2-китап indd


Тілді осылай «тірілтіп» едік



жүктеу 2,63 Mb.
Pdf просмотр
бет53/196
Дата20.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#43915
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   196
68840cb3f30ffba49b4a0b6e74baf6a5

Тілді осылай «тірілтіп» едік...
– 
Тіл үшін күрес кеше, не бүгін басталған жоқ, және ертең біте қояды 
деп те айта алмаймыз. Алдыңғы ұрпақ өкілдері өз ана тілі үшін, өз елінің 
азаттығы үшін жазалы болғаны бәрімізге белгілі десек, әңгімені өзіңіз куә 
болған тіл саясатынан бастасақ дейміз.
– Қазақ тілінің мәселесі бүгін ғана көтеріліп отырған жоқ. Бұл мәселе 
бұдан 50-60 жыл бұрын қозғалған болатын. Ахмет Байтұрсынов, Сәкен 
Сейфуллин тіл үшін түн баласы ұйқы көрмей, болашағы үшін күрескен. 
Біз бүгін біліп отырмыз, Сәкен Сейфуллин тіл мәселесін қаузап 50 мақала 
жазыпты. Сондағы көтеретіні – тілдің шұбарлануы, мемлекетгік дәрежеде 
туған тіліміздің колданыс аясының кеңеймеуі сияқты соқталы мәселелер. 
Қайтсек, тілімізді таза сақтап, мәртебесін көтереміз деп күресіп өтті ғой ол 
бабалар да.
Кезінде Қазақстан көп ұлтты республикалардың қатарында болып 
келді. Көпұлттарды бір елде тоғыстырған зертхана жасап, оны дабылдата 
мақтаумен бізді түрлі саяси сынақтың астына алып келді. Қазақ елі орыс тілін 
жақсы меңгерді. Шынында да грузиндерге қарағанда қазақтар орыс тілін 
озық білді. Грузин де орыс тілінде сөйлейді, бірақ өзіндік акцентпен бұзып 
сөйлейді. Ал қазақ сөйлегенде аузы аузына жұқпай кетті. Олжас Сүлейменов 
бүкіл Ресейге Останкино телекешені арқылы 2 сағат орыс тілінде сөйлеп, өз 
өлеңдерін орысша оқығанда орыстар таң-тамаша қалысты. Сонда олар «бұл 
қазақ деген халық керемет кабілетті екен, бұлармен дос болу керек» десіп, 
«Достық деген ұғымның орталығы – Қазақстан!» деп біздің астымызға 
көпшік қойып, өз пайдасы үшін марапат көрсетті. Сол «көпшік» бізді орыс 
тіліне қарай икемдеді. Ғалымдарымыз да ғылыми еңбегін орыс тілінде 
жазатын болды. Сөйтіп, біз орыс тілінде алдыңғы қатарға шықтық.
– 
Иә, сөз саптауда кез келгеннің қатесін түзейтіндей шамада тілді 
жетік меңгерген қазақтарды көзіміз көрді, әлі де байқап қалып жүрміз. 
Алайда қызыл өкіметтің пәрмені жүріп тұрғанда туған тілдің тағдырын 
ашық айтқандар болған шығар.


116
– Ұлт болып қалу жолында бұл мәселе сол кездің өзінде әр-әр жерде 
қозғала бастады. Әсіресе, 1986 жылғы жастардың көтерілісінен кейін тіл 
мәселесі қатты көтерілді. Желтоқсан көтерілісінен кейін, 18 желтоқсан 
күні Мәскеуден Соломенцев бастаған бір топ комиссия Алматыға ұшып 
келді. Сосын Ұлттық академияның залына барлық академиктерді жиып, 
жиналыс өткізді. Сонда Колбин «Мен өзім өзге тілді үйреніп машықтанған 
адаммын. Грузияда қызмет еттім, сол елдің тілін бір жылда оңай меңгеріп 
алдым. Сондықтан, бір жылдан кейін мен қазақ тілінде де сөйлеп кетемін, 
керек болса қазақ тілін өздеріңе түсіндіретін боламын» деген болатын. 
Одан әрі ол жастардың қарсылығы туралы «Мен кабинетімде отыр едім, 
бір топ қазақтың жастары келіп алаңда айғайлап тұрып алды. Сосын мен 
көмекшімді шақырып сұрасам, ол маған жастардың «тіл мәселесімен» 
келіп тұрғанын айтты. Сосын мен оларды кабинетіме шақырттым. 
Алдыма келген оншақты қыз-жігіттен «басшыларың кім?» деп сұрап 
ем, бір жігіт суырылып шығып «менмін» деді. Аты-жөнін сұрасам 
Тимур екен, одан «неге топталып жүрсіңдер, не проблемаларың бар?» 
деп сұрасам, ол «бізде орыс тілінің басымдығы сонша, біз отбасымызда 
отырып ата-анамызбен орыс тілінде сөйлесетін халге жеттік. Сонда қазақ 
деген халық ұлт па, ұлт емес пе?!» деді. Сосын мен жастарға «Маған 
бір жыл уақыт беріңдер. Бір жылдан кейін ел алдында баяндаманы қазақ 
тілінде жасайтын боламын» дедім. Жастар тарқап кетті» деп өзін ақтауға 
тырысты. Алайда, ол берген уәдесінде тұрмады.
– 
Және қазақ халқын ұзағырақ басқарып отыра да алмады ғой. 
Сонымен «Қазақ тілі» қоғамын құру жолында алғашқы қадам қалай 

жүктеу 2,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   196




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау