2-китап indd



жүктеу 4,98 Mb.
Pdf просмотр
бет160/176
Дата20.05.2018
өлшемі4,98 Mb.
#14827
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   176

458

Әңгіме осылар жайында болмақшы.

Бірақ  бұл  мәселеге  көшпестен  бұрын  біз  республикамыздағы 

жалпы  тілдік  қарым-қатынастар  жайында,  тіл  тағдырына,  оның 

болашағына, қадір-қасиетіне, қызметіне қоғамдық мән берілуіне, coл 

тілдерде  сөйлеуші  ұлттарды,  оны  тұтынушы  қауымның,  зерттеуші 

мамандардың  көзқарасына  қысқаша  болса  да  тоқталып  өтпекшіміз. 

Өйткені бұл мәселелердің қостілділікке тікелей қатысы бар.

Бәрімізге  белгілі,  қоғам  өміріндегі  бүгінгі  бетбұрыс,  қайта 

құру,  түбегейлі  өзгерістер  тек  рухани  байлығымызды  бағалаумен 

шектеліп  қана  қоймай,  өміріміздегі  әбден  қалыптасып,  дәстүрге 

айналып  кеткен  стереотиптік,  сыңаржақты  көзқарас-қағидаларды 

да  қайта  қарап,  қажетті  қорытынды  шығаруға  жағдай  жасап  отыр. 

Жариялылық пен демократиялылық арқасында бұрын соңды басқаша 

айтылып,  басқаша  дәріптеліп  келген  құбылыстар  немесе  мүлдем 

айтылмай, аталмай келген небір жағымсыз жағдайлардың бүгін бет-

пердесі ашылып, шынайы шындықтың өзі белең ала бастады.

Жасыратыны  жоқ,  қоғам  өміріндегі  дәл  осындай  жағдайлар  тіл 

өмірінде де, әсіресе, ұлттық тілдердің тағдырында да аз болған жоқ. Бізде 

ұлттық тілдердің бүгінгі халі мен ертеңгі болашағын сөз еткенде, әсіре 

қызыл сөздер, орынсыз мақтау, мадақтаулар өте көп болды. Тіл тағдырына 

қатысты жергілікті ұлт өкілдері өз тілдерінің жағдайын қайткен күнде 

де  жақсы  жағынан  көрсетуге  тырысса,  орталықтағы  зерттеушілер  оны 

заңдастыруға,  тігісін  жатқызып  жымдастыруға,  ұланғайыр  еліміздегі 

тіл  стихиясын  «қой  үстінде  бозторғай  жұмыртқалаған  заманның»  бір 

керемет құбылысы етіп көрсетіп, тіл проблемасын дау-дамайсыз, талас-

тартыссыз  өзінен-өзі  оп-оңай  шешіліп  жат қан  дүние  деп  танытуға 

тырысты. Ал тіл өміріне тән шындық басқашалау болды: үлкенді-кішілі 

ұлт тілдерінің тағдыры барлық жерде бірдей дәл осылай оңай шешіліп 

жатқан жоқ еді. Лениндік ұлт саясатының нұрлы сәулесі жүзден астам 

ұлт  тілдерінің  түкпір-түкпіріне  түгел  түсіп,  тілдерге  берілген  тең 

праволылық, еркін даму правосы қатал сақталып келді деп айтсақ, бүгінгі 

жариялылық  принципіне  нұқсан  келтірген  болар  едік.  Тіл  мәселесінің 

оқтын-оқтын  күн  тәртібіне  қойылып,  елдің  назарын  аударып  отыруы, 

тіпті,  тіл  кінаратының  кейде  дертке  айналып,  асқына  түсуі  де,  сайып 

келгенде жоғарыдағы себептерге байланысты болса керек.

Лингвистикалық әдебиеттерде «130 терезесі тең тілдер» деген теңеуді 

жиі кездестіруге болады. Ондағы айтып отырғаны сан жағынан ұсақты-

ірілі 130  халықтың тілі ғой. Біздің қоғамымыздағы  қостілділіктің негізгі 



459

ерекшеліктерінің бірі, жоғарыда айтқандай, тіл қатынасындағы осыншама 

ұлт тілдерінің тең праволылығы болса керек еді. Бірақ мәселенің нақты 

жағдайы,  турасын  айтқанда,  бұл  принципке  сәйкес  келе  бермейді. 

Жақында Таулы Алтай аймағындағы аз халықтардың бірі – тофалар 79 

болып өз жазуына ие болды. Дегенмен, кейбір тілдердің қолданыс аясы 

тартылып, болашағы сиырқұйымшақтап бара жатқанын жасыруға бола 

ма? Солардың бірі – шор тілінің кондом диалектісі. Ол бүгінде құрып 

кету алдында тұр, кондомдықтар өз тілін мүлдем ұмытып, сан жағынан 

көбірек көршілерінің тіліне ауыса бастады. Мұндай жағдайды қоғамдағы 

экологияның бұзылуы деп қарауға болады. Егер біздің табиғат өңірінен 

мүлдем кеткен, не жойылып кету қаупіне душар болған құрт-құмырсқа, 

бақа-шаянға дейін «Қызыл кітап» беттеріне тіркеп, қамқорлық жасауға 

құдіретіміз келгенде, ғасырлар қойнауынан көненің көзіндей бізге жеткен 

бір  тайпа  елдің  ана  тілін  сақтай  алмасақ,  рухани  дүниесінен  мақұрым 

болуына  жол  берсек,  ол  гуманистік  принциптерге  жат  болар  еді.  Бұл, 

әрине, өз алдына бір мәселе. 

Ал енді, қазақ тілі сияқты, «төрт құбыласы тең», «қағанағы қарқ, 

сағанағы  сарқ»  болып  отырған  тілдерге  келсек,  олар  сырт  қарағанда 

дәл солай болып көрінуі де мүмкін. Оны бәріміз де күні кешеге дейін 

солай  деп  сипаттап  та  келдік.  Қазақстанды  «жүз  тілдің  планетасы» 

деп  дәріптедік,  оны  «тіларалық  қатынастардың  экспериментальдық 

лабораториясы»  деп  жарияладық.  Бірақ  осы  сөздерді  қанша  қайталап 

айтсақ та, coл «эксперименттің» әлеуметтік мәнін терең түсінбедік, сол 

«лабораторияның»  ішінде  болып  жатқан  «реакциялардың»  тоқырау 

кезеңінде  нендей  нәтижеге  әкеліп  соғатынына  мән  бермей  келдік, 

республика  жағдайындағы  тіл  дамуына,  әсіресе  ұлтаралық  қатынас 

құралы болып саналатын орыс тілі мен қазақ т.б. ұлт тідерінің бағыт-

бағдарына  саналы  түрде  ықпал  жасауға  немқұрайды  қарадық,  сөйтіп 

тіл саясатына «жақсысын асырып, жаманын жасыру» принципін арқау 

етіп келдік. Ал, шын мәнісінде республика өміріндегі кейбір келеңсіз 

жағдайлар тіл саласында орын алып келді. Басқасын былай қойғанда, біз 

«қазақ тілі жан-жақты дамып, гүлденуде» деген мадақ тұжырымдарға 

мас  болып,  өзімізді-өзіміз  жұбатып,  тоқмейілсіп  жүргенде  оның 

қоғамдағы  беделін  қалай  түсіріп  алғанымызды,  ана  тіліміздің  қала 

жағдайында,  әсіресе,  қала  жастары  арасында  практикалық  қолдану 

аясын қалайша тарылтып алғанымызды байқамай да қалдық. Мәселен, 

біз  «барлық  мүмкіншіліктер  бола  тұрса  да,  қазақ  әдеби  тілі  өткен  70 

жыл ішінде неге үлкен ғылым тілі деңгейіне көтеріле алмады?» немесе 



460

«неге  қазақ  тілі  жоғары  оқу  орындарында  жергілікті  жастар  үшін 

жаратылыстану  мен  техника  пәндерінен  білім  алу  тілі  бола  алмады?» 

деген  заңды  сұрақтарға  күмілжіп,  нақтылы  жауап  бере  алмаймыз.  Ал 

жоғары білімді, зерделі де зейінді ұлт зиялыларының, әр түрлі дәрежедегі 

жауапты  қызметкерлеріміздің  қарапайым  халық  өкілдерімен,  даладағы 

егінші, таудағы шопанмен кездесе қалғанда өз тілінде емес, орыс тілінде 

сөйлесіп,  тіпті  ғылым-техника  табыстары  мен  халықаралық  жағдай 

туралы  лекция оқу нормаға айналғанын қалай  түсіндіріп,  немен  жуып-

шаюға болады?

«Себепсіз  салдар  болмайды»  дегендей,  осындай  етек  ала  бастаған 

енжар  көзқарастың  нәтижесінде  ана  тіліне  де ген  ынтазарлық,  ілтипат, 

құрмет төмендеп кеткенін бүгін айтпасақ, ертең кеш болатын сияқты. Бұл 

кінараттың бүкіл оқу-тәрбие жүйесіне, атап айтқанда; мектепке дейінгі, 

мектеп жасындағы және жоғары оқу орындарындағы жас жеткіншектердің 

тіл тәрбиесіне салқынын тигізіп отырғанын жасыруға болмайды.

Айта  берсе,  бұдан  басқа  да  келеңсіз  жағдайлар  тіл  саласында 

баршылық.  Оларды  әңгіме  жүйесіне  қарай  қарастырсақ,  біразы  ең 

алдымен республикадағы қостілділіктің практикалық мәселелеріне барып 

саяды. Республикада тұратын аз санды халықтардың (неміс, корей, ұйғыр, 

түрік, дүңген, курд, гагауыз т. б.) өзара тілдік қарым-қатынасын былай 

қойғанда,  тіпті  негізгі  тілдер  санатына  жататын  қазақ  тілі  мен  орыс 

тілінің қоғамдық өмір талабына сай кеңінен дамуына осы уақытқа дейін 

дұрыс  көңіл  бөлінбей  келгендігін  мойындауымыз  керек.  Сондықтан 

болу керек, бұл мәселеге партиялық жаңа көзқарас бұрын қаға берісте 

қалып, ескерілмей келген жақтарымызды тап басып, ашып беріп отыр. 

Республикада ұлтаралық тәрбие берудегі қостілділіктің нақтылы рөлін 

көтеруге  бағытталған  жаңа  қадам  көптеген  ғылыми-педагогикалық 

мекемелердің, соның ішінде, Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл білімі 

институтының  да,  бұл  процеске  толық  дайын  емес  екендігін  бірден 

көрсетті.  Осыған  орай,  айтылған  дұрыс  сыннан  тиісті  қорытындылар 

шығара  бастадық.  Соның  нәтижесінде  қостілділіктің  практикалық 

қажеттігін өтеуге тиісті әр түрлі сөздіктер, оқулықтар мен программалар, 

тілашарлар, методикалық және анықтама құралдар аз уақыттың ішінде 

дүниеге  келіп,  қалың  көпшіліктің  қолына  тиiп  отыр.  Бұл  саладағы 

жұмыстар  бұдан  кейін  де  жалғаса  бермекші.  Осыны  бұрын  неге 

істемедік?

Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитеті  мен  Қазақ  ССР 

Министрлер  Советінің  қазақ  және  орыс  тілдерін  республикада  оқып 



жүктеу 4,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау