13 ресми (Соңы 14-бетте) Қазақстан республикасы



жүктеу 2,61 Mb.
Pdf просмотр
бет6/13
Дата23.11.2018
өлшемі2,61 Mb.
#24315
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

18

 11 ЖЕЛТОҚСАН 2017 ЖЫЛ

РЕСМИ

Тасымалдауға  жатпайтын  науқастар  (туберкулезбен  ауыратын  науқастардан 



басқа) көшіруге жатпайды.

107. Қатты сырқат сотталғандарды тасымалдау кезінде оларға ілесіп жүру үшін 

медицина қызметкерлері бөлінеді. Тасымалданушы сотталғандардың арасында білікті 

медициналық көмекке мұқтаж науқас болған жағдайда ілесіп жүру үшін дəрігер бөлінеді. 

Дəрігердің қорытындысы бойынша этапталу мүмкіндігі туралы көрсеткен ілеспе парағы 

бар сотталғанды этаптық вагонның қарауыл бастығы қабылдайды.

108. Сотталғандарға ілесіп жүруге бөлінген медициналық қызметкер:

1) сотталғандарды күзетпен қабылдауға қатысады, жіберу алдында санитарлық 

өңдеуді жүргізудің толықтығы мен сапасын бақылап сотталғандарды эшелонға кіргізуге 

бірнеше сағат бұрын эшелон бастығы жəне темір жол медициналық қызметінің өкілімен 

бірге вагондардың санитарлық жай-күйі мен жабдықтарын, тамақтардың бар болуы 

ме н сапасы, тамақтарды сақтайтын ыдыстардың бар-жоғын тексереді;

2)  сотталғандарға  жолда  əскери  қарауыл  жасайтын  жеке  құрамға  медициналық 

көмек көрсетеді;

3) жолда ауырып қалған науқаст ар анықталған кезде жəне білікті дəрігер көмегін 

қажет ететіндерге немесе жіті жұқпалы аурула р пайда болған кезде, вагон бастығы 

арқылы оларды жақын арадағы ауруханаға немесе медициналық  ұйымға жатқызуға 

шаралар  қабылдау  жəне  эпидемияға  қарсы  іс-шараларын  ішкі  істер  органдарының 

санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау топтары күштерімен жүргізуге қатысады.

 109.  Ілесіп  жүретін  медицина  қызметкері  болмаған  жағдайда,  жол  үстінде 

сотталғандарға  медициналық  көмек  көрсету  қажет  болған  кезде  əскери  қарауыл 

бастығының  жеделхаты  бойынша  жақын  маңайдағы  медициналық  ұйымдардың 

көмегімен жүзеге асырылады.

110.  Сот  процесіне,  тергеу  органдарына  жəне  жазасын  өтеу  орындарына  ас 

қабылдаудан  бас  тартқан  адамдарды  жіберу  мекемеде,  ТИ-де  ұсталатын  басқа 

адамдардан  бөлек  (арнайы  вагонның  немесе  арнайы  көліктің  жеке  камерасында) 

медициналық қы зметкердің ілесіп жүруімен ж үргізіледі.

Егер жол үстінде ас қабылдаудан бас тарту осы адамның денсаулығына немесе 

өміріне  қауіп  төндіретін  болса,  онда  ілесіп  жүрген  медициналық  қызметкердің  жаз-

баша  қорытындысы  бойынша  ол  жақын  маңайдағы  ауруханалардың  біріне  қажетті 

медициналық көмек көрсетумен қамтамасыз етіліп, жатқызылады.

111. Жіберудің алдында сапасыз медициналық қаралған немесе емдеу мекеме-

леріне науқасты ауруды қабылдаудан негізсіз бас тарту фактілері бойынша қызметтік 

тергеу жүргізіледі.

112. Алты айдан асқан жүкті əйелдерді немесе бір айдан екі жасқа дейінгі бала-

лары бар əйелдерді, есі ауысқан жəне ауыр халдегі ауруларды арнайы вагондарда, 

басқа  сотталғандардан  оқшаулап,  жіберуші  органның  медициналық  қызметкерінің 

ілесіп жүруімен тасымалданады. Арнайы вагондағы медициналық қызметкерге демалу 

үшін жолсеріктің купесінен орын жəне төсек орын жабдықтары беріледі. Сотталғанға 

əрдайым медициналық бақылау қажет болмаған жағдайда, ол туралы сотталғанның 

жеке ісі бойынша анықтамасында белгі қойылып, медициналық қызметкердің көрші 

вагонда ілесіп жүруіне жол беріледі.

113.  Медициналық  қ ызметкерлердің  ілесіп  жүрушілерге  кіріп-шығу  мерзімділігін 

жіберуші  орган  айқындайды.  Алапеспен  ауыратын  сотталғандарды  тасу  арнайы 

жабдықталған вагондарда жүзеге асырылады.

114. Мекемеден, ТИ-ден босатылар алдында стационарлық емді қажет ететін адам 

медициналық ұйымдардың стационарына жатқызылады, сондай-ақ қауіпсіздігі барынша 

төмен ме кемелерге жіберілер жəне мекемеден босатылар алдында жұқпалы аурулар-

ды болдырмау мақсатында, сонымен қатар сотталғанның тұрғылықты мекенжайына 

өз бетінше жету туралы мəселелерді шешу үшін сотталған алдыңғы тексеру күніне 

тəуелсіз  міндетті  түрде  флюро-рентгенографиялық  жəне  клиникалық-зертханалық 

тексеруден  өтеді.  Тексеру  қорытындысы  амбулаторлық  пациенттің  медициналық 

картасына енгізіледі.

115. Сотталғандарды қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерге жіберу кезінде олар-

ды мекеменің медициналық бөлімінің ДКК қарап тексеруді жүргізеді. Қорытындысы 

амбулаторлық пациенттің медициналық картасына енгізіледі. Қаралған қорытындысы 

бойынша осы Қағидаларға 12-қосымшаға сəйкес нысан бойынша денсаулық жағдайы 

туралы ДКК қорытындысы жеке ісіне енгізу арқылы беріледі.

Міндетті емді қабылдамаған, сондай-ақ, ЕАМ арнайы емді қажет ететін сотталғандар 

(мүгедектер,  мəжбүрлеп  емделуі  аяқталмаған  адамдар,  психиатриялық  паталогия-

мен, еңбегін толық көлемде пайдалануға кедергі келтіретін, жиі асқынулары болып 

тұратын созылмалы ауруына байланысты диспансерлік қадағалауда есепте тұрған, 

белсенді  туберкулезбен  ауыратындар,  сондай-ақ  туберкулездің  үлкен  қа лдықты 

өзгерістерімен  есепте  тұрған  диспансерлік  топ  бойынша  бақылаудағылар, 3-4 

клиникалық сатысындағы ЖИТС-пен ауыратындар, қауіптік кезеңдегі жұқпалы аурумен 

ауыратындар, жүйелік аурулармен ауыратындар) қауіпсіздігі барынша төмен мекеме-

лерге аударылуға жатпайды.

116. Босатылуға жататын сотталған өзінің ауруының əсерінен, психикалық жағда-

йына жəне дене бітімінің кемшілі гіне байланысты тұрғылықты мекенжайына өз бетімен 

жете алмайтын жағдайда, медициналық бөлім басшысы мекеме бастығына сол туралы 

хабарлайды, ол еріп жүрушілердің қажетті санын бөледі.

117. Этаптау кезінде қайтыс болған сотталғанның мəйіті жəне оның заттары жақын 

арадағы көліктегі ішкі істер органдарына тапсырылады. Мұндай жағдайда қызметтік 

тергеу жүргізіледі.

118.  Мекемеден,ТИ-ден  босатылғаннан  кейін  қарттар  мен  мүгедектер  үй-

интернаттарына жіберілуді қажет ететін адамдар болған жағдайда, мекеме əкімшілігі 

босатылардан  үш  ай  бұрын  жергілікті  əлеуметтік  қамтамасыз  ету  органдарына 

көрсетілген адамдарды босат ылғаннан кейін тиісті үй-интернаттарына орналастыру 

үшін қажетті құжаттарды ұсынады.

АИТВ-дəрежесі  оң  адамдар  мекемеден,  ТИ-ден  босатылған  жағдайда  ақпарат 

аумақтық ЖИТС-тың алдын алу жəне оған қарсы күрес жөніндегі орталыққа ұсынылады.

8-параграф. Мекемелерде жəне ТИ-де шұғыл медициналық

көмек көрсетуді ұйымдастыру

119.  Шұғыл  медициналық  көмек  алғашқы  жəрдем  көлемінде,  дəрігерге  дейінгі, 

алғашқы  дəрігерлік  жəне  білікті  медициналық  көмек  ретінде  штаттық  күштер  мен 

құралдарға б айланысты көрсетіледі.

Медициналық көрсетілімдер бойынша науқастар шұғыл медициналық көмек көрсету 

үшін медициналық ұйымдарға ілесіп жүру арқылы жолданады, олар осы Қағидаларға 

13-қосымшаға сəйкес нысан бойынша мемлекеттік денсаулық сақтауды басқарудың 

жергілікті органының медициналық ұйымдарына шығару журналына тіркеледі.

Шұғыл  медициналық  көмек  көрсетуге  кез  келген  уақытта  дайын  болу  үшін 

амбулаторияның  ем  жасайтын  жəне  таңу  (ота  жасайтын  бөлме)  бөлмелерінде 

қауіпті  жағдайларда  жедел  медициналық  көмек  көрсету  үшін  дəрілік  препараттар, 

залалсыздандырылған хирургиялық құрал-саймандар, бір рет қолданылатын шприцтер, 

залалсыздандырылған таңу материалдары əрдайым дайын болады.

Шұғыл  көмек  көрсетуге  арналған  процедура лық  шкафтарда  тиісті  аурулардың 

негізгі ауру белгілері бар кесте, дəрілік формулярға сəйкес шұғыл медициналық дəрілік 

құралдардың тізбесі орналастырылады.

Медициналық бөлімнен тыс жерде шұғыл медициналық көмек көрсету үшін əрқашан 

құрал-саймандар жиынтығы (сөмке, шабадан немесе бикс) болады.

120.  Мекеменің,  ТИ-дің  медицина  қызметкерін  медициналық-санитариялық 

қамтамасыз  етумен  байланысты  емес  жұмыстарды  орындауға  жұмылдыруға  жол 

берілмейді.

121. Ағымдағы жұмсауға арналған барлық медикаменттер жəне шұғыл медициналық 

көмек көрсетуге арналған заттар құлыптанатын жəне мөрленетін үй-жайлардың ар-

найы шкафтарында сақталады. 

Дəрі-дəрмекті жəне басқа да шығыс заттарын тек он күн қажеттіліктен аспайтын 

мөлшерде  болған  жағдайда  амбулаторияда  сақтауға  жол  беріледі.  Науқасқа  дəрі-

дəрмек  берер  алдында  дəрінің  белгіленген  күнінің  жəне  жарамдылық  мерзімінің 

сəйкестігі тексеріледі.



9-параграф. Стационарлық жəне стационарды алмастыратын 

медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру

122. Ауруханаға жатқызу, оның ішінде жедел жатқызу үшін көрсеткіштер тəулік бойы 

бақылауды жəне стационарлық емдеуді талап  ететін жағдайлар болып табылады.

123.  Тасымалдануын  ескере  отырып,  науқас  тиісті  бейіні  бар  жақын  маңайдағы 

медициналық ұйымға жатқызылады.

Жол үстінде медицинал ық іс-шаралар жүргізу, сондай-ақ қажеттілік пайда болған 

жағдайда  дəрі-дəрмектер  мен  құрал-саймандары  бар  сөмкесімен  медициналық 

қызметкер науқасты (зардап шеккен адамды) алып жүреді. Жедел ауруханаға жатқызу 

туралы жолдамада көрсетілген көмек жəне көшірілгеннің жағдайы туралы мəліметтер 

қысқаша жазылады. Медициналық қызметкер айдауыл құрамына кірмейді жəне емдеу 

мекемелерінде жатқан ауру сотталғандарды қадағалауды жəне күзетуді жүзеге асыр-

майды, тек қана медициналық алып жүру функциясын ғана орындайды.

124.  Медициналық  бөлім  дəрігері  науқасты  тексеру  кезінде  диа гнозын  анықтау 

үшін  анамнез  мəліметтерін,  медициналық  құжаттарын,  тексеру  қорытындысын, 

зертханалық  мəліметтерін,  рентгенологиялық  жəне  тексерудің  функционалдық 

əдістерін  пайдаланады.   Қажет  болған  жағдайда,  аурулары  туралы  медициналық 

ұйымдардан  сотталғанға  жəне  қамауға  алынғанға  дейінгі  тұрғылықты  мекенжайы 

бойынша мəліметтер сұратылады.

Стациона рлық  жəне  стационарды  алмастыратын  медициналық  көмек  үнемі 

дəрігерлік  бақылауды,  тəулік  бойы  қарқынды  күтімді  қажет  ететін,  емделу  жəне 

диагностикаға  кешенді  ыңғайлануды,  тексерудің  күрделі  əдістерін  жəне  ең 

соңғы  медициналық  технологияларды  қолдануды  керек  ететіндерге  көрсетіледі. 

Стационарлық көмек көрсететін ЕАМ-де қажет болған жағдайда стационарды алма-

стыратын күндізгі бөлімше құрылады.

125. Медициналық бөлімнің стационарлық жəне стационарды алмастыратын күндізгі 

бөлімшесіне ауруларды қабылдау амбулаторлық пациенттің медициналық картасында 

стационарлық тексеру жəне емдеу керектігі туралы дəрігердің қорытындысы болған 

жағдайда іске асырылады. Стационарға келіп түскендер туралы мəліметтер № 907 

Бұйрықпен бекітілген №001/е нысаны бойынша белгіленген науқастарды қабылдауды 

есепке алу жəне ауруханаға жатқызуға қабылдамау журналына енгізіледі.

Медициналық бөлім стационары:

1) емдеу жəне диагностикалау хаттамаларына сəйкес науқастарды тексеру жəн е 

емдеуге;

2) ауруханадан шығарылған науқастарды стационарлық толық емдеуге;

3)  жұқпалы  аурулары  бар  немесе  күдіктілерді  мамандандырылған  ауруханаға 

жіберілге нге дейін уақытша оқшаулауға;

4) тасымалдауға жатпайтын науқастардың жағдайы жақсарғанға жəне соматикалық 

ауруханаға жолдағанға дейін стационарлық емдеуге;

5)  диспансерлік  бақылаудың  жоспары  бойынша  стационарлық  емдеуге  немесе 

сауықтыру тобына жататын адамдарды орналастыруға;

6) денсаулығына байланысты жазасын өтеуден босатылатындар, жатақханада тұру 

мүмкіндігі жоқ, ауруханаларға жіберілуге көрсеткіштері жоқ науқастарды орналастыруға 

арналған.

Қажет болған жағдайда стационарлық немесе стационарды алмастырушы меди-

циналық көмек курсын ұзарту ДКК шешімі бойынша жүзеге асырылады. Медициналық 

бөлім стационары тек медициналық көрсетілімдер бойынша қолданылады.

126. Мекеменің, ТИ-дің басшысы штат бойынша тиісті төсек-орында рдың берілуін 

жəне олардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

127.  Əрбір  науқасқа  № 907 Бұйрықпен  бекітілген 003/у  нысандағы  белгіленген 

үлгідегі стационарлық науқастың медициналық картасы жүргізіледі.

Стационарға жедел немесе жоспарлы жатқызудың, сондай-ақ шығу оқиғаларының 

барлығын медициналық бөлім жасақ бастығына (корпус бойынша аға маманға) ха-

барлайды.

Мекемеде, ТИ-де ұсталған адамдардың қайтыс болу оқиғалары осы Қағидаларға 

14-қосымшаға сəйкес нысан бойынша өлім жағдайларын тіркеу журналында тіркеледі.

Мекемеде, ТИ-де ұсталған адамдардың қайтыс болуының əрбір фактісі бойынша 

қызметтік тексеру жүргізіледі.

128. Айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулары бар (жұқпалы, ж ұқпалы тері 

аурулары, психикалық аурулар) адамдар бөлек ұсталады.

129. Стационарға келіп түскен науқастар санитариялық өңдеуден өтуге жатады. 

Науқастың  жағдайына  байланысты  санитариялық  өңдеу  толық  н емесе  ішінара  бо-

луы мүмкін. 

Қажет болған жағдайда науқастың киімі залалсыздандырылады. Науқастың киімі 

мен аяқ-киімі стационардың арнайы бөлінген үй жайында сақталады, іш киімдері жууға 

тапсырылады, шы ғатын кезде өзіне қайтарылады.

Медициналық бөлім дəрігерлері ауруларды күнделікті тексеріп отырады. Аурулар ға 

күнделікті жазбаны жеңіл ауырған жағдайда үш күнде 1 рет, ал орташа ауыр жəне қатты 

ауыр жағдайларында күн делікті жүргізіледі.

Медициналық бөлім басшысы науқасты аптасына бір рет жəне міндетті түрде түскен 

жəне шығатын күні тексереді.

Дəрігерлік  тағайындаулар,  дене  қызуын  тексеру,  антропометрикалық  зерттеуді 

кезекші фельдшер (медбике) жүргізеді.

Науқасқа төсек, жартылай төсекте жату  немес е жалпы режим белгіленеді. Төсек 

режимі дене қызуы көтерілген, жалпы əлсіздік танытатын, интоксикация белгілері бар 

ауруларға, жартылай төсек режимі — аз қимылды талап ететін ауруларға, жалпы - 

қимылдауға шек қойылмайтын ауруларға белгіленеді. 

Стационарда  жүрген  науқас  медициналық  бөлімнің  б арлық  мүмк індіктерін, 

құрал-саймандар мен зертханалық зерттеу əдістерін қолданумен тексеруден өтеді. 

Медициналық ұйымның дəрігерле рі консультация өткізуге шақыртылады. Жоспарлы 

консультациялау кесте бойынша ал, шұғыл жағдайларда кез келген уақытта жүзеге 

асырылады.

Хирургиялық араласу, қан құю, оның құрамдас бөлігі, диагностиканың инвазивті 

əдісі ауруд ың жазбаша келісімімен қолданылады.

Сотпен қабілеті жоқ деп танылған, психикалық күйзеліске (ауруларға) ұшыраған 

науқастарға  хирургиялық  араласу,  қан  құю,  оның  құрамдас  бөлігі,  диагностиканың 

инвазивті əдісі олардың заңды өкілдерінің жазбаша келісімімен қолданылады.

Хирургиялық араласудың, қан құю, оның құрамдас бөлігі, диагностиканың инвазивті 

əдісін қолданудың кешіктірілуі науқастың денсаулығына қауіп туғызған жағдайда, ал, 

науқастан немесе оның заңды өкілінен жазбаша келісім алу мүмкін болмас а, қолданған 

шара туралы заңды өкілдеріне немесе науқасқа кейінірек хабарлаумен, шешімді дəрігер 

немесе консилиум қабылдайды.

130. Стационарда медициналық көмектің көлемі медициналық бөлі мдерде маман-

дəрігерлердің болуымен жəне ЕАМ жарақтандыруға жəне оны пайдалану талаптарына 

сəйкес болуымен анықталады.

131. Стационар құрамында психикалық ауытқулары жəне жұқпалы ауру түрімен ауы-

ратындарды оңаша ұстау үшін палата жабдықталады. Палата (ауруханаға жатқызғанға 

дейін) жұқпалы ау ру түрімен  ауыратындарды (оның ішінде туберкулезбен ауыратындар-

ды), жұқпалы ауруларға сезіктілерді жəне оларға алғашқы медициналық көмек көрсету, 

науқастарға күтім жасау, бақылау үшін сонымен қатар, аурудың диагностикасы үшін 

қажетті материалдарды алу мақсатында уақытша ұстауға арналған. 

Палатада ағымдағы жəне қорытынды дезинфекция уақтылы жасалады. Палатадағы 

медициналық  қызметкерлер  арнайы  бөлінген  халаттарды  пайдаланады  жəне  жеке 

гигиена ережелерін қатаң сақтайды.

132. Медициналық бөлімнің стационарында тəулік бойы кезекші санитар болады. 



10-параграф. Емдеу-профилактикалық мекемелерде соматикалық аурумен 

ауыратын жəне психикалық ауытқулары бар сотталғандарға стационарлық 

медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру

133. Білікті медициналық көмек медициналық бөлім мамандарының жолдамасы 

бойынша көп бейінді ауруханаларда көрсетіледі. Медициналық көрсеткіштері бойын-

ша пациент мамандандырылған жəне жоғары маманданған медициналық көмек алу 

үшін денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органының медициналық 

ұйымына ауыстырылады.

Соматикалық жəне психикалық аурулармен ауыратын сотталғандарды (бұдан əрі 

-  науқастар)  стационарлық  емдеуге  жіберу  кезінде  сотталған  ұсталатын  мекеменің 

басшысы мекеме ДКК қарастырғаннан кейін үш жұмыс күн і ішінде аумақтық ҚАЖ ор-

ганы басшысынан алдын-ала рұқсат (наряд) сұрайды. Аумақтық ҚАЖ органы кейін 

үш жұмыс күні ішінде ҚАЖ уəкілетті органының басшысынан сотталғанды ауруханаға 

жатқызу туралы, осы Қағидаларға 15-қосымшаға сəйкес нысан бойынша алдын-ала 

рұқсат (наряд) сұрайды.

ҚАЖ уəкілетті органы науқас сотталғанды ауруханаға жатқызуға рұқсатты (наряд) 

бес жұмыс күні ішінде береді. 

Ай сайын жиырма бесінші күніне ҚАЖ уəкілетті органының психиатриялық жəне 

соматикалық ауруханалардан науқастың түскен жəне емделіп шыққан кездегі диагнозы, 

емдеу нəтижесін жəне өткізілген төсек - күндерін көрсету арқылы стационарлық емдеу 

курсынан өткен науқас сотталғандар туралы ақпарат ұсынылады.

134. Сұрау салумен бірге нақты сотталғанның аурулары көрсетілген жəне мекеменің 

медициналық бөлім басшысының қорытындысымен осы Қағидаларға 16-қосымшаға 

сəйкес  нысан  бойынша  стационарлық  емге  жіберуге  арналған  шығару  эпикризі 

жолданады.  Қорытындыда  ауруды  дəлелдейтін  анамнестика лық  жəне  клиникалық 

мəліметтер көрсетіледі. Психикалық науқастарды жіберу кезінде қосымша мекеменің 

дəрігер-психиатрының стационарлық емдеу қажеттілігі туралы қорытындысы, бұрын 

психоневрологиялық  диспансерде  қаралғаны  туралы,  ертеде  амбулаторлық  жəне 

стационарлық сот-психиатриялық сараптамадан өткені туралы мəліметтер жіберіледі.

Жатып  емделуге  (Кодекстің 94-бабында  көрсетілген  жағдайларды  қоспағанда) 

осы Қағидаларға 17-қосымшаға сəйкес нысан бойынша науқастың ауруханаға жатуға 

келісімі (қолхат) қажет.

Егер  де  науқас  жатып  емделуден  бас  тартса,  мекеме  бастығының  атына  бас 

тартқаны туралы өтініш алын ы п, сотталғаның ауру тарихында немесе амбулаторлық 

картасында сақталады. Егер науқас, ө зінің жай - күйіне байланысты, жағдайына дəл 

баға бере алмаған жағдайда, стационарлық емдеу медициналық көрсеткіші бойын-

ша жүргізіледі.

135. Психикалық аурумен ауырған сотталғандар, туберкулездің белсенді түрімен 

ауыратын науқастарды стационарлық емделуге жолдау кезінде, олармен бірге, ішінде 

міндетті түрде медициналық картасы бар жеке ісі жіберіледі. 

Белсенді туберкулез анықталған стационарлық емді қажет ететін психикалық науқас 

сотталғандар психиатриялық аурухананың инфекциондық изоляторында емделу курсы 

кезінде, туберкулезге қарсы ем бірге жүргізіледі.

136.  Науқасты  стационарлық  емдеуге  тасымалдауға  ол  жарамды  болғанда 

жүргізіледі, қажет болған жағдайда жіберуші органның медициналық қызметкері ілесіп 

жіберіледі.  Ілесіп  жүру  қажеттілігін  жіберуші  органның  медициналық  бөлім  басшы-

сы шешеді. Міндетті түрде психикалық науқастар, алты айдан асқан жүкті əйелдер 

ілесіп жүргізіледі.

137. Науқастар стационарлық емдеуге:

1)  жіберуші  органның  медициналық  бөлім  басшысының  стационарлық  емделу 

қажеттілігі туралы қорытындысы;

2)  тексерілу  жəне  психиатриялық  ауруханада  емді  жүргізудің  қажеттілігі  туралы 

дəрігер психиатрдың қорытындысы;

3) ҚАЖ уəкілетті органының келісімі (наряд);

4)  сотталғанның  медициналық  құжаттарымен  қоса  жеке  ісі  болған  жағдайда 

жатқызылады. 

138.  Қазақстан  Республикасы  Қылмыстық-атқару  кодексінің 161-бабына  сəйкес 

жазасын өтеуден босатуға жататын сотталғандар бұрын ұсталған мекемеге қайтарыл-

майды,  босату  туралы  сот  шешімі  шыққаннан  кейін  олар  босату  орны  бойынша 

медициналық ұйымдарға ауыстырылады.

139.  Медициналық  ұйымдарға  жатқызылған  бас  бостандығынан  айрылған 

сотталғандарды күзету Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 

17  ақпандағы  №36  қбпү  бұйрығымен  бекітілген  (Нормативтік  құқықтық  актілерді 

мемлекеттік  тіркеу  тізілімінде  №14922  тіркелген)  Қылмыстық-атқару  жүйесінің 

мекемелерінде  ұсталатын  адамдардың  мінез-құлқына  бақылау  мен  қадағалауды 

жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру жəне қарап тексеру мен тінту жүргізу 

қағидаларына сəйкес жүзеге асырылады.

140.  Венерологиялық,  паразитарлық  жəне  жұқпалы  аурулармен  ауыратын 

сотталғандар ұстау орны бойынша еммен қамтамасыз етіледі.

141. Науқас əйелдер мен ер жəне əйел жынысты кəмелетке толмағандарды ар-

найы  медициналық  комиссия  куəландырады  жəне  ауруына  байланысты  жазасын 

өтеу  уақытынан  бұрын  босатылу  үшін  материалдар  оларды  ұстау  орны  бойынша 

сотқа ұсынады.

142. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрінің 

2015  жылғы 21 мамырдағы  № 367 бұйрығымен  (Нормативтік  құқықтық  актілерін 

мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11512 болып тіркелген) бекітілген Əлеуметтік мəні бар 

аурулардың жəне айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесіне сəйкес 

туберкулезбен науқастарды қоспағанда əлеуметтік маңызы бар аурулары бар адам-

дарды жазаларын өтеуден босатудың барлық жағдайында мекеме əкімшілігі мерзімнің 

аяқталуы  бойынша  бір  ай   бұрын  жəне  өзге  де  негіздер  бойынша  босатылғаннан 

кейін  (шартты  түрде  мерзімінен  бұрын  босату,жазаның  өтелмеген  бөлігін  жазаның 

неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру, рақымшылық, кешірім жасау актілері) үш жұмыс күні 

ішінде босатылатынның тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымға мекеменің 

орналасқан орны бойынша денсаулық сақтау субъектісінен тіркеуден шығара отырып, 

паспорт деректерін, диагнозын, жүргізілген емі туралы ақпарат жолдайды.

143. Туберкулезбен науқастарды босату кезіндегі іс-шаралар Қазақстан Респуб-

ликасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 530  бұйрығымен (Норма-

тивтік  құқықтық  актілерін  мемлекеттік  тіркеу  тізілімінде  №9762  болып  тіркелген) 

бекітілген  Қылмыстық-атқару  жүйесі  мекемелерінде  туберкулезге  қарсы  көмекті 

ұйымдастыру қағидаларына сəйкес жүргізіледі.

144. Мекемеден босатылған əлеуметтік мəні бар ауруы бар адам тұрғылықты жеріне 

ке лгеннен кейін медициналық ұйымдар оны денсаулық сақтау субъектілеріне тіркейді. 

Тіркегеннен кейін медициналық ұйымдар бір ай мерзімде мекемеге диспансерлік есепке 

қойылғаны туралы ақпарат жолдайды.



11- пар аграф. Қалпына келтіру емдері жəне медициналық оңалтуды 

ұйымдастыру. Уақытша еңбекке жарамсыздыққа сараптама жүргізу.

145. Мекемеде, ТИ-де уақытша еңбекке жарамсыздығы сараптамасын медициналық 

бөлім,  аурухана  дəрігері  жүзеге  асырады.  Уақытша  еңбек ке  жарамсыздығы 

сараптамасының  міндеттері  сотталғандардың  еңбекке  жарамдылығын  уақытша 

жоғалту белгілерін анықтау болып табылады. Ауруларға байланысты жарақат жəне 

кемшіліктер салдарына ағза функциясының тұрақты бұзылуы анықталған жағдайда 

оларды ДКК-ға жібереді.

146. Уақытша еңбекке жарамсыздық фактісі анықталған жəне амбулаторлық ем-

делуден өту үшін ауруы бойынша жұмыстан босату қажет болған кезде медициналық 

құжаттарда жұмыстан босату жəне ем тағайындау туралы жазба жасалады, уақытша 

еңбекке жарамсыздық себебін тіркеу талоны толтырылады. 

 Емдеу дəрігері ауруға күнтізбелік үш күн мерзімге дейінгі еңбекке жарамсыздық 

парағын (халық арасында тұмау ауруы жоғарылауы кезеңінде - алты күнге) береді. 

Жарамсыздық  парағын  алты  күннен  көп  ұзартуды,  одан  əрі  ұзарту  мерзімдері  ДКК 

қорытындысы бойынша емдеуші дəрігер ше шеді.

Жұмыстан сырттай босатуға жол берілмейді. Ауруды тексеру жұмыстан босатуды 

ұзарту жəне жұмысқа шығар алдында жүргізіледі.

Бір дəрігер немесе фельдшер жұмыс істейтін мекемеде, ТИ-де жұмыстан босату 

барлық ауырған кезеңіне негіздеу арқылы беріледі.

147. Еңбек болжамы қолайлы жіті ауру кезінде босату еңбек жарамдылығы қалпына 

келгенге дейін беріледі. Жіті аурулар кезінде созылмалы жағдайға ауысуға жақын болса, 

жұмыстан босату еңбек болжамы қолайлы болғанға дейін беріледі. 

 Егер ДКК қорытындысы бойынша с отталғанды мүгедектігін анықтау мақсатында 

медициналық-əлеуметтік  сараптамаға  (бұдан  əрі - МƏС)  жолдау  үшін  негіздеме 

болмаған  жағдайда,  бірақ  еңбек  жағдайы  аурудың  клиникалық  ағымын  жəне  ауру 

болжамын  нашарлататын  болса,  ДКК-ның  анағұрлым  жеңілі рек  жұмысқа  уақытша 

ауыстыру  туралы  қорытынды  беріледі.  Мерзімін  ДКК  аурудың  ауырлығына  жəне 

асқынуына байланысты белгілейді.

148. Диагностикалық, емдік жəне оңалту кешенді іс-шараларын өткізгеннен кейін 

сотталғанда ағзаның функционалдық бұзылуы анықталған жағдайда, мекеменің, ТИ-

дің əкімшілігі жинақтап халықты əлеуметтік қорғау саласындағы уəкілетті органның 

аумақтық бөліністеріне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік 

даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №44 бұйрығымен бекітілген медициналық-

əлеуметтік  сараптама  жүргізу  қағидаларынасəйкес  (Нормативтік  құқықтық  актілерді 

мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10589 тіркелді) куəландыратын адамға құжаттарын 

мекеменің,  ТИ-дың  орналасқан  орны  бойынша  жинақтап  аумақтық  бөліністеріне 

ұсынады. 

Егер ДКК қорытындысы бойынша сотталғанды мүгедектігін анықтау мақсатында 

медициналық-əлеуметтік  сараптамаға  (бұдан  əрі - МƏС)  жолдау  үшін  негіздеме 

болмаған  жағдайда,  бірақ  еңбек  жағдайы  аурудың  клиникалық  ағымын  жəне  ауру 

болжамын  нашарлататын  болса,  ДКК-ның  анағұрлым  жеңілірек  жұмысқа  уақытша 

ауыстыру  туралы  қорытынды  беріледі.  Мерзімін  ДКК  аурудың  ауырлығына  жəне 

асқынуына байланысты белгілейді.

149. Мекеменің, ТИ-діңəкімшілігі мүгедектерді кезекті қайта куəланд ыру мерзімін 

ескере отырып, қайта куəландыруға (қайталап куəландыру) ұсынады.

150.  Мекеменің,  ТИ-дің  əкімшілігі  МƏС  өткізудің  уақыты  жəне  орны  туралы 

мəселелерді шешеді.

151. МƏС өткізу сотталғанның қатысуымен жүргізіледі. Мекеменің, ТИ-дің əкімшілігі 

халықты əлеуметтік қорғау саласындағы уəкілетті органның аумақтық бөлініс өкілдерінің 

қауіпсіздігін жəне еріп жүруін қамтамасыз етеді.



12- параграф. Дене жарақаттары, жарақат жəне улану кезінде медициналық 

көмек көрсетуді ұыймдастыру

152. Мекемеге, ТИ-гекеліп түскендердің барлығы міндетті түрде дене жарақатта-

рының бар-жоғына тексеріледі.

153.  Дене  зақымдарының  бар-жоғына  (өндірістік  жарақат,  жазатайым  оқиғалар 

нəтижесінде)  медициналық  куəландырудың  əрбір  фактісі  бойынша  медициналық 

қызметкер  мекеме,  ТИ  бастығына  баянатпен  хабарлайды,  бұл  жөнінде  мекеменің, 

ТИ-дің кезекші көмекшісіне дереу хабарланады.

154. Мекемеде, ТИ-де ұсталатын адамдарға дене жарақаттарын келтіру туралы 

фактілер, сондай-ақ оларға дене жарақаттарын түсіру туралы шағыммен жүгінгендері 

туралы мекеменің, ТИ-дің əкімшілігі прокуратура органдарына хабарлайды. Барлық 

фактілер осы Қағидаларға 18-қосымшаға сəйкес нысан бойынша жарақат жағдайларын 

тіркеу журналына тіркеледі.

Дене  жарақатын  алған  адамның  шағымдануы  немесе  шағымданданушының 

денесінде дене жарақаттары анықталған кезде құрамында мекеме бастығының кезекші 

көмекшісі, жедел қызмет қызметкері жəне медициналық қызметкері бар кезекші ауы-

сым дене жарақаты туралы немесе өз-өзіне зақым келтіру туралы (куəландыру) акт 

толтырады. Барлық дене жарақаттарын анықтау немесе шағымдану жағдайларында 

прокуратура, ішкі істер органдары сот-медициналық сараптама тағайындау туралы 

қаулы шығарады.

155. Мекемеде, ТИ-де ұсталатын адамдар арасында дене зақымдары, жарақаттар 

мен улануларды алдын алу жөніндегі іс-шараларды барлық қызметтер жүргізеді.

156. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мекемеде, ТИ-

де  ұсталатын  адамдарды  тиісінше  ұстауды  қамтамасыз  ету  бойынша  талаптарын 

орындау,жарақаттар мен уланулардың, жазатайым жағдайлардың алдын алу үшін ме-

кеме, қызметтер бастықтары жəне медициналық қызметкерлер тарапынан бақыланады:

1) бұйрықтар мен нұсқаулықтардың талаптарын орындау бойынша бағыныстағы-

лармен жүйелі түрде сабақтарды жүргізу;

2) мекемеде, ТИ ұсталатын адамдардың біліктілігі мен денсау лық жағдайына сəйкес 

оларды еңбекте пайдалану;

3)  техника  қауіпсіздігінің  негізгі  ережелерін  зерделеу,  жарақаттар  мен  улану-

ларды жеке алдын-алу шараларымен таныстыру, жарақаттар, уланулар жəне апат 

жағдайларында (өзіне өзі көмек көрсету жəне өзара көмек көрсету ретімен) алғашқы 

көмекті көрсету тəсілдерін зерделеу жəне практикалық өңдеу бойынша сабақтарды 

мекемеде, ТИ-де ұсталатын адамдармен жүйелі түрде жүргізу;

4)  техникалық  нұсқаулау  жəне  жұмыстың  белгіленген  түрлеріне  рұқсатнама 

ресімдеу;

5) санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу;

6) əлсіз дене дамуы жəне созылмалы аурулары бар адамдарды  ұдайы бақылау, 

оларға  еңбек  ұсынымдарын  белгілеу  жəне  олардың  жұмысқа  орналастырылуын 

бақылау;


7) жарақаттар мен уланулардың мəн-жайларын жəне себептерін олардың алдын алу 

бойынша нақты іс-ш аралар əзірлей отырып жүйелі түрде зерделеу болып табылады.

157. Мекеменің, ТИ-дің медициналық бөлімі жұмысының жоспары бойынша ме-

дицина  қызметкері  мекемеде,  ТИ-де  ұсталатын  адамдардың  еңбегінің  санита рлық-

гигиеналық жағдайларын, еңбекті сақтандыру жəне өндіріс санитариясы ережелерінің 

орындалуын,  дəрі-дəрмек  қобдишалары  жəне  санитариялық  сөмкелерінің  болуын 

жəне  жабдықталуын,  өндірістегі  ауыз  су  жабдықтаудың  жай-күйін,  арнайы  киімнің 

болуын,  аймақтың,  жұмыс  орындарының  санитарлық  жағдайларын  медициналық 

бақылауды жүзеге асырады. Тексеріс нəтижелері цехтің, учаскелердің жəне мекеме-

де, ТИ-де ұсталатын адамдар ды еңбекте пайдалану объектілерінің əкімшілігі атына 

айқындалған кемшіліктерді жоюдың нақты мерзімдері к өрсетіліп, тексеру актілерімен 

жəне ұйғарымдармен ресімделеді.

Өндірісте  санитарлық-гигиеналық  өрескел  бұзушылықтар  айқындалған  кезде 

тексеріс нəтижелері тікелей мекеме басшылығына оларды жою үшін дереу шараларды 

қабылдау үшін баяндалады. Кемшіліктерді жою жөніндегі шаралар қабылданбаған кез-

де медициналық бөлімнің бастығы жоғары тұрған медициналық басшыға баяндайды.

158.  Өндірістік  объектілер  медициналық  қызмет  көрсетумен  мынадай  тəртіпте 

қамтамасыз етіледі:

1) мекемеде, ТИ-де ұсталатын адамдардың еңбегін ұйымдастыратын барлық цех-

тар, дербес учаскелер, шеберханалар мен объектілер алғашқы көмек көрсетудің дəрі-

дəрмек қобдишаларымен жабдықталады. Дəрі-дəрмек қобдишаларының сақталуына 

жəне уақтылы толтырылуына цехтың, учаскелердің бастықтары, шеберлері жауапты. 

Қобдишалардың толтырылуын өндіріс есебінен медициналық қызметкерлер жүргізеді;

2) жеке учаскеде, цехта, жұмыс істейтін əрбір өндіріс бригадасында немесе бригада 

тобында алғашқы көмекті көрсету үшін арнайы дайындалған бір сотталған бөлінеді, 

оны мекеменің медициналық бөлімі дəрі - дəрмектері жəне таңу материалдары бар 

санитариялық сөмкемен қамтамасыз етеді;

3)  егер  өндірісте  зардап  шеккен  жəбірленуші  жедел  дəрігерлік  көмек  көрсетуді 

қажет  етсе,  оны  медициналық  бөлім  немесе  жақын  жердегі  медициналық  ұйымға 

апару ұйымдастырылады.

159.  Қазақстан  Республикасының  еңбек  заңнамасына  сəйкес  жұмысшының 

(жұмысшылардың)  кемінде  бір  күн  мерзімге  жұмысқа  жарамсыздығын  жоғалтуына 

əкеп соққан өндіріспен байланысты əрбір жазатайым оқиға медициналық қорытындыға 

(ұсынымдарға),  тергеу  материалдарына  сəйкес  жазатайым  оқиға  туралы  актімен 

ресімделеді.

Өндірістік жарақат, кəсіптік ауру немесе улану туралы тергеу материалдарының 

актісі белгіленген тəртіпте сотталғанның жеке ісіне тіркеледі.

4-тарау. Кейбір аурулар мен жағдайлар 

кезіндегі емдеу-профилактикалық іс-шаралар

1 -параграф. Психикалық ауытқулармен ауыратын  адамдарға қатысты емдеу-

профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру

160. Мекемеде, ТИ-деұсталатын адамдарға медициналық тексеру жүргізер алдын-

да дəрігер қамауға дейін психоневрологиялық диспансерде (бұдан əрі - ПНД) есепте 

тұрған, сот-психиатриялық сараптамаға немесе оны өткен адамдарды анықтау мəніне 

жеке істің материалдарымен жəне медициналық құжаттамамен танысады.

Қажет болған кезде амбулаторлық аурудың медициналық карталарынан көшірме 

үзінділер жəне осы сараптаманы өткізген мекемелерден сот-психиатриялық сарап-

тама актілерінің көшірмелері сұралады. Тексерілетін адамда психикалық бұзылудың  

бар - жоғын анықтау тек дəрігер психиатрдың құзыры болып табылады, осы мақсатта 

денсаулық  сақтау  органдары  медициналық  ұйымдарының  дəрігер-психиатрлары 

жұмылдырылады. 

Дəрігер-психиатрдың  мұқият  медициналық  тексерісі не  олардың  психикасын-

да  ауытқулар  бар  деп  ұйғаруға  негіз  беретін  əрекеттерді  жасайтын,  невротикалық 

сипаттағы  шағымдармен  жиі  жүгінетін  немесе  мінез-құлқында  ауытқушылықтар 

байқалатын (эмоционалды ашушаң,  ұстау режимін бұзатын себепсіз қылықтарды жиі 

(Жалғасы. Басы 17-бетте) 

жасайтын, жан-жал жасайтын адамдар жəне аутоагрессивтік жəне суицид əрекеттерін 

жасауға бейім адамдар), бұрын ПНД есебінде тұрған, сондай-ақ сот-психиатриялық 

сараптамамен ақыл есі дұрыс деп табылған, бірақ психикалық ауытқулары бар адам-

дар тартылады.

Психикалық  аурудың  диагнозын  тек  дəрігер-психиатр  белгілейді.  Диспан серлік 

есепке қою жəне диспансерлік есептен шығару мекеменің медициналық бөлімі ДКК 

коми ссиялық шешімімен ғана жүзеге асырылады.

161. Дəрігер-психиатрға тексеруге жіберілген адамдар екі не гізгі топқа бөлінеді:

1) консультациялық есепке алу тобы:

ұдайы қадағалауды емес, уақытша емдеуді талап е тетін невротикалық ауытқулары 

бар аурулар;

терең  тұрақты  ремис сиялары  бар   компенсация  жағдайларындағы  психикалық 

ауытқулармен ауыратын адамдар;

психикасының  саласындағы  бұзушылығы  табылмаған  жағдайда  консультация 

тəртіб імен тексеріске жіберілгендер.

Бұл топтың аурулары арнайы есепке алынбайды.

 2) диспансерлік есепке алу тобы:

үрдістің кезеңі не қарамастан психикалық аурудың барлық нысандарымен ауыра-

тындар, оның ішінде резидуальдық белгілері бар, жеке басының патологиясы бар (пси-

хопатиялар), олигрофрениямен, эпилепсиямен, орталық жүйке жүйесінің органикалық 

өзге психикалық ауытқуларымен ау ратындар;

невроздың ауыр нысандарымен, реактивтік жəй-күймен ауыратын адамдар.

162.  Диспансерлік  есепке  қою  жəне  диспансерлік  есептен  алу  мекеменің 

медициналық бөлімінің ДКК шешімімен жүзеге асырылады.

163. Консультациялық жəне диспансерлік есепте алынған əрбір ауруға, сондай-

ақ есінің дұрыстығы жоққ ш ығармайтын психикалық ауытқыларына байланысты сот 

амбулаториялық бақылау жəне мəжбүрлеп емдеу белгілеген адамдарға психикалық 

(наркологиялық)  ауытқылары  бар  адамдарды  қадағалау  картасы  жəне  психикалық 

ауруды  диспансерлік  бақылау  картасы  толтырылады.  Сотталғанды  бір  мекемеден 

басқа мекемеге ауыстырған кезде Карта жеке істің материалдарына сотталғандардың 

амбулаторлық картасымен бірге тіркеледі.

164.  Мекемелердегі  психикалық  ауруларды  емдеу  амбулаторлы  немесе 

медициналық бөлімдердің стационарында жүргізіледі. Сот-психиатриялық сараптамасы 

тағайындалған адамдарға психикалық ауытқуына байланысты емдеу іс-шаралары тек 

жіті психотикалық жағдайда болған, құрысу ұстамалары жəне ауыр декомпенсациялар 

болған кезде жүзеге асырылады. Есі дұрыс емес деп танылған адамдарға емдеу ша-

ралары медициналық бөлімнің стационарында қалған контингенттен оқшаулау арқылы 

жүргізіледі.  Мекеменің  медициналық  бөлімі  стационарындағы  психикалық  аурумен 

ауыратын  сырқаттарды  мекеменің  дəрігер-психиатры  күн  сайын  қарайды.  Дəрігер-

психиатр болмаған жағдайда емдеу шараларын медициналық бөлімнің бастығы не-

месе дəрігер-терапевт аумақтық денсаулық сақтау органдарының медициналық ұйымы 

дəрігер-психиатрларының  ұсынымы  бойынша  дəрігер-терапевт  жүзеге  асырады. 

Тексеру нəтижелері стационарлық аурудың медициналық картасына енгізіледі. Ауруды 

стационардан шығарған кезде толық эпикриз жасалады, ол психикалық (наркологиялық) 

ауруды қадағалау картасына жазылады.

165. Жіті психотикалық жай-күйімен жəне аурудың жиі декомпенсациялары бар, 

медициналық бөлім жағдайларында ұзақ болмаған адамдарға стационарлық көмек 

қылмыстық-атқару жүйесі психиатриялық ауруханасында (бөлімшесінде) көрсетіледі. 

Ауру жіті жағдайдан шыққанға дейін жазбалар күн сайын, одан əрі кемінде үш күнде 

бір рет жүргізіледі. Ауру стационарда ұзақ болған кезде əрбір үш айда кезеңдік эпи-

криз жасалады. Ауруды ауруханадан (бөлімшеден) шығарған кезде оны амбулаторлық 

қарау, емдеу жəне еңбекке тиімді орналастыру мəселелері бойынша медициналық 

ұсынымдар жасай отырып, толық қо рытынды эпикриз жасалады.

166. Сотталғанды ауруына байланысты жазасын өтеуден босату мəселесін шешу 

кезінде психиатриялық куəландыруды мекемелердің дəрігерлерінен тұратын дəрігерлік  

комиссия жүргізеді. Комиссия құрамында кемінде екі дəрігер - психиатр болуы тиіс.

Куəландырудың нəтижесі бойынша қорытынды шығарылады, оның негізінде мекеме 

əкімшілігі сотқа материалдар жібереді.

2- параграф. Алкоголизммен жəне нашақорлықпен (уытқұмарлықпен) 

ауыратын адамдарға қатысты емдеу-профилактикалық іс-шараларын 

ұйымдастыру

167. Алкоголизммен (нашақорлықпен, уытқұмарлықпен) ауыратындарды мəжбүрлеп 

емдеуді  сот  шешімі  негізінде  медициналық  бөлімінің  дəрігер  психиатр-наркологы 

жүргізеді, қажет болған жағдайда стационарлық емдеуге ҚАЖ ЕАМ жібереді.

168. Алкоголизмнен немесе нашақорлықтан (уытқұмарлықтан) мəжбүрлеп емдеу 

белгіленген  сотталғандарды  мекемеге  түскеннен  кейін  үш  күндік  мерзімде  психи-

атр-нарколог  қарайды,  ол  алғашқы  əңгім елесу  жүргізу  кезінде  оны  ұйымның  жəне 

мекемеде  мəжбүрлеп  емдеуді  жүргізудің  негізгі  ережелерімен  таныстырады.  Бұл 

сотталғандар  диспансерлік  есепке  қойылады.  Осы  санаттағы  əрбір  сотталғанға 

психикалық  (наркологиялық)  ауруды  диспансерлік  қадағалаудың  бақылау  картасы 

жəне наркологиялық аурудың медициналық амбулаторлық картасы жүргізіледі. Емдеу 

диагностикалаудың  жəне  емдеудің  клиникалық  хаттамаларына  сəйкес  жүргізіледі. 

Шағымдар, синдромдар, жатқызуға көрсетілімдері пайда болған жағдайда сотталғандар 

ҚАЖ  ЕАМ-не  стационарлық  емделуге  жіберіледі .  Алкоголизм  жəне  нашақорлық 

(уытқұмарлық) бойынша белсенді емдеу курсы аяқталған соң одан əрі дамытпау емі 

тағайындалады. 

169. Мəжбүрлі емнен бас тарту белгіленген жазасын өтеу тəртібін өрескел бұзу 

болып  табылады,  психотерапиялық  əсер  етудің  барлық  əдістері  аяқталғаннан 

кейін  қылмыстық-атқару  заңнамасына  сəйкес  сотталғандарға  жазалау  ша ралары 

қолданылады. 

170.  Емдеуді  «үзуге»  жол  берген  сотталғандарғаа  рецедивке  қарсы  терапия 

жүргізіледі.  Емдеуді  «үзу»  деп  мəжбүрлеп  емдеудегі  сотталғандардың  алкогольді, 

оның сурогаттарынан, есірткі жəне басқа да есеңгірететін заттарды қабылдауы бо-

лып танылады.

171. Сотталғандарға мəжбүрлі ем алу кезеңінде дина микалық бақылау жəне ремис-

сия сапасын бақылау кезінде міндетті түрде тоқсанына бір реттен кем емес уақытта 

ағзада есірткі заттарының болуына талдаулар жүгізіледі. 

172.  Мəжбүрлеп  емдеуге  жатпайтын  сотталғанда  созылмалы  алкоголизм 

(нашақорлық,  уытқұмарлық)  айқындалған  кезде,  оған  ерікті  түрде  алкоголизм 

(нашақорлық, уытқұмарлық) бойынша терапия курсынан өту ұсынылады.

Ерікті түрде емдеуден бас тартқан жағдайда, мекеменің медициналық бөлімінің 

бастығынан  жəне  дəрігер-терапевттен,  дəрігер-психиатрдан  (наркологтан)  тұратын 

медициналық  комиссия  қорытынды  шығарады,   оның  негізінде  мекеменің  əкімшілігі 

медициналық  сипатты  мəжбүрлеу  шараларын  қолдану  туралы  сот  алдында  өтініш 

жасайды.

173. Мəжбүрлеп емдеудің тоқтатылуын мекеме əкімшілігінің ұсынымы бойынша 

сот  жүргізеді.  Алкого лизммен  жəне  нашақорлықпен  (уытқұмарлықпен)  ауыратын 

адамдарды мəжбүрлеп емдеудің ұзақтығы Қазақстан Республи касының Қылмыстық-

атқару кодексінің 26-бабына жəне Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 

96-бабына  сəйкес  белгіленеді.  Аурудың  рецидиві  жəне  емдеу  курсы  бұзылмаған 

жағдайда медициналық комиссия мəжбүрлеп емдеуді тоқтату туралы мəселені шешу 

үшін материалдар дайындайды.

Мəжбүрлеп  емдеуді  тоқтату  туралы  мəселені  шешу  үшін  негіз  медициналық 

комиссияның қорытындысы болып табылады.

Сот мəжбүрлеп емдеуді алып тастағаннан кейін алкоголизммен ауыратын адамдар 

үш жыл диспансерлік есепте тұрады, нашақорлар – бес жыл.

174. Алкоголизмнен (нашақорлықтан) мəжбүрлеп емдеуден өткен сотталғандарды 

жазасын  өтеуден  босатудың  барлық  жағдайында  медициналық  бөлім  мерзімінің 

аяқталуы  бойынша  босатылардан  бір  ай  бұрын  жəне  өзге  себептермен  (шарт-

ты  түрде  мерзімінен  бұрын  босату,  өтелмеген  жаза  бөлігін  неғұрлым  жеңіл  түріне 

ауыстыру,  рақымшылық  актісі,  кешіру)  босатылғаннан  кейін  үш  жұмыс  күн  ішінде 

босатылғанның  тұрғылықты  мекенжайы  бойынша  мемлекеттік  денсаулық  сақтауды 

басқарудың  жергілікті  органдарының  медициналық  ұйымдарына  наркологиялық 

аурудың амбулаториялық картасынан алкоголизм (нашақорлық, уытқұмарлық) жағдайы 

бойынша жүргізілген мəжбүрлеп емдеу жəне оның нəтижесі туралы көшірмесін жібереді.

175. Бас бостандығынан айыру орындарынан босату кезінде емдеу аяқталмаған 

жағдайда  медициналық  комиссия  оны  жалғастырудың  қажеттілігі  туралы  дəлелді 

қорытынды жасайды. Қорытындының негізінде мекеме əкімшілігі сотқа мемлекеттік 

денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдарының медициналық ұйымдарында 

мəжбүрлеп емдеуді жалғастыру туралы ұсыныс жолдайды.

176. Мекемеде, ТИ-де ұсталатын адамдарда масаңдыққа ұқсас сыртқы көріністердің 

болуына күмəн туған жағдайда масаңдыққа куəландыру жүргізіледі. 

177. Куəландыруды дəрігер психиатр-нарколог немесе арнайы дайындалған басқа 

мамандықтың дəрігерлері жүргізеді. Наркологиялық ұйымдарда арнайы дайындықтан 

өткен фельдшерлерге медициналық куəландыруды жүргізуге рұқсат етіледі. Нəтижелері 

осы Қағидаларға 19-қосымшаға сəйкес нысан бойынша психобелсенді затты қабылдау 

фактісін  жəне  масаңдық  жағдайын  анықтауға  медициналық  куəландыру  актісімен 

ресімделеді.

178. Тексерілетін адамның жағдайының ауырлығына байланысты куəландыруды 

толық  көлемде  жүргізу  мүмкін  болмаған  жағдайда  тыныс  алу  ауасында  жəне 

биологиялық орталарда (қан, зəр, сілекей) психобелсенді заттардың болуына тексе-

ру жүргізіледі. Биологиялық сынаманың анықталу жəне кезектілігі дəрігер (фельдшер) 

тексерілеушінің клиникалық жағдайының ерекшеліктерімен анықталады.

179. Куəландыру жүргізетін дəрігер (фельдшер) барлық жағдайда бекітілген үлгі 

бойынша медициналық қорытынды шығарады. Қорытындыда тексерілетін адамның 

сыртқы келбеті, оның мінез-құлқы, эмоционалдық жай-күйі, сөзі, вегето-тамыр реак-

циясы,  санасының,  бағдарының,  жадының,  қозғалыс  координациясының  бұзылуы, 

неврологиялық  жəне  соматикалық  саласының  жай-күйі,  тыныс  алу  ауасында 

психобелсенді заттар иісінің болу ы туралы мəліметтер толық жазылады. Бұл ретте 

куəландырудан өтетін адамның шағымына, өзінің жай-күйін субъективті бағалауына 

көңіл бөлінеді. Зертханалық  зерттеулер жүргізілген жағдайда, нəтижелері ескеріледі. 

180. Клиникалық тексеру мəліметтері психобелсенді заттарды қолданумен байла-

нысты жағ дайы мəселесі бойынша медициналық қорытындының басты негізі болып 

саналады.  Масаңдықтың  клиникалық  көрінісіне  дəрігердің  күмəні  туындаған  неме-

се  куəландырудан  өтетін  адам  куəландыру  қорытындысымен  келіспеген  жағдайда 

куəландырылылатын  адамда  тынысалатын  ауаның  жəне  биологиялық  орталардың 

(қан, зəр, сілекей) зерттеуі жүргізіледі.

181. Медициналық куəландыру негізінде тексеріс уақытында куəландырылылатын 

адамның жағдайы айқын сипатталатын қорытынды шығарылады. 

Дəрігер (фельдшер) қорытынды əзірлеу кезінде клиникалық жəне (қажет жағдайда) 

зертханалық мəліметтер негізінде мынадай жағдайлардың бірін  анықтайды:

1) сау;


2)  психобелсенді  заттарды  қабылдау  фактісі  анықталды,  масаңдық  белгілері 

анықталмады;

3) деңгейлері бойынша алкогольдік масаю (жеңіл, орташа, ауыр);

4)  басқа  психобелсенді  заттарды  қабылдаудан  туындаған  (есірткі-опиоидтар, 

каннабиноидтар, кокаин, тыныштандыратын, ұйықтататын заттар, психоқоздырғыштар, 

ұшып  кететін  еріткіштер),  зертханалық  расталған  масаңдық  жағдайы  (есірткілік, 

уытқұмарлық).

3-параграф. Тамақ қабылдаудан бас тартқан адамдарға қатысты емдеу-

профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру

182.  Мекемеде,  ТИ-де  ұсталатын  адамдар  наразылық  білдіру  ретінде  тамақ 

қабылдаудан  бас  тарту  фактісі  анықталған  жағдайда  мекеме  басшылығы  тамақ 

қабылдамау себебін анықтайды жəне бұл туралы жоғары тұрған аума қтық қылмыстық-

атқару  жүйесі  органын,егер  бұл  күдікті  мен  айыпталушы  болса,  қылмыстық  істі 

жүргізуді өндірісіне алған адамды немесе органды, жазаны орындаудың заңдылығын 

қадағалауды жүзеге асыратын прокурорды хабардар етеді. 

 183.  Мекемеде,  ТИ-де  ұсталатын  тамақ  қабылдаудан  бас  тартқан  адам 

мүмкіндігінше  басқалардан  бөлек  ұсталады  (денсаулық  жағдайына  қауіп  төнген 

жағдайда  медициналық  бөлімнің  стационарында)  жəне  медициналық  қызметкердің 

бақылауында болады. Тамақ қабылдаудан бас тартқан адамның денсаулығына қауіп 

төнген жағдайда оның денсаулығын қалыптандыруға бағытталған шаралар, оның ішінде 

мəжбүрлі  шаралар  дəрігердің  жазбаша  қорытындысы  негізінде  жəне  медициналық 

қызметкердің қатысуымен жүзеге асырылады (мəжбүрлі тамақтандырудан басқа). 

184.  Мекеменің  кезекші  бөлімінде  тамақ  қабылдаудан  бас  тарту  бойынша 

қадағалауда  тұрған  адамдардың  тізімі  болады.  Медициналық  құжаттамаларда  осы 

адамдардың денсаулық жағдайы туралы жазба күнделікті жүргізіледі. 

185. Күдікті мен айыпталушының сотталғанның, тамақ қабылдаудан бас тартуы 

оларды этаппен жіберуге немесе айдауылдауға, тергеу əрекеттеріне жəне сот отыры-

старына қатысуға кедергі келтірмейді. Қажет жағдайда этаппен жіберу немесе айдау-

ылдау медициналық қызметкердің еріп жүруімен жүзеге асырылад ы. 

186.  Тамақ  қабылдаудан  бас  тартқан  адамға  денсаулық  жағдайының  нашарла-

уы  өміріне  қауіп  төндірген  жағдайда  шаралар  қабылданады.  Осы  науқаспен  тамақ 

қабылдаудан бас тартудың денсаулыққа келтіретін зияны туралы əңгімелеседі. Қажет 

жағдайда денсаулық жағдайы нашарлаған кезде дəрілік заттарды тағайындаумен бірге 

қоректік қоспамен зонд арқылы жасан ды тамақтандыру жүргізеді. 

Жасанды  тамақтандыру  үшін  қоректі  қосп а  құрамында  ақуыз,  май,  көмірсулар, 

дəрумендер мен тұздардың қажетті көлемі болады. 

Қажет  болған  жағдайларда  қоректі  қоспаға  науқас  қабылдауға  бас  тартқан 

дəрілерді қосады.

187.  Өз  денесіне  зақым  келтірген  адамдар  медициналық  көмектен  бас  тартқан 

жағдайда оларға мүмкін болатын зардаптар түсіндіріледі. 

188.  Мүмкін  болатын  зардаптарды  көрсету  арқылы  медициналық  көмектен  бас 

тарту медициналық құжаттарда ресімделеді жəне медициналық көмектен бас тартқан 

адамның жəне  медициналық қызметкердің қолы қойылады. 

Медициналық  көмектен  бас  тартқан  науқас  қол  қоюға  бас  тартқан  жағдайда  

ол  туралы  медициналық  құжатта  сəйкес  жазба  жасалады  жəне  медициналық 

қызметкердің қолы қойылып, медициналық көмектен бас тарту туралы акт жасала-

ды.  Актқа  медициналық  қызметкердің,  режим  жəне  жедел  бөлім  қызметкерлерінің 

қолдары қойылады.



Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша 

жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы 

мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету 

қағидаларына 1-қосымша

нысан

Арнайы мекемелерде (УҰИ, ҚО, ƏАО) ұсталатын адамдардан 

бастапқы жауап алу жəне медициналық көмек көрсетуді тіркеу 

ЖУРНАЛЫ

Р/с


Тегі, аты, 

əкесінің аты 

(бар болған 

жағдайда)

Жасы Келіп 

түскен 

күні


Шағымдары Түскен уақытта 

анықталды

Медициналық 

қызметкерді 

шақыру жəне оның 

келген уақыты

1

2

3



4

5

6



7

 

 



 

 

 



 

 

Кестенің жалғасы



Көрсетілген 

медициналық 

көмектіңсипаты

Ауруханаға 

жатқызу, емдеу 

мекемесінің атауы

Ұсынымдар

Арнайы меке-

ме бойынша 

кезекшінің қолы

Ескертпе

8

9



10

11

12



 

 

 



 

 

 Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жаза-



сын  бас  бостандығынан  айыру  орындарында  өтеп  жүрген,  арнайы  мекемелерге 

орналас тырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларына 2-қосымша

нысан

20___ жылғы _______ арнайы мекемедегі медицина қызметкерінің 

кабинетіне жүгінуді тіркеу журналы

Р/с


Шақыру немесе 

жүгіну күні мен 

сағаты


Науқастың Т.А.Ə. (бар 

болған жағдайда), 

туған жылы

Камера 


Жүгіну 


себебі

Алғашқы, 

қайта шақыру, 

белсенді келуі

1

2

3



4

5

6



 

 

 



 

 

 



 

Кестенің жалғасы

Жүгіну кезіндегі 

денсаулық жағдайы, 

объективті жал-

пы жағдайының 

деректері. Диагнозы

Алғашқы медициналық 

көмек көрсету, сондай-ақ 

кім жəне қашан, науқастың 

қайда жіберілгені не-

месе жедел жəрдемнің 

шақырылғаны, шақыру 

жəне келу уақыты туралы 

мəліметтер

Жедел жəрдем бри-

гадасы дəрігерінің 

науқасты УҰИ 

қалдырған жағдайда 

одан əрі ұстау 

мүмкіндігі туралы 

белгісі


Ескертпе

7

8



9

10

 



 

 

 



 Ескертпе:

 1. Журналды медициналық қызметкер жүргізеді.

 2. Журналға медициналық қызметкерінің кабинетіне медициналық көмекке жүгінген 

барлық адамдар енгізіледі.

 3. Журналдың барлық бағандарын толтыру керек. Жазбалар ұқыпты, түсінікті бо-

луы, оларды өшіруге жол берілмейді.

 4. Журнал парақтары нөмірленген, тігілген жəне мөрмен бекітіледі.

 Пайдаланылған журналдар соңғы жазба енгізілген күннен бастап бес жыл ішінде 

арнайы мекемеде сақталады, содан кейін белгіленген тəртіппен жойылады.

 

Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жаза-



сын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге 

орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларына 

3-қосымша

 нысан

№ _____ медициналық тексеру картасы

____________________________________________________________________

ішкі істер органының арнайы мекемесінің атауы

Т.А.Ə. (бар болған жағдайда)___________________________________________

Жынысы__________Туған жылы_______________Мекенжайы_______________

Түскен кездегі шағымдар_______________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Объективті тексеру деректері: Бойы______ Салмағы____ АҚҚ____мм рт.ст.

Денені  тексеру  бойынша  деректер  (зақымдану,  тыртықтардың,  дақтардың, 

инъекциялардың, ине іздерінің бар-жоғы мəніне тері жамылғысын

сипаттау жəне одан əрі осыған ұқсас)___________________________________

____________________________________________________________________

Ағзалар мен жүйелер бойынша тексеру деректері (сүйек-бұлшық етаппараты, 

жүрек, өкпе, несеп-жыныстық жүйесі) ___________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Психоневрологиялық мəртебесі_________________________________________

____________________________________________________________________

Жолдама берілген күні:

1. рентген-флюорографиялық тексеруге___________________________________

Нəтижесі


____________________________________________________________________

2. АИТВ-инфекциясына________________, нəтижесі________________________

3. мерезге__________________, нəтижесі__________________________________

Басқа да зертханалық зерттеулердің нəтижелері____________________________

____________________________________________________________________

Босатылған немесе тергеу изоляторына ауыстырылған кезде қорытынды 

тексеру күні мен деректері

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Медициналық тексеру картасын толтырған медициналық қызметкердің тегі,

аты-жөні, қолы

 

 Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жа-



засын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекеме-

лерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларына 

4-қосымша

 нысан

Этапты қабылдау журналы

Сақтау мерзімі - 3 жыл

Р/с

№ 

Т.А.Ə. (бар 



болған 

жағдайда)

Туған 

күні 


Келген 

күні 


Дене жара-

қаттарының 

бар-жоғы 

Диагнозы


 

Өткізілген тексерістер 

(күні жəне нəтижесі)

RB

АИТВ



ФГ

1

2



3

4

5



6

7

8



9

 

Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге 



орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларына 5-қосымша

Терапевтік бейіндегі науқастарды динамикалық бақылаудың үлгі кестесі

Нозологиялық түрі

Бақылау жиілігі

Басқа мамандықтағы 

дəрігерлердің қарауы

Зертханалық жəне басқа 

диагностикалық тексерістер 

атауы жəне жиілігі

Негізгі емдеу-сауықтыру іс-шаралары

Гипертоникалық ауру

ауырлық ағымына 

қарай жылына 

2-4 рет

офтальмолог, не-



вропатолог жылына 

1 реттен кем емес 

(мүмкіндігіне қарай)

зəрдің жалпы талдауы жылы-

на 2-4 рет, креатинин, көз түбі, 

ЭКГ жылына 1 рет

қауіп факторларына коррекция жүргізу, тамақтағы тұзға, қаныққан 

майларға шектеу қою. Еңбекке ұсыну. Дəрі-дəрмектік профилактика 

жəне терапия (тиазидті диуретиктер, бетаблокаторлар, шеттік вазоди-

лататорлар жəне басқалар), сатылы кестемен гипотензивті құралдар. 

Ескертпе: тұзды қолдануды тəулігіне 5 гр. дейін шектеу

Жүректің ишемиялық 

ауруы (оның жіті ин-

фаркт миокардтан басқа 

барлық түрлері)

функционалдық 

дəрежесіне қарай 

жылына 4 рет

кардиолог, невропа-

толог жылына 1 рет 

(мүмкіндігіне қарай)

қан талдауы - жылы-

на 1 рет. Функционалдық 

дəрежесіне қарай ЭКГ жəне 

функционалдық сынама жы-

лына 2 рет

салауатты өмір салты бойынша ұсынымдар. Қауіп факторларын коррек-

циялау. Үнемі немесе бағыттармен дəрі-дəрмектік профилактика жəне 

терапия (нитраттар, бетаблокаторлар, кальций антогенистері, деза-

гренттер) - басқа дəрілермен біргелікте немесе монотерапия түрінде, 

қосарланған бүлінуге жəне функциональдық дəрежесіне қарай

Жіті пневмониядан 

кейінгі жағдай

6 ай ішінде 3 рет ЛОР, стомато-

лог жылына 1 рет 

(мүмкіндігіне қарай)

қан талдауы, флюорография, 

қақырық талдауы - 1 жəне 6 

айдан кейін 2 рет

витаминотерапия, симптоматикалық терапия, ЖРВИ жəне тұмаудың 

алдын aлу, темекі шегуден бас тарту. Прогресшіл процесс болмаған 

жағдайда диспансерлік есептен шығару

Қайталанған бронхит

жылына 3 рет

ЛОР, стоматолог жы-

лына 1 рет, фтизиатр 

(мүмкіндігіне қарай)

қан талдауы, қақырық талдауы, 

флюорография - жылына 2 рет

қайталануға қарсы терапия - жылына 2 рет жəне ЖРВИ кезінде: ви-

атминотерапия, жалпы қуат беретін жəне симптоматикалық терапия. 

Физиотерапия жəне фитотерапия, инфекция ошағын тазалау. Темекі 

шегуден бас тарту

Демікпе (бронхиальды 

астма)

ауырлығына 



қарай жылына 

2-3 рет


фтизиатр, ЛОР, стома-

толог (жылына 1 рет)

қан талдауы, қақырық талда-

уы - жылына 2-3 рет, флю-

орография, ЭКГ - жылына 2 

рет. Гармонға тəуелді түрімен 

ауыратындарға - қан жəне 

зəрдің қантқа талдауы 

жылына 2 рет 

(мүмкіндігіне қарай)

аллергенмен байланыстысты болдырмау, қатаң көрсетіліммен басқа 

ауруларға байланысты бактерияға қарсы терапия; көрсетіліміне қарай 

профилактикалық жəне гипосенсибилизациялық терапия; физиотера-

пия; тыныс гимнастикасы. ЖРВИ жəне тұмаудың алдын алу, инфекция 

ошағын тазалау

Созылмалы пневмония жылына 3 рет

стоматолог жылына 1 

рет, фтизиатр, онколог 

көрсеткішіне қарай

клиникалық қан талдауы жы-

лына 3 рет, флюорография, 

қақырық талдауы, ЭКГ - жылы-

на 2 рет (мүмкіндігіне қарай)

қайталануға қарсы терапия - жылына 2-3 рет жəне ЖРВИ кезінде: 

антисептикалық ерітінділермен ингаляция жасау, аэрофитотерапия, 

жалпы күштендіретін жəне қабынуға қарсы емдеу, симптоматикалық 

құралдар

Асқазанның жəне 

ұлтабардың жарасы 

- жиі асқынулармен 

созылмалы гастродуо-

денит, тұрақты ремис-

сиядан кейінгі немесе 

сирек қайталаумен 

қабынулардан

жылына 3-4 рет 

жылына 2 рет

хирург, онколог - 

көрсеткіштеріне қарай

жылына 2 рет қан талдауы, 

қабыну кезінде үлкен дəретті 

жасырын қанға зерттеу. 2-3 

жылда 1 рет асқазан сөлін 

зерттеу. Асқыну сатысында 

рентгендік тексеру, гастродуо-

деноскопия

диетотерапия. қайталауға қарсы емдеулер (жылына 3-4 ретпен жиі-

жиі қайталағанда) холинолитиктер комбинациясымен, антацидтармен 

немесе тек Н2-рецепторлары блокаторларымен, гистамин, С, В тобы 

витаминдерімен. Асқазан жарасында - сілекейдің пайда болуын ынта-

ландырушы тұтастырғыш, іркілдек дəрі-дəрмектер

Созылмалы белсенді 

гепатит

жылына 3-4 рет



 

билирубин, холестерин, 

қанның жалпы зерделеуі, 

жылына 1 рет шөккен ACT, 

АЛТ 1 рет

профилактикалық терапия: көрсеткішіне қарай В, С топтағы витаминдер

Бауыр циррозы

жылына 4 рет, 

теріс мəнсіз дина-

микада — жылы-

на 2 рет

 

жылына 4 рет тромбоциттерді 



санаумен қанды талдау

емдеу алдын алу шаралары созылмалы гепатиттегі сияқты, 

көрсетіліміне қарай симптоматикалық терапия

Инфекциялы гепатиттен 

кейінгі жағдай

жылына 3 рет

 

қанды биохимиялық тексеру: 



шөкпе пробалар, ACT, АЛТ қан 

ферменттері жылына 1 рет

созылмалы белсенді гепатиттегі сияқты

Созылмалы панкреатит ауырлық ағымына 

қарай жылына 

1-4 рет


хирург - 

көрсеткіштеріне қарай 

(мүмкіндігіне қарай)

аш қарынға, қанда жəне 

зəрдегі қант құрамына. 

көрсеткішке қарап холесте-

ринге

жылына 2-4 рет профилактикалық емдеу (спазмолитиктер немесе 



церукал, өт қуалаушы, тұтастырғыш, іркілдек дəрі-дəрмектер, В, С 

витаминдері; көрсетіліміне қарай ферментті препараттар

Асқазан кесілгеннен 

кейінгі жағдай, холе-

цистэктомии жəне ас 

қорыту органдарына 

жасалған басқа оталар

жылына 1-2 рет

онколог, хирург 

көрсеткіштеріне қарай

жалпы қан талдауы, 

көрсетіліміне қарай - 

рентгендік тексерістер

көрсеткіштеріне қарай - ферментті терапия, өт қуалаушы, В, С 

тобындағы витаминдер, қабынуға қарсы құралдар

(Соңы 19-бетте) 



жүктеу 2,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау