2 дәріс Дәріс тақырыбы: Ежелгі физика Дәріс жоспары Ежелгі Физика


Грек ғылымының шығу кезеңін әдетте Кіші Азиядағы қалалардың өркендеу тұсына жатқызады (б.э.д



жүктеу 38,23 Kb.
бет3/7
Дата13.02.2023
өлшемі38,23 Kb.
#41280
1   2   3   4   5   6   7
2 лек каз

Грек ғылымының шығу кезеңін әдетте Кіші Азиядағы қалалардың өркендеу тұсына жатқызады (б.э.д. VII-VI ғ.). Ол кезең саяси және экономикалық өмірдің даму кезінде, халықтың (демос) аристократтарға қарсы күресінің бұрқыраған кезінде, Шығыс елдерінен сауда жолдарында пайда болды. Қоғамдық динамикалық жағдай, қоғамдық өмірдегі жылдам өзгерістер қоршап тұрған дүние туралы көзқарастарға әсер етті. Эфестен шыққан философ Гераклит “Бәрі өтеді, кетеді”, “Бір өзенге екі рет сүңгу мүмкін емес” деп айтты (530-470 ж.).
Милеттен шыққан Фалес, Анаксимандр, Анаксимен барлық заттардың материалдық негізі бар екендігін, олардың сол алғашқы негізден дамитындығы туралы ой қозғады. Мысалы, Фалес ондай негіз су, Анаксимандр анықталмаған бастама “апейрон”, Анаксимен ауа деп, Гераклит алғашқы бастаманы от деп есептеді. Анаксагор айды, күнді және жұлдыздарды қатып қалған тастар деп санады. Ол барлық зат ұсақ бөлшектерден тұрады деп айтқан. Грек ғалымы Эпикур «Заттың табиғаты жайлы» поэманы жазды.
Пифагоршылар Жердің шар тәрізді екендігі туралы көзқарас енгізді. Олар пироцентрлік жүйе деп аталатын жүйе негізді, онда Жер, Күн, Ай және планеталар орталық оттың айналысында қозғалады.
Кейіннен Сомостық Аристарх орталық отты алып тастап, Әлемнің ортасына Күнді қойып, гелиоцентрлік жүйенің алғашқы моделін құрды.
Ғылыми білімнің пайда болуы.
Адамзат өзін қоршаған әлем жайлы білімдерді өмір сүру үшін қатал күресте алды. Қорғаныс пен тамақ табу үшін кездейсоқ сойыл мен тастарды пайдаланып, құралдар жасауға көшті. Адам баласының ұлы жетістіктерінің бірі отты алу және пайдалану болды. Адам табиғат туралы діни ұғымдармен қатар аспан жарқыраулары жайлы, өсімдіктер мен жануарлар жайлы, қозғалыстар мен күштер жайлы және метеорологиялық құбылыстар жайлы нақты білімдерін байытты. Жинақталған білімдер мен практикалық дағдылар ұрпақтан ұрпаққа беріліп, болашақ ғылымның алғашқы фонын құрады.
Егіншіліктің пайда болуы қоғамда шешуші рөл ойнады. Бір жерден жылдан – жылға тұрақты егін алу үшін жағдай жасалған жерде қоныс – мекендер, қалалар, одан кейін мемлекеттер құрыла бастады. Мұндай жағдайлар Солтүстік Африкада Ніл аңғарында пайда болды, мұнда жыл сайынғы су тасқындары егін даласында құнарлы лай қалдырып отырды. Осылай Тигр және Ефрат өзендерінің арасында б.э.д. IV мыңжылдықта заманауи ғылымның бесігіне айналған ежелгі құлиеленуші мемелекеттер құрыла бастады.
Қоғамдық қажеттіліктер жазу әліппесінің (Египеттегі иероглиф, Вавилондағы сына жазулар), астрономиялық және математикалық білімдердің пайда болуына алып келді. Осы күнге дейін сақталған Египеттегі ұлы пирамидалар б.э.д. III мыңжылдықта мемелекет көп адамдарды ұйымдастырып, материалдар есебін, жұмсалған жұмыс күші мен еңбекті жүргізгендіктерінің дәлелі бола алады. Бұл мақсаттар үшін арнайы адамдар мен ақыл – ой еңбегінің жұмысшылары қажет болды.
Ніл өзенінің тасу уақытын анықтау үшін мұқият астрономиялық бақылаулар қажет болған. Египеттіктер 30 күннен тұратын 12 айлық күнтізбе жасап шығарды, күнтізбеде қосымша 1 жылға тағы 5 күн қосылды. Айлар үш он күндікке, тәулік 24 сағатқа бөлінді.
Вавилондық математика және астрономия жоғары дәрежеге жетті. Вавилондықтар Пифагор теоремасын білді, квадрат және квадрат түбірлерді, куб және кубтық түбірлерді есептеп шығарды, теңдеулер жүйесі мен квадрат теңдеулерді шығара алды. Тарихшылардың ойынша вавилондық математика египеттік математикаға қарағанда жоғары дәрежеде болған. Бірақ геометрия аумағында вавилондықтарға қарағанда египеттіктер өте жоғары дәрежеде болған.
Астрономия жаратылыстану ғылымдарының ішіндегі алғашқы ғылым саласы болды. Астрономияның дамуы үшін математика қажет болған, ал құрылыс практикасы механиканың дамуына себепкер болды. Құрылыс жұмыстары кезінде қарапайым механизмдер құрамасы: рычагтар, катоктар (асфальт тегістейтін каток), көлбеу жазықтықтар қолданыс таба бастады. Яғни практикалық қажеттіліктер өмірге ғылыми білімнің: арифметика, геометрия, астрономия, механиканың және т.б. жаратылыстану ғылымдарының нышанын алып келді.
Ғылым тарихы және мәдениет ұғымдарының бастапқы кезеңдері аса жоғары екендігін атап өткен жөн. Тарихшылар египеттік және вавилондық математикаға кездейсоқ үлкен мән бермеген. Мұнда математиканың нышаны геометрияның негізі қаланған. Египет пен Вавилонда адамдар алғаш рет жұлдызды аспанды, Күн, Ай және аспан денелерінің қозғалысын, аспан жарқырауларын бақылауды үйреніп, уақыт өлшемінің негізін жасап, алфавиттік жазудың негізін қалаған.

1. Антикалық ғылымның бастапқы кезеңі



жүктеу 38,23 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау