15-Дәріс. Ұйымдағы конфликт. Конфликтілі мінез-құлык модельдері Дәрістің жоспары



жүктеу 15,26 Kb.
Дата06.02.2023
өлшемі15,26 Kb.
#41163
№ 15 - лекция (1)


15-Дәріс. Ұйымдағы конфликт. Конфликтілі мінез-құлык модельдері
Дәрістің жоспары:
1.Конфликт психологиясы
2.Ұйымдағы конфликт
3.Конфликтілі мінез-құлық модельдері
Түйін сөздер: конфликт, конфликт психологиясы, мінез-құлық модельдері, конфликтілі мінез-құлық
Конфликт карым-қатынас барысында туындайды. Қақтығыс, конфликт адамдар арасындағы қарым-қатынас психологиясының негізгі бір сұрағы, конфликтінің пайда болуын, шығу себептерін, факторларын, конфликтілік жағдайларды, оның түрлерін, технологиясы мен механизмін, дамуы немесе тежелуін, оларды болдырмау немесе шешімін табу жолдары сияқты мәселелерді психологияның бір негізгі саласы конфликт психологиясы карастырады.
Қарым-қатынастағы қақтығыстар, яғни конфликтілер эмоциялық көңіл-күйімен, тұлғаның мінез-құлқымен тікелей байланысты болады.Қарым- қатынас барысында адамдар өзара түсініспейді, ренжулер басталады, кайшылыкты пікірлер пайда болады да конфликт туындай бастайды. Қарым-қатынастағы өзара түсініспеушілік адамдардың арасында психологиялық кедергілер жасайды.
Өмірде кездесетін әр түрлі күнделікті қиыншылықтарды адамның жеңе алмауы, төменгі эмоциялық күйі қарым-қатынаста барысындаадамды конфликтілі мінез-құлыққа итермелейді, осы жағдайлар адамның физикалық, психологиялық денсаулығына кері әсерін тигізеді.
Конфликтіні бағалау да конфликтідегі адамның жағдайына байланысты:
а) жеңімпаз - өзін-өзі бағалаудың өсуі, оң эмоционалдық көңіл-күй;
б) жеңіліске ұшыраған - өзін-өзі бағалаудың төмендеуі, реніш, стресске және денсаулығына әсер етуі мүмкін.
Конфликтінің түрлері:
1. Ашық және жабық конфликт
2. Мотивациялық конфликт
3. Коммуникация (қарым-қатынас) конфликтісі
4. Мақсатқа жету жолындағы конфликт
5. Мәртебеге қатысты конфликт
6. Жеке және топтық конфликтілер 
7. Таңдау конфликтісі
8. Аз мөлшердегі қатыгездікті таңдау конфликтісі
9. Қарама-қарсы қабылдау конфликтісі
10. Қажеттілік конфликтісі
11. Әлеуметтік норма және қажеттілік бойынша конфликт 
12.Тұлға мен ұйым арасындағы конфликт
13.Топ пен ұйым арасындағы конфликт
14.Әр түрлі типтегі топтар мен ұйым арасындағы конфликтілер.
15.Ішкі тұлғалық немесе тұлға ішіндегі конфликт адамның жан дүниесімен байланысты болады.
16.Рөлдік конфликт
17.Когнитивті, эмоциялық , мінез-құлық сферасындағы конфликт
18.Мотивациялық конфликт
19.Адаптациялық конфликт.
Конфликтілі адамдардың бес түрі: демонстративті; ригидті (латынша- rigidus қатты, мықты, психологиядағы мағынасы ригидті адам жаңа жағдайға бірден бейімделе алмайтын, қиналып бейімделетіндер); басқарылмайтын; өте жоғарғы дәлдікті; конфликтсіз.
Конфликтіні шешу жолдары: педагогикалық әсер беру, әңгімелесу, өтініш жасау, сендіру, талаптарды түсіндіру, әкімшілік жолмен конфликтке түскендерге тәрбиелік шаралар жүргізу.
Тексеру сұрақтары:
1.Конфликт психологиясының негізгі мәселелері
2.Конфликтілі мінез-құлық деген не?
Әдебиеттер:
1.Ахтаева Н.С., Абдижаппарова А.И., Бекбаева З.Н. Басқару психология. – Алматы: Қазақ университеті, 2018.
2. Аронсон Эллиот, Уилсон Тим, Эйкерт Робин. Социальная психология. Психологические законы поведения человека в социуме. – СПБ, прайм-ЕВРОЗНАК, 2012. – 560 с.
3. Бердібаева С.Қ. Тұлға психологиясы. А, Қазақ университеті, 2016, 203 б.
4.Волкогонова О.Д., Зуб А.Т. Управленческая психология. – Москва: ИД «Форум» - Инфра, 2015.
5.Кабаченко В.С. Психология управления. Учебное пособие. – М.: Юнити, 201
6.Морозов, А. В. Управленческая психология. - М.: Академический проект; Трикста, 2015.
7.Полукаров В. Л. Психология менеджмента: учеб. пособие / В. Л. Полукаров, В. И. Петрушин. – 2-е изд. – М.: КНОРУС, 2010 Полукаров В. Л. Психология менеджмента: учеб. пособие / В. Л. Полукаров, В. И. Петрушин. – 2-е изд. – М.: КНОРУС, 2010
8.Салих Гүней. Ұйымдық іс-әрекеттер.-«Нобель» баспасы, Анкара, 2011(түрік тілінде)
9.Столяренко А.Д. Психология управления. - Ростов - на - Дону: Феникс, 2013.
10.Sanderson A., Safdar S. Рsychology. - University of Guelph: Wiley-sons Canada. Ltd., 2012.
жүктеу 15,26 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау