Соңғы теңдеу гомогенді жүйедегі реакция жылдамдығының басқа анықтамасы математикалық өрнек болып табылады: бірлік уақытында өтетін, реакция кезінде түзілетін немесе реакцияға түсетін қандай да бір заттың концентрациясының өзгерісі гомогенді жүйедегі реакция жылдамдығы деп аталады.
Жоғарыда айтылғанда, қандай да бір жағдайларда берілген реакция, қандай да бір жылдамдықпен жүру үшін және реакцияға керекті жылдамдықпен жүру үшін, осы жағдайларды өзгертуге химиялық реакцияның тәжірибиелік қолданылуын білу керек. Химиялық реакцияның жылдамдығын зерттейтін химияның бір саласы химиялық кинетика деп атайды.
Реакция жылдамдығына әсер ететін маңызды факторлар: реакцияға қатысатын табиғи заттардың концентрациялары, температурасы, жүйеге қатысатын катализаторлардың болуы. Кейбір гетерогенді реакцияның жылдамдығы реакция жүріп жатқан немесе сұйықтың қарқынды қозғалысына тәуелді.
Бөлшектер мен бастапқы заттардың арасында химиялық байланыс болуы үшін олардың бір-бірімен соқтығысуы негізгі шарт болып табылады. Дәлірек айтқанда, бір бөлшектің атомы басқа бөлшектің атомың тудыратын электр өрісінің әсерін сезу үшін бөлшектер бір-бірімен тығыз байланысуы керек.
Химиялық реакцияның жылдамдығына әрекеттесуші заттардың концентрацисының әсерін зерттеген, Норвегия ғалымдары К.Гульдберг пен П. Вааге 1867жылы мынадай қорытындыға келген:
Химиялық реакцияның жылдамдығы тұрақты температурада әрекеттесуші заттардың концентрацияларының көбейтіндісіне тура пропорционал.
Мұны әрекеттесуші массалар заңы деп атайды. Енді сол заңды математика тіліне аударып, реакцияны жалпы теңдікпен жазайық:
А + В = С
А және В заттың концентрациялары [А] және [В] деп, реакцияның жылдамдығын арқылы белгілесек, онда:
=k [A] [B]
болады; бұл арадағы - пропорцоналдық коэффициенті, яғни жылдамдық тұрақтысы деп аталады.
Егер алынған теңдікте [А] = 1 және [B] = 1 болса, онда,
= k
болады, демек, - реакцияласушы заттардың концентрациялары бірге тең (1моль/л) болған жағдайдағы реакция жылдамдығы, - әрбір реакцияның өзіне лайықты тұрақты шама, ол тек қана әрекеттесуші заттардың жаратылыстық қасиетіне қарай жылдамдық константасы деп аталады.
Реакцияласу үшін заттың біреуінен теңдік бойынша емес бірнеше молекула керек болса, онда реакция жылдамдығының теңдігі басқа түрде болады, мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |