1982 жылы қарашада КОКП ОК Бас хатшысы Л. Брежнев қайтыс болғаннан кейін партия жетекшілігіне Юрий Андропов келді. Ол Кеңес Одағын 1984 жылға дейін ғана басқарды. Ю. Андропов мемлекет басшылығына келгенге дейін КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетін басқарған еді. Сол себепті оның басшылығы елдегі қоғамдық және еңбек тәртібіне ерекше маңыз беруден басталды. Ю. Андроповтың саясаты партиялық биліктің өз ішінде қатаң тәртіл орнату мен қоғамдағы парақорлық пен маскүнемдікке қарсы күрес жүргізу болды. Бірақ та белгіленген шаралар жүзеге аспай қалды. Себебі Ю. Андропов 1984 жылы ақпанда қайтыс болып, КОКП ОК Бас хатшылығына К. Черненко келді (1984-1985). Ол Ю. Андропов бастаған істі ескерусіз қалдырып, елді басқаруда әміршіл-әкімшіл әдістерге сүйенді.
3.
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |