Егер де газ қандай-да бір басқа күш өрісінде орналасатын болса, оның молекулалары белгілі бір потенциалдық энергияны иемденеді. Онда берілген энергияны иеленген бөлшектердің саны мына өрнектің көмегімен анықталады: (10.12) Бұл өрнек Больцман үлестірілуі деп аталады.
Тәжірибелік және теориялық зерттеулерге сәйкес молекулалардың өзара әсерлесу күштері молекулалардың ара қашықтығының - ші дәрежесіне кері пропорционал: ~мұнда тартылу күштері үшін , ал тебілу күштері үшін . Сонымен, бұл күштер молекулалардың ара қашықтығы артқан сайын өте жылдам кеміп 10.7-сурет отырады, әсіресе тебілу күштерінің кему жылдамдығы өте үлкен.
Өздерінің бейберекет (хаосты) қозғалысы кезінде молекулалар бір- бірімен үздіксіз соқтығысып отырады. Молекула траекториясы броун бөлшегінің траекториясына ұқсас және сынық сызық болып табылады.
Екі кезек соқтығысудың арасындағы молекуланың жүрген жолын оның
Достарыңызбен бөлісу: |