Нәтижесінде Арал теңізі проблемасы пайда болды:
Арал теңізі атырабына өндіргіш күштерді орналастыруда жіберілген стратегиялық қателіктер.
Жер мен су қорын есепсіз пайдалану.
Мақта мен күріш дақылдарын өсіруге дара үстемдік беру. Нәтижесінде теңіз түбі 27 мың шаршы шақырымға құрғап қалды. Теңіз суының тұздылығы 3 есеге өсті. Балық өнеркәсібі жойылды. Теңіз түбінен тұз бен шаң көтеріліп, Арал аймағының климаты күрт нашарлады. Адам өлімі, әсіресе балалардың шетінуі көбейді. Аймақ тұрғындарының 80%-ы әр түрлі сырқаттарға шалдықты. Экологиялық апат қазақ ұлтының генетиклық өсіп-өнуі мүмкіндігін сақтап қалу проблемасын көтерді.
70-80 жылдары ауыл шаруашылығы жөнінде ауқымды шешімдер қабылданып, оларда сала өндірісінің материалдық базасын нығайту, оның осұ қарқынын барынша ұлғайту, мамандыру мен шоғырландыру көзделді. 1971-1980 жылдар ішінде республиканың ауыл шаруашылығына 18 млрд. сомнан астам кұрделі қаржы жұмсалды. Жерді суландыруға, химияландыруға да орасан зор көлемде қаражап бөлінді.
Ауыл шаруашылығының мәселелерін тек күрделі қаржыны көбейту арқылы ғана шешуге тырысу күткендей нәтиже бермеді. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру төмендей бастады. 9-бесжылдықта — 13%, 2бесжылдықта – 0,4%.
1964-1985 жылдары мал шаруашылығы құлдырады: 4,2 млн. – ірі қара; 55 млн.-қой-ешкі; 5,1 млн. – шошқа өлім – жітімге ұшырады. Ауыл шаруашылық кәсіпорындар солақай саясаттың кесірінен көптеген шығынға батып отырды.
3.Қазақстанда этнодемографиялық үдерістердің дамуы (1950-2016 жж.).Шет елдерде тұратын қазақтардың Отанына оралуы.
Қазақтардың көші-қоны тарихы – өзектілігін жоймайтын тақырып. ХХ ғасырда көші-қон қазақ ұлтының тағдырында шешуші рөл атқарды: қазақтар ғасыр басында туған жерінен сыртқа үдере көшуге мәжбүр болса, ғасыр соңында тарихи отанына қайта оралу үдерісі орын алды. 1950-жж. ортасында КСРО-ның саяси өміріндегі «жылымық» жылдарында шет елдерден бауырларымыздың бір бөлігі Отанына қайтты. Екі ел арасында кеңес азаматтарын қайтару туралы арнайы келісім болған жоқ. Бірақ, 1954 ж. КСРО мен Қытай арасында қарым-қатынас туралы жасалынған 10 жылдық келісім-шарт «кеңес азаматтарының» КСРО-ға қайтуына жол ашты. Сонымен бірге, КСРО Министрлер кеңесі 1954 ж. 16 сәуірде № 751-329 ерекше құпия жарлығы бойынша маусым-тамыз айларында Қытай Халық Республикасындағы «кеңес азаматтарын» тың жерлерді игеруге көшіру туралы, 1955 ж. 17 қыркүйекте №1701 «Шекарадан тыс жерлердегі кеңес азаматтарын репатриациялау және оларды КСРО-да еңбекпен қамту» туралы қаулысын қабылдайды. Осы қаулылар негізінде Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданы мен т.б. аудандарынан қазақ, ұйғыр, дүнген, орыстар қайта оралады. Сол жылдары келушілердің қолында аты-жөні жазылған және көлемі 4x5 см фотосуреті бар қағаз болды. Оларға бұрынғы кеңестік негізінде 1930жылы 2 тамыздағы«КСРО азаматтығы туралы» Заңды басшылыққа ала отырып, жаңа төлқұжаттарберілді. Сол заңның 2-бабы бойынша 30-жылдардағы аштық кезінде кеткендерге азаматтық берілді. Ал заңның 3-бабы 1917жылғы төңкерістерден шетелге кетуге мәжбүр болғандарға қатысты қолданылды. Осы 2- және 3-баптары бойынша
Қытайдан келген оралмандарға КСРОазаматтығын беру туралы қорытындылар шықты. Бүл қорытындылар бекітіліп, төлқұжат берілетін мекемелерге жөнелтілді.Қытайдағы қазақтардың оралуы қазақтардың механикалық жолмен ұлғаюына жағдай жасады. 1959—1970жылдары қазақтар механикалық жолмен 143 мыңға көбейді. Тек қана Алматы облысына62 мың адам көшіп келді.
1956—1962жылдардағы қазақтардың кері көші-қон ағымдары олардың этнодемографиялықжағдайына әсер етті. Мәселен, 1962жылы туғандардың жалпы саны ең жоғары көрсеткішке жетті.
1962жылы 60 мыңдай ұйғырларменқазақтаркеңес-қытай шекарасынан бері өтті.
XX ғасырдың90-жылдарының басында қазақтардың тарихи отанына оралу мәселесі үкімет деңгейінде шешіле бастады. Бұл мәселенің күрделілігіне орай, мемлекет қазақтардың шетелдерден оралуын біртіндеп жүзеге асыру бағдарламасын дұрыс көрді.
Достарыңызбен бөлісу: |