М.С.Горбачевтің «жариялылық пен демократияландыру» саясаты (1986-1991 ж.).
1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Букілодақтық конфернцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қабылдады:
1.Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметік – экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместегін мойындау.
2.Демократияландыру мен жариялылық.
Төрешілдікке қарсы күрес.
Халықтық реформа жүргізу.
Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру.
Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды.
1986-1988 жылдары кеңес қоғамын жаңартуға бағытталған реформаларды енгізу әдістері алдымен жасырын басталғанымен, кейін ашық сипат ала бастады. Балама, көп мандатты сайлаулар бірінші кезекте ұлттық, аймақтық мәселелер мен мүдделерді ұсынды. М.С. Горбачев және оның айналасындағылар өз ұстанымдарын нығайту мақсатында партия органдарына да, кеңестерге де балама сайлау енгізеді. XX ғасырдың 80-жылдарынан кеңес қоғамында бұрын – соңды болмаған жаңаша ойлау, коғамдық-саяси өмірді қайта құру реформасы басталды. Қоғамды «демократияландыру» шаралары нәтижесінде, 1988 жылдан бастап Коммунистік партия тарапына сындар айтылып, жаңа қоғамдық ұйымдар құрылады. 1987 жылы тамызда тұңғыш тәуелсіз ұйым – әлеуметтік-экологиялық «инициатива» бірлестігі құрылып, рухани серпіліске жол ашылды. Тарихшылар сараптағандай қайта құру жағдайында бұқаралық ақпарат құралдары елдегі, соның ішінде Қазақстанда болып жатқан жағдайларды, өзгерістерді ашық айтып отырған. Себебі, жариялылық қайта құрудың ажырамас бір бөлігі деп қабылданған еді. Жариялылықтың арқасында халықтың азаматтық және ұлттық сана-сезімі жоғарылады. Қоғамда орын алған жұмыссыздық және өзге де әлеуметтік мәселелер төңірегінде әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, оның қорытындылары ашық жарияланған. Сөйтіп, халықтың саяси-әлеуметтік белсенділігі артты. Қайта құру жылдарында халқымыз өзінің төл тарихы, ана тілі, мемлекеттік егемендік алу туралы мәселелерін қоя бастады.
1988 жылғы шілде-тамыз айларында өткен Бүкілодақтық ХІХ партия конференциясында Кеңес қоғамының саяси жүйесіне реформа жүргізу қажеттігі айтылып, ең басты мәселе – халық депутаттары Кеңестерінің толыққанды өкіметін барлық жерлерде қайтадан қалпына келтіру көзделді. 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен 1930-40-жылдары және 50-жылдардың бас кезінде жазықсыз жазаланған ұлт зиялылары есімдері халқына қайтарылды. Әсіресе, Шәкәрім Құдайбердіұлының, Ахмет Байтұрсыновтың, Мағжан Жұмабаевтың, Жүсіпбек Аймауытовтың, Міржақып Дулатов сынды алаш зиялыларының еңбектері халқына жетіп, ұлттық сананың өрлеуіне зор ықпал етті. 1989 жылы наурыз айында өткен КСРО халық депутаттарының І съезінде Г.В. Колбин одақтық халық бақылау комитетінің төрағасына тағайындалып, Мәскеуге кетіп, оның орнына Н.Ә. Назарбаев сайланады. Сөйтіп, саяси өмірде болған өзгерістер ұлттық сананың серпілісіне одан әрі жандандырды. 1989 жылы қыркүйекте Республика парламенті «Қазақ КСР-нің тіл туралы заңын» қабылдап, қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесі беріледі. Осылайша, елімізде жүзеге асырылған демократиялық өзгерістер саяси партиялардың құрылуына ықпал етті. Мәселен, 1990 жылы Қазақстан социал-демократиялық партиясы, «Азат» азаматтық қозғалысы, сонымен қатар «Алаш», «Желтоқсан» және т.б. саяси қозғалыстар өмірге келді. Қазақстанда көппартиялық жүйе қалыптаса бастады.
3.
Достарыңызбен бөлісу: |