13 Тақырып Сенімділікке сынау (1 сағат)


-кесте - Өнімнің әр түрі үшін сенімділік көрсеткіштері



жүктеу 160,64 Kb.
бет2/2
Дата27.11.2022
өлшемі160,64 Kb.
#40360
1   2
13 Тақырып

4-кесте - Өнімнің әр түрі үшін сенімділік көрсеткіштері


Объектілер

Тоқтаусыздық

Сақталу

Ұзақсүргіштік

Жөндеуге жарамдылық

Қалпына келмейтін

P (t), (t), Тср (t)

Тхр

Тр, ,Тсл

-

Қалпына келетін

P (t), (t), То

Тхр

Тр, ,Тсл

Тв

Объектінің сенімділік ықпал ету сипаты, әдетте, кездейсоқ болып келетін көптеген факторларға тәуелді.


Сенімділікке қойылатын талаптар сипатына байланысты сенімділік сынағын жүргізудің түрлі әдістерін пайдаланады:
-анықтау сынағы, нәтижесінде сенімділік көрсеткіштерінің сандық мәндерін анықтайды (мәселен, қабыл алмауға істелген орташа жұмыс – 150с.);
-бақылау сынағы, нәтижесінде сынақтан өтетін бұйымның сенімділік көрсеткіштерінің мәні белгілі ықтималдыққа ие кейбір мәндерден төмен еместігін (немесе жоғары еместігін) белгілейді.
-сертификаттау мақсаты үшін негізінен сенімділікке анықтау сынағын қолданады.
Сенімділікке сынаудың анықтау не бақылау түрлері болсын, негізгі кезеңдері мыналар болып табылады: сынақты жоспарлау, ұйымдастыру, жүргізу және алынған ақпаратты өңдеу.
Жоспарлау үлгілерді іріктеудің белгіленген ережелерінен, сұрыптау көлемін анықтауды және сынақ мерзімінің ұзақтығын, қабылдау мен бракқа шығарудың шамаларын таңдаудан тұрады. Сынақтарды ұйымдастыру мен жүргізу сынақ барысындағы тәртіп пен шарттарды регламенттеуді, процесінде бақыланатын өлшемдерді бақылаудыіске асыруды, қабыл аллмауларды тіркеуді, есеп құжатарының үлгісін т.б.алдын ала қарастырады.
Анықтау және бақылау снақтары үшін сынау кезеңдерінің әрқайсысындағы жұмыс көлемі мен мәні бірдей емес. Анықтау сынақтарында сынақты жоспарлау кезеңдері салыстырмалы түрде қарапайым және күтілетіндәйектілік пен бағаның берілген нақтылығынасүйене отырып белгіленетін сынақтарға және партия көлемі мен ұзақтығына шамалап баға беруге барып тіреледі. Анықтау сынақтары барысында жұмыстың негізгі көлемін алынған ақпаратты өңдеу кезеңінде атқаруға тура келеді. Бұл ақпарат статистикалық болып табылады және сондықтан оны өңдеу үшін ықтималдық теориясы мен математикалық статистиканы пайдалану қажет.
Қабыл алмауға істелген орташа жұмыс орташа арифметикалық түрде:
Тср = (37)

болып анықталады.


Орташа шаршылық ауытқушылықты оның орташа мәніне қатысты Тср:
= (38)
формуласымен анықтайды.
Экспоненциальді бөлініс заңының қасиетін пайдалана отырып, (орташа шаршылық ауытқушылықтың жұмыстың орташа уақытына теңдігі = Тср),
= Тср / , аламыз, бұдан
N= [Tср/ ]2 (39)
Бөліністің экспоненциальді заңына сәйкес қабыл алмаудың пайда болу мүмкіндігі мен сынау ұзақтығы өзара мынадай тәуелділік бойынша байланысады:
осыдан
t = -T ln [1- Q (t)] (40)
Сыналатын бұйымдардың қалпына келуін қолдану сынақтардың ақпараттығын олардың санын көбейтпей-ақ арттыруға мүмкіндік береді.
Сыналатын бұйымдар санын істелген орташа жұмыстың орташа шаршылық мәнін анықтау өрнегін пайдалана отырып табуға болады:
(41)
Егер қоршаған орта факторлары мен сенімділік ықпалына жүргізілетін сертификаттау сынақтары негізінен күрделі техникалық бұйымдар мен түзілістер үшін жүргізілетін болса, онда функционалды көрсеткіштерге сертификаттауға жататын барлық өнім түрлері сыналады.

СӨЖ үшін бақылау тапсырмалары (13 тақырып) (3,4)



  1. Сенімділік көрсеткіштері.

  2. Сенімділік көрсеткіштері қандай сипатқа ие?

  3. Сенімділік сынақ жүргізудің негізгі әдістері.

  4. Сенімділік сынақ жүргізудің негізгі кезеңдері.

  5. Сенімділікке сынақ жүргізуді ұйымдастыру мен өткізу.

жүктеу 160,64 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау