82. «Дала тайпаларындағы «әскери демократия» көсемдік түрінде дамудың ең жоғары деңгейіне жетті». Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз.
Бұл тұжырыммен келісемін. Ерте көшпелі тайпаларда әскери демократия болып, оларда әдеттік құқық әрекет етті. Көсем бір мезгілде басшы, әскербасы, би, кейде тіпті абыз болды. Халық жиналысы үлкен рөл атқарды. Алайда, үнемі соғыс жүргізуден көсем билігі нығайып, халық жиналысының рөлі әлсіреді. Ол әскери жасақ жиналысына айналды. Туыстас жасақтар бір әскерге, ал туыстас тайпалар бір көсем басқарған тайпалық одаққа бірікті. Мұндай одақ енді бір халық ретінде қабылданды. Тиграхауда -сақтар немесе массагеттер бір көсем басқарған тайпалық одақтар болды. Әскери демократиядан ерте мемлекетке көшу осылай өтті.
Көсемдік- туыстыққа негізделген, мұрагерлік билігі бар көсем басқаратын саяси құрылым. Мұндай мемлекетте әлеуметтік жіктелу орын алады. Көсемнің басты қызметі: әскери, әкімшілік, сот, бітістіруші, біріктіруші істерін атқару болды.
Көшпелілер мемлекетінің үш үлгісінің біріншісі- көсемдік болып табылады. Сақ көсемдері саяси қызметтерді атқарды. Көсемдер мен ақсақалдардан әскери-тайпалық ақсүйектер құралды.
83. «Батыс мəдениетін саналы түрде жүзеге асыруда қазақ даласының болашағын көремін». Сіз Ә. Бөкейхан тұжырымдамасымен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз.
Әлихан Бөкейханов өзінің сан қырлы ғылыми және публицистік қызметін қоғамдық-саяси күресімен қарама-қатар атқаруға мәжбүр болды. 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс төңкерісі кезінде ол ұлт зиялыларының Ахмет Байтұрсынов, Жақып Ақбаев, Міржақып Дулатов, Райымжан Мәрсекұлы, Айдархан Тұрлыбайұлы сынды алдыңғы қатарлы өкілдерін өз төңірегіне топтастырып, бүгінгі күні «Алаш» деген атауымен белгілі ұлт-азаттық қозғалысының жаңа толқынын бастады. Өзінің 1910 жылы Санкт-Петербургте «Қазіргі мемлекеттердегі ұлттық қозғалыстың формалары» жинағымен басылып шыққан «Қазақтар» («Қырғыздар») атты әйгілі тарихи-анықтамалық очеркінде Қыр баласы - елағасы өзі бастаған осы зиялылар тобын «батысшылдар» деп атайды: «Таяу келешекте қырда, бәлкім, екі саяси партия ұйымдастырылатын шығар... Олардың бірі ұлттық-діни аталуы ықтимал және қазақтардың өзге мұсылмандармен бірігуі оның идеалы болып табылады. Екінші батысшыл бағыты осы сөздің кең мағынасында айтқанда - қазақ даласының болашағын саналы түрде батыс мәдениетін жүзеге асыра отырып көреді» деді.
Бүгінгі таңда батысшыл зиялылардың атқарып кеткен қызметі «Алаш» ұранды ұлт-азаттық қозғалысы ретінде танылса, Әлихан Бөкейхановты оның идеялық негізін қалаушы, бас идеологы, саяси жетекшісі деп бірауыздан мойындайды.
Әлихан Бөкейханов Ресейді түпкілікті қайта құру арқылы ұлттық тәуелсіздікке жетуді көздеді. Сонымен қатар, отаршыл Ресейдің өзін түпкілікті реформалап, оны самодержавиеден федеративтік демократиялық парламенттік мемлекетке айналдырмай, қалың қазақтың ұлттық тәуелсіздікке жете алмайтынын да Алаш қозғалысының көсемі кімнен болса да артық сезді. Сол себепті де ол 1905 жылдан Ресейдің ең ықпалды оппозициялық саяси ұйымы - Конституциялық демократия партиясына кірді. І Мемлекеттік дума депутаттығына сайланған 1906 жылы Әлихан самодержавиені құлатуды көздеген орыс масондарының «Ресей халықтарының Ұлы Шығысы» (1910 жылға дейін «Темірқазық» - «Полярная звезда». С.А.) ложасына мүшелікке қабылданды.
Қыр баласының өзі Батыс Еуропа, орыс, көне грек, Шығыс әдебиеттерінің үздік үлгілерін кеңінен насихаттайды, қазақ әдебиетін француз Ги де Мопассанның, ағылшын Оскар Уайльдтың, орыс Лев Толстой, Антон Чехов, Владимир Короленко шығармаларының, көне Еуропа әдебиетінен Эзоп пен Үнді мысалдарының, Қырым татарлары туралы аудармаларымен байытты. Абайдың, Шәкәрімнің шығармаларына, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Спандиярдың романдарына сын жазып, қазіргі әдебиеттанудың, оның ішінде абайтанудың классикалық үлгісін көрсетіп, негізін қаласа, «Қара қыпшақ Қобыланды», «Ер Тарғын», «Ер Сайын», «Мырза Едіге» эпостарын, «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырын жинақ етіп бастырып, зерттеп, қазақ фольклористикасының пайда болуы мен дамуына зор серпін берді.
84. «Дала өркениеті этностан тыс сипатқа ие болды және қандай да бір халықпен (этноспен) немесе белгілі бір дінмен байланысты болмады». Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз.
Бұл пікірмен келсемін. Ұлы дала көшпелілер өркениетінің «бесігі » болды. Оған табиғи-географиялық фактор, яғни, кқшпелі малшаруашылығын өркендетуге қолайлы экологиялық жағдай жатты. Ұлы даланы игеруге жалғыз шаруашылық түрікөшпелі және жартылай көшпелі малшаруашылығы қолайлы еді.
Дала өркениетінің этникалық сипаты әртүрлі болды. Ол бір халықпен (этноспен) және бір дінмен шектелмеді. Көшпелілер алуан түрлі тілде сөйлейтін (түркілер, моңғолдар, ирандықтар) және түрлі нәсілге жататын (моңғолоидтар, еуропеидтер, аралас нәсіл түрлері) халықтардан құралды. Олардың ұстанған діні де әртүрлі (тәңіршілдік, зороастризм, буддизм, ислам) болды. Оларды «туыстастырған» және біріктірген Ұлы Дала мен көшпелі малшаруашылығы еді.
Ұлы Дала елеулі тарихи оқиғалар алаңы болды. Оны ңтарихы кескілескен шайқастар мен жорықтарға және басқа да әскери-саяси оқиғаларға толы көшпелі мемлекеттер тарихы еді. Оның кейбіреуінің аса ауқымды болғаны соншалықты, бүкіл Ұлы Даланы қамтып, тіпті оның ауқымынан асып та кетті.
Көшпелі халықтар мен мемлекеттер бірде жауласып, бірде күш біріктіріп, одақтас та болып отырды. Жылнамашыларды қызықтыратын да осындай тарихи оқиғалар еді. Шынымен де, өткенге қызығушылық танытатындар үшін маңызыды оқиғаларға толы тарих еді. Көшпелілер бүкіл Еуразияның саясатына ықпал етіп қана қоймай, тіпті олардың саясатын да анықтады.
85. Қола дәуірінен орта ғасырға дейінгі дала өркениетінің барлық мәдениеттері сабақтастыққа ие және бірыңғай тарихи процесті құрайды деген пікір қалыптасқан. Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз.
Мен бұл тұжырыммен келісемін. Өз жауабыма мынандай дәйектер мен дәлелдер келтіремін. Б.з.б. ІІІ-ІІ мыңжылдықта энеолитте Далада мал шаруашылығы қалыптасты. Жылқын қолғай үйреткенін Ботай мәдениеті дәлелдейді. Ол Солтүстік Қазақстанда орналасқан оны Ботай-Терсек мәдениет деп аталады. Бұл өтпелі мәдениетте аңшылық басым болып, малшаруашылығы енді ғана қолға алына бастады.
Ботайлықтардың жылқы асыру мәдениеті қазақтардың бүгнігі мәдениетіне жылқы өсәру, жылқы еті мен қымызды пайдалануға жалғасты.
Энеолит пен ерте қола дәуіріндегі Көнешұңқыр мәдени-тарихи қауымдастығы б.з.б. 3600-2300 жылдары Ұлы Даланың батысын қамтыды. Егіншілікпен қатар малшылық басым болды. Қола дәуіріндегі өзгерістерге: тұрақты қоынстар, дөңгелекті көлік және қола құю жатады. Қуаңшылық салдарынан шаруашылық түрлері мен мәдениет өзгерді. Арқайым, Сынтасты-алғашқы қалалар болды. Ұлы Далада түсті металл кен көздері көп кездесті. Оның орталығы-Орталық Қазақстан болды. Қазақстандағы қола дәуірді кейде Андрон дәуірі деп атайды. Ғылымда далалық қола мәдениеті мен андрондық мәдени-тарихи қауымдастық деген атау қалыптасты. Андрондық мәдени-тарихи қауымның мәдениеті бір-бірімен тығыз байланысты болды. Оның қатарына: Сынтасты мәдениеті б.з.б. 21-18 ғғ жатады. Ресейдегі Оңтүстік Орал жазығында орналасты. Петров мәдениеті-б.з.б. 17-16 ғғ жатады. Онда қорғаныс орлары көп болды. Алакөл мәдениеті б.з.б. 17-13 ғғ. Олар үлкен жартылай жертөле үйлерде тұрды. Федоров мәдениеті б.з.б. 15-12 ғғ. Алакөлдіктердің дәстүрін жалғастырғандар. Феодоров мәдениетін сарғарылық мәдениет ауыстырды. Оған 200 қоныс пен 40 қорым жатады. Шығыс пен Орталық Қазақстанда қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын Беғазы-Дәндібай мәдениеті жатты. Беғазы-Дәндібай мәдениеті б.з.б. 10-8 ғғ жатады. Жерлеу салттары ұқсас болды. Көшпелілік Даладағы негізгі шаруашылық болып қалыптасты. Б.з.б. І мыңжылдық. Оның басты сипаты: жыл бойы малды жайылымда бағу, белгілі бір жайылымдық аумақты мал жаю үшін көшіп-қону, көшіп-қонуға жұрттың бәрінің қатысуы, малшылық- шаруашылықтың ең негізгі түрі саналуы. Арбаға қос тігіп көшу ортағасырға дейін жалғасты. Осылай, мәдениеттер өзара байланысты, сабақтастыққа ие және бірыңғай тарихи процесті құрайды.
86. «Ұлы Дала көшпелілерінің мемлекеттілігіне, соның ішінде қазақтарға биліктің «хан – билер – халық» үштігі тән. Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз.
Бұл тұжырыммен келісемін. Қазақтарды қоса алғанда, Ұлы Дала көшпелілерінің мемлекеттілігіне биліктің «хан-билер-халық» үштігі тән. Хандардың билігі ауқымды, билердің билігі неғұрлым шектеулі болды. Алайда көшпелілер мемлекетінің демократизмі халыққа да біршама билік берілді. Шағын көшпелі қауымдастықтар (рулар) тәуелсіз болып, Далада еркін көшіп-қоны жүрді. Олар билікке өз көзқарасын билеушіге көшіп келу немесе одан көшіп кету жолымен білдірді. Халық көшіп кетсе, хан биліксіз және мемлекетсіз қалады. Сондықтан халық билік көзі және дәстүрлерді сақтаушы болды. Қазақ хандары халыққа құрметпен қарады, оның игілігі үшін жағдай жасауға тырысты. Дәстүрлі түсінік бойынша, хан халыққа «ананың балаларына» жасайтын қамқорлығын жасауға, ал оның қол астындағылар ханды «өзі үшін әке» деп есептеуге және ұлдары өз әкелеріне бағынғандай бағынуға тиіс болоды. Бұл көшпелі мемлекеттерді шығыстың озбып патшалықтарынан ерекшелендірді.
Тұтастай алғанда, Жошы ұлысы мен алғашқы қазақ мемлекеттерінің саяси құрылымдары Шыңғыс хан империясынан мұар болып қалған автократиялық беліглерге қарамастан, неғұрлым демократиялық институттар болып табылды. Бұл көшпелілердегі мемлекеттілік нысандарының белгілі бір эволюциясын білдіреді.
87. «Кеңестік қазақ автономиясының жариялануы және оның одақтық республикаға өтуі Қазақстан тәуелсіздігі қалыптасуының маңызды тарихи кезеңдеріне айналды». Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |