2013 жылғы 13 тамыз №817 Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын жеке тұлғалардың жалақысын ішінара субсидиялау



жүктеу 0,49 Mb.
бет2/6
Дата23.11.2018
өлшемі0,49 Mb.
#23864
1   2   3   4   5   6

5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын жеке тұлғалардың жалақысын ішінара субсидиялау;

6) психологиялық бейімдеу жолымен іске асырылады.


3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) әлеуметтік келісімшарт – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және табысы аз азаматтары қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;

2) Бағдарламаға қатысушылар – Бағдарламаға қатысуға оң шешім алған өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар, табысы аз адамдар, ішінара жұмыспен қамтылғандар, мүгедектер, бітіргеннен кейін бір жыл ішінде жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбын, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Бағдарламада басымдылық белгіленген адамдардың өзге де санаттары және оралмандар;

3) Бағдарлама операторы – халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды үйлестіруші орталық атқарушы орган;

4) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында білім беру қызметтерін көрсетуді басқару функцияларын іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың облыстық білім басқармалары;

5) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

6) жалпыұлттық дерекқор (бұдан әрі – дерекқор) – жекелеген мамандықтар (кәсіптер) бөлінісінде ағымдағы бос жұмыс орындары мен болжамды жұмыс орындарының дерекқоры;

7) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – мемлекет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды мемлекеттік қолдау шаралары;

8) оралман – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде одан тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін одан тыс жерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары;

9) уәкілетті орган – өңірлік деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі;

10) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын қазыналық мемлекеттік мекеме;

11) оқуға материалдық көмек – кәсіптік оқудан өтіп жатқан Бағдарлама қатысушысына тамақтану, жол жүру және тұруға арналған шығынды ішінара өтеуге төленетін ақшалай қаражат;

12) жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы қызметкерлер – толық емес жұмыс уақыты немесе жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы жағдайында, немесе қызметкерлер әлеуметтік демалыста немесе өндірістің тоқтатылуына байланысты еріксіз бос жүрген жағдайларда еңбек қызметін жүзеге асыратын қызметкерлер;

13) әлеуметтік демалыс – ана болу, балалардың күтімі үшін, өндірістен қол үзбей білім алу және өзге де әлеуметтік мақсаттар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату;

14) кәсіптік оқыту – Бағдарламаға қатысушыларды білім беру ұйымдарында не өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдардың жанындағы оқу орталықтарында (бұдан әрі – оқытатын ұйымдар) оқыту, кәсіптік оқыту:

мамандығы (кәсібі) жоқ, мамандық (кәсіп) игеруді және сол мамандығы (кәсібі) бойынша жұмыс істеуді қалайтын адамдарды; еңбек нарығында сұранысқа ие емес мамандығы (кәсібі) бар, жаңа мамандық (кәсіп) игеруді және сол мамандығы (кәсібі) бойынша жұмыс істеуді қалайтын адамдарды кәсіптік даярлауды;

егер Бағдарламаға қатысушыларға мамандығы (кәсібі) бойынша лайықты жұмыс ұсыныла алмайтын немесе олардың белгілі бір мамандықтар (кәсіптер) бойынша жұмысты орындауға қабілеттілігі жойылған жағдайда, жаңа мамандықтар (кәсіптер) меңгеру мақсатында қайта даярлауды;

кәсіби шеберлігін жетілдіру, анағұрлым жоғары разряд (сынып, санат) алу, өндірістік қажеттілікті ескере отырып, озық техника мен технологияны зерттеу және игеру мақсатында біліктілігін арттыруды қамтиды;

15) өңірлік комиссия – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының жанындағы жұмыс берушілер, кәсіптік одақтар өкілдерінің қатысуымен Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
2. Оқыту және жұмысқа орналастыру мәселелері жөніндегі консультациялар
4. Оқытуға қажеттілікті, еңбекке қабілетті халықтың саны мен құрылымын, жұмысқа орналасуға мұқтаж адамдардың санын, іске асырылатын жобалар шеңберінде құрылып жатқан жұмыс орындарының санын айқындау мақсатында жергілікті атқарушы органдар Бағдарлама операторы бекіткен әдістемеге сәйкес Өңірлердің жұмыспен қамту картасын қалыптастырады.

Жергілікті атқарушы органдар жылына екі рет (есепті жылғы 1 қаңтардағы және 1 шілдедегі жағдай бойынша), 5 қаңтарда және 5 шілдеде Өңірлердің жұмыспен қамту картасының мәліметтерін жаңартады.

5. Халықты жұмыспен қамту орталықтары:

1) Өңірлердің жұмыспен қамту картасы негізінде жұмысқа орналасуға мұқтаж еңбекке қабілетті жастағы адамдардың санын айқындайды;

2) жұмыс берушілерді – аудан (қала) аумағында жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын барлық заңды және жеке тұлғаларды есепке алуды жүзеге асырады;

3) жұмыс берушілерге Бағдарламаға қатысу оның ішінде жұмыс берушілерге Бағдарламаға қатысуға үміткерлерді таңдау, кәсіптік оқуды өту, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу тәртібі және шарттары туралы консультация береді;

4) коммуникация құралдары (интернет, электрондық почта, телефония құралдары және басқалары) арқылы жылына бір рет кезеңділікпен кадрларға ағымдағы және болжамды қажеттілікті айқындау мақсатында жұмыс берушілердің пікіртерімін жүзеге асырады;

5) Өңірлердің жұмыспен қамту карталарының, жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің, рекрутингтік агенттіктердің және жұмыс берушілердің мәліметтері негізінде кәсіптер (мамандықтар) бөлінісінде кадрларға ағымдағы және болжамды қажеттілікті қалыптастырады.

6. Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқыту кадрларға ағымдағы және болжамды қажеттілік негізінде жүргізіледі.

Ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы қызметкерлер өздері таңдаған мамандықтар (кәсіптер) бойынша кәсіптік оқуға жіберіледі.

7. Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысуға үміткерлерге:

1) мамандық (кәсіп) таңдауға, кәсіптік оқу және оны аяқтағаннан кейін дерекқорға енгізілген жұмыс орындарын, ағымдағы бос жұмыс орындарын және болжамды қажеттілікті ескере отырып, ықтимал жұмысқа орналасуға көмек;

2) үміткерлердің кәсіптік құзыреті бар бос жұмыс орындарының біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысу мәселелері бойынша консультация береді.

8. Халыққа қызмет көрсету орталықтары консультация нәтижелері бойынша Бағдарламаға қатысуға үміткерлердің тізімін қалыптастырады және оларды жұмыс берушілерге жібереді.

9. Бағдарламаға қатысу үшін басым құқық мынадай санаттағы адамдарға:

1) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастарға;

2) жиырма тоғыз жасқа толмаған балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған балаларға;

3) ауылдық жерде тұратын әйелдерге;

4) зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 50 жастан асқан адамдарға;

5) жалпыға бірдей белгіленген зейнетақы жасына дейін зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерге;

6) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін және мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды алушы болып табылатын адамдарға;

7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған адамдарға;

8) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлі емдеу орындарынан босатылған адамдарға;

9) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметінің тоқтатылуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуына байланысты жұмыстан босатылған адамдарға беріледі.


3. Стипендия төлей отырып біліктілігін арттырудың,

кәсіптік даярлаудың және қайта даярлаудың тегін курстарына жолдау
10. Бағдарламаға қатысуға үміткерлерді іріктеуді жұмыс берушілер:

1) халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынатын үміткерлер ішінен таңдау;

2) бос жұмыс орындары жәрмеңкелеріне қатысу;

3) дербес, оның ішінде жеке жұмыспен қамту агенттіктері, рекрутингтік агенттіктерден іздестіру арқылы жүргізеді.

11. Жұмыс берушілер үміткерлерді әңгімелесу өткізу жолымен немесе жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушылар туралы ұсынған ақпарат негізінде іріктейді.

12. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілерден ақпарат алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде үміткерлерге Бағдарламаға қатысу үшін құжаттар ұсыну қажеттігі туралы хабарлайды.

13. Жұмыс берушілер Бағдарламаға қатысуға таңдаған үміткерлер хабарландырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тұрақты тұратын жеріндегі ауданның, қаланың халықты жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

Өтініште Бағдарламаға қатысуға үміткерлер осы Қағидалардың 27-тармағында көзделген тәртіппен бекітілген кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының тізбесінен өздері кәсіптік оқудан өту үшін жұмыс берушінің келісімімен таңдаған білім беру ұйымын көрсетеді.

14. Өтініш беру кезінде мынадай құжаттар ұсынылады және қоса беріледі:

1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) тұрақты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі (мекенжай анықтамасы, ауыл әкімдерінің анықтамасы);

3) еңбек кітапшасының көшірмесі (болған кезде) немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат (табысы аз азаматтар қатарындағы жұмыс істейтін адамдар және жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы қызметкерлер үшін);

4) білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ оқу оқығанын растайтын басқа да құжаттардың (куәлік, сертификат) көшірмелері;

5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес денсаулық жағдайы туралы анықтаманың көшірмесі (Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу туралы шешім қабылданған кейін ұсынылады).

Жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы қызметкерлер бұдан басқа жұмыс берушінің жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтықтығы режиміне ауыстыру, әлеуметтік демалыс беру немесе мәжбүрлі тоқтату туралы актісін ұсынады.

15. Құжаттар топтамасын қабылдаған кезде халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкері түпнұсқа көшірмелерін түпнұсқамен салыстырып тексереді және өтініш берушіге қайтарады.

16. Бағдарламаға қатысуға үміткерлердің немесе оқуды аяқтаған Бағдарламаға қатысушылар қатарындағы адамдардың кәсібі (мамандығы), сондай-ақ біліктілік деңгейі жұмыс берушілердің қажеттілігіне сай келген жағдайда, кәсіптік оқудан өтусіз қабылдау үшін халықты жұмыспен қамту орталықтары оларды бос жұмыс орындары туралы өтінім берген жұмыс берушілерге жібереді.

17. Халықты жұмыспен қамту орталығы өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру нәтижелерінің негізінде Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу (не одан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

18. Шешім қабылдаған кезде білім деңгейі, мамандығының (кәсібінің) және біліктілігінің болуы, ал жалдамалы қызметкерлер үшін жұмыс берушілерден қайта даярлауға және біліктілікті арттыруға өтінімнің болуы ескеріледі.

19. Халықты жұмыспен қамту орталығы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіні қабылданған шешім туралы жазбаша хабардар етеді.

20. Халықты жұмыспен қамту орталығының шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға және (немесе) сотқа шағым жасалуы мүмкін.

21. Халықты жұмыспен қамту орталықтары кәсіптік оқыту үшін жұмыс берушілер іріктеген Бағдарламаға қатысушылармен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқытатын ұйым мен жұмыс беруші тараптары болып қатысатын әлеуметтік келісімшарт жасасады.

Жұмыс беруші мен оқытатын ұйым әлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы осы Қағидаларға 3, 4-қосымшаларға сәйкес жауапты лауазымды адамның қолымен және мөрмен расталған жазбаша өтініш (хабарлама) беру арқылы әлеуметтік келісімшарт жасасуды растайды.

Әлеуметтік келісімшарт оған барлық тараптар қол қойған сәттен бастап не халықты жұмыспен қамту орталықтары мен Бағдарламаға қатысушылар қол қойған және жұмыс берушілер мен оқытатын ұйымдардан әлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы өтінішті (хабарламаны) алған сәттен бастап күшіне енеді.

Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру үшін тұрақты жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілер өтініште (хабарламада) Бағдарламаға қатысушылардың деректерін, оларды оқытуды ұйымдастыру жоспарланып отырған мамандықты (кәсіпті), оқытатын ұйымды, өндірістік практикадан өту орнын және оқу аяқталғаннан кейін жұмыс істеу кезеңін көрсетеді.

Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын оқытатын ұйымдар өтініште (хабарламада) мамандығы (кәсібі), оқытудың ұзақтығы мен құны, өндірістік практикадан өтудің ықтимал орны мен шарттары туралы ақпаратты көрсетеді;

22. Осы Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін жасасқан әлеуметтік келісімшарт күшін сақтайды және өзгеріссіз күйінде қолданылады.

23. Жұмыс берушінің әлеуметтік келісімшартта айқындалған міндеттерді орындауына мониторингті халықты жұмыспен қамту орталығы және оқытатын ұйым жүзеге асырады.

Оқытатын ұйымның әлеуметтік келісімшартта айқындалған міндеттерді орындауына мониторингті халықты жұмыспен қамту орталығы және жұмыс берушілер жүзеге асырады.

Бағдарламаға қатысушының әлеуметтік келісімшартта айқындалған міндеттерді орындауына мониторингті халықты жұмыспен қамту орталығы, оқытатын ұйым және жұмыс беруші жүзеге асырады.

24. Бағдарламаға қатысушылар, жұмыс берушілер, білім беру ұйымдары туралы мәліметтер әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің «Жұмыспен қамту» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырылады.

25. Кәсіптік оқыту бойынша қызметтер мемлекеттік білім беру тапсырысына кіреді және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды


регламенттейтін нормаларын қолданбай сатып алынады.

26. Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқыту ұзақтығы оқу бағдарламасының мазмұнына қарай белгіленеді және:

1) кәсіптік даярлау жүргізу кезінде – он екі айдан;

2) қайта даярлау кезінде – алты айдан;

3) біліктілікті арттыру кезінде – үш айдан аспауға тиіс.

Кәсіптік оқыту кадрларды даярлаудың екіжақты үлгі қағидаттарында жүргізілуге тиіс.

27. Барлық облыстағы, Астана және Алматы қалаларындағы өңірлік комиссиялар білім беру саласындағы атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде, осы Қағидалардың 45, 46-тармақтарына сәйкес белгіленген мамандық (кәсіптер) бөлінісінде оқу құнын көрсете отырып, кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) бекітеді.

28. Оқытатын ұйымдарды кәсіптік оқытуды жүзеге асыру үшін Тізбеге қосу:

1) Бағдарламаға қатысушылардың өндірістік практикасын кадрларды даярлаудың екіжақты үлгісінің қағидаттарына сәйкес міндетті ұйымдастырған;

2) өткен жылғы бітірушілердің кемінде 60 %-ын жұмысқа орналастырған кезде жүзеге асырылады. Жұмысқа орналастырылғандардың саны әскери қызметке шақырылғандарды, қайтыс болғандарды, бала күтімі жөніндегі демалыстағы, республикадан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен адамдарды ескермей есептеледі;

3) кәсіптік даярлау бағдарламалары бойынша білім беру қызметіне лицензиясы болған кезде жүзеге асырылады.

29. Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқыту Тізбедегі жұмыс берушілермен келісім бойынша Бағдарламаға қатысушылар таңдаған оқытатын ұйымдарда жүзеге асырылады.

Өңірде (облыста, Алматы, Астана қалаларында) Бағдарламаға қатысушы жұмыс берушімен келісім бойынша таңдаған мамандық (кәсіп) бойынша кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын оқытатын ұйымдар болмаған жағдайда, кәсіптік оқыту басқа өңірлерде орналасқан оқытатын ұйымдарда жүзеге асырылуы мүмкін.

Мұндай жағдайда кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын ұйым өңірлік комиссия шешімінің негізінде Тізбеге қосымша енгізіледі және осы Қағидалардың 28-тармағында көзделген оқытатын ұйымдарды таңдау өлшемшарттарына сәйкес келуге тиіс.

30. Бағдарламаға қатысушыларды аралық және қорытынды аттестаттауды білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган, халықты жұмыспен қамту орталығы және жұмыс берушілер өкілдерінің қатысуымен оқытатын ұйым жүзеге асырады.

Бағдарламаға қатысушыларды қорытынды аттестаттау кәсіби даярлау деңгейін бағалауды (бұдан әрі – КДДБ) қамтиды.

Игеретін кәсібіне қарай КДДБ арнайы пәндер бойынша біліктілік емтихандарын тапсыруды (жазбаша тестілер) және біліктілік (сынақ) жұмысты орындауды (практикалық тест) көздейді.

КДДБ өткізу үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен тәуелсіз біліктілік комиссиясы құрылады.

КДДБ бағалауы бойынша біліктілік емтиханынан өткен адамдарға белгіленген үлгідегі біліктілік беру туралы куәлік (сертификат) беріледі.

31. Оқытатын ұйымдар халықты жұмыспен қамту орталығымен келісім бойынша Бағдарламаға қатысушыларды:

1) сабақты дәлелсіз себептермен қатарынан үш оқу күні босатқан;

2) үлгерімі нашар немесе аралық аттестаттау қанағаттанғысыз болған;

3) оқытатын ұйымның ішкі тәртібін бұзған жағдайларда оқудан шығаруға құқылы.

32. Қайта даярлау немесе біліктілігін арттырудан өту уақытына Бағдарламаға қатысушыға қажеттігіне қарай әлеуметтік демалыс беріледі.

33. Өндірістен қол үзіп қайта даярлау немесе біліктілігін арттырудан өту кезінде жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы қызметкерлер қатарындағы Бағдарламаға қатысушыға ай сайын материалдық көмек төленеді.

34. Бағдарламаға қатысушыны оқудан шығарған кезде:

1) оқытатын ұйымдарға кәсіптік даярлау бойынша нақты ұсынылған қызметтердің көлемі төленеді;

2) Бағдарламаға қатысушы тұрақты жұмысқа орналасқан, әскери қызметке шақырылған, қайтыс болған, жүкті болған, оқу бағдарламаларын толық көлемде игеруге мүмкіндік бермейтін аурулар салдарынан сабақтарды босатқан, сондай-ақ жиырма тоғыз жасқа толмаған балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалар қатарындағы Бағдарламаға қатысушылар кез келген себептер бойынша кәсіптік оқуын мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайларды қоспағанда, төленген материалдық көмек сомасын қоса оқуға арналған шығыстарды (бұдан әрі – оқуға арналған шығыстар) бюджетке өтейді.

35. Бағдарламаға қатысушы тұрақты жұмысқа орналасу, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мерзімді әскери қызметіне шақырылу, қайтыс болу, сондай-ақ жиырма тоғыз жасқа толмаған балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы Бағдарламаға қатысушылар кез келген себептер бойынша кәсіптік оқуын мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда Бағдарламаға қатысушымен жасалған әлеуметтік келісімшарт көрсетілген білім беру қызметінің құнын, сондай-ақ оқуға төленген материалдық көмек сомасын бюджетке қайтару бойынша талаптар қоюсыз бұзылады.
4. Оқитындарға субсидиялар беру (оқу орнына дейін және кері жол жүруге, жатақханада тұруға немесе тұрғын үй жалдауға (жалға алуға)

байланысты шығындарды өтеу)
36. Бағдарламаға қатысушыларға:

1) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын студенттер үшін заңнамада белгіленген стипендия мөлшерінде тамақтануға;

2) оқудың барлық кезеңіне оқу орнына дейін және кері бағытта жол жүруге:

облыс шегінде, бірақ Бағдарламаға қатысушылардың тұрақты тұратын елді мекендерінен тыс жерде орналасқан оқытатын ұйымдарда оқыған кезде кәсіптік даярлаудан өту үшін 4 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде, қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өту үшін 2 АЕК мөлшерінде;

Бағдарламаға қатысушылардың тұрақты облыстан тыс елді мекендерде орналасқан оқытатын ұйымдарда оқыған кезде 1000 км дейін ара қашықтыққа 8 АЕК мөлшерінде, 1000 км артық ара қашықтыққа 12 АЕК мөлшерінде;

3) Астана және Алматы қалаларын, Атырау және Маңғыстау облыстарын қоспағанда, барлық облыстарда тұруына ай сайын 10 АЕК мөлшерінде, Астана, Алматы қалаларында, Атырау және Маңғыстау облыстарында тұруына 15 АЕК мөлшерінде материалдық көмек түрінде субсидия беріледі.

Материалдық көмек шығыстарды растайтын құжаттарды ұсынусыз төленеді.
5. Лайықты бос жұмыс орындарын іздеуді және жұмысқа (оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына) орналастыруға жәрдемдесу, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын жеке тұлғалардың жалақысын ішінара субсидиялау
37. Жұмыс беруші оқуды аяқтаған Бағдарламаға қатысушымен еңбек шартын жасасады.

38. Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға енгізу сәтінде кәсіптік білімі болған не кәсіптік оқуды аяқтаған Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру үшін:

1) дерекқорда бар бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі;

жұмыс берушілермен жасасқан шарттар негізінде:

2) мемлекеттің жалақыны жұмыс берушілер құрған әлеуметтік жұмыс орындарына еңбек шартына сәйкес белгіленген бір жыл мерзімге дейін ішінара субсидиялау шартымен жібереді;

3) мемлекеттің жалақыны алты ай бойы толық субсидиялау шартымен жастар практикасынан өту үшін жұмыс берушілер құрған жұмыс орындарына жібереді.

39. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған Бағдарламаға қатысушылардың жалақысын бір айда субсидиялаудың мөлшері салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдар мен пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны ескергенде:

1) алғашқы 6 айда жалақының 50 %-на дейін, бірақ 26 мың теңгеден аспайды;

2) кейінгі 3 айда жалақының 30 %-на дейін, бірақ 15,6 мың теңгеден аспайды;

3) соңғы 3 айда жалақының 15 %-на дейін, бірақ 7,8 мың теңгеден аспайды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан Бағдарламаға қатысушылардың жалақысын мемлекеттің ішінара субсидиялауы 12 айдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

2014 жылғы 1 қаңтардан бастап ішінара субсидиялау жұмыс берушінің қаражаты есебінен жалақысын толық төлей отырып, Бағдарламаға қатысушымен осы тармақта көзделген субсидиялау мерзімінің 6 айынан асатын мерзімге еңбек шартын жасасқан кезде жүзеге асырылады.

40. Жұмыстан босатылған сәттен бастап бір жыл ішінде еңбек қатынастарында тұрған адамның жұмыс берушінің әлеуметтік жұмыс орнына орналасуына жол берілмейді.

41. Жастар практикасын өту үшін жұмысқа орналастырылған Бағдарламаға қатысушылардың жалақысын субсидиялау 6 айдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

Жастар практикасына жіберілген Бағдарламаға қатысушылардың еңбекақысын субсидиялау мөлшері айына 17,2 АЕК (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны және банк қызметтерін ескере отырып) құрайды. Азаматтардың жастар практикасына қатысу және оларға мемлекеттік қолдау көрсету шарттары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында көзделеді.

2014 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақыны ішінара субсидиялау жұмыс берушінің қаражаты есебінен жалақысын толық төлей отырып, Бағдарламаға қатысушымен осы тармақта көзделген субсидиялау мерзімінің 6 айынан асатын мерзімге еңбек шартын жасасқан кезде жүзеге асырылады.


6. Оқытуға және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге бағытталған шараларды қаржыландыру
42. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ТКҰ) кәсіптік оқу құнын жергілікті атқарушы органдар оқу жоспарлары мен бағдарламаларының талаптарына сәйкес мамандық пен біліктілік деңгейіне тәуелді білім беру процесіне арналған шығыстардың негізінде жыл сайын айқындайды.

43. Оқу орталықтарында, оның ішінде өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдардың жанындағы оқу орталықтарында (бұдан әрі – оқу орталықтары) кәсіптік оқытудың құнын халықты жұмыспен қамту орталығымен және білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органмен келісім бойынша оқу орталығы айқындайды.

Оқу орталықтары кәсіптік оқыту қызметтері құнының есептеулерін жасайды және халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді. Халықты жұмыспен қамту орталықтары оқу орталықтары ұсынған кәсіптік оқыту қызметтері құнының есептеулерін білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға жібереді.

Кәсіптік оқыту қызметтерінің құнын қарау кезінде білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар мынадай негізгі өлшемдерді:

1) оқу жоспарлары мен бағдарламаларының талаптарына сәйкес мамандығы мен біліктілік деңгейіне қарай білім беру процестеріне арналған шығыстарды;

2) бір Бағдарламаға қатысушының оқытуға арналған шығыстардың орташа құнын басшылыққа алады.

Оқу құнының есептеулері негізді деп танылған жағдайда, білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес өңірлік комиссияларға оқу орталықтарын Тізбеге енгізу туралы тиісті қорытындыларды жібереді.

Оқу құнының есептеулері негізсіз деп танылған жағдайда, білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар оқу құны есептеулерінің негізделмегендігі туралы қорытындыны халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдардың оқу құны есептеулерінің негізделмегендігі туралы қорытындыны оқу орталықтарына жібереді.

Оқу құнының есептеулерін білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның қорытындысында баяндалған талаптарға сәйкес келтірген жағдайда кейінгілері өңірлік комиссияларға қорытындыда баяндалған талаптарға сәйкес келтірілген оқу құнының есептеулерін қоса отырып, оқу орталығын Тізбеге қосу туралы ұсыныс енгізеді.

44. Оқудың ақысын төлеу, жол жүрудің және тұрудың шығыстарын өтеу, жалақыны субсидиялау мақсатында Бағдарламаға қатысушыларға ұсынылатын мемлекеттік қолдауды қаржылай қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы трансферттер бөлінеді.

45. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Бағдарлама операторына білім беру ұйымды (ТКҰ, оқу орталықтары), мамандықтар түрлері мен оқу орындары (КТҰ, оқу орындары), оқыту құны мен мерзімдері бойынша оқытылатын контингентті көрсете отырып, бюджеттік өтінім жібереді.

46. Қаржылық тәртіпті қамтамасыз ету және бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізу үшін нәтижелер туралы:

1) білім беру саласындағы орталық уәкілетті орган мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арасында 2009 және 2010 жылдары Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясы (Жол картасы), сондай-ақ Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде бұдан бұрын кәсіптік даярлауға қабылданған адамдарды оқыту бойынша;

2) Бағдарлама операторы мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арасында Бағдарлама шеңберінде кәсіптік оқыту және жалақыны субсидиялау бойынша ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдер жасалады.

47. Білім беру саласындағы орталық уәкілетті орган, Бағдарлама операторы бюджет заңнамасына сәйкес тиісті республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды жүргізеді.

48. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және кадрлардың біліктілігін арттыруға, оның ішінде бұдан бұрын кәсіптік оқуға қабылданған адамдардың оқуын аяқтауға бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану оқытатын ұйымдарымен жасасқан шарттар негізінде, ал жалақыны субсидиялау жұмыс берушілермен жасасқан шарттар негізінде жүзеге асырылады.

49. Бағдарламаға қатысушыларды, сондай-ақ бұрын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша кәсіптік лицейлер мен колледждерге кәсіптік оқуға қабылданған адамдарды кәсіптік даярлауды қаржыландыру техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға сәйкес оқуды толық аяқтау мерзіміне дейін жыл сайын жүзеге асырылады.

50. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, білім беру саласындағы уәкілетті орган және Бағдарлама операторы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен трансферттерді пайдалану кезінде нәтижелерге қол жеткізуге жауапты болады.

51. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жылына екі рет Бағдарлама операторына, білім беру саласындағы уәкілетті органға келісімдерде көзделген нысан бойынша есептер ұсынады.


Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің

белсенді шараларына қатысатын

адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа

орналасуына жәрдемдесуді және оларға

мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді

ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына

1-қосымша
_______________________ ауданының

(қаласының) Халықты жұмыспен

қамту орталығының директорына

________________________________

______ мекенжайы бойынша тұратын

_______________________________


Өтініш
Мені «Оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бағыты бойынша Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасына қатысушылар қатарына енгізуді сұраймын.

Қосымша ___ парақта:

жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

тұрақты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы, ауылдық әкімнің анықтамасы) көшірмесі;

еңбек кітапшасының (болған кезде) немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжаттың (табысы аз және жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы қызметкерлердің қатарындағы жұмыс істейтін адамдар үшін) көшірмесі;

білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ оқу оқығанын растайтын басқа да құжаттардың (куәлік, сертификат) көшірмелері;

денсаулық жағдайы туралы анықтаманың (денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу туралы шешім қабылданғаннан кейін) көшірмесі;

жұмыс берушінің толық емес жұмыс уақыты немесе ұзақтығы қысқартылған жұмыс уақыты режиміне ауыстыруы немесе әлеуметтік демалыс беру туралы немесе жұмысты мәжбүрлі тоқтату туралы актісі (жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы қызметкерлер үшін).


Күні қолы

___________________________________________________________ азаматтың өтініші 20__ ж. «___»____________ қабылданды, № ________ болып тіркелді.

Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы және қолы:_____________________________________________________________

_________________________________________________________________


* ұсынылған құжаттың дұрыстығына өтініш беруші жауапты болады.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің

белсенді шараларына қатысатын

адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа

орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына

2-қосымша


Әлеуметтік келісімшарт
_____________________ 20__ жылғы «__»_______

(жасалатын орны)


Бұдан әрі «Халықты жұмыспен қамту орталығы» деп аталатын _________

________________________________________________________________________________

(уәкілетті өкілдің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

атынан _____________________________________ бір тараптан және бұдан әрі «Бағдарламаға қатысушы» деп аталатын _________________________________

(Халықты жұмыспен қамту орталығының атауы)

____________________________________________________________________

(бағдарламаға қатысушының тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжаттың сериясы, нөмірі, кім және қашан берді)

екінші тараптан төмендегілер туралы осы әлеуметтік шартты (бұдан әрі – келісімшарт) жасасты:


1. Келісімшарттың мәні
1. Халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушыны кәсіптік оқуға жіберуге, ал Бағдарламаға қатысушы Қазақстан Республикасының заңнамасында, келісімшартта, кәсіптік оқытуға арналған шартта және оқытатын ұйымның ішкі тәртібінде айқындалған тәртіпте және жағдайларда оған белгіленген кәсіптік оқу түрін өтуге міндеттенеді. келісімшарт шеңберінде Бағдарламаға қатысушыға мынадай мемлекеттік қолдау түрлері ұсынылады:

_______________________________________________________________

(Бағдарламаға қатысушыға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларын көрсету)

2. Халықты жұмыспен қамту орталығы, Бағдарламаға қатысушы, ал Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) көзделген жағдайларда жұмыс беруші және/немесе оқытатын ұйым келісімшарттың тараптары (бұдан әрі – тараптар) болады.

3. Жұмыс беруші мен оқытатын ұйым Халықты жұмыспен қамту орталығына жауапты лауазымды тұлғаның қолымен және мөрмен расталған, келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын келісімшартқа қосылу туралы жазбаша өтінішті (хабарламаны) беру арқылы келісімшартты жасасқанын растайды.

4. Келісімшарт Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының 20 __ жылғы «__» _____ № ___ бұйрығының негізінде жасалды.


2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
5. Халықтың жұмыспен орталығы:

1) Бағдарламаға қатысушыны _____________________________________

(Бағдарламаға қатысушы алатын немесе біліктілігін арттыратын _____________ алу (арттыру) үшін оқытатын ұйымға ______________мерзімге

мамандықты (кәсіпті) көрсету) (оқу кезеңі)

даярлауға, кәсіптік даярлауға немесе біліктілігін арттыруға (керегінің астын сызу) жіберуге;

2) Қағидаларда айқындалған тәртіпте, жағдайларда және шарттарда Бағдарламаға қатысушыға оқуға материалдық көмек көрсетуге, әлеуметтік жұмыс орындарына немесе жастар практикасына жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге;

3) тараптардың сұрауы бойынша тараптардың міндеттемелерді орындауына мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды уақытында және толық көлемде ұсынуға;

4) оқытатын ұйымға Бағдарламаға қатысушыны кәсіптік оқыту бойынша қызметтерді уақытында және толық көлемде төлеуге;

5) тараптарға кәсіптік оқу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультация беруге;

6) кәсіптік оқу барысында Бағдарламаға қатысушы игерген білім мен дағдыларды аралық және қорытынды бағалауға қатысуға міндетті.

6. Жұмыспен қамту орталығының:

1) тараптардың міндеттемелерді орындауына мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды тараптардан сұратуға және алуға;

2) тараптардан келісімшарттың, кәсіптік оқытуға арналған шарттың уақытында және тиісінше орындалуын талап етуге;

3) Қағидалардың 40-тармағында көзделген жағдайларда оқытатын ұйым кәсіптік оқыту бойынша нақты көрсеткен қызметтің көлеміне пропорционалды ақы төлеу бойынша қайта есептеу жүргізуге, сондай-ақ Бағдарламаға қатысушыдан осы қызметтер көлемінің құнын және кәсіптік оқуға материалдық көмектің төленген сомаларын бюджетке қайтаруын талап етуге;

4) Келісімшарт шеңберінде өзге де мәселелерді шешуге құқығы бар.

7. Бағдарламаға қатысушы:

1) кәсіптік оқудан өтуге;

2) оқытатын ұйымның ішкі тәртібінің талаптарын сақтауға;

3) дәлелсіз себептермен сабақтан қалмауға;

4) тараптардың сұрауы бойынша тараптардың міндеттемелерді орындауына мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды уақытында және толық көлемде ұсынуға;

5) Қағидалардың 40-тармағында көзделген жағдайларда кәсіптік оқуға арналған шығыстарды, сондай-ақ оқуға арналған материалдық көмектің төленген сомаларын бюджетке өтеуге;

6) үш жұмыс күнінен кешіктірмей тараптарды Бағдарламаға қатысушының кәсіптік оқуына кедергі келтіретін мән-жайлардың туындауы туралы хабарландыруға;

7) Бағдарламаға қатысушыға оған көрсетілетін мемлекеттік қолдау шеңберінде жүктелетін міндеттемелерді адал орындауға міндетті.

8. Бағдарламаға қатысушының:

1) кәсіптік оқу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультация алуға;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайлар мен тәртіпте оқуға арналған материалдық көмек алуға;

3) тараптардан келісімшарттың және кәсіптік оқытуға арналған шарттың уақытында және тиісінше орындалуын талап етуге құқығы бар.


жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау