5. Дүниежүзі ңазаңтарының қүрылтайы және отандастарымыздың елімізге оралуының маңызы. 1991 жылы республикада жергілікті үлт өкілдерінің үлес салмағы 40%-ды қүрады. Қазақ халқының азшылыққа айналуына қуғын-сүргін, күштеп қоныс аударту, депортация, өлкедегі ашаршылық секілді оқиғалар әсер еткен. Сарапшылардың пікірінше, кез келген елдің ішкі этносаралық тұрақтылығын сақтау үшін жергілікті ұлт өкілдерінің үлес салмағы 75-80% болуы керек. Осы тұрғыда иммиграция, ирредента, эмиграция мәселелеріне зор көңіл бөлініп отыр.
Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін, елде саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде көбінесе жергілікті ұлт пен көптеген диаспоралардың өзара түсіністікке негізделген арақатынасы және жалпы халық санындағы қазақтардың үлес салмағының өсуі маңызды рөл атқарады. Бұл мәселеде шетелдегі қазақ диаспораларының өз отанына көшіп келуіне жол ашу, елде ор-наласу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету анағұрлым оңтайлы шешім болып табылды. Біріншіден, отандастарымыздың тарихи отанына көшіп келуі демографиялық үдерістерді шешудің тиімді жолдарының бірі саналады. Өйткені оларда көпбалалы отбасын қалыптастыру ұстанымы берік сақталған. Екіншіден, Қазақстандағы жұмыс күшінің жетіспеушілігін жоюға жәрдемдеседі. Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Тәжікстан елдерінен арзан жұмыс күшінің үнемі және жаппай ағылуы экономикалық жағынан өте тиімсіз. Сондықтан олардың орнына этникалык қазақтардың келуі, тапқан табысты өз елімізде жарату мен салық төлеу республика бюджет қорын толықтырады. Үшіншіден, шетелдердегі қазақтардың туған Отанына қайта оралуы қазақ тілі мәртебесін көтереді. Өзбекстан, Қытай, Моңғолия қазақтары мемлекеттік тілді еркін меңгерген. Ресей қазақтары да ана тілін меңгеруге аса ниетті. Төртіншіден, белсенді көші-қон ағымы арқылы тарихи әділдікті орнатуға мүмкіндік аламыз. Бесіншіден, экономикалық, мәдени, спорт табыстарына қол жеткіземіз. Отандастарымыздың еліміздің әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, мәдени, саяси өмірінде елеулі өзіндік үлес қосып жүргені мәлім. Мысалы, Өзбекстаннан елге оралғандардың бірі - сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков. Түркиялық Халифа Алтай - Құранды араб тілінен қазақ тіліне алғаш рет аударды.
Моңғолиядан шыққан ғалым-түрколог Қаржаубай Сартқожаұлы - көне түркі жазбаларын еркін оқитын санаулы зерттеушілердің бірі. Мұстафа Өзтүрік - таэквондо спортынан әлемге әйгілі шебер. Қытайдан атажұртқа оралған Нәбижан Мұхаммедханұлы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында қытай жазба деректерінен ежелгі, орта ғасырлар және жаңа заман тарихына қатысты құнды мәліметтерді қазақ тіліне аударды. Өзбекстаннан көшіп келген Бақыт Сәрсекбаев бокстан 2008 жылы Пекин олимпиадасында жеңімпаз жалғыз қазақ болды. Қытайдан көшіп келген Майра Мұхаммедқызы «Ла Скала», «Гранд Опера» сынды әлемдегі әйгілі опера театрларында ән шырқады. Бүгінгі таңда шетелде тұрып жатқан қандастарымыздың тарихи отаны - Қазақстанға оралу мәселесі мемлекеттік деңгейде қаралып ,заңды негіздер жасалуда.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен, ҚР Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың қолдауымен отандастарымызды көшіріп әкелу үшін барлық жағдай қарастырылып, қамқорлық көрсетіліп келеді. Жыл сайын шетелдегі қазақ ұлты өкілдері үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға белгіленген 2% мөлшерінде квота беріледі.
Ұлт игілігі үшін Алматы қаласында 1992 жылы Дүниежүзі қазақтарының Бірінші құрылтайы өтіп, шетелдердегі қандастарымыз атажұртта бас қосты. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құрылып, төрағалығына Н.Ә. Назарбаев сайланды. Құрылтайдың басты мақсаты - қазақтарды этникалық-мәдени біріктіру. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайлары одан кейіні жылдары Түркістан, Астана (Нұр-Сұлтан) қалаларында өткізілді.
Құрылтай сияқты басқосулар тарихи тағдыр жазмышымен төрткүл дүниеге тараған қандастарымыздың атамекеніне оралуына жол ашып, тарихи отандарына көшіп келушілердің бейімделу мәселелерін шешті. ТМД елдерінің арасында бірінші болып біздің мемлекет алыс-жақын шетелдердегі қандас бауырларына құшағын айқара ашып, олардың елге оралуына кеңінен мүмкіншілік жасады. Шетелдегі отандастарын туған жеріне қайтаруға қамқорлық жасап отырған дүниежүзіндегі мына мемлекеттер: Қазақстан, Германия, Израиль болып табылады.
Аталған шара Қазақстанды әлемдік қауымдастық алдында тарихи тағдыр тауқыметімен өзге елге кетуге мәжбүр болған өз ұлтының болашағына алаңдап, қамқорлық танытатын және жаңа мыңжылдықта бейбітшілік пен гуманизмді қалыптастыру жолымен нық қадам басқан ел ретінде танытты. Алғаш рет 30 жыл ішінде қазақтардың үлес салмағы 40%-дан 70% -ға жетті.
Бұдан кейінгі өткен құрылтайлар қазақтардың жаңа дәуірдегі біртұтас ұлт ретінде бірігуге ұмтылысын көрсетті. Жыл сайын құрылтай үлгісі бойынша еуропалық қазақтардың кіші құрылтайлары өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |