұғалімнің басынан өтетін қиыншылықтарының дәрежесі көрсетіледі.
Педагогикалық консилиум әдісі. Рейтинг әдісінің бір түрі. Ол оқушылардың тәрбиелілігінің белгілі бір бағдарлама бойынша біртұтас белгілер нәтижелерін ұжым болып талқылануын, тұлғаның жақтарын, ұжым болып бағдарлауды, тұлғаның белгілі бір қасиеттерін қалыптасуының қалыпты жағдайдан ауытқуын қарастырады.
Бақылау жұмыстарының диагностикалық әдісі – жазбаша немесе лабораториялық – тәжірибелік жұмыстарды талдап оқушылардың шын білімдерін, оқу еңбегінің арнайы біліктері мен дағдыларын оқытудың белгілі бір кезеңдегі олардың даярлығы жөнінде тез хабарлама алуды қамтамасыз етеді.
Педагогикалық эксперимент әдісі – оқушылар мен мұғалімдердің жоғарғы саналы даярлығын қамтамасыз ететін, бақыланатын және есептелетін жағдайларда зерттелетін педагогикалық құбылыстарды байқауға мүмкіндік беретін ғылыми негізде қойылған оқыту мен тәрбиелеу.
Тәжірибелік жұмыс – бұл толыққанды педагогикалық зерттеу әдісі. Біздің алдын-ала тұжырымдамамыз экспериментте тексерілді немесе әйтеуір бір жолмен дәлелденді. Осының негізінде педагогикалық іс - әрекеттің не оның бір бөлгінің жобасы жасалады.
Контент-талдау әдісі. Бұл әдіс мазмұнын белгілі мағыналық бірліктерін және хабарламаның түрі негізінде мәселенің күйі жөнінде объективті хабар алуға мүмкіндік жасайды.
Педагогикалық тәжірибені жинақтау әдісі. Эмпирикалық бейнелеп жазу кезеңінде пайдалы. Тәжірибені жинақтау, байқау, әңгіме, сұрау, құжаттарды зерттеудің негізінде бейнелеп жазудан басталады.
Ғылыми экспедиция – бұл педагогикада қолдануға болатын жалпы ғылымилық әдіс. Бұл әдіс шындыққа жұықтайтын жағдайлардағы көпшілік мектептерде оқушылармен оқу және тәрбие жұмыстарды терең және жан-жақты зерттеу үшін хабарлама алуды мүмкін етеді.
Монографиялық әдіс зерттеудің негізгі объектісі ретінде тұтас, салыстырмалы өзбетіндік педагогикалық жүйені қарауға мүмкіндік береді.
Сандық және сапалық әдістер. Бұл әдістер осы ауқымда әрекет етуші объективтік өзара әсердің бетін қайтаруға мүмкіндік жасайды.
Аналогия – екі объектінің кейбір белгілерінің ұқсастығынан олардың басқа белгілері бойынша ұқсастығын пайымдау.
Тақырыптың көкейкестілігі – белгілі бір мәселені (міндетті, сұрақты) шешу үшін дәл осы сәттегі және осы жағдайдағы оның маңыздылығы.
Аспект – зерттеу объектісінің (пәні) белгілі бір көзқарас тұрғысынан қарастырылуы.
Идея – көзқарастар, теориялар және тағы басқалардың жүйесіндегі айқындаушы ереже.
Ақпараттар:
шолу - ғылыми құжаттардың шолуды қамтитын қайталанбалы хабарлама;
реферативтік - алғашқы ғылыми құжаттар мазмұнындағы қайталанбалы хабарлама;
тіректік - алдын-ала хабарлау қызметін атқаратын түрлі дәрежеде жинақталған қайталанбалы ақпарат;
ғылыми-зерттеу - жаңа ғылыми білімдерді жасау процесі, танымдық іс-әрекеттің бір түрі. Ол шындығымен, жаңғыртылуымен, дәлелдігімен және дәлдігімен сипатталады.
Зерттеу тапсырмасы – орындалу мерзімі жеткілікті дәрежеде дәл белгіленген зерттеу әрекеттерінің қарапайым ойластырылған комплексі. Зерттеу тапсырмасының зерттеу тақырыбының нақты шеңберінде ғана мәні болады.
Категория – зерттелетін объектінің ішкі, елеулі жақтары мен қатынастары ашылатын логикалық ойлаудың формасы.
Тұжырымдама – зерттеудің мақсаты мен міндетін анықтаудағы және оны жүргізудің жолдарын көрсетудегі көзқарастар жүйесі, негізгі ой.
Қысқаша хабарлама – ғылыми зерттеу немесе тәжірибелік, құрылымдық (конструкторлық) жұмыстардың қорытындысында алынған нәтижелердің қысқаша мазмұны жөніндегі ғылыми құжат.
Тірек сөздер – ғылыми құжаттың немесе оның білімін ең толық және өзіндік мазмұның ерекшелігін сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестерінің топтары.
Зерттеу әдісі – жаңа білім алу үшін ескі білімді пайдаланудың тәсілі. Ғылми деректерді алудың құралы болып табылады.
Ғылыми танымның әдіснамасы – ғылыми-зерттеу іс- әрекеттің принциптері, формалары, тәсілдері жөніндегі ілім.
Ғылым – шындық жөніндегі объективті білімдерді жасайтын және теориялық жүйеге келтіру қызметін атқаратын адамның іс- әрекет ауқымы, қоғамдық сананың бір түрі.
Ғылыми пән – қазіргі кезде игерілген және жоғары мектептің оқыту процесіне ендірілген даму деңгейіндегі ғылымның бөлігі.
Ғылыми тақырып – ғылыми зерттеу жүргізуде талап ететін ғылыми сипаттағы міндет.
Ғылыми теория – шындықты жанама емес, тікелей бейнелейтін түсініктер мен қорытынды абстрактілі түсініктердің жүйесі.
Ғылыми зерттеу – нәтижелі түсініктер, заңдар және теориялар түрінде көрінетін мақсатқа бағытталған таным.
Ғылыми таным – жаңа білімдерді алу және тексеру әдістері мен мақсаттарын сипаттайтын зерттеу.
Ғылыми баяндама – баспада жарияланған немесе аудиторияда оқылған, мазмұнында ғылыми зерттеу немесе тәжірибелік-конструкторлық жұмыс баяндалған ғылыми құжат.
Ғылыми есеп – ғылыми зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыс қорытындысында алынған мазмұнында зерттеудің жүргізілуінің әдістемесі сипатталған, нәтижелері және қорытындылығы жазылған ғылыми құжат.
Ғылыми дерек – қорытындылау және дәлелдеу үшін негіз болатын оқиға немесе құбылыс. Ғылыми білімнің негізін құрайтын элемент болып табылады.
Шолу (ғылыми құжат) – мазмұнындағы ғылыми мәліметтер бастау көздерін талдау нәтижесінде алынып, жүйеге келтірілген мәліметтер туралы ғылыми құжат. Ғылыми мәселенің қазіргі күйімен, оның болашағымен таныстырады.
Зерттеу объектісі – зерттеу үшін таңдалып алынған және проблемалық жағдайды тудыратын процесс немесе құбылыс.
Анықтама (дефиниция) – қарым-қатынаста, пікір сайыста және зерттеуде көмескіліктерден сақтайтын ең сенімді тәсілдердің бірі. Анықтаманың мақсаты – зерттелетін түсініктердің мазмұнын анықтау.
Зерттеу пәні – белгілі бір аспектінде қарастырылатын объектінің шеңберінде жататынның бәрі.
Түсінік – заттардың ерекше қасиеттерін және олардың өзара қатынасы бейнеленетін ой.
Мәселенің қойылуы – ғылымда шешілмеген проблемаларды анықтау, табу; талдау мен жалпылауды қажет ететін, зерттеудің логикалық әдісінде деректерді қамтитін кез келген зерттеу. Ғылымда түсіндірілмеген, жүйеге келтірілмеген, оның өрісімен қамтылмаған деректерді анықтаумен байланысты. Оларды жалпылау мәселені қоюдың мазмұнын құрайды. Мәселені қоюдың логикасы фактіден мәселені қоюға қарай жүреді.
Принцип – әйтеуір бір теорияның, ілімнің, ғылымның бастапқы негізі.
Проблема – болашақ зерттеудің ауқымын қамтитын ғылыми түйінді мәселелердің жалпыланған ірі жиінтығы. Оның төмендегідей түрлері бар:
-зерттеу;
-ғылыми кешенді;
-ғылыми.
Зерттеу проблемасы – бір зерттеу пәнінің және бір пайдалану ауқымында жақын кешенді зерттеу тақырыпьары.
Ғылыми-кешенді – түрлі маңызды міндеттерді шешуге бағытталған ғылымның түрлі ауқымындағы ғылыми зерттеу тақырыптарының өзара байланыстылығы.
Ғылыми проблема – берілген саладағы әрі қарай ғылыми зерттеуді немесе техникалық прогрессті қамтамасыз етуге бағытталған нақты теориялық немесе тәжірибелік міндеттерді шешуді көздейтін бүкіл ғылыми- зерттеу жұмысын немесе оның бөлігін қамтитын тақырыптар жиынтығы.
Пайымдау – айтеуір бір нәрсені бекітетін немесе жоққа шығаратын ой. Сөйлемде қамтылатын мұндай ой төмендегідей 3 элементтерден тұрады:
субъект
предикат
байланыс
Теория – идеялар немесе принциптер жүйесі, ілім. Ғылымды немесе оның бөлімнің құрайтын жалпыланған ережелер жиынтығы.
Ой қорытындысы – бастапқы пікірмен байланысты белгілі бір пікірлердің ішінен жаңа пікірдің туындауы.
Зерттеу жұмысының мұқабасы деп белгілі бір ережелерге сәйкес толтырылатын зерттеу жұмысының 1-беті аталады.
Жұмысқа кіріспеде тандап алынған тақырыптың көкейкестілігін, мақсат және қойылған міндеттер, мазмұны негізделеді, зерттеу объектісі мен пәні айқындалады, зерттеудің таңдап алынған әдісі (әдістері) көрсетіледі, теориялық мәнділігі және алынған нәтижелердің қолданбалы құндылығы сараланады және қорғауға шығарылатын ұсыныстар белгіленеді. Көкейкестілігі. Кез келген зерттеу жұмысының міндетті талаптарының бірі – көкейкестілік.
Объект дегеніміз – бұл процесс немесе құбылыс. Ол зерттеу үшін таңдап алынған проблема және проблемалық ситуацияны тудыратын нәрсе.
Пәні – ол объектінің шеңберінде болатын нәрсе.
Зерттеу жұмысының кіріспесінің негізгі элементі зерттеу әдістерін көрсету болып табылады. Зерттеу әдістері жұмыстағы қойылған мақсатқа жетудың қажетті шарты болып табылады, құралы болып саналады.
Кіріспеде ғылыми процестің басқа да элементтері сипатталады, жұмыстың қандай нақты материалдар арқылы орындарғандығы көрсетіледі. Бұл жерде хабарламаны алудың негіздері:
ресми (ғылыми);
әдебиеттік;
библиографиялық;
жүргізілген әдіснамалық.
Ғылыми жиналығы – зерттеу жүргізу барысында зерттеу нәтижелерін сипаттауға «алғаш рет» деген ұғымды зерттеушінің қолдануына құқық беретін белгісі. «Алғаш рет» деген ғылыми ұғым осындай нәтижелердің бұрын алынбағандығы туралы деректі білдіреді.
Әңғімелесу - мектепте оқыту барысын ұйымдастырудың құрамды бөлігі,белгілі бір тақырыпты игеру мақсатына жетудің жолы. Әңгімелесу мақсаты оқушылардың әдебиеттерімен өз беттерімен жұмысында қиындық тудыратын келелі мәселелерді терең зеттеу үшін мұғалім басшылығымен ұжым болып талқылау. Әңгімелесу арқылы ұжым болып талқылап оқытуды ұйымдастырудың басқа турлерінде оқушылардың алған білімін жинақтауға, айқындай тусуге,бекітуге көмектеседі.
Әңгімелесу барысында оқушылардың білімін тексеруге үлкен көңіл бөлінеді, бірақ оның бұл бақылау қызметі білім беру мен оқыту қызметінен басым туспеуі қажет. Мұғалімнің міндеті ұждымдық талқылау арқасында әрбір оқушының оқу материалын игеуіне қол жеткізу болып табылады. Білімді тексеру осы мақсатқа бағындырылады. Жақсы ұйымастырылған әгімелесу тақырыптық күрделі сұрақтарды түсінуіне ғана емес оқу ісінде бақылау және өзіндік өзі бақылаудың да құралы бола алады. Сөйлеген оқушылардың сөз сапасынан, олардың талқылау барысындағы белсенділіктерінен кімнің өтілген материалды қалай игергенін, қандай әдебиеттерді оқығанын біліп, осыған байланысты әр оқушының іс-әрекетіне қандай тузетулер енгізуді анықтауға болады.
Байымдау, ұғынып ойлау - заттардың және олардың белгілерінің арасындағы байланыстарды бекітуді және жоққа шығаруды, ақиқаттық немесе жалғандық түрінде ие болуды бейнелейтін ойлаудың турі. Құрылымы жағынан ұғынып ойлау немесе байымдау 3 сатыдан тұрады:
Субьект(әрекет иесі) –белгілі зат жөніндегі ой ;
Предикат(р)-заттың жаңа белгісі жөніндегі ой ;
Байланыстар зат пен белгілердің өзара байланысының бар, не жоқ екендігін көрсету;
Танымдық қызметі жағынанан пайымдау немесе ұғынып ойлау жаңа хабарды берудің логикалық құралы. Мұның грамматикалық түрі сөйлем.
Байқау - іс-әрекеттің міндетінен шығатын алдын алы белгіленген мақсатқа бағыты қабылдау. Тарихи турғыдан қарасақ байқау еңбектің құрамдыбөлігі ретінде дамыды . Әлеуметтік шындықтың және еңбектің іс-әрекеттің күрделенуіне байланысты байқау өзалдына салыстармалы барыс ретінде болініп шықты. Ғылыми байқауда қойылатын талаптар ойластырудың бір мәнділігі, обьективтілігі , яғни байқауда бақылау арқылы қайталау мүмкіндігі немесі зерттеудің одан да қуаттырақ басқа әдістерін әсіресе эксперименттік пайдалану байқау нәтижелерін талқылауға көбірек көңіл бөлінуі қажет.
Байқау іштей және сырттай жүргізіледі. Байқау натижелерін мұғалім оқу материалын мазмұнды және қол жетерлік өтіп баяндау үшін пайдаланады. Оған қоса мұғалім оқушыларды байқауға,қоршаған шындықты және әлеуметтік құрылыстарды жүйелі, орынды қабылдауға жетелейді, байқау қорытындысын пайдалануға үйретеді
Барыстарға қойылатын жетекші талап(принцип)-іс-әрекеттегі негізгі,іргелі ой,жүріс-тұрыс ережесі. Ол жетекші ұғым ретінде қаралып, әйтеуір бір қағиданы қарастырып отырған құбылыста жинақтау және таратуды көрсетеді
Баяндама - нақты тақырыптың мазмұнын кеңейтіп айтып беру,оқушылардың өз бетімен жұмысының түрі ретінде көрінетін әдіс. Мектеп жағдайында сабақта сыныптан тыс жұмыстарда пайдаланады. Оқылатын материалдың негізгі мазмұнына сай көкейкесті теориялық мәселелерге арналды.
Баяндаманы пайдалану оқушылардан таңдап алынған тақырыпты терең талдау жасауды әдебиеттерді білікті пайдалануды материалды жүйеге келтірді және жинақтауды өмір тәжірбесіне сүйенуді талап етеді
Баяндаманың натижесінде нақты жоспар жасаудың негізгі сұрақтарды шешімі табылуға тиісті мәселе ретінде отырып мазмұнын айтып берудің көтерілген хағидаларды сендірімді негіздеудің дұрыс дәл жинақтау және қорытындылаудың ықпалы зор болады. Жоспар жасауға , әдебиеттерді таңдап алуға мұғалім көмектеседі. Баяндамадағы ой желісін оған сәйкес әдебиеттер алдын ала таныстырылған болса баяндаманың талқылау оқушылардың танымдық мүддесін кеңейтеді және тереңдетеді, өз беттерімен көкейкесті мәселелерді іздеп табу мен зеттеудің берік дағдыларын қалыптастырады
Болжам - құбылыстардың өмір сүру себептерінің шындығын қасиеттерін түсіндіру мақсатында алға қойған негізделген жорамалды көрсететін ғылым түрі. Болжам деп кез келген ойдан туған жорамал немесе қиялды айтуға болмайды.Обьектіге байланысты болжам жалпы және дербес болып бөлінеді. Ғылымда іске басшылық болжамы маңызды орын алады. Зерттеудің бастапқы кезінде алға қойылатын бақылау нәтижелерін тұңғыш жүеге келтіру, бірақ оларды түпкілікті түсіндіру қамтамассыз етпейтін шартты долбар болады. Болжам арқылы дамытудың 2 кезеңі бар: олар болжамды құру, тексеру. Болжамды құру алғашқы белгіленгендерді табу және сұрыптау. Болжамды тексеру одан туындайтын нәтижелерді және оларды нәрселердің нақты күйімен салыстыруды жалпыдан жеке қарай жүретін ой туындалын жүзеге асыру.
Білік - әйтеуір бір ережеге және оны нақты міндеттерді шешу барысында лайықты пайдалануға негізделген жаңа әрекетті меңгерудің нәтижесі.Білікті әрекеттің орынды тәсілдерін таңдай білуден, тек қана таңдай білуден емес оларды тәжірибеге қолдану.
Біліктің және дамуның ең тиімділігін қамтамамсыз жалпы шарттар:
-тұжырымдалған ережені тусіну:
-орындалатын қажет әрекет бейнесін қалыптастыру:
-жаңа міндеттерді шешу барысында әрекетті оындаудың нәтижілігі жөнінде хабар алып отыру:
Білім - адам ойында шындықты дұрыс бейнелеуі қоғамдық тәжірибеде тексерілген таным барысының нәтижесі. Білім адамдардың қоғамдағы материалдык және рухани іс әрекеті нәтижесі ретінде пайда болады кез келген шындықты бейнелеу білім болмайды(жануарларға байланысты қарайтын болсақ) адам өзін өмірдегі ісінен , оның обьективті жағдайлары мен заттарынан бөліп қарайды. Адамдар болмысының тәсілдерінің өзі олардың әлемге қатынастарының тәсілдерінің мақсатқа сәйкес және тек басқа адамдармен қарым- қатынасымен жүзеге асатын нақты іс. Сондықтан да әрбір жеке адам өз әрекеттері мен заттарына сырттай қатынасатын сияқты. Әрбір құбылысының өзіндік қасиеттері мен сапалары бар шын әлем оған сыртқы обьективті өмір ретінде көрінеді. Адамның обьективті әлем заттары мен құбылыстарының обьективті мүмкіндіктері жөніндегі ойы оның білімдерінің алғашқы түрі. Тек білімдер ғана іс мақсатын көруге береді. Бұл жерде адамның шындыққа қатынасы аралыққа айналды. Осы қатынас яғни адамдардың шын өмір барысын олардың болмысын саналы қабылданған болмысқа айналдырады. Сана дегеніміз адамның әлемге қатынасының өзі осы әлемнің шын қабылеті қандай және оған өзінің заттары мен күштері арқылы әсер еткенде не болатынын біле отырып қатынас жасау.
Білім беру - жүйеге келтірілген білім ,білік және дағдыларды игеру барысы және нәтижесі , оқушы өмірге және еңбекке дайындаудың қажетті шарты , білім берудің негізгі жолы мектепте оқыту б ілім берудің мектепке дейінгі бастауыш, ора, жоғары тағы сол сияқты сатылары бар.
Білім беру әдістемесі - ғылыминегізделген оқудың әдістері, ережелері, тәсілдері,, жүйесі осының арқасында оқушының дуниеге көз карасын қарастырып алған білімдерін тәжірбие жүйесі осының арқасында оқушыеның дүниеге көзқарасын қалыптастырып алған білімдерін тәжірбиеде өз бетімен қолдану дағдыларымен қаруландыру
Білім беру әдістемесі таным теориясына суйенеді. Педагогика, психология, логика және т.б бірқатар ғылымдар жетістіктерін басшылыққы алады. Білім беруде оқытуға қойылатын талаптарды шығармашылықпен қолдану үлкен пайда келтіреді.Психология ғылымындағы оқушы зейіні, иесі, қабылдауы, қызығуы мәселелерін оқыту барысында есепкеалу қажет. Логика мұғалімді ойлау заңдарын білу мен, сендіру әдістерімен, алға қойған қағидаларды ғылыми дәлелдеу тәсілдері мен қаруландыру .
Оқыту барысының кезеңдерінде сәйкес әдістемедемұғалімнің сабаққа дайындалу , жаңа материалдарды баяндау ,оқушылардың әдебиеттер мен өз бетімен жүұмыс істеуі олардың оқу және тәжірбелік тапсырмаларды орындауы қорытындылау білінін тексеружәне бюағалау тәсілдері қарастырылады.
Білімді бекіту - оқытудың барлық кезеңдерінде ж үзеге асатын білімді игеру беріктігінің міндеттерін шешуге мумкіндік беретін барыс.Әдетте білімдерді бекітуге арнайы уақыт бөлінеді . Оқылатын материалды тусіндіру барсында оның негізгі мазмұнын қайталау үшін әңгіме ұйымдастырылады . Білімді бекітудің ең тиімді тәсілі оларды тәжірбиеде қолдану болып табылады. Білімді бекіту оқытатын жаңа материалмен байланыстар негізінде бұрынғы білімдерді тереңдетуді, білім , білік, дағдыларды жетілдіруді талап етеді . Білімді бекітудің үйреншікті әдістері мен түрлері бұрын оқылған материалдар б/ша әңгіме, жинақтау сипатындағы сабақтар, шолулар, кітаппен жұмыс, тәжрибелі тапсырмалар болып табылады.Ұмытудың алдын алу білімдерді бекіту мақсатында оқу жұмысының барысында тексеру және қайталау жұмыстары жүргізіледі. Бұл оқу материалы жуйеге келтіруді ,жинақтауды, толықтыруды және білім мен біліктің беріктігін қамтамассыз етеді. Осы жұмысты жүргізуге мұғалім болашақ оқу жұмысына қажетті білім қырларына баса назар аударады. Әдістемелік тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған білімді бекіту жұмыстары түрлі анықтама әдебиеттерді жұмыс орындауда, бақылау орындауда тиімді пайдалануға оқушылардың танымдық қызығуы, өз беттерімен білім алу қабілеттерін дамытуға бейімдейді.
Білімді ұғып алу - білім , білік дағдылады игеруге бағытталған іс-әрекет. Зерттелетін құбылыстарды деректерді, барысмтарды талдау және мсұрыптау нәтижесінде ғылыми ұғымдардың негізін қалайтын жинақтау қалыпта сады. Білімдерді ұғып алудағы жинақтаулар сипатын оқушылардың жеке ерекшеліктерімен және қабілеттерімен анықталады. Мұғалім бул ерекшелктерді еске ала отырып оқушыларды талдау, сұрыптау, жинақтаужалпылау, сияқты ақыл адамдарын үйретеді мысалы, жалпы ұғымда шығару үшін жеткілікті деректер мен құбылыстарды талдай отырып бекітеді . Оқыту барысында тек дайын білімдерді беру ғана емес, оқушыларға оларды өз бетімен алу білігін үйрету, оның тиімді тәсілдері мен әрекекттеін қалыптастыру маңызды нәрсе болып табылыады.
Білімді тексеру - оқыту барысының құрамды бөлігі . Мұның мақсаты -оқушылардың алған білімдерінің және оларға негізделген дағдыларының толықтығын , тереңдігін жүйелігін, осы білімдерді өздерінің танымдық және тәжірбиелік істерінде қай шамада пайдалана алатын анықтау болып табылады . Білімді тексеру мұғалім дер кезіндегі білімдегі кеткен кемшілікті көре білу, оны жоюға қол жету, оқушылардың өз бетімен білім алу мүмкіндігіне жеткізеді. Осымен қатар оқушылардың оқуға қатынасын олардың мұддесін жеке ерекшеліктерін анықтауға осыны есепке ала отырып ұжымдық және жеке орқу жұмысының лайықты әдістерін пайдаланып оқу барысын жетілдіруге жол ашады .
Білімді тексергенде оның ауқымы мен сапасы ,оқылған материалды түсіну мен игеру негізгі ойлау адамдарын меңгеру дәрежесі , әрекеттерінің бірізділігі сенімділігі, өз бетінділігі түрлі жағдайларда тәжірибеде ол білімдерде пайдалану білігі есепке алыну қажет. Білімді тексергенде жүйелі мағыналы , оқушылардың таным істерінің қарқынын күшейтуге көмектесу талаптары орындалуы керек.
Білім беру және оқыту теориясы - педагогика ғылымының саласы. Білім беру және оқыту теориясы жас кезеңдерінің барлық сатыларына сәйкес оқытудың заңдылықтарын оған қойылатын талаптарды , білім беру міндеттерін мазмұнын , оқыту мен оқу түрлерін әдістерін оқу барыснда ынталандыру мен бақылауды анықтайды. Білім беру және оқыту теориясының методологиялық негізі таным теориясы, оқушы тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілім болып табылады. .Бұл теория білім беру және оқытуда арнайы ұйымдастырылатын іс деп қарайды. Оқыту барысында оқушылардың білім , білік , дағдыларды меңгеруде мұғалім мен олардың өз бетіндік іс бірлігі айқындалады .
Білім беру және оқыту теориясы адамның ісін санасын,қарым-қатынасын зерттейтін философия.Бұл теориның мақсаты оқытудың заңдылықтарын қоғам қажеттігіне сай оқытудың мақсаттары мен міндеттері, әдістері, түрлері және нәтижелері байланысын ашу. Заңды байланыстардың көптеген түрлерін жинақтай отырып бұл теорис оқытуға қойылатын талаптарды қалыптастырады. Бұл талаптарды орындай отырып мұғалім оқу барысын қолайлы етіп құра алады. Соңғы жылдары білім беру және оқыту теориясы оқу жүктемесін тиімді және ұтымды ету тұрғысынан оқытудың әрбір нақты жағдайын сапалы және мақсатты ұйымдастыруға мүмкіндік беретін оқыту барысын қолайлы ету теориясын жасап шығарады. Қоғамдық қажеттілікті есепке ала отырып әрбір тарихи кезеңге білім беру және оқыту теориясын,оқыту міндеттерін, білім беру мазмұнын таңдап алу белгілерін, оқу жоспарларын, бағдарламаларын, оқулықтарды оқу құралдарын, дидактикалық материалдарды жасаудың негізін ашып береді. Білім беру және оқыту теориясы оқыту әдістерін зерттейді, оларды түрлі негізде топтайды, тәжірбиелік эксперименттік және педагогикалық озат тәжірбие негізінде жаңа әдістер мен әдістемелік жүйелерді жасайды. Бұған шешімі табылуға тиісті мәселе көтере отырып, оқушылардың танымдық іс жасау күйін туғызу, ізденіс, әдістерінің пайда болуы дәлел. Білім беру және оқыту театры оқытуды ұйымдастыру түрлері мен құралдарын қарастырады. Ғғылым(наука)-мақсаты мен қызметі адамның өзі және оны қоршаған әлем жөніндегі білімдерді жасап шығару болып табылатын адамзаттың іс шеңбері, қоғамдық санның бір түрі. Ғылым деген атау мен табиғат қоғам құбылыстарын түсінуге және олардың дамуын алдын ала болжауға мүмкіндік беретін бірте кеңейіп келе жатқан теориялық білім жүйесін белгілейді. Қазіргі кезде ғылым тікелей өндіргіш күшке айналып отыр.
Ғылыми абстрактілеу - заттардың белглі бір қасиеттерін немесе қатынастарын ойша бөлуді өз бетімен қарастыруды қамтитын танымның бір жағы, түрі . Мұның мақсаты мүғалімдердің теориялық деңгейін білімдігін әдістемелік дайындығын көтеру, педагогика ғылыми жетістіктерін насихаттау, озат тәрбиені жинақтау, оқушылармен жұмысты тиімді әдістер мен жұмыс түрлерін қолайлы пайдалануды өндіру.
Ғылыми тәжірибелік конференция-оқыту және тәжірибелеу жұмыстарының өзекті мәселелерінің тәжірибесін ұжым болып зерттеу және талқылау түрі. Мұның мақсаты- теорияны басшылыққа ала отырып нақты тәрбие мекемесінің тәжірибесіндегі белгіленген мәселенің шешілу барысын жан- жақты талдау.
Ғылыми педогогикалық хабар - пеодогогика ғылымы пайдаланылатын арнайы басылымдар, техникалық құрылымдар және басқалар арқылы таратылатын оқу және тәрбиелеу теориясы мен тәжірибенің барлық салаларының дамуы жайындағы мағлұматтар жүйесі.
Дағды - еңбек және басқа да іс-әрекет құралдарымен белгіленген дәлдікпен және шапшандықпен оқу немесе ойын міндеттерін орындауда оқыту мен қайталау нәтижесіндегі білік негізінде жақсы қалыптасқан әрекет. Оқыту барысында, еңбек дағдыларын қалыптастыруда тек қозғалыс емес, мақсатқа сай және орынды әрекеттер танымдық іс дағдыларына ерекше зейін аудару қажет. Оқыту дағдыларына оқушылардың кітаппен және басқа түрлі басылымдар мен өз бетімен жұмыс істеу, ауызша баяндағанның және оқығанның мағынасын ажырата білу, конспекті жазу және баяндау жоспарын құру көпшілік алдында сөз сөйлеуі жатады.
Даму - өзіне тән ерекшелігі бар сапалық қозғалыстың түрі. Құбылыстардың пайда болуы мен жойылып кету дамуға байланысты. Кез- келген даму уақытпен байланысты болады. Дамудың бағытын тек уақыт анықтайды .
Дәлелдеу - әйтеуір бір қағиданың ақиқаттығын осымен байланысты бар басқа ақиқаттар және пайымдаулар көмегімен тауып алудағы логикалық амал. Дәлелді пікір ғылыми ойлау өрнегінің ажырамас белгісі, ғылыми сенімдерді қалыптастыру кезеңі. Сондықтан ұстаздық жұмыста дәлелдеу тактикасы мен методологиясы маңызды орын алады .
2 ДӘРІС САБАҚТАРЫ
Дәрісті тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар
Мақсаты: студенттерді курс бойынша тиісті теориялық біліммен қаруландыру.
Міндеттері:
- әр тақырыпты меңгерту мақсатымен жүйелі білім беру;
- әр тақырып бойынша негізгі түсініктермен таныстыру және меңгерту;
- пәнге қызығушылығын тудыру және ары қарай өздігінен жұмыс істей білуге үйрету;
- курс бойынша тиісті білімді меңгеру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету.
Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларының бірі – дәріс болып табылады. Ол студенттерге олар үшін күрделі және жаңа ақпараттарды беруге тиімді. Дәріс студенттерде пәнге қызығушылық тудырады, алынған білімді практикалық міндеттерді шешуде қолдануға көмектеседі, тақырыптың және қарастырылып отырған материалдың теориялық жақтарын ашып көрсетеді.
Дәріс - студенттерде өздігінен терең білім алуға ізденіс туғызады. Дәрісті тыңдау – бұл өзара бір–бірімен байланысқан танымдық үрдістердің (зейін, түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау) бірлігі.
Сіздің курс бойынша жан-жақты білім алуыңыз дәріс сабақтарын толық тыңдауыңызға байланысты екенін еш ұмытпаңыз. Сондықтан бағдарлама мазмұнында берілген дәріс сабақтарын алдын-ала қарастырып жүріңіз. Сіздің білімініңізің деңгейі тек өзіңіздің жауапкершілігіңіз және өздігіңізден жұмыс жасау қабілетіңізге тікелей байланысты болады.
Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық: сабаққа кешікпеңіз; дәріс дәптеріңіз және қаламыңызды ұмытпаңыз; дәріс барысында мәтінді қалмай жазып отыруға талпыныңыз, ол тәжірибелік сабақтарға, өздік жұмыстарға даярлануда негіз болады.
Дәріс сабақтарының тақырыптары және қысқаша мазмұны
Модуль 1. Кәсіби педагогикадағы ғылыми зерттеулер әдіснамасы
Тақырып 1. Кіріспе. «Кәсіби педагогикадағы ғылыми зерттеу негіздері» пәні, міндеттері
Негізгі ұғымдар: ғылым, ғылым дамуы, ғылыми таным, ғылыми проблема, ғылыми теория ғылыми зерттеу.
Пәнге кіріспе. Курсты оқыту мақсаты мен міндеті. Ғылымның даму заңдылықтары. Қазіргі кәсіптік білім беру мәселелері. Теория мен практиканың бірлігі.
Тақырып 2. Кәсіби педагогикада ғылыми зерттеулерді
Ұйымдастыру
Негізгі ұғымдар: ғылыми тақырып, тақырыптың көкейкестілігі, тақырыптың көкейкестілігі, ғылыми пән, ғылыми дерек, зерттеу объектісі, зерттеу пәні, зерттеу болжамы, ғылыми жаңалығы.
Ғылыми проблема. Ғылыми зерттеу бағытын таңдау негізі. Кәсіби педагогикадағы ғылыми зерттеулердің өзіндік ерекшеліктері. Педагогикалық зерттеудің ғылыми аппаратының мазмұны. Тәжірибелі эксперимент жұмыстары және оларды ұйымдастыру. Ғылыми зерттеу кезеңдері.
Тақырып 3. Кәсіби педагогикадағы зерттеу әдістері
Негізгі ұғымдар: әдіснама, әдіс, педагогика әдіснамасы, зерттеу әдістері, эмпирикалық әдістер ғылыми танымның әдіснамасы.
Кәсіби білім беру педагогикасының әдіснамасы. Ғылыми зерттеу әдістерінің мәні және жіктелуі: педагогикалық бақылау, эксперименттік бағалау әдістері, модельдеу әдістері, сауалнама, анкета, әлеуметтік әдістер.
Тақырып 4. Кәсіби педагогикалық жеке проблемаларын зерттеудегі ғылыми әдістердің қолданылуы
Негізгі ұғымдар: зерттеу проблемасы, зерттеу тапсырмасы, ғылыми баяндама, білім, ұғыну.
Іс-әрекеттерді зерттеу. Жеке тұлғаны зерделеу. Оқушының жұмысқа қабілеттілігін зерттеу. Кәсіби жарамдылығын бағалау.
Модуль 2. Ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау
Тақырып 5. Зерттеу нәтижесінің өңделуі және мәлімет әдісі
Негізгі ұғымдар: тәжірибелік жұмыс, ой қорытындысы, пайымдау, теория, ақпараттар.
Кәсіби педагогикалық зерттеулерде статистикалық әдістерді қолдану. Зерттеу нәтижелерін кестеге түсіру. Зерттеу нәтижелерін графикалық әдіс түрінде көрсету. Зерттеу нәтижелерін салыстыру.
Тақырып 6. Ғылыми зерттеуді дайындаудың жолдары және зерттеу нәтижесін жариялау
Негізгі ұғымдар: ғылыми есеп, тұжырымдама, білік.
Зерттеу нәтижелерін безендіру, тарату және бағалау. Ғылыми педагогикалық зерттеулерді безендірудегі нормативті талаптар.
3ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРЫ
Тәжірибелік сабақтарына даярлануға әдістемелік нұсқаулар
Тәжірибелік сабақтар студенттердің оқу жұмыстарының маңызды формаларының бірі.
Тәжірибелік сабақтардың мақсаты – білімді бекіту, іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
Бұл сабақтардың рөлі студенттерде оқыған пәндерінен алған білімдерін практикада қолдана білу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыруда өте жоғары.
Тәжірибелік сабақтардың міндеттері:
1. Дәріс материалдарын қайталау арқылы білімді бекіту, материалды кеңейту және нақтылау.
2. Алынған білімді нақты әрекеттерді орындау үшін және жаңа білім, дағдыларды алу үшін өздігінен қолдану қабілетін дамыту.
3. Теориялық білімді практикада қолдана білу іскерлігін қалыптастыру.
4. Практикада қолдану үшін ғылыми әдістер және тәсілдерімен танысу.
5. Алғашқы тәжірибеге қажетті дағдыларды жинақтау.
6. Ғылыми-практикалық сұрақтарды өздігінен шешу дағдыларын дамыту.
7. Алынған білімді нақты жүйеге келтіру.
8. Оқу және ғылыми жұмыстарға жауапкершілікті және ұқыптылықты тәрбиелеу.
9. Пәндер арасындағы байланыс пен қатынасты дамыту.
Тәжірибелік сабақтарға даярлануда әр тақырып бойынша берілген сұрақтардың мазмұнын ашу керек. Сұрақтардың мазмұнын ашуда нақты мысалдар, фактілер, аргументтер келтіру қажет. Сабаққа даярлануда ұсынылған әдебиеттерден басқа әдебиеттерді, күнделікті баслымдардағы материалдарды қолдануға болады. Тәжірибелік сабақтарда оқылатын пәнге жағымды қатынас қалыптасады, алған білім және іскерліктер бекиді және жетіледі.
Тәжірибелік сабақтарының тақырыптары және қысқаша мазмұны
Модуль 1. Кәсіби педагогикадағы ғылыми зерттеулер әдіснамасы
Тақырып 1. «Кәсіби педагогикадағы ғылыми зерттеу негіздері» пәні
Курсты оқыту мақсаты мен міндеті. Ғылым танымның жоғарғы формасы ретінде. Ғылым туралы жалпы түсінік. Ғылымның қалыптасу және даму тарихы. Ғылымның даму заңдылықтары. Теория мен практиканың бірлігі.
Бақылау сұрақтары:
1. Курстың негізгі міндеттері.
2. Ғылым дегеніміз не?.
3. Ғылыми таным дегеніміз не?.
4. Ғылымның пайда болу тарихы.
5. Теорияны практикамен байланыстыру.
Тақырып 2. Кәсіби педагогикада ғылыми зерттеулерді
ұйымдастыру
Ғылыми зерттеу бағытын таңдау негізі. Зерттеу логикасы. Зерттеудің ғылыми аппаратын түзу.Тәжірибелі эксперимент жұмыстары және оларды ұйымдастыру. Ғылыми зерттеу кезеңдері.
Бақылау сұрақтары:
1. Зерттеу логикасы деген не?
2. Зерттеудің ғылыми аппаратының құрылымы.
3. Тәжірибелі эксперимент жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
Тақырып 3. Кәсіби педагогикадағы зерттеу әдістері
Ғылым әдіснамасы туралы түсінік. Ғылыми зерттеу әдістерінің мәні және жіктелуі. Педагогикалық бақылауды ұйымдастыру. Эксперименттік бағалау әдістері, модельдеу әдістері, сауалнама, анкета, әлеуметтік әдістер.
Бақылау сұрақтары:
1. Әдіснама дегеніміз не?.
2. Зерттеу әдістері дегеніміз не?.
3. Эмпирикалық әдістер.
4. Теориялық әдістер.
5. Педагогикалық бақылау түрлері.
6. Эксперимент түрлері және ұйымдастырылу ерекшеліктері.
7. Сауалнама өткізуге қойылатын тталаптар.
8. Анкета әдісінің тиімділігі және тиімсіздігі неде?.
Тақырып 4. Кәсіби педагогикалық жеке проблемаларын зерттеудегі ғылыми әдістердің қолданылуы
Іс-әрекеттерді зерттеу. Жеке тұлғаны зерделеу. Оқушының жұмысқа қабілеттілігін зерттеу. Кәсіби жарамдылығын бағалау.
Бақылау сұрақтары:
1. Тұлға деп кімді айтамыз?.
2. Қабілеттілік дегеніміз не?.
3. Жеке тұлғаны зерттеу әдістері.
4. Іс-әрекеттерді зерттеу әдістері.
Модуль 2. Ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау
Тақырып 5. Зерттеу нәтижесінің өңделуі және мәлімет әдісі
Кәсіби педагогикалық зерттеулерде статистикалық әдістерді қолдану. Зерттеу нәтижелерін кестеге түсіру. Зерттеу нәтижелерін графикалық әдіс түрінде көрсету. Зерттеу нәтижелерін салыстыру. Каталогпен жұмыс жасау, әдебиеттермен жұмыс. Интернет арқылы материалдар жинақтау. Ақпараттарды өңдеу, талдау.
Бақылау сұрақтары:
1. Статистикалық әдістер және оларды қолдану талаптары.
2. Зерттеу нәтижелерін шығару.
3. Каталогпен жұмыс істеу тәртібі.
4. Ақпараттарды өңдеуге қойылатын талаптар.
Тақырып 6. Ғылыми зерттеуді дайындаудың жолдары және зерттеу нәтижесін жариялау
Зерттеу нәтижелерін безендіру, тарату және бағалау. Ғылыми педагогикалық зерттеулерді безендірудегі нормативті талаптар. Аннотация, пікір жазу.
Бақылау сұрақтары:
1. Ғылыми есеп дегеніміз не? Даярлауға қойылатын талаптар.
2. Зерттеу нәтижелерін қорытындылау және тарату әдістемесі.
3. Ғылыми баяндама жазуға қойылатын талаптар.
4 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ
Оқытушы жетекшілігімен және студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар
Мақсаты: студенттердің дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдері негізінде өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру.
Міндеттері:
- дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдерін тереңдету;
- теорияны практикамен байланыстыру;
- библиографиямен жұмыс істеу іскерлігі мен дағдыларын жетілдіру;
- алынған білімі негізінде мәселелік сұрақтарды өздігінен шешу;
- психологиялық-педагогикалық бақылау жүргізудің практикалық дағдыларын жетілдіру;
- зерттеушілік, ізденушілік іскерліктерін жетілдіру;
- өздігінен жұмыс істеу іскерліктері мен дағдыларын дамыту;
- ойын еркін жеткізе білуге және оны қорғай білуге үйрету.
Оқытушы жетекшілігімен және өздігіңізден орындайтын өздік жұмысыңыз Сіздің курс бойынша меңгеретін біліміңізге және рейтинг бойынша жинайтын ұпайыңызға айтарлықтай ықпал жасайтынын ұмытпаңыз, сол себепті әрбір өздік жұмыс тапсырмасын өзіңіз дербес орындаңыз, тапсырманы орындауға мұқият қараңыз, әрі жауапты болыңыз. Өздік жұмыс тапсырмаларын орындау барысында басқадан көшіргеніңіз немесе басқаға көшірткеніңіз үшін жұмысыңыз мүлдем есептелінбеуі немесе бағасы төмендетілуі мүмкін.
Өздік жұмысын орындау формалары әр түрлі: кесте, таблица құру, реферат, коллоквиум, сөзжұмбақ, пікірталас, конспект бойынша талдау, аннотация жазу және т.б. Оларды орындау үшін оқу әдістемелік кешеннің мазмұнында жалпы әдістемелік нұсқаулар берілген.
Студенттердің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өздік жұмыстарының тапсырмалары
№
|
Тақырыптары
|
Тапсырма мазмұны
|
Бақылау түрі
|
Өткізілу уақыты және балл
|
1
|
Ғылыми шығармашылық жұмыстарын жүргізу
|
Студент өз мамандығы аясында бір ғылыми жұмыс тақырыбын таңдайды
|
Ғылыми жоба тақырыбы
|
2 апта
10 балл
|
2
|
Тақырып бойынша теориялық және практикалық материалдармен жұмыс
Педагогикалық зерттеу бағдарламасын құру
|
Зерттеу тақырыбы бойынша материалдар жинау және жүйелеу. Ғылыми аппаратты құру. Зерттеу жүргізу
|
Библиографиялық көрсеткіш
Ғылыми аппарат
|
4 апта
10 балл
|
3
|
Зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу
|
Тәжірибелі-эксперимент жұмыстары,оларды ұйымдастыру және жүргізу
|
Тәжірибеліэкспери
мент жұмыс
тары
|
6 апта
10 балл
|
4
|
Зерттеуді жүргізу
|
Тәжірибелі-эксперимент жұмыстары
|
Зерттеу
нәтижесі
|
10 апта
10 балл
|
5
|
Зерттеуді жүргізу
|
Тәжірибелі-эксперимент жұмыстарының нәтижелерін жүйелеу,
Теориялық бөлімді аяқтау
|
Теориялық бөлім
|
12 апта
10 балл
|
6
|
Ғылыми есеп
|
Жұмысты аяқтау және қорғау
|
Реферат
|
14 апта
10балл
|
Студенттердің орындайтын өздік жұмыстарының тапсырмалары
№
|
Тақырыптары
|
Тапсырма мақсаты және мазмұны
|
Бақылау түрі
|
Өткізілу уақыты және балл
|
1
|
Пән бойынша библиография, глоссарий құру
|
Кітапханада жұмыс Глосарий құру. Негізгі ұғымдармен жұмыс
|
Библиография Глоссарий
|
3 апта
25 балл
|
2
|
Тақырып бойынша теориялық және практикалық материалдармен жұмыс
|
Каталогпен жұмыс, әдебиеттер және басылымдармен жұмыс
|
Библиографиялық көрсеткіш
|
5 апта
25 балл
|
3
|
Зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу
|
Тәжірибелі-эксперимент жұмыстары, оларды ұйымдастыру және жүргізу
|
Зерттеу
жұмысы
|
7 апта
25 балл
|
4
|
Зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу
|
Зерттеу жұмыстары нәтижелерін дайындау
|
Зерттеу
нәтижесі
|
11 апта
25 балл
|
5
|
Зерттеу бойынша ғылыми есепке даярлық
|
Теориялық және практикалық материалдарды жүйелеу, әдебиеттерді ретке келтіру, жұмысты қорғауға даярлау. Пікір әзірлеу
|
Жұмыс нұсқасы
|
13 апта
25 балл
|
6
|
Жұмысты баспаға даярлау
|
Жұмыс нәтижесі бойынша ғылыми мақала даярлау
|
Ғылыми мақала
|
15 апта
25 балл
|
I – Рубеждік бақылауға тапсырма
1 – ші нұсқа
1. Ғылым туралы жалпы түсінік. Теория мен практиканың бірлігі.
2. Зерттеу логикасы. Зерттеудің ғылыми аппаратын түзу.
3. Ғылым әдіснамасы туралы түсінік.
4. Педагогикалық бақылауды ұйымдастыру.
2 – ші нұсқа
1. Ғылымның қалыптасу және даму тарихы. . Ғылымның даму заңдылықтары.
2. Тәжірибелі эксперимент жұмыстары және оларды ұйымдастыру. Ғылыми зерттеу кезеңдері.
3. Ғылыми зерттеу әдістерінің мәні және жіктелуі.
4. Эксперименттік бағалау әдістері.
Достарыңызбен бөлісу: |