Қала шетіндегі автокөлік жолдары мен қала көшелері жолдарының
элеметтері.
1.Қала жолдарының элементтері
2.Қала шетіндегі автокөлік жолдарының элементтері
1.Қала жолдарының элементтері.
Қалалық жолдар және көшелер өздерінің шекара шегінде «қызыл
жолақтар» аралығында, әртүрлі элементтермен ұштасады, оларға: бір
немесе бірнеше жүргізу бөліктері, жаяу жүру жолағы, велосипед
жолағы, әртүрлі типтегі жасыл көшеттер жолағы (газон, бульвар)
орталық бөлу жолағы қарама-қарсы бағытта жүру бөлігінің арасында,
арасында бөлу жолақтары орталық өту жолдары мен біршетке жүру
бөлігі және жергілікті жүру жолдарының арасында, трамвай жолы мен
бөлу жолақтары, тратуар мен жүру жолдарынан бөлінетін, техникалық
жолақ, резервті жолақ, тұрақтау және соңғы қоғамдық көлік аты,
әртүрлі типтегі қоршау, көліктердің жүруін бағыттау және жөнге салу
және көлік тұрағы, үйінділердің құламалары, подпорлық қабырғалар
және де сұбырғыштар жүйесінің элементтері, жарықтандыру, су асты
инженерлік желі, көше және жол қозғалыстарын жөнге келтіру және
ұйымдастыру құралы. Әр түрлі категориялардың үйлесуі және де
жергілікті шарттарда әртүрлі болуы.
Қалалық жол элементтері
1-орталық жүру бөлігі (екі немесе бір); 2-орталық
бөлу жолағы; 3-орталық және бір шетке жүру арасындағы бөлу жолағы;
4-бір шетке жүру белгісі; 5-тратуар мен бір шетке жүру жолағының
арасын бөлу жолағы; 6-тратуар; 7-«қызыл жолақтағы» көгал жолағы; 8-
құрылыс немесе «қызыл жолақ»; 9-трамвай жолы мен орталық
жүргіншінің арасын бөлетін жолақ; 10-трамвай жолы; 11-техникалық
жолақ;
Орталық жүргіншінің жолы( немесе бір жүргіншінің
бөлігі) негізгі көлік легін өткізуге арналған. Бір жақ шетке жүру
жолындағы жергілікті және қоғмдық көліктерге арналған. Жергілікті
жүргіншілердің жолағына тек құрылысқа қызмет ететін көліктер ғана
жіберіледі.
Орталық бөлу жолағы қарсы қозғалыс көлік легін бөледі,
ал қалған бөлу жолақтары бір бағыттыларды бағытына қарай бөледі.
Әр түрлі бөлінген орынға бағытталған көліктер легін және көліктерден
жаяу жүргіншілерді бөлу. Бөлу жолақтары, орталықтан басқа, жер
асты инженерлік желілерді бөлу үшінқызмет етеді, көгалдандыру және
әртүрлі қала көшелерінің құрылғылары(жарықтандыру құралы және
байланыс сымы, бағыттағыш, бағдаршам т.с.сс).
Техникалық жолақтарды мынандай кездерде жобалайды, жер
асты инженерлік желілерді көгалдандыру мен бөлу жолақтарының
астарына кіргізе алмағанда қолданады.
Резервті жолақ керекті төсеніштер жер асты инженерлік
желілер үшін арналған және де қосымша жүру жолдарымен трамвай
жолдарын кеңейту үшін қолданылады.
Бөлу және техникалық жолақтар уақытша жапқан қар кезінде
қолданылады.
Трамвай жолдарын орналастыратын жолақтар жолдың бір
жолында орналасуы мүмкін, 1-суретте көрсетілгендей көше осі бойынша.
Бағыттаушы островки көліктер мен жая жүргіншілердің
қозғалысын ұйымдастыру және жөнге келтіру үшін қолданылады.
Көлік тұрағы, «қызыл жола» шекарасында орналасқан алаң
нмесе қала көшелері элементіне кіреді. Әрқашанда мұндай көлік
тұрақтары шеткі және жергілікті жолға және көгалдар жолағының
бойына, «қызыл жолақ» бойына жайғасып жасалған. Әр кезде көлік
тұрақтары қалалық алаңдар территориясына кірістіріледі. Қалалық
шегінде орналасқан көлік тұрағы, көшеден жүру бөлігін және
тртуарларды бөлу жолағымен бөледі, ереже бойынша жүру жолына немесе
тратуардан 15-см биік және көгалдандырылған болу керек. Қалалық
алаң территориясының шекарасында көлік тұрағы жүру жолының бөлігімен
бір деңгейде және де сызық бойымен қысқартылады. «Қызыл жолақ»
бойында орналаспаған көлік тұрағы қала көшесінің элементіне
кірмейді.
Субұрғыштар жүйесінің элементі, қала көшелері мен
жолдарының бетінде орналасқан, жаңбыр суын қабылдайтын құдықтар мен
торлар болып келеді, көру құдықтары люктармен және қақпақтарымен
ашық және жабық қайықтар. Бұл элементтерге көру құдықтары және
әртүрлі нәрсеге бағытталған жерасты инженерлік желілер.
Жарықтандыру элементтері жарықтандыру құрылғыларының тірегі
болып, ереже бойынша тралейбус және трамвай сызығы ілінген байланыс
сымы тірегімен кірістірген.
Қала шетіндегі автокөлік жолдарының элементі.
Автокөлік жолы элементі көп түрлі және жүру бөлігімен
қосылады, жол шеті, құм үйілімі, жол ойпаты (обочина), субұрғыштың
ашық жүйесі. Бірінші категориялық автокөліктер үшін элемент сапасы
ретінде екінші жүру бөлігі және орталық бөлу жолағы қосылады.
Ортақ жүйе бойынша автокөлік жол элементтері.
1-өту жол; 2-бөлу жолағы; 3-жол жиегі; 4-жол ойпаты;
Қала жолдары мен көшелері және қала шетіндегі автокөлік
жол элементтеріне жасанды құралдарды кірістіруге болады, оларға
(әртүрлі деңгейдегі транспорт және жаяу жүргіншілер құралдары,
тунельдер, эстакада, бөгет, аздаған жасанды құралдар).
Әртүрлі кәсіпорындарды сумен, электр қуатымен және электр
жарығымен, жылумен, көгілдір отынмен, барлық түрдегі байланыспен,
әртүрлі материалдармен азық-түлікті транспорттаумен тұрғындарды
қамтамасыз ету және де осыған қоса жер бетіндегі фекальдық
шаруашылық, тазартылған суды шығару үшін жер асты инженерлік желі
қолданылады және де бұл қала жолдары мен көшелерінің элементі
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |