3. Тараптардың құқықтары
1. Халықты жұмыспен қамту орталығының:
1) шыққан жерінің халықты жұмыспен қамту орталығынан Бағдарламаға қатысушының көшу тәртібі мен мерзіміне қатысты ақпаратты сұратуға;
2) бағдарламаға қатысушыдан және жұмыс берушіден келісімшарттың талаптарын уақытында және тиісінше орындауын талап етуге;
3) келісімшарт шеңберінде өзге де мәселелерді шешуге құқығы бар.
2. Бағдарламаға қатысушының;
1) шыққан жерінің халықты жұмыспен қамту орталығынан көшу тәртібі мен мерзімдері және қабылдау шарттары туралы, оның ішінде қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасу мәселелері бойынша ақпарат алуға;
2) келісімшартта көзделген мемлекеттік шараларды алуға;
3) халықты жұмыспен қамту орталығы мен жұмыс берушіден келісімшарттың уақытында және тиісінше орындалуын талап етуге құқығы бар.
4. Өзге де шарттар
1. Келісімшартқа тараптардың келісімі бойынша қосымша әлеуметтік келісімшартқа қол қою арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
2. Осы келісімшарт оған халықты жұмыспен қамту орталығы, Бағдарламаға қатысушы қол қойған және жұмыс берушінің келісімшартқа қосылуы туралы өтінішін (хабарламасын) алған сәттен бастап күшіне енеді.
3. Келісімшарттың қолдану мерзімі 20__ жылғы «__»______ дейін.
5. Келісімшарт талаптарының орындалмағаны үшін тараптардың жауапкершілігі
Келісімшарттың талаптарын орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптар жауапта болады.
6. Форс-мажорлық жағдайлар
1. Тараптар осы Келісімге қол қойылғаннан кейін туындаған өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және басқа да апатты жағдайлар; әскери іс-қимылдар және т.б. сияқты төтенше және дүлей жағдайларда (форс-мажор) міндеттерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
2. Форс-мажор жағдайлары туындаған жағдайда, осы келісімшартқа сәйкес қандай да болсын міндеттемелерді орындауы осындай жағдайлардың туындауына байланысты мүмкін болмаған, Тарап форс-мажор жағдайлар басталған немесе аяқталған күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде бұл туралы басқа тараптарды жазбаша нысанда (осы келісімшарт бойынша өз міндеттерін орындаудың мүмкін еместігін негіздеп және дәлелдеп хабардар етуі тиіс.
3. Хабарламау немесе уақтылы хабарламау, осындай хабарламау немесе уақтылы хабарламау форс-мажордың тиісті мән-жайларынан тікелей пайда болған жағдайларды қоспағанда, Тарапты форс-мажордың осы келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатуға негіздеме ретінде кез келген форс-мажордың жағдайына сүйену құқығынан айырады. Форс-мажор жағдайларының басталғандығы немесе тоқтатылғандығы туралы хабарлама, форс-мажор жағдайы жалпыға танымал және жаппай сипат алған, дәлелдеуді қажет етпейтін жағдайларды қоспағанда, құжатпен немесе тиісті органның және немесе мекеменің куәлігімен расталуға тиіс.
4. Осы келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі форс-мажор жағдайы орын алған, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдар әрекеті барысына шамалас уақытқа кейінге шегеріледі. Егер мән-жайларының туындауына байланысты Тараптардың осы келісімшарт бойынша міндеттемелерді толықт немесе ішінара орындай алмауы, _______ (кезеңді көрсету) асып кетсе, Тараптар осы Шартты бұзуға құқылы.
7. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері
Халықты жұмыспен қамту Бағдарламаға қатысушы
__________________________________________
(Халықты жұмыспен қамту орталығының толық атауы)
____________________________________
(мекенжайы)
____________________________________
(телефон, факс)
____________________________________
(уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________________
(қолы)
М.О.
|
__________________________________
(Бағдарламаға қатысушының тегі, аты, әкесінің аты)
_______________________________
(мекенжайы)
_______________________________
(телефон, факс)
_______________________________
(қолы)
|
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің
белсенді шараларына қатысатын
адамдардың ұтқырлығын арттыруға
жәрдемдесу және оларға мемлекеттік
қолдау шараларын көрсету қағидаларына
6-қосымша
___________________________________
(Халықты жұмыспен қамту орталығының атауы)
Әлеуметтік келісімшартқа қосылу
туралы жұмыс берушінің
өтініші (хабарламасы)
Осымен _________________ атынан ______________________ негізінде
(жұмыс берушінің атауы) (ереже, жарғы және т.б.)
әрекет ететін _____________________________________________________
(уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты)
және ___________________________ арасында __________________________
(халықтың жұмыспен қамту орталығы) (Бағдарламаға қатысушының тегі, аты,
________________ жасасқан 20 __ жылғы «____» __________ № ___ әлеуметтік
әкесінің аты)
келісімшартқа қосылуға ниет білдіреді және төмендегілер туралы:
Бағдарламаға қатысушыны _____________________ кәсіп (мамандық)
(еңбек функциясын көрсету)
бойынша тұрақты жұмысқа орналастыруға және/немесе кейін жұмысқа орналастырумен өз қаражаты есебінен оқытуға міндеттеме алады.
Тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырмаған жағдайда көшуге төленген субсидия сомаларын толық көлемде өтеуге міндеттенемін.
Осы өтінімге мыналарды қоса беремін (құрылтай құжаттардың көшірмелері, банк деректемелері қоса берілсін):
______________ _______________ _______________________
(лауазымы) (қолы) (уәкілетті өкілдің Т.А.Ә.)
М.О.
Достарыңызбен бөлісу: |