ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ - ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТ
1-бап. Қазақстан Республикасы - тәуелсіз, демократиялық және хұқылық мемлекет. Ол өз территориясында өкімет билігін толық иеленедi, өзiнiң iшкi және сыртқы саясатын дербес белгілеп, жүргiзедi.
2-бап. Қазақстан Республикасы барлық мемлекеттермен өзара қатынасын халықаралық хұқ принциптерi бойынша құрады.
3-бап. Өзiнiң мемлекеттiк тәуелсiздiгiн басқа мемлекеттер тануы үшiн Қазақстан Республикасы ашық. 4-бап. Қазақстан Республикасының бүкiл территориясында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, сондай-ақ ол таныған халықаралық хұқ нормалары қолданылады.
5-бап. Қазақстан Республикасының территориясы қазіргі шекараларында бiртұтас, бөлiнбейтiн және қол сұғуға болмайтын территория болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |