2. Семинар сабағын ұйымдастыру Білімді қорыту және жүйелеу сабағы- семинар сабақ



жүктеу 13,6 Kb.
Дата22.12.2023
өлшемі13,6 Kb.
#44839
түріСеминар
14-16 иоа


Билет №13
1. Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың әдістемелік жолдары
Бейінді оқыту дегеніміз – оқушылардың қызығушылық бағытының, қабілетінің дамуына жағдай жасайтын және олардың келешекте игеруі тиісті кәсібіне бейімделуді қамтамасыз ететін оқыту. Бейіндік оқытудың мектепішілік ұйымдастыру түрінде жалпы білім беретін оқу орны оқушылардың білім алу қажеттілігіне, кадрлық және оқу-әдістемелік күш-қуатына байланысты бейіндік оқытудың ұйымдастырылатын бағыттарын өздері анықтайды, ал бейіндік оқытудың желілік ұйымдастыру түрі басқа білім беру ұйымдарының білім беру қорларына оқу орындарының қатыстырылу есебінен іске асырылады. Бейіндік сынып мұғалімдері нәтижеге бағытталған оқу процестерін және білім сапасын тиімді басқарулары керек. Мұғалім жоғары кәсіби құзыретті деңгейде болуы, ал оның білім беру процессіндегі іс-әрекеттері оқушылардың қызығушылықтар мен бейінділіктерін толық ескеруі керек. Сонымен қоса, мұғалімнің рөлі оқушылардың оқу бағдары мен болашақ кәсіп таңдауында өте маңызды. Кез келген мұғалімнің ең басты міндеті өзінің кәсіби шеберлігін шыңдауға баса көңіл бөлу болып табылады.
2. Семинар сабағын ұйымдастыру
Білімді қорыту және жүйелеу сабағы- семинар сабақ. Семинар – меңгеріліп жатқан мəселелер, баяндамалар мен рефераттарды ұжымдық талқылау формасында өтетін оқу дəрісі. Семинарлардың басқа сабақтардан өзгешелігі - оқушылардың оқу-танымдық іс-əрекеттері көбіне олардың өзіндік жұмыстары негізінде ұйымдастырылады. Семинар желісінде тұңғыш дерек көздерінен, құжаттардан, қосымша əдебиеттерден, оқудан тыс ізденістер барысында алынған оқушылардың білімдері тереңдетіледі, жүйеге келтіріледі жəне бақыланады; дүниетанымдық бағыт-ұстанымдары, бағалау-сұрыптау ой-пікірлері жүйелі бекімге келтіріледі. 
3. Информатика кабинетінде қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру
Техника қауіпсіздік ережелерімен таныспаған оқушыға, информатика сабағына қатысуға рұқсат берілмейді. Ережелердің бұзылуы – электр тогының соғуына, өртке және түрлі жарақаттарға әкелуі мүмкін. Тәртіптің қатаң сақталуын мұғалім қадағалауы тиіс.
Кабинетке кірер алдында:
1)Кабинетке сырт киіммен, бас киіммен және тамақпен кіруге тыйым салынады;
2)Сабаққа кірмес бұрын жеке мобильді құрылғылар (смартфон, плеер) өшірілуі керек;
3)Мұғалім белгілеген компьютерлік орынды ауыстыруға болмайды;
4)Құрылғыны тексеріп алып, зақымданған жері болса мұғалімге хабарлау қажет;
5)Тәртіпті, қауіпсіздік ережелерін және тазалықты сақтаңыз;
6)Компьютердің алдына отырған соң, экран мен көздің арасындағы қашықтықты (70 – 80 см) сақтап, денеңізді түзу ұстаңыз.

Билет №14


1. Оқыту нәтижелерін тексеру және оны бағалауды ұйымдастыру
Оқыту процесінің міндетті компоненті, соңғы кезеңі бағалау, бақылау болып табылады (білім алу нәтижелерін тексеру). Білімді бақылау және бағалау педагогтіқ үрдістің маңызды құрамы болып табылады. Осыған байланысты, мұғалім өткізетін іс-шараларды мәнсіз түрде емес, жүйелі түрде өткізіп, әр кезде нәтижелерін талдай отырып және білім сапасына, іскерліктері мен дағдыларына уақытылы түрде түзетулер жасау үшін тиісті шараларды қолдануы керек. Тексеру – білім алу, даму және оқу мақсаттарына жету деңгейін меңгеруде жетістіктер мен қиыншылықтарды анықтау үрдісі. Бақылау – жоспарланған нәтижені үлгі талаптармен және стандарттармен салыстыру операциясы. Есепке алу – тексеру және бақылау көрсеткіштерін бір жүйеге келтіру, сол арқылы оқушылардың білім алу және даму процесінің қарқынын көруге болады. Бағалау – сапалық және сандық талдаудан тұратын білім алу нәтижелері мен барысы туралы пайымдау, мақсаты оқушылардың білім сапасын арттыруды ынталандыру болып табылады. Баға қою – оқу қызметінің, жетістіктер деңгейінің нәтижелерін ресми бекітілген шкала бойынша баллмен немесе дәрежемен анықтау. Оқушылардың білімін, ептіліктері мен дағдыларын диагностикалау оқу үрдісінің маңызды құрылымдық компоненті болып табылады.

2. Информатика сабағының құрылымы, оған қойылатын талаптар



3. Сабақты жалпы талдау нұсқалары
жүктеу 13,6 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау