Нұсқау: «Сізге берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».
1. Шоқпарбас плаунның көбею жолы:
A) өсімді, жынысты
B) бүршіктену
C) өсімді, жыныссыз, жынысты
D) жыныссыз, жынысты
E) партеногенез
|
2. Тікенге айналған жапырақтар
A) пияз, орамжапырақ
B) сарыағаш, кактус
C) сексеуіл, арамсояу
D) асбұршақ, үрмебұршақ
E) шыбынжұт, шықшылдық
|
3. Бактериялардың көбеюіне қолайлы температура
A) +10-+40°С
B) -1+5°С
C) 30-+70°С
D) +20-+50°С
E) 0°С
|
4. Ішексорғы жұмыртқалары жарылып, дернәсілдер пайда болады:
A) бауырда
B) ішекте
C) теріде
D) өкпеде
E) бүйректе
|
5. Құстардың жүрегі...
A) Төрт қуысты
B) Екі қуысты
C) Бес қуысты
D) Үш қуысты
E) Бір қуысты
|
6. Сорғыш құрт
A) ақ сұлама
B) үшкірқұрт
C) ішексорғы
D) шұбалшаң
E) бауырсорғыш
|
7. Қан плазмасының нәруызы
A) Фибриноген
B) Меланин
C) Оссеин
D) Инсулин
E) Коллаген
|
8. Тынысалу жүйесінің мүшесі
A) Асқазан
B) Бауыр
C) Өкпе
D) Несеп
E) Қуық
|
9. Продуценттер
A) Ыдыратушылар
B) Автотрофтар
C) Гетеротрофтар
D) Сапрофиттер
E) Тұтынушылар
|
10. Редуценттер
A) Жыртқыштар
B) Цианобактериялар
C) Сапрофиттер
D) Өсімдіктер
E) Балдырлар
|
11. Жапырағы тікенге айналған өсімдік
A) бозкілем
B) сарысалма
C) сарыағаш
D) шыбынжұт
E) үрмебұршақ
|
12. Мысық сорғышынан туындайтын ауру
A) бөртпе сүзек
B) описторхоз
C) шистозомоз
D) энцефалит
E) пироплазмоз
|
13. Адамды тері ауруына ұшырататын талшықтылар тобының бір өкілі
A) лямблия
B) бодо
C) дизентерия амебасы
D) трипанасома
E) лейшмания
|
14. Ұйқы безі орналасады
A) кеуде қуысында
B) кеңірдектің жоғарғы ұшында
C) асқазанның астында
D) қалқанша бездің артында
E) мойынның алдыңғы жағында
|
15. Базедов ауруының белгісі
A) түнде зәр тоқтамайды
B) көзі көрмей қалады
C) жыныстық жетілуі тоқталады
D) терінің астына су жиналады
E) жүрек соғуы жиілейді
|
16. Мутациялық өзгергіштік
A) Фенотиптік өзгергіштік
B) Тұқым қуаламайтын өзгергіштік
C) Тұқым қуалайтын өзгергіштік
D) Гендердің құрылымында өзгеріс болмайды
E) Ұрпақтан-ұрпаққа тұқым қуаламайды
|
17. Гликолиздің оттекті ыдырау кезеңі
A) фотосинтез
B) анаэробты
C) хемосинтез
D) гликолиз
E) аэробты
|
18. Өкпенің құрылысы
A) Пішіні таға тәрізді
B) Жартылай сақинадан тұрады
C) Шымыр, кеуекті мүше
D) Іші қуыс түтік
E) Дыбыс сіңірлері орналасады
|
19. Үсіген кезде көрсетілген алғашқы жәрдем
A) Басын жоғары жатқызып, жүрек тұсына салқын орамал қояды
B) Қармен ысқылау керек
C) Жылы затпен орап, жылытатын сусын ішкізу керек
D) Таза шұберекпен жауып, үстінен бұрау жіппен қатты қысып тастау
E) Суық сумен шайып, марганцовканың әлсіз ертіндісімен сүртеді
|
20. Тұқым бөртіп өнгенде өсімдіктер дамып, өсу кезінде ұлпаларда болатын өзгеріс
A) тыныс алу бәсеңдейді
B) тыныс алу тоқтайды
C) тыныс алу жылдамдайды
D) тыныс алу мүлдем жүрмейді
E) баяу тыныс алады
|
Нұсқау: «Сізге бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».
21. Көп жасушалы жасыл балдырлар
A) Хондрус
B) Саргассум
C) Нереоцистис
D) Спирогира
E) Улотрикс
F) Ламинария
G) Плюмария
H) Порфира
|
22. Жасуша қабықшасының қасиеттері:
A) жұмсақ
B) ерігіш
C) өте тығыз
D) жұқа
E) иілгіш
F) қуысты
G) қатты
H) қалың
|
23. Гүл бөлімдері:
A) қауыз
B) сабағы
C) тұқымы
D) тамыры
E) тамырсабағы
F) аталық
G) табаны
H) сағағы
|
24. Ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктердің тән ерекшіліктері
A) Екі қабаттан тұрады
B) Екіжақты симметриялы
C) Сәулелі симметриялы
D) Қанайналым жүйесі - ашық
E) Тынысалу мүшесі- өкпе
F) Ұрпағын тірідей туады
G) Денесі хитинмен қапталған
H) Денесінде бір ғана қуыс
|
25. Буылтық құрттар типіне жататын жәндіктер
A) Гидра
B) Бауырсорғыш
C) Сегізаяқ
D) Ішексорғы
E) Обелия
F) Нереида
G) Шұбалшаң
H) Сиыр цепені
|
26. Орман құстары
A) Торғай
B) Пингвин
C) Түйеқұс
D) Дуадақ
E) Бірқазан
F) Қаз
G) Тоқылдақ
H) Қырғауыл
|
27. Сілекейдің құрамында болады
A) Амилаза
B) Тұз қышқылы
C) Липаза
D) Өт
E) Лизоцим
F) Хлорофилл
G) Пепсин
H) Панкреатин
|
28. Ыдырау өнімдерін шығаруға қатысатын мүше
A) Артерия
B) Асқазан
C) Бауыр
D) Көз
E) Бүйрек
F) Өңеш
G) Мұрын қуысы
H) Жүрек
|
29. Планктон
A) Теңіз орамжапырағы
B) Камбала
C) Өзен шаяны
D) Теңіз жұлдызы
E) Біржасушалы балдырлар
F) Губкалар
G) Дельфин
H) Кит
|
30. Қарапайым көмірсулар
A) Целлюлоза
B) Гликоген
C) Крахмал
D) Лактоза
E) Сахароза
F) Хитин
G) Фруктоза
H) Глюкоза
|
31. Вирустар тудыратын ауру түрлері:
A) сіреспе
B) қотыр
C) сары ауру
D) анемия
E) тұмау
F) шешек
G) туберкулез
H) топалаң
|
32. Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің ерекшеліктері
A) Денесі сірқабықпен қапталған
B) Көлденең жолақты бұлшықеттері жоқ
C) Денесінде целом болады
D) Тұлғада қатпарлы қабаты болады
E) Тұйық қанайналым жүйесінің пайда болуы
F) Айрықша қозғалыс мүшелерінің болуы
G) Тынысалу мен қантарату жүйесі болмайды
H) Денесі хитинмен қапталған
|
33. Жорғалаушылардың қосмекенділерден айырмашылығы
A) Өкпесімен де, терісімен де тыныс алады
B) Түрленіп дамиды
C) Терісі жұқа және безді
D) Алғаш рет кеуде қусы пайда болған
E) Өкпесі арқылы ғана тыныс алады
F) Қарыншасының арасында жартылай пердесі бар
G) Ашық қанайналым жүйесі
H) Сырттай ұрықтанады
|
34. Есту сүйекшелері:
A) вестибула
B) балғашық
C) иірім
D) балта
E) иірім өзегі
F) төс
G) шытырман
H) дабыл жарғағы
|
35. Торлы қабықшаның құрылыс ерекшелігі
A) Көз қарашығы орналасқан
B) Көздің сыртқы қабықшасы
C) Пигментке бай
D) Жарықты сезетін жасушалар орналасқан
E) Қантамырларына бай
F) Қалың, тығыз, дәнекер ұлпасынан тұрады
G) Қасаң қабықша орналасады
H) Көздің ортаңғы қабықшасы
|
36. Мезозой заманның кезеңдері
A) Триас
B) Бор
C) Кембрий
D) Антропоген
E) Неоген
F) Палеоген
G) Юра
H) Ордовик
|
37. Түрішілік күрес
A) Бір түр дарақтарының арасындағы күрес
B) Маусымдық өзгерістерге бейімделу
C) Табиғи апатта тірі қалу
D) Температураның шұғыл алмасуына бейімделу
E) Жыныстас әріптесі үшін күрес
F) Жыртқыш-олжа
G) Түр дарақтарының арасындағы күрес
H) Жыныстық сұрыпталу
|
38. Кіші қанайналым шеңбері
A) Барлық мүшелеріне қоректік заттарды жеткізеді
B) Жүректің сол жақ қарыншасынан басталады
C) Жүректің сол жақ жүрекшесіне құйылады
D) Веналарында веналық қан ағады
E) Жүректің оң жақ жүрекшесіне құяды
F) Жүректің оң жақ қарыншасынан басталады
G) Артерияларында артерия қан ағады
H) Тек өкпеге барады
|
39. Сангвиниктер
A) Өзіне-өзі сенбейді, ұялшақ
B) Салмақты, сенгіш, сезімтал
C) Ұстамсыз топ
D) Бос сөзді ұнатпайды
E) Ұстамдылығы басым
F) Ашуы тез тарқайды
G) Сылбыр, шыдамды, тұйық
H) Ызақор, кекшіл, өте ширақ
|
40. Хромосомалық мутациялардың түрлері
A) Делеция
B) Гендік
C) Инверсия
D) Полиплоидия
E) Геномдық
F) Анеуплоидия
G) Дефишенсия
H) Цитоплазмалық
|