№14 орта мектеп-гимназиясының



жүктеу 4,24 Mb.
Дата10.11.2018
өлшемі4,24 Mb.
#18880
түріСабақ

Алакөл ауданы Үшбұлақ ауылы

Г.М. Безродных атындағы орта мектебінің

бейнелеу және сызу пәнінің

мұғалімі Жилкибаев Е.Х.



Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ою - өрнектер

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ою - өрнектердің шығу тарихын,бейнелеу техникасына байланысты әшекейлеу түрімен таныстыру.

Міндеттері:

- жас ұрпақты ежелден келе жатқан қол өнер түрлерімен таныстыру, әсемдік пен сұлулықты көріп, бағалай білуге үйрету.

-ұлттық өнер туралы білімдерін жүйеге түсіріп, шығармашылық қиялын дамыту,түстерді ажыратып, оларды бейнелеу өнерінде шебер қолдана білуге үйрету.

- батылдыққа өзіне деген сенімділікке, жұмысты өз бетінше орындауға, ептілік деңгейін көтеруге баулу.



Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ-жауап,эвристикалық, ақпараттандыру, интербелсенді тақтамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: ұлттық ою- өрнектер.семантикалық карта, сөзжұмбақ, интербелсенді тақта.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

Шаттық шеңбері.Үлкенге де Сіз!,

Кішіге де Сіз!

Бар Әлемді құрметтеп,

Бас иеміз біз!,

Үй тапсырмасын пысықтау.

- Ою түрлеріне мағлұмат жинап келу.

- Оқушылардың дайындалып келген мағлұматтары тыңдалады.

Қауымдастық құру

Ою- өрнектер




Мақсат қою кезеңі

Сабақтың тақырыбын мақсатын хабарлау



Жаңа сабақ.

Түсіндіру: Қазіргі таңда халықтың қолөнерге деген ынтасы анағұрлым артты.Халық өнерін жаңғыртып,одан әрі дамыту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Ою - өрнек өнері әлемнің барлық халықтарына тән ертеден келе жатқан халықтық мұра болып саналады. Сонымен қатар әрбір ұлттың өз тұрмыс салтына орай өзіндік қолтаңбасы бар екені де сөзсіз.

Бейнематериалмен жұмыс Мультфильм ертегі көру «Ою хан мен Жою хан»

Сұрақ – жауап . Ертегінің негізгі ойы не?



Ойын: «Сырлы бояу»

Ойын шарты: Әр түрлі заттарды өзіне тән бояумен бояу.



Сергіту сәті

Үнтаспадан: «Шіркін сурет сабағы» өлеңі ( қимылмен көрсету).



Оқулықпен жұмыс

Ою - өрнек түрлерімен танысу:


Жануар Өсімдік Аспан Геометриялық

әлеміне әлеміне әлеміне фигураларға



байланысты байланысты байланысты байланысты


Дәптермен жұмыс

Оқушыларға сурет салудан бұрын көркем жобалаудың негіздері мен композиция түрлерін, көлем кеңістіктегі форма қасиеттерін және композициялық құралдарын таныстырып өтемін. Оқушылардың өнерге деген ынтасын арттыра отырып, оларды салу жолдарын үйретемін.



  1. тақтаға бейнелеймін. Ою өрнек түрлерін симметриялы өрнектің салу жолдарын көрсетемін.

  2. Суреттегі ою- өрнектерді салу жолдарын дәптерлеріне дұрыс бейнелеуді қадағалаймын.

  3. Оқушыларды аралап жүріп,кеткен кемшіліктерін түзетемін.

  4. Бояу тәсілдерімен таныстырып өтемін.

«Семантикалық карта»




Жануар әлеміне байланысты

Аспан әлеміне байланысты

Геометриялық фигураларға байланысты

Өсімдік әлеміне байланысты

Мүйіз













Айшық













Гүл













Дәйексөздер мәзірі:

«Өнер талаптыдан туар» « Өнерді көп білген дана болар, өнерсіздің ісі шала болар» Ұнаған дәйексөздің мағынасын ашу.

Қортындылау.

Ою- өрнек түрлеріне тоқтала кетейік.



Үйге тапсырма. Ою - өрнектерден композиция құрып кел.

Жүректен-жүрекке
Жылқыбаев

Елжан

Хасенұлы.

Ауыл мектебі – алтын ұямыз.Онда талай шәкірт шыңдалып өсіп, болашаққа бастайтын білім мен тәрбие алады. Кейбіреулері жоғары оқу орындарында оқып білім алғаннан кейін, өзінің туып өскен ауылана жұмысқа барып жатады. Сондай адамның біреуі Жылқыбаев Елжан Хасенұлы. Алматы облысы Алакөл ауданы Ұшбүлақ ауылының Г. М. Безродных атындағы орта мектебінде ұстаз болып жұмыс істейді. Ол ұстаздар жанұясында тәрбиеленіп өскен. Әке – шешесі екі әпкесі ұстаздық жолында. Елжанда ұстаздықты таңдап өз отбасының таңдаған мамандығын жалғастыруда. Ол «Бейнелеу өнері және сызу» пәнінінің мұғалімі және сонымен қатар сынып жетекшілік қызметін атқарады. Биыл 11 сынып оқушыларын мектеп ұясынан ұшырғалы отыр.Сонымен қатар мектептің қоғамдық жұмыстарына ат салысып отырады, ұйымдастырушылық қабілеті де бар. Мектепте ұлдардың тәрбиесі жөнінде ,ұлдармен жұмыс істеуде басшылық етеді. Ауыл өмірінде жастар қоғамының төрағасы .Сабақ барысында оқушылардың танымдық шығармашылығының дамуына бейнелеу өнері сабағының ықпал ететін үлкен мүмкіндігі бар.Елжанның әрбір өткізген сабақтары қызықт ы, тартымды өтіп жатады ол қойған мақсатына жете біледі және де эстетикалық бағыт-бейнелеу өнері сабағына тән қасиет деп біледі. Бейнелеу өнерін оқыту барысында балалардың өзбеттілігі және белсенділігі жақсы дамуы үшін бірнеше талаптарды ескеріп отырады. Мұндай талаптардың бірі- сурет салуды және сызуды шебер түсіндіру,суреттің салу кезеңдерін айқын көрсету.Оқушылар салынатын нұсқауға өз бетінше талдау жасап,оның ерекшеліктерін анықтайды.Сондықтан болар оқушылары әордайым жүлдері орындар алуда. Бейнелеу өнеріне үйретудің негізіне қойылымды зерттеу,қоршаған дүниені,өмірі тану жатады.Ал балаларға сурет салуға және сызуға үйрету міндеттерінің бірі- табиғат заңына сәйкес жазықтықтың бетіне пішіндерді сала білу , сұлбаны нақышына келтіре сыза білу тәсілдерін үйрету.Атақты орыс педагогы,бейнелеу өнерінің майталманы П.П.Чистяковтың « Неғұрлым көп білсең,соғыұрлым көп көресің» деген сөздерін келтіре отырып, оқушыларына затты табиғи және оның мәні мен түрін көрсете отырып бейнелеуге ,сызуға үйрету арқылы шығармашылық қабілеттерін , ой ұшқырлығын дамытып отырады. Өткен оқу жылында мектепішілік «Жыл мұғалімі» конкурсына қатысып Елжан ІІІ –і орын иегері атанды, «Екі жұлдыз» байқауының да ІІІ орын иегері болды. Елжан Хасенұлынан балаға үйретуден жалықпайтын ұлағатты ұстаз деп сенім білдіруге болады.

Ұшбұлақ ауылының Г.М. Безродных

атындағы орта мектебінің оқу – ісі

жөніндегі орынбасары

Байдильдаева Динара Нурпейсовна


Алакөл ауданы Үшбұлақ ауылы

Г.М. Безродных атындағы орта

мектебінің мектеп жасына дейінгі

шағын орталығы бар мемлекеттік

мекемесінің бейнелеу және сызу

пәнінің мұғалімі Жилкибаев Е.Х.

шығармашылық

Есебі.

Ауыл мектебі – алтын ұямыз.Онда талай шәкірт шыңдалып өсіп, болашаққа бастайтын білім мен тәрбие алады. Кейбіреулері жоғары оқу орындарында оқып білім алғаннан кейін, өзінің туып өскен ауылана жұмысқа барып жатады. Менде сондай адамның біреуі Жылқыбаев Елжан Хасенұлы.Мен ұстаздар жанұясында тәрбиеленіп өскем. Әке – шешем екі әпкем ұстаздық жолында. Сондықтан болар менің де ұстаздықты таңдап өз отбасымның таңдаған мамандығын жалғастырудамын. Жоғарыда аталған метепте 2007 жылдан бастап «Бейнелеу өнері және сызу» пәнінінің мұғалімі және сонымен қатар 11 сыныбының сынып жетекшілік қызметін атқарамын. Мектепте ұлдардың тәрбиесі жөнінде ,ұлдармен жұмыс істеуде басшылық етемін. Ауыл өмірінде жастар ұйымының төрағасы болып сайландым .Сабақ барысында оқушылардың танымдық шығармашылығының дамуына бейнелеу өнері сабағының ықпал ететін үлкен мүмкіндігі бар.Әрбір өткізген сабақтарым қызықт ы, тартымды өтіп жатады деп сенемін , себебі , қойған мақсатыма жете білемін және де эстетикалық бағыт-бейнелеу өнері сабағына тән қасиет деп білемін. Бейнелеу өнерін оқыту барысында балалардың өзбеттілігі және белсенділігі жақсы дамуы үшін бірнеше талаптарды ескеріп отырамын. Мұндай талаптардың бірі- сурет салуды және сызуды шебер түсіндіру,суреттің салу кезеңдерін айқын көрсету.Оқушылар салынатын нұсқауға өз бетінше талдау жасап,оның ерекшеліктерін анықтау.Сондықтан болар оқушыларым әрдайым жүлдері орындар алуда. Бейнелеу өнеріне үйретудің негізіне қойылымды зерттеу,қоршаған дүниені,өмірді тану жатады.Ал балаларға сурет салуға және сызуға үйрету міндеттерінің бірі- табиғат заңына сәйкес жазықтықтың бетіне пішіндерді сала білу , сұлбаны нақышына келтіре сыза білу тәсілдерін үйрету.Атақты орыс педагогы,бейнелеу өнерінің майталманы П.П.Чистяковтың « Неғұрлым көп білсең,



соғыұрлым көп көресің» деген сөздерін келтіре отырып, оқушыларына затты табиғи және оның мәні мен түрін көрсете отырып бейнелеуге, сызуға үйрету арқылы шығармашылық қабілеттерін , ой ұшқырлығын дамытып отырамын.

Осы уақыт аралығында «білік - білім» дағдысы бойынша сызу мен бейнелеу пәндері бойынша белгіленген күнтізбелік жоспармен көптеген жұмыстар жүргізілді.

Оқушыларды жан – жақты тәрбиелеуде, ой - өрісін дамытып, жүйелі ойлау , есте сақтау қабілеттерін арттыруда, жоспарға сай, күнделікті жоспарланған жұмыстар өз уақытында белгілі дәрежеде өтіп отырады.Сызу, бейнелеу сабақтарында алған білімдерін, іскерлікпен әрі қарай жетілдіріп, қарындашпен қылқаламмен, сулы бояумен, гуашьпен, тағы басқа құрал - жабдықтармен жұмыс істеуге бейімделеді. Айналадағы қоршаған табиғаттың әсемдігін,әдемілігін сезінеді, олардың ерекшелігін көбірек түсінеді. Бейнелеу өнерінің түрлерімен , жанрлармен әрі қарай тереңірек танысып, сурет салу іскерлігін арттыруды үйренеді.Халқымыздың белгілі суретшілерімен, мүсіншілерімен, сәулетшілермен танысты.Қолөнер мен айналысып, ою- өрнек салды, ертегі тақырыптарына арнап безендірулер жасайды.

Отанымызды қорғау, табиғатты аялау, халқымыздың мереке – мейрамдарына және еңбек, ғарышкер спорт тақырыптарына арнап сурет сала алады.Бұл сабақты шығармашылық қабілетті эстетикалық талғамды дамыту. Сауатты сурет салу да бейнелеу мен сызу пәні бойынша дұрыс білім алды деген оқушыларда бар.

Еженғалиева Арайлым, Әльханова Мейірлен , Муқыжанова Арайлым.

Сайынов Ернат , Қадылқан Айдана, Әльханова Мейірім,

Еженғалиева Аяулым, Елубаева Жансая, Траисова Жазира

Мухамеджанова Данияр, Әльханов Мейірхан, Ногаева Динара, Қажыбаева Асель сияқты оқушыларымды атап өтсем артық емес. Әр тоқсан сайын әр сыныпта көрме өткізіліп тұрды. Мектепішілік көрме ұйымдастырылды.

«Тәуелсіздік елдігімнің айғағы» , «Қауіпсіздіктен сақтан!» «Абайла, балақай, көктайғақ» «Құстар ұшып келеді», «Табиғатты аялайық»

«Мейірімділік», «Менің анам» , «Ұлы жеңіс күні », «Күз – береке,

күз - мереке» , «Жасыл шырша»көрмелері ұйымдастырылды. Аудандық жас суретшілер ұйымы ұйымдастырған суретшілер байқауына оқушыларым қатысып отырады.Өткізген ашық сабақтарымды баспа беттеріне жариялауға жібердім, Республикалық «Бейнелеу өнері және сызу » ғылыми әдістемелік жұрналына ,облыстық «Білім шапағаты» газетіне және «Жетысу » газетінен мен туралы жазылған аздаған мағлұмат оқи аласыздар.Мектептің қоғамдық жұмысына белсене араласамын, өткен оқу жылында мектепішілік «Жыл мұғалімі» конкурсына және «Екі жұлдыз» байқауларына қатысып , екеуінен де ІІІ орын иегері атандым.

Мен әлі жас маманмын, осы уақытқа дейін істеген жұмысымды ескере отырып балаға үйретуден жалықпайтын ұлағатты ұстаз шығады деп сеніңіздер.


_______ Жилкибаев Е.Х.

(Қолы)
жүктеу 4,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау