№12 (8319) 14 ақпан, сенбі, 2015 жыл



жүктеу 365,44 Kb.
Pdf просмотр
бет2/4
Дата01.01.2018
өлшемі365,44 Kb.
#6550
1   2   3   4

2

Тiршiлiк тынысы

№12 (8319) 14 ақпан, 2015 жыл

 

Басы 



1 - бетте

Осыған байланысты Қазақстан Президенті Үкіметтің, Ұлттық 

банктің және әкімдердің алдына бірқатар міндет қойды.

Нұрсұлтан Назарбаев инвестиция тартып, жаңа жұмыс орын-

дарын  құратын  «Нұрлы  Жол»  бағдарламасы  дағдарысқа  қарсы 

тиімді құрал болып саналатынына назар аударды.

«Бағдарлама Астанадан «шұғыла қағидаты» бойынша тиімді 

көлік-логистикалық инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған. 

Ұлттық қордан 2015-2017 жылдары 500 миллиард теңге бөлінеді, 

соның  180  миллиард  теңгесі  биыл  пайдаланылады»,  деді 

Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет  басшысы  бұл  қаражат  өңірлерде  уақытылы 

игерілуі  тиістігін  айтты.  «Барлық  жобаларды  осы  айдан  ба-

стап  қаржыландыруды  тапсырамын,  өйткені  бұл  біздің 

компанияларымыздың  өнімдеріне  ішкі  сұранысты  қамтамасыз 

етеді», деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі экономикалық ахуалды ескеріп, 

«Нұрлы  Жол»  бағдарламасын  дағдарысқа  қарсы  жаңа  шаралар-

мен  толықтыру  арқылы  қолдау  шараларының  аясын  кеңейткен 

жөн екендігін атап өтті.

«Бұлардың  қатарында  отандық  машина  жасау  сала-

сын  және  экспорттаушыларды  қолдау,  шағын  және  орта  биз-

нес  кәсіпорындары  үшін  инфрақұрылымдар  жүргізу,  АӨК-ті 

мемлекеттік  қолдауды  ұлғайту,  ішкі  нарықты  қорғау  шарала-

ры  және  басқа  да  бағдарлар  бар.  Үкімет  250  миллиард  теңге 

көлемінде шұғыл шаралар қабылдау үшін резерв жасақтауы тиіс. 

Бағдарламаны бір айда толықтыруды және бекітуге ұсынуды тап-

сырамын», деді Мемлекет басшысы.

Сонымен  қатар,  Қазақстан  Президенті  бюджет  шығыстарын 

оңтайландыруды  дағдарысқа  қарсы  шаралардың  негізгі 

элементтерінің бірі ретінде атады.

«Басталған жобаларды аяғына дейін жеткізіп, жаңа бастама-

ларды, ұсыныстарды жағдай жақсарғанға дейін шегере тұрамыз. 

Бұл  барлық  мемлекеттік  органдарға,  әкімдіктерге,  ұлттық  хол-

дингтерге, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындарға 

қатысты. Үкіметке 2015 жылға арналған республикалық бюджетті 

700 миллиард теңгеге немесе шығыстардың жалпы көлемінің 10 

пайызына дейін қысқартуды тапсырамын. Бұл ретте мемлекеттің 

халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелері еш өзгеріссіз қалуы 

тиіс.  Облыстардың,  Астана  мен  Алматы  қалаларының  және 

аудандардың әкімдері де қатаң бюджет саясатын жүргізуі керек», 

деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет  басшысы  ұлттық  басқарушы  холдингтер  де 

тиісті  шаралар  әзірлегеніне  тоқталды.  «Самұрық-Қазына»  АҚ 

шығыстары 337 миллиард теңгеге немесе 7 пайызға дерлік, соның 

ішінде  әкімшілік  шығыстары  64  миллиард  теңгеге,  «Самұрық-

Қазына» тобының күрделі шығыстары 240 миллиард теңгеге не-

месе  18  пайызға  қысқарады.  «Бәйтерек»  холдингі  әкімшілік 

сипаттағы  шығыстарын  және  негізгі  салымдарын  3,8  милли-

ард теңгеге немесе 11,8 пайызға оңтайландыруы тиіс. «ҚазАгро» 

холдингіндегі  оңтайландыру  196  миллион  теңге  немесе  12  пай-

ыз  болады  деп  күтіліп  отыр.  Осының  бәрі  қадағаланады,  қатаң 

сұрауы  болады.  Жалпы,  Үкіметтің  баяндамасына  сәйкес, 

министрліктердің,  ведомстволардың,  холдингтер  мен  жергілікті 

атқару органдарының үнемдеуінен 4 миллиард доллар құралады, 

деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан  Назарбаев  әр  өңірде  жұмыспен  қамтылуға  ықпал 

ету  бағдарламалары  әзірленуі  тиістігін  айтты.  Сондай-ақ, 

тиімділігін  дәлелдеген  жұмыспен  қамтудың  2020  жылға  дейінгі 

жол картасын сақтаудың қажеттігі атап өтілді. Атап айтқанда, осы 

бағдарлама аясында 2011-2014 жылдар аралығында 260 мың адам 

жұмысқа орналастырылды, 120 мың адам оқуға тартылды.

Мемлекет  басшысы  еңбек  дауларын  дер  кезінде  шешу 

ісінің  маңыздылығына  назар  аударды.  Осыған  байланысты 

әкімдерге  ірі  кәсіпорындармен  меморандум  жасау  және  босаған 

жұмысшыларды  жұмысқа  орналастыру  мәселесін  шешу  тапсы-

рылды.

Қазақстан Президенті білім беруді және денсаулық сақтауды 



жаңғырту жұмыстарын жалғастыру қажеттігіне тоқталды.

«Бұл – болашақ экономикалық өсімге негіз қалауға мүмкіндік 

беретін  адам  капиталына  салынатын  ұзақмерзімді  инвестиция. 

Білім беру саласында «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыруды, 

орта білім бойынша жан басына қаржыландыру тәртібіне көшуді 

және 12 жылдық білім беру моделіне біртіндеп өтуді жалғастыру 

қажет», деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылы Индустрияландыру картасы 

жобаларын жүзеге асырудың жалғасатынын айтты, оның аясында 

сомасы 600 миллиард теңгеден асатын, 7,5 мыңнан астам тұрақты 

жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретін 75-тей жобаны іске 

қосу жоспарланған.

Мемлекет  басшысы  Үкіметтің  Өнеркәсіп  кәсіпорындарын 

қолдау жөніндегі іс-шаралардың 2015 жылға арналған жоспарын 

қабылдағанын атап өтті.

«Біз  дағдарысты  заманауи  инфрақұрылым  қалыптастыруға, 

миллиардтаған  активтерді  енгізуге  пайдаланамыз.  Мемлекет 

барлық қажетті қолдау тетіктерін ұсынып отыр. Қаражат бөлінді, 

жағдай жасалды. Бәрінің дереу жұмысқа кірісуі қажет. Үкіметтің 

әрбір мүшесінен, әкімдерден нақты нәтижелер талап етіледі», деді 

Елбасы.

Нұрсұлтан  Назарбаев  «Нұрлы  Жол»  бағдарламасын  жүзеге 



асыру  аясында  отандық  құрылыс  материалдарын  өндірушілерге 

жұмыс жүктеудің зор мүмкіндіктері бар екенін еске салды.

«Тиісті  меморандумдар  бекіте  отырып,  қазақстандық  қамту 

жөніндегі  форумдар  өткізу  тәжірибесін  қайта  жаңғырту  керек. 

Барлық  сауда  желілерінде  отандық  тауарлар  секциясы  пайда 

болу үшін «Қазақстанда жасалған!» акциясын бастаймыз. Облыс 

әкімдері  мұны  қадағалап  отыруы  керек.  Барша  азаматтарға  осы 

күрделі жағдайда патриот болып, қазақстандық өнімді сатып алу 

жөнінде сөз арнаймыз», деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан  Президенті  бүгінде  Ресей  рублінің  әлсіреуі 

мен  ресейлік  тауарлар  легінің  артуы  жағдайында  отандық 

өндірушілерге оның зияны тиіп жатқанына назар аударды.

«Мұның  Еуразиялық  экономикалық  одақпен  еш  байланысы 

жоқ. Біз бір бөлшегі болып саналатын әлемдік нарықтық эконо-

микада  мұндай  ауытқулар  болып  тұрады.  Бұл  уақытша  жағдай, 

оның шешімі табылады. Ресейде сұраныстың азаюы – Қазақстан 

экспортын әртараптандыру жұмысын күшейтуге ынталандырады. 

Сонымен  қатар,  арзандаған  энергия  ресурстары,  құрамдас  және 

қосалқы  бөлшектер  –  өзге  секторлар  үшін  игілік  болып  санала-

ды.  Өңдеу  өнеркәсібін  дамыту  үшін  осы  мүмкіндікті  пайдалану 

керек», деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы әлемдік экономикадағы жаңа жағдайларды 

ескере келгенде, негізгі бағыт ауылшаруашылық өнімдерін және 

азық-түлік өнеркәсібін дамыту болып саналатынын атап өтті.

Бұл  ретте  Үкіметке  2013-2014  жылдары  қолға  алынған 

және  бүгінде  жалпы  қарызы  313  миллиард  теңге  болатын  292 

кәсіпорынды  қамтып  отырған  АӨК  нысандарын  қаржылық 

сауықтыру жұмысын жалғастыру тапсырылды. Зор мүдделіліктің 

бар  екені  ескеріліп,  оның  көлемі  500  миллиард  теңгеге  дейін 

жеткізілетін болады.

Нұрсұлтан  Назарбаев  бизнесті  дамыту  үшін  теңдессіз 

жағдайлар  жасалып  отырғанын,  соның  ішінде  жоспар-

лы  тексерістердің  толығымен  тоқтатылғанын,  әртүрлі 

рұқсаттамалардың азайтылғанын атап өтті.

«Кәсіпкерлік  сектор  биыл  қажетті  қаржы  ресурстарымен 

қамтамасыз  етіледі.  Бұл  ретте  мұнай  бағасының  құлдырауы 

мұнай  өнімдері  құнының  төмендеуіне  әкеліп  соқтыруда,  бұл 

экономиканың  көптеген  саласына  және  халықтың  сатып  алу 

қабілетіне  оң  ықпалын  тигізетін  болады.  Көлік  шығыстарының 

құны, АӨК өнімдерінің өзіндік құны, тұтынушылар үшін жанар-

жағармайдың  реттеліп  отыратын  түрлерінің  бағасы  төмендеуі 

тиіс», деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет  басшысы  мұнайға  төмен  бағаның  қалыптасуы 

мен  экономикалық  өсімнің  баяулауы  жағдайындағы  қаржылық 

тұрақтылықты  қамтамасыз  ету  Ұлттық  банктің  басым  міндеті 

екенін атады.

«Ұлттық банкке сенбейтіндей менде еш негіз жоқ. Мен өткен 

жолы да ескерткен болатынмын, қазіргі өткір кезеңде түрлі аран-

датулар, өсек-аяңдар, пәлеқорлықтың барлығы пайда әкелмейді. 

Біз  оларды  жауапкершілікке  тартуымыз  керек.  Мен  тағы  да 

Қазақстан халқына жария етемін: біз ештеңені де жасырмаймыз. 

Қиындықтар болса, халықпен бірге көреміз және алда туындайтын 

мәселені ашық айтамыз», деген Президент, Ұлттық банк төрағасы 

теңге  бағамының  күрт  ауытқуына  жол  бермеу  бағытындағы 

қабылданып  жатқан  шаралар  жайында  баяндағанын  атап  өтті. 

Осы  орайда  Мемлекет  басшысы  түрлі  алыпқашпа  әңгімелерге 

емес,  ресми  тұлғалардың  мәліметіне  сенім  арту  керектігін  айт-

ты. Сондай-ақ, Елбасы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, 

теңге  бағамының  күрт  ауытқуына  жол  бермеу,  экономиканың 

нақты  секторын  қаржылық  ресурстармен  қамту  Ұлттық  банктің 

бірінші кезектегі мақсаты екенін қадап айтты.

Қазақстан  Президенті  Ұлттық  қордан  бөлінетін  қаржы 

экономиканың пайдасына жұмсалуға тиіс екенін еске салды.

«Мен  құрған  комиссия  қаражат  жұмсалуының  ашық  болу-

ын қатаң қадағалап, жеке өзіме баяндап отырады. Әрбір теңгеге 

деген сұраныс қатаң болады. Барлық деңгейдегі әкімдерге ерек-

ше жауапкершілік жүктеледі. «Нұр Отан» партиясы бұл жұмысқа 

белсене  атсалысып,  қатаң  партиялық  бақылау  орнатуы  қажет. 

Ешқандай  ысырапшылдыққа  жол  берілмеуге  тиіс.  Мемлекеттік 

қызметкерлердің жұмысы бизнеске айналмауы керек. Мемлекеттік 

қаржыны  фирмаларға,  өздерінің  таныстарына,  достарына  және 

туысқандарына шашуларына жол бермеу керек. Өкінішке қарай, 

облыстың  үш  әкіміне  қатысты  дәл  осы  себеппен  тергеу  амал-

дары  жүргізілді.  Сонымен  қатар,  бірқатар  министрліктер  мен 

ведомстволардың  басшылары  қылмыстық  жауапкершілікке  тар-

тылуда», деді Елбасы. Бүгінде атқарушы биліктен халық нақты әрі 

тиімді істерді күтіп тұрғанына тоқталған Елбасы, әкімдер халыққа 

жақын болуы керек, өңірлердегі мәселелерді шешуге білек сыба-

на кірісулері қажет екенін тапсырды.

«Былтыр экономикаға 1 трлн. теңге бөлінгенін тағы бір еске 

салып өткім келеді. Алдағы үш жылда 3 млрд. теңгеден бөлетін 

боламыз.  Сондай-ақ,  халықаралық  қаржы  институттарынан  ша-

мамен 10 млрд. тағы бар. Қазақстан үшін қандай қомақты қаржы 

бөлініп  жатқанына  назар  аударыңыздар.  Сіздердің  алдарыңызда 

осы қаржыны игеріп, экономикаға бағыттау сынды үлкен міндет 

тұр.  Әр  министрдің,  Үкімет  мүшесінің,  қала  немесе  облыс 

әкімдерінің  және  т.б.  алдындағы  үлкен  міндет.  Енді  елестетіп 

көріңіздер. Осының бәрін Үкімет орталықтан бақылап, жұмыстың 

тоқтап  қалмауын  қамтамасыз  етуі  керек»,  деп  атап  өтті  Мемле-

кет басшысы.

Сондай-ақ, Үкімет бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған 

шығындарды  қысқарту  мәселесін  қарастырғаны  жөн  екендігін 

еске салды. Бұл ретте мерейтойларды және оған кететін бюджет 

қаражатын қысқарту керек.

«Бізде мерейтой жалпыға ортақ сүйікті іс болып отыр. Мерей-

той қайда болса, бәрі сонда. Жиындарға қатысу, банкеттерде от-

ыру, осылай жалғаса береді. Әлемнің қай жерінде біз сияқты ме-

рейтой  өткізеді?  Ұлы  даталарды  атап  өтіп,  баспасөзде,  телеар-

наларда,  ғылыми-тәжірибелік  конференцияларда  айту  керек.  Ал 

дүркіретіп  той  ұйымдастыру,  айдалада  мыңдаған  қазақ  үй  тігу 

мерейтой иесіне не берерін айтыңдаршы маған?» – деп бір түйді 

Елбасы. «Мерейтойды туған-туысы, демеушілер өткізсін. Менің 

қарсылығым жоқ. Бірақ, тек мемлекеттің қаржысына емес. Мега-

жобалар, түрлi өткiзiлiп жатқан мерейтойларды қысқартып, бала-

ларды дұрыстап оқытып, емдеу қажет», деді Мемлекет басшысы. 

Осы  мәселені  қадағалауды  Вице-премьер  Бердібек  Сапарбаевқа 

тапсырды.

Нұрсұлтан  Назарбаев  мемлекеттік  қызметшілер  мен 

ұлттық  компаниялардың  қызметкерлері  қарапайымдылық  пен 

үнемшілдіктің үлгісін көрсетуі қажеттігін атап өтті. Қазір ел аза-

маттары атқарушы биліктен нақты және тиімді жұмыс күтіп отыр. 

Үкіметтің  әрбір  мүшесінің,  әрбір  әкімнің  міндеті  –  білек  сыба-

нып  жұмыс  істеу.  Сіздер  үшін  сын  сағаты  туды.  Қаржыны  иге-

ру, жұмыс орындарын ашу талап етіледі, олай болмаған жағдайда, 

орынды босатқан жөн, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет  басшысы  біздің  еліміздің  барлық  қиындықтарды 

сәтті еңсеретініне сенімді екенін атап көрсетті.

Қазақстан  Президенті  жиын  соңында  елімізде  қазіргі 

қиындықтарды түбегейлі жеңіп шығуға мүмкіндік беретін барлық 

қажетті  ресурстардың  бар  екенін  атап  өтті.  Президент  әлемдік 

экономикалық  дағдарыстан  туындаған  қиындықтарға  төзімділік 

таныту қажеттігіне, бірлік-татулықты сақтау керектігіне тоқталды. 

«Бұл  жыл  –  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының,  Қазақстан  Рес-

публикасы  Конституциясы  қабылдануының  20  жылдығы.  Осы 

жылдың  ортақ  терең  мағынасы  –  біздің  қоғамымызда  өзара 

түсінушілік,  бірлік,  достық  пен  барлық  қазақстандықтардың 

тең  құқығын  нығайта  түсуде.  Бейбітшілік  пен  келісім,  халық 

бірлігі  –  Қазақстанның  жетістігі  мен  тұрақтылығының  басты 

өлшемі. Қарапайым халықтың қамын жеп, оларды тыңдап, көмек 

көрсету  біздің  міндетіміз.  Биылғы  жыл  еліміз  үшін  абыройлы 

да, мәртебелі, қарқынды да, қарбалас жұмысқа толы жыл болай-

ын деп отыр. Көріп отырсыздар, оңай болмайды. Мерейлі беле-

стер мен Ассамблея жылын абыроймен атқару, әлемдік экономика 

қиындықтарына  мойынсұнбай,  жеңіп  шығу  бәріміздің  ортақ  па-

рызымыз», деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды барға қанағат етіп, 

бағалай  білуге  шақырды.  «Біз  әсте  тәубешіл  елміз.  Аласапы-

ран  күндерде  көрген  қиындықтарды  ұмытпауға  тиіспіз.  Кеше 

қандай болып едік, бүгін кімге айналдық? Осыны ешқашан естен 

шығармайық. Әлемде елі жоқ, жері жоқ қаншама халық бар. Елі 

болғанымен игілікке жете алмай жүрген, қазынасын өзіне пайда-

лана алмай жүргендер көп. Байлығы кім болса соның аузында кет-

кен халық бар. Ал біз төріне ту тігіп, әлемге танылған елміз. Та-

мыздай  тамылжыған  тұрақтылық  пен  уыздай  ұйыған  бірлігіміз 

бар.  Бізде  бәрі  бар.  Сондықтан,  тәубемізді  ұмытпайық.  Барға 

қанағат етіп, бағалай білейік. Ел бірлігі ешқашан құны түспейтін, 

жыл  өткен  сайын  маңызы  артып,  мәні  толыға  түсетін  шексіз 

байлық.  Сол  байлықты  еселеп,  дамыта  түсейік.  Бірлігімізге  бе-

кем  болып,  татулықты  ту,  тәуелсіздікті  тұғыр  ете  білейік.  Сон-

да  ғана  мерейіміз  үстем  болады.  Осы  жолдан  танбайық»,  деп 

қорытындылады сөзін Елбасы.

Басқа ақпарат көздері негізінде әзірлеген 

Б.ЖАНӘЛІ

Ел Үкіметінің кеңейтілген жиынында Елбасы 2014 жылы атқарылған 

жұмыстарды қорытындылап және биылғы атқарылатын істерге шолу жа-

сай  отырып,  атқарушы  билік  өкілдеріне  көптеген  міндеттер  жүктеді. 

Елбасының әсіресе, әлеуметтік мәселелерге назар аударып, жаңа жұмыс 

орындары мен жалақы көлемін қысқартпау туралы тапсырмалары барша 

жұмыс берушілерге ой салады деген сенімдемін. Президент Нұрсұлтан 

Назарбаев  Қазақстанның  экономикасы  мен  ішкі  жағдайы  дағдарып 

тұрмағанын бірнеше рет атап көрсетті. 

Біздегі жағдай әлемдегі экономикалық және саяси тұрақсыздықтан 

қалыптасып отыр. Осының алдын алу үшін Президенттің тапсырмасы-

мен  Үкімет  дағдарысқа  қарсы  «Нұрлы  жол»  бағдарламасының  жұмыс 

жасайтындығын  айтып  өтті.  Осы  бағдарлама  үшін  Ұлттық  қордан 

500  млрд  теңге  бөлініп,  тиісті  жұмыстар  атқарылатын  болады.  Соны-

мен  қатар,  Мемлекет  басшысы  қосымша  тұрақсыздыққа  байланысты 

250  млрд  теңге  қарастырылатынын  жеткізді.  Бөлінген  қаражаттың  180 

млрд теңгесі биыл игеріледі деп күтілуде. Бұл елімізде шағын және орта 

кәсіпкерлік саласының дамуына жол ашып, жұмыссыздықтың азаюына 

басты бағыт болмақ.

Мұнай  бағасының  құлдырауы  мен  әлемдік  дағдарыстың  теріс 

ықпалын  сезінбеу  үшін  Елбасы  бюджеттік  шығындарды  азайту  тура-

лы тапсырма берді. Бұл - қысқарту деген сөз емес. Керісінше, бөлінген 

қаржыны  аса  қажет  етілетін  жұмыстарға  жұмсау  деген  сөз.  Дәл  осы 

тұста 700 млрд теңгені үнемдеу мәселесі көтеріліп тұр. Өкінішке қарай, 

көпшілік  1993,  1994,  1998  жылғы  дағдарысты  естен  шығарып  алды. 

Республикалық  бюджет  мемлекет  пен  халықтың  тыныс-тіршілігінің 

барлық  саласына  тікелей  әсер  ететін  айқындаушы  құжат  болып  та-

былады.  Сыртқы  және  ішкі  факторларға  байланысты,  біз  бюджетке 

өзгеріс  енгізуге  тиіспіз.  Осы  арқылы  біз  азаматтарымызды  әлеуметтік 

дағдарыстан cақтап, әлеуметтік тұрғыда қорғап қаламыз. 

Былтырғы  жылы  ауданымызда  әлеуметтік  маңызы  зор  нысан-

дар көптеп бой көтерді. Дәл қазіргі жағдайда құрылысы жоспарланған, 

алайда  әлі  басталмаған  нысандарды  тоқтата  тұрып,  құрылысы  жүріп 

жатқан нысандарды аяқтау міндеті қойылып отыр. Бұл қазіргі уақыттағы 

нарық  талабының  -  қатал  екендігін  білдіреді.  Елбасымыздың  сарабдал 

саясатының  арқасында  біздің  мемлекетімізде  экономикада  дағдарыс 

жоқ.  Бізде  ілгері  басу  мен  даму  жолдарына  шығу  үдерісі  басым.  Осы 

ретте,  Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  қолға  алған 

бағдарламалары көптеген ықтимал тәуекелдердің алдын орайтын шешім. 

Біздің ішкі нарығымызда экономикалық дағдарыс жоқ деп қадап айтумен 

қатар, біз қазір сыртқы факторлардың отандық экономикаға әсер етпеу 

жолдарын қарастырып жатқандығымызды баса айтқым келеді.

Жуырда  біз  аудан  әкімдігі  мен  жеке  кәсіпкерлер  арасында  өзара 

ынтымақтастық  туралы  екі  бағыттағы  бірнеше  келісімдерге  қол 

жеткіздік.  Бұл  құжаттардың  басты  мақсаты  -  жұмысшылардың  еңбек 

құқықтары  мен  кепілдігін  қамтамасыз  ету.  Сондықтан,  ауданымызда 

жұмыс орнын, жалақы көлемін қысқарту деген болмайды. 

Үкіметтің  кеңейтілген  отырысында  Президент  Нұрсұлтан  Назар-

баев  әрбір  қазақстандыққа  нақты  бағдар  беріп,  жол  көрсетті.  Осылай-

ша еліміздің дәл қазіргі уақыттағы ұстанымын айқындап берді. Біз осы 

ұстанымды  орындау  мақсатында  барлық  жұмыстарды  атқаратын  бола-

мыз. 


Нұржан ӨМІРСЕРІКҰЛЫ,

Сырдария ауданы әкімінің орынбасары

Елбасының  төрағалық  етуімен  өткен  Үкіметтің  кеңейтілген  оты-

рысында  ел  экономикасының  алдағы  кезеңдегі  даму  бағыты  бойынша 

нақты  шаралар  айқындалып,  тапсырылды.  Бұл  бүгінгі  таңдағы  әлемді 

шарпыған  дағдарысты  оңай  еңсеруіміз  үшін  қабылданған  маңызды 

шешім болып табылады. -«Нұрлы жол» бағдарламасы - бұл дағдарысқа 

қарсы шара. Мен дәл осы жылы қиындықтар болатындығын айтқанмын. 

Біз,  алдын  орап,  осы  бағдарламаны  қабылдадық.  Ол  қиын  жағдайда 

экономикамыздың өсім және біздің азаматтарымыз үшін жұмыс орында-

рын құру нүктесі болып табылады», - деді Елбасы.

Ұлт  Көшбасшысы  мемлекеттің  халық  алдындағы  әлеуметтік 

міндеттемелерінің  қысқартылмайтынын  атап  көрсетуі  -  әлеуметтік 

саланың  басты  назарда  тұрғандығын  айқындайды.  Әсіресе,  өз 

нәтижелілігін  дәлелдеген  «Жұмыспен  қамтудың  жол  картасы-2020» 

бағдарламасының  жалғастырылуы  үлкен  қолдауға  ие  болды.  Аталған 

бағдарламаның 2011-2014 жылдары іске асырылуы еңбек нарығындағы 

ахуалды  едәуір  жақсартып,  тұрақтандырғаны  мәлім.  Бағдарламаға 

тартылған 30 мыңнан астам адамға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, 

жұмыспен  қамтылды.  Бұл  үлкен  нәтиже.  Елбасы  бастамашылығымен 

қабылданған бағдарламаның шарапатын көрген 2 мыңға жуық азаматқа 4 

млрд.теңге көлемінде шағын несие беріліп, олар жеке кәсіпкерлікпен ай-

налысты. Нәтижесінде, жұмыссыздық деңгейі бүгінгі күнде 4,7 пайызға 

төмендеп, халықтың табысы артуда. Мұның бәрі, бақытты болашақ үшін 

жасалып жатқан қыруар істердің бір парасы ғана.

Сонымен  қатар,  Мемлекет  басшысы  «Нұрлы  жол»  экономикалық 

бағдарламасының  маңыздылығына  тоқталды.  «Бұл  бағдарлама  - 

дағдарысқа  қарсы  шара.  Ол  қиын  жағдайда  экономиканың  өсіміне 

ықпал  ететін  және  азаматтар  үшін  жұмыс  орындарын  құру  тетігі  бо-

лып табылады», - деді. Бізді қуантқаны да осы. Биылдан бастап ауылдық 

жерлерде  қолға  алынатын  жол  жөндеу  жұмыстарына  жастар  белсене 

қатысып, Президенттің пәрменді саясатының жемісін көрмек. Осы рет-

те, бірнәрсені ерекше атап өткім келеді. «Мәуелі жас ағашты  баптағанда 

ғана,  оның  жайқалып,  түзу  өсетіні  айдан  анық.  Сол  сияқты  қанатын 

енді қаққан жастарға да ақылгөй ел алыптары жол сілтеп, ел сая-сатына 

араласуға  мүмкіндіктер  жасауы  қажет».  Халқымыздың  арайлы  таңын 

тек  белсенді  жастардың  талапты  талпынысына  жол  ашып,  бойына 

патриоттық  сезімін  ұялатып,  салауатты  өмір  салтын  үгіттеп,  насихат-

тап, саяси көзқарасын дамыту  арқылы көруге болады.  Бізде мемлекет 

тарапынан жасалатын мұндай қолдаулардың бәрі бар. Сөзімді түйіндей 

келе, біз, жастар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің тамырын 

тереңдететін, халық мүддесін бірінші орынға қоятын, Қазақ Елінің атын 

күллі әлемге паш ететін, білімді де білікті болуға бар күшімізді саламыз 

демекпін.

Ержан ЖАҚЫП,

«Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанаты

Сырдария аудандық филиалының атқарушы хатшысы

МЕМЛЕКЕТ ЖАСТАРҒА 

ЖАҒДАЙ ЖАСАЙДЫ

Аудандық мәслихаттың №13 «Айдарлы» сайлау 

округі бойынша депутатын сайлау 2015 жылғы 29 

наурызға тағайындалды.

№13 «Айдарлы» округі сайлау комиссиясының құрамы

Төраға - Нәлібаева Жаннат Меделханқызы, 

төраға орынбасары - Смайлов Ермекбай Алдабергенқызы, 

хатшы - Тәжекеев Мұхитбек Кеңесбайұлы, 

мүшелері - Сақтапов Әділхан Батырханұлы, Тайғараев Жасұлан 

Нақыпұлы,  Бодықов  Асхат  Әбдімәлікұлы,  Аханова  Нұргүл 

Әбдиғалиқызы.

Орналасқан  мекен-жайы:  Сырдария  ауданы,  Айдарлы  ауылы, 

ауылдық клубы. Байланыс тел. 8 (7242) 27-97-07.

 Сайлау округінің шекарасы Айдарлы және Жетікөл ауылдық 

округінің аумағы.

№170 сайлау учаскесі комиссиясының құрамы 

Төраға - Өтеуов Алмат Нақыпбекұлы, 

төраға орынбасары - Баймаханов Исламбек Жиенбайұлы, 

хатшы - Сейтмұратов Нұрлыбек Досмаганбетұлы, 

мүшелері - Сейтпанова Кенжегүл Калдыбайқызы, Қалжігітова 

Гүлмира Жорабекқызы, Тәжімбетова Мария Иманбекқызы, Калку-

зов Темірбек Қалдыбайұлы. 

Орналасқан  мекен-жайы:  Сырдария  ауданы,  Жетікөл  ауылы, 

№174 орта мектебінің ғимараты. Байланыс тел: 8(7242) 21-90-62.

Сайлаушылар назарына!

Учаскесінің  шекарасы  Жетікөл  ауылдық  округінің 

аумағы

№171 сайлау учаскесі комиссиясының құрамы туралы

Төраға - Смайлова Гүлбану,

 төраға орынбасары - Нұрпейісова Қыдыркүл Мырзабекқызы, 

хатшы - Есетова Бакыткүл Ілиясқызы, 

мүшелері  -  Қалдыбаева  Анар  Сраждинқызы,  Бахадүров 

Жамбыл Әбілханұлы, Дүйсенова Гүлсара Мусаханқызы, Рсым-

бетов Ермахан Төреханұлы.

Орналасқан мекен-жайы: Сырдария ауданы, Айдарлы ауы-

лы, ауылдық клубтың ғимараты. Байланыс тел: 8(7242) 27-97-07.

Учаскесінің шекарасы Айдарлы ауылдық округінің аумағы.



Аудандық сайлау комиссиясы

ЕЛБАСЫ НАҚТЫ 

БАҒДАР БЕРДІ

Мемлекетіміз әлемдегі дамушы елдердің алдыңғы қатарында. Аз ғана 

уақыт ішінде ойып алар орны бар Қазақстанның барлық аймақтарында 

дамудың  негізгі  көздері  белгіленіп,  отандық  өнімдерді  өндіру  жолын-

да қарқынды жұмыстар жасалып жатыр. Осы тұрғыда, облысымызда да 

негізгі тетіктер сараланып, дамудың даңғыл жолы көрініс беруде. Оның 

ішінде ауданымыздың өркендеуі қарқынды. Өңірімізде келбеті келіскен 

елді-мекендердің қатары көбейді. Мемлекет басшысының тапсырмасына 

сәйкес, Шаған да көрікті ауылдың қатарын толықтырды. Ауылымыздың 

орталығы ажарланып, шағын және орта кәсіпкерлікті өрге сүйреу жолын-

да да алға қарай серпіліс бар. Елбасының төрағалығымен өткен Үкіметтің 

кеңейтілген  отырысында  ел  Президенті  басталған  жобаларды  аяғына 

дейін  жеткізіп,  жаңа    бастамаларды,  ұсыныстарды  жағдай  жақсарғанға 

дейін шегере тұратынымызды ескерткен еді. Осы орайда, Шағандағы 900 

орындық мектептің құрылысы аяқталып, осы жылы оқушылар қуанышқа 

бөленбек.  Мұның  өзі  елдегі  экономикалық  жағдайдың  тұрақтылығын 

білдірсе керек. 

Кеңейтілген  отырыста  әлемдегі  дағдарысқа  қарамастан  Қазақ  елі 

экономикалық  тұрғыдан  дамып  келе  жатқандығына  көз  жеткіздік. 

Бұл  жиында  сөз  сөйлеген  Мемлекет  басшысы  Н.Ә.Назарбаев  өзінің 

халыққа  жолдаған  «Нұрлы  жол  -  болашаққа  бастар  жол»  атты  Жолда-

уы еліміздегі тұрақтылықты сақтауға арналған тиімді құрал екенін атап 

өтті. Үкіметке, облыс әкімдеріне бірқатар тапсырмаларды беріп, Ұлттық 

қордан 2015-2017 жылдары 500 миллиард теңге бөлінетінін, соның 180 

миллиард теңгесі биыл пайдаға асатынын естідік. Бұл қомақты қаржы. 

Мұндай қаражат мемлекеттің көліктік-логистикалық инфрақұрылымын, 

шағын  және  орта  бизнесті  дамытуға,  сондай-ақ  ішкі  нарықты  қорғау 

үшін  бөлініп  отыр.  Бөлінген  қаржыны  тиімді  пайдалануды  да  тиісті 

органдарға  жүктеді.  Елбасымыз  жаһанды  дендеген  дағдарыстың  әсер 

етіп жатқанын жеткізді. Елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты 

сақтау  үшін  батыл  қадамдар  жасалып  отырғанын  сөз  етті.  Сондықтан 

осындай қиын кезеңдерде халықтың тұтастығы мықты болуы қажет. Бұл 

мәжілісте  Мемлекет  басшысы  біздің  еліміздің  барлық  қиындықтарды 

сәтті еңсеретініне сенімді екенін және қазіргі қиындықтарды түбегейлі 

жеңіп  шығуға  мүмкіндік  беретін  барлық  қажетті  ресурстардың  бар 

екенін  атап  өтті.  Сол  себепті  дағдарыс  деп  дөңбекшімей,  осы  кез-

ге  дейінгі  сақтап  келген  бірлігімізді  одан  әрі  бекемдей  түсіп,  барлық 

істе  жұмыла  жұмыс  жасағанымыз  жөн.  Сонда  ғана  бар  қиындықтарды 

еңсеріп келген халқымыз бұл қиыншылықты да жеңіп шығатыны анық. 

Тәуелсіздігіміздің тұғырын мәңгі ету жолындағы жұмысымызды жалғай 

берейік. 

Бердіқұл ҚАДІРОВ,

аудандық мәслихат депутаты, 

«Шаған-Жер» ЖШС төрағасы

ҚИЫНДЫҚТАРДЫ 

ТҮБЕГЕЙЛІ ЖЕҢІП 

ШЫҒАМЫЗ

Пікірлер тоғысы

ҚИЫНДЫҚТЫ ЕЛ БОЛЫП ЕҢСЕРЕМІЗ



жүктеу 365,44 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау