№12 (8319) 14 ақпан, сенбі, 2015 жыл



жүктеу 365,44 Kb.
Pdf просмотр
бет4/4
Дата01.01.2018
өлшемі365,44 Kb.
#6550
1   2   3   4

4

Тiршiлiк тынысы

№12 (8319) 14 ақпан, 2015 жыл

3015

148

Газет  Қазақстан  Республикасы  байланыс  және  ақпарат  агенттігінде 

19.06.2014 жылы қайта тіркеліп, №14409-Г  тіркеу куәлігі берілген. 

Бейбарыс Сұлтан көшесі, 4

Өздеріңізге  белгілі,  ағымдағы  жылдың  қаңтар  айының  жи-

ырмасынан бастап ауа райы күрт өзгеріп, күннің температурасы 

15-20  градусқа  дейін  төмендеді.  Осы  орайда,  жылыту  пештерін  

пайдаланғанда мына талаптарды орындау қажет:

-Жылыту  және  желдету  жүйелері  дұрыс  жұмыстық  күйінде 

болуға тиіс;

-Жылу  өндіргіш  аппараттардың  күлдіктерін  еден  астындағы 

алшақтық кеңістігімен қосуға тыйым салынады;

-Қатты отынмен жұмыс істейтін жылу өндіргіш аппараттардың 

от  жағатын  есігі  астындағы  жанғыш  материалдардан  жасалған 

еден пеш жанындағы оның ұзындығында орналасқан тесіктерсіз 

0,5х0,7  м  кем  болмайтын  өлшемдегі  оттық  алдындағы  металл 

табақпен қорғалған болуға тиіс;

-Жылыту  пештері  мен  жүйелерінің  түтін  құбырлары, 

түтіндіктері және басқа элементтері тікелей жылыту маусымының 

алдында, сондай-ақ көлемінде;

-Екі айда бір реттен кем болмай - үздіксіз әрекеттегі пештер 

мен ошақтар тазартылуға тиіс;

-Асхана плиталары және үздіксіз (ұзақ мерзімде) от жағылатын 

басқа пештер айына бір реттен кем болмай тазартылып тұруы ке-

рек.

Елді-мекендерде  ұйымдарды  және  тұрғын  үйлерді  жылыту 



үшін қолданылатын орталық от қазандықтарын пайдаланған кез-

де тиым салынады;

-жұмысқа  арнайы  оқудан  өтпеген  және  тиісті  біліктілік 

куәліктерін алмаған тұлғаларды жіберуге;

-сұйық  отынды  осы  мақсаттар  үшін  тағайындалмаған  үй-

жайларда сақтауға;

-жабдықты  пайдалану  жөніндегі  нұсқаулықтарда  қарасты-

рылмаған  жанғыш  заттарды  (қатты,  сұйық,  газ  тәрізді)  отын 

ретінде қолдануға;

-отынның берілу жүйелерінен сұйық отын аққан немесе газдың 

кемуі кезінде жылу өндіргіш қондырғыларды пайдалануға;

-бақылау  және  реттеу  аспаптарының  құрастырылымында 

қарастырылған жылу өндіргіш қондырғылар болмаған, бұзылған 

немесе сөндірілген кезде жұмыс істеуге;

-жанғыш  материалдарды  от  қазандықтарында  немесе  бу 

өткізгіштерде кептіруге;

-жағылатын пешті қараусыз қалдыруға;

-жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа жанғыш зат-

тар мен материалдарды пештің алдындағы табаққа орналастыруға;

-қатты  отын  жағылатын  пештерді  жағу  үшін  тез  тұтанатын 

және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға;

-пештерді  пайдалану  жөніндегі  нұсқаулықтарда  қарасты-

рылмаған  жанғыш  заттарды  (қатты,  сұйық,  газ  тәрізді)  отын 

ретінде қолдануға;

-үй-жайларда көпшілік адамдардың болуымен онда іс-шаралар 

өткізу уақытында пеш жағуға;

-пешті пайдалану жөніндегі нұсқаулықта белгіленген уақыттан 

артық жағуға;

-жанғыш  заттар  мен  материалдарды  (аяқ  киім,  киім,  ағаш) 

пештер  мен  түтіндіктердің  беттерінен  0,5  м  кем  болатын  ара 

қашықтықта кептіруге;

Түтіннің  иісі  шыққан кезде  немесе өрт болған жағдайда  жыл-

дам «101» телефонына хабарлаңыз, өрттің  мекен-жайы, орны ту-

ралы айтып, өзіңіздің аты-жөніңізді білдіріңіз.

Балалардың отпен ойнауына жол бермеу, ата-аналар, үй иелері 

шырпыны баланың көзіне түсетін жерге қалдырмауы керек.

Естеріңізде  болсын!  Өрттің  алдын  алу  оңай,  ал  оны  өшіру 

мен  зардабы  ауыр.  «Өрт-тілсіз  жау»  екендігін,  ал  одан  келетін 

зардаптардың  орнын  толтыру  қиын  екендігін  әрбір  азаматтың 

ұмытпағаны дұрыс. 

Бөлім  қызметкерлерінің  жұмыс  барысында  әлдебір  келеңсіз 

жағдайларды  байқасаңыз,  21-4-94  сенім    телефонына  хабар-

лаңыздар.

Н.БАҚТИЯР,

аудандық ТЖБ-нің бас маманы 

 Ө

рт

 - 

тілсіз

 

жау

ПЕШ ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ТАЛАПТАР

Тәуелсіз  Қазақстан  бүгінде  130-дан  астам  ұлт  пен  ұлыс 

өкілдері  тату-тәтті  өмір  сүріп  жатқан  бірлігі  жарасқан  ел.  Елба-

сымыз жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауларында тыныштық 

пен  тұрықтылықтың,  ел  дамуының  негізгі  тірегі  екенін  ай-

тып,  бірлікке  бекем  болуымызды  үндейді.  Үстіміздегі  жыл  Ұлт 

Көшбасшысының  Жарлығымен  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы 

жылы болып жарияланды. Бұл мерейлі дата мызғымас бірлік пен 

бұлжымас  татулықты  ту  еткен  еліміздегі  белді  институттардың 

бірі Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толу-

ымен тұспа-тұс келіп отыр.

Ассамблеяның мәні мен маңыздылығын одан әрі арттыру үшін 

аудан  орталығындағы  мекемелерде  түрлі  іс-шаралар,  кездесулер 

мен  дөңгелек  үстелдер  ұйымдастырылуда.  Осындай  тағылымды 

шара  аудандық  балалар  кітапханасында  өтті.  «Достықпен 

нұрлы  ертеңім»  тақырыбында  өткен  балалар  ертеңгілігіне  ау-

дан  орталығындағы  мектептерде  білім  алатын  өзге  ұлт  өкілдері 

мен  кітапханашылар  қатысты.  Шараны  балалар  кітапханасының 

кітапханашысы  Динара  Пазылбекова  жүргізді.  800-ден  астам 

этномәдени  бірлестіктің  басын  біріктіріп,  ұлтаралықтың 

феноменіне  айналған  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының 

маңыздылығы  кеңінен  түсіндірілген  ертеңгілікте  жүзі  басқа 

болғанымен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір өзге ұлт 

өкілдерінің жас өрендері Қазақстан, Отан, туған жер, бірлік тура-

лы  тақпақтар  айтып,  өз  ойларын  ортаға  салды.  №36  Ә.Тәжібаев 

атындағы  мектеп-лицейінің  «5»  сынып  оқушылары  Н.Сматов, 

А.Бәймен,  Н.Лавров,  М.Албекходжиевалардың  айтқан  өлеңдері 

шараға  қатысушылардың  көңілінен  шығып,  оқушылар  көрермен 

ықыласына бөленді. «Сақталсын мәңгі тыныштық» деп ұрандатқан 

мектеп оқушылары тәуелсіз Қазақстанның 

бүгінгі  жеткен  жетістіктерін  де  айна 

қатесіз айтып берді. Өз кезегінде балалар 

кітапханасының  тұрақты  оқырмандары 

Б.Барзуов, Ж.Оразбекова, М.Мырзалиева, 

А.Сәрсеков  пен  Д.Маратовтар  мек-

теп  қабырғасында  ұстаздары  үйреткен 

тақпақтарды  айтып,  ынтымақтың  ырыс 

қайнары  екендігін  атап  көрсетті.  Мұнан 

бөлек,  мектептен  алған  білімдерін  бала-

лар  кітапханасында  жетілдіріп  жүрген 

белсенді балалар достық, ынтымақ, бірлік 

туралы  мақал-мәтелдің  жалғасын  тауып, 

ой өрістерінің биік дәрежеде екендіктерін 

дәлелдеді.  Шараны  ұйымдастырушы 

Д.Пазылбекова  оқушыларға  түрлі  мақал-

мәтелдер  мен  жұмбақ  жасырып,  бүгіні 

берекелі  еліміздің  келешегі  кемел  болу 

үшін  балалардың  білімді,  сауатты,  салау-

атты болу қажеттігін айтып өтті. Шара соңында №36 Ә.Тәжібаев 

атындағы мектеп-лицейінің «5» сынып оқушысы Николай Лавров 

«Алға, Қазақстан!» әнін шырқап, қатысушылар «Достықпен нұрлы 

ертеңім» деген пікірмен тарасты.



Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ

Ырыс алды - ынтымақ



ДОСТЫҚПЕН НҰРЛЫ ЕРТЕҢІМ

Бүгін менің туған күнім 

Ой, пәлі-ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?!

Банкет жасап  берер едім өзім-ақ!

Тәңірдің  бір  жарытпай-ақ  қойғаны-ай!-деп  

жырлаған   қазақ  поэзиясының көгінде  жұлдыздай 

жанып,  жарқырап  өткен  ақиық  ақын  Мұқағали  

Мақатаев  тірі болғанда биыл  9 ақпанда  84  жасқа  

толар еді. 

Самғауы  биік  қазақ  жырының  сыршылдығы 

мен  жыр    тарихының  мөлдір  тазалығын  мұзбалақ 

ақын М.Мақатаев  жырларынан  көретініміз  анық.

Қазақ әдебиетінің дарынды ақыны өзінің  саналы  

ғұмырында  артына  өшпестей із  қалдырып,  жыр-

жауһарларымен қазақ  болмысын  сомдап, тарихқа  

терең  бойлай  білді. Бүкіл қазақ елі болып 9 ақпанда 

сыршыл,  гуманист, лирик  ақынды  еске алып,  поэ-

зия  кештерін өткізіп, туылған күнін атап  өтетіндігі 

де сондықтан. Соның бір дәлелі,  аудандағы    №191  орта  мектебі  

жанынан  ашылған ”Қаламгер”  үйірмесі  ақиық  ақынға   арнап,  

“Алтын  қаламды  ардақты  ақын”  атты  поэзия  кешін  өткізді. Кеш  

барысында  ақынның  өмірі мен шығармаларынан  сыр  шертіліп,  

тыңдарман  қауымға   ақын  жырларының  құдіреттілігі  жөнінде 

мағлұматтар  берілді.  Шара  барысында  М.Мақатаев  өлеңдерінің 

сөзіне жазылған әндер барша  жұрттың  жүрегіне  ұялап, сүйгенге - 

сырлас,  мұңайғанға - мұңдас  екені  айтылды. 

Оқырман қауымға әдебиет әлемінен ой түйдіре білген поэзия 

кешінде  мектеп оқушылары  ақынның  туған  жерге,  Отанға,  ата-

анаға,  халқына  арнаған жырларын  жатқа  оқып, «Райымбек, Рай-

ымбек», «Аққулар  ұйықтағанда»  поэмаларынан көрініс  қойды.  

Бұл кеште ардақты ақынның  жеке  күнделігінен  алынған жазбалар 

да көрермен назарына ұсынылды. 

Кеш  соңында  мектеп директоры  Н.Садуов  қорытынды  сөз 

сөйлеп,  оқушыларға  ақын  шығармаларының  ғұмырлы  екенін  ай-

тып өтті.



Елнұры ӘБДІРАХМАНОВА ,

№191 орта мектебі «Қаламгер» үйірмесінің жетекшісі

АЛТЫН ҚАЛАМДЫ АРДАҚТЫ АҚЫН 

Тереңөзек  кенті,  Әбілпаттаев  көшесінің  бойында 

орналасқан  дүкен,  моншасымен  бірге  жер  телімі  сатылады. 

Ауыз суы бар, аяқ су келіп тұр. Бағасы келісім бойынша. Бай-

ланыс телефоны: 8-776-664-84-60.

Дүңгіршек  сатылады.  Көлемі  5*3  шаршы  метр.  Пластик-

тен жасалған. Коммерциялық бағытта пайдалануға ыңғайлы. 

Алам деушілер 8-778-438-74-55 телефонына хабарласула-

рына болады.

Тереңөзек  кенті,  Жеңістің  50  жылдығы  көшесі  №34/3  үй 

сатылады немесе жалға беріледі.

Хабарласу  телефоны:  8-778-191-22-51,  8-705-177-58-75, 

8-777-320-58-72, 8-778-634-64-33.

САТЫЛАДЫ

Осындай  тақырыпта  Шіркейлі 

ауылдық мәдениет үйінде патриоттық 

әндерді орындаушылардың аймақтық 

байқауы  өтті.  Ұлы  Жеңістің  70 

жылдығы  аясында  ұйымдастырылған 

байқауда  Айдарлы,  Жетікөл,  Қоғалыкөл, 

Н.Ілиясов және Шіркейлі елді-мекендерінің әншілері бақтарын 

сынады.  Жастарды  Отансүйгіштікке  тәрбиелеу,  Ұлы  Жеңіс 

тақырыбындағы 

әндерді 

насихат-


тау  және  жас  таланттарды  елге  таны-

ту  мақсатындағы  патриоттық  шараның 

шарттарына орай әншілер екі кезең бой-

ынша сынға түсті. 

Байқау  басталмас  бұрын  ауылдық 

мәдениет  үйінің  өнерпаздары  соғыс 

жылдарындағы  қазақ  отбасының  жай-

күйін  суреттейтін  қойылым  қойды. 

Онда соғысқа аттанған батырдың анасы, 

сүйген жары және қызының майданның 

аяқталып,  жауынгердің  ертерек  отбасы-

на  оралуын  тілеген  сәттері  көрсетілді. 

Қойылымда  батыр  ұлдың  соғыстан 

жолдаған  хаты  оқылып,  қанды  қырғын 

ортасында  жүрген  жанның  сағыныш 

сезімі суреттелді.

Ананы  баласынан,  баланы  әкесінен, 

бауырларынан 

айырған 

сұрапыл 


соғыстың  аяқталғанына  70  жыл  толу-

ына арналған байқауға аталған ауылдардан 8 үміткер қатысты. 

Олар  алғашқы  кезеңде  соғыс  жылдарындағы  және  Ұлы  Жеңіс 

тақырыбындағы  әндерді  шырқата  салды.  Айдарлыдан  келген 

А.Исмайлова, жетікөлдік Е.Білмәнов, Қоғалыкөлден С.Мұханова 

және  Н.Ілиясовтан  Б.Қалиасқаровалар  Жақсыгелді  Сейіловтың 

«Ана  туралы  баллада»  әнін  шырқап,  жиналғандардың  жүрегін 

елжіретті.  Шіркейлі  ауылының  әншісі  М.Әбсәдіқов  «Темная 

ночь», Н.Ілиясовтан Ш.Юсупова «Синий платочек», шіркейлілік 

А.Сүлейменова  «Дубосекова  зиратында»  әндерін  орындады. 

Ал  Қоғалыкөл  ауылының  әншісі  Қ.Сәтбаев  жергілікті  ақын 

Б.Есенбаевтың  сөзіне  жазылған  өзінің  жаңа  туындысы  «Жеңіс 

туы» әнін көпшілікке тарту етті. 

Соғыс  жылдарындағы  және  Ұлы  Жеңіске  байланысты 

шығарылған әндерді орындағандар екінші кезеңде де халықтың 

жүрегіне  жақын  патриоттық  әндерді  шырқады.  «Анаға 

хат»,  «Елім-ай»,  «Бейбітшілік  маршы»,    «Қазақстан,  алға!», 

«Соғыстан  қайтқан  солдаттар»  және  т.б.  әндерді  орындаған 

байқауға  қатысушылар  көрермендердің  ықыласына  бөленді. 

Олармен  бірге  қосылып  шырқап  отырған  көрермендер  де  бол-

ды. Екінші кезеңде эстрадалық әндермен қоса, ұлттық аспаптың 

сүйемелдеуімен  де  ән  айтылды.  Шіркейлілік  әнші  Мақсұт 

Әбсәдіқов  «Жас  қазақ»  әнін  домбырамен  шырқап,  көпшілік 

көңілінен шықты. 

Екі  кезең  бойынша  аймақтық  байқауға  қатысқандардың 

өнерлері  сараланып,  қорытындысында  жеңімпаздар  ма-

рапатталды.  «Ерлікке  тағзым»  атты  патриоттық  әндерді 

орындаушылардың байқауында М.Әбсәдіқов жеңімпаз атанды. 

Марштық ритмдегі әндерді орындаған Қ.Сәтбаев бірінші орын-

ды  иеленді.  Ал  Е.Білмәнов  екінші  орынды  алса,  С.Мұханова 

мен А.Сүлейменовалар үшінші тұғырдан көрінді. Осы байқауға 

қатысқан  өзге  де  әншілерге  «Алғыс  хаттар»  табысталып, 

барлығына бағалы сыйлықтар берілді.

Е.БЕРКІНБАЕВ

Халық  арасында  мынадай  тағылымды  әңгіме  бар: 

«Күндердің күнінде Ұлықпан хакімнің алдына бір жұп жас 

жұбайлар  келіп:  -Уа,  данышпан  атамыз,  бізге  сәбиімізді 

қалай  жақсы  тәрбиелеу  жайында  ақыл  беріңіз»  -  депті. 

Сонда  хакім:  -Балалы  болғандарыңызға  қанша  болды? 

- деп сұрапты. -Алты ай өтті - дейді екеуі жарыса жауап 

қатып. -Қап, әттеген-ай, алты айға кешігіп қалыпсыңдар, 

-деген сонда Ұлықпан хакім.

Бұдан  адамды  тәрбиелеу,  оның  ішінде  адамгершілік, 

әдеп тәрбиесі арқылы адамзаттық рухани құндылықтарды 

сіңіру сәбидің шырылдап өмірге келген сәтінен бастауға 

тиіс  екенін  көреміз.  Дана  халқымызда  «жаста    берген 

тәрбие  жас  қайыңды  игендей»  демей  ме?  Жылылық  нақ 

осыдан тарайды және нәр алып отырады. Ал мұның өзі туа 

бітетін рухтың арқасы, сонымен қоса, бұл рух күре тамыр 

арқылы өсіп жетіліп, жарық дүниеге келеді.

Бір  жастан  бес  жасқа  дейінгі  тәрбие  адамгершілік 

әліппесі  және  дүниені  тану  тәрбиесі.  Отбасы  мүшелері 

жан-жақты  үйлесімді  тәрбиені  сәби  шырылдап  жерге 

түскенде бастауы керек деген ғылыми дәлелді жоғарыда 

айтып  кеттік.  Өйткені,  ұрпағының  тәрбиесі  –  ұлтының 

болашағы. Алдымен, анасы мен әкесі баланың денінің сау 

болуына көңіл бөліп, табиғатқа етене жақын етіп өсіреді. 

«Тәрбие басы – тал бесік» дегендей, ана тілінің құдіретін 

бала анасының айтқан бесік жырынан ұғынса, халықтық 

дана тәрбиенің тағылымдарынан (ертегі, аңыз-әңгіме, ба-

балар  өсиеті,  мақал-мәтел,  ырымдар  мен  тыйым  сөздер 

т.б.)  ата-әжесінің  айтуы  бойынша  сусындап  өседі.  Ана 

құрсағында  пайда  болып,  жарық  дүниеге  келген  күннен 

бастап  адамзат  болып  қалыптасқанға  дейінгі  аралықта 

балаға  берілетін  тәрбие  бірнеше  кезеңдерге  бөлінеді. 

Алғашқы  кезең  –  ұрық  тазалығы  мен  ана  құрсағындағы 

тоғыз ай мерзім ішіндегі жүрек тәрбиесі.

Мамандардың пікірінше, сәбиге деген ата-ана махабба-

ты ол жарық дүниеге келместен көп бұрын, ана құрсағында 

жатқан  күннен  басталуы  керек.  Мың  сан  жұмбағы  бар 

күшті  табиғаттың  құдіреті  «жүрек  жылуын  нәресте  ша-

рана  қалпында  ана  құрсағында  жатып  сезінеді»  деген-

ге ешкім сенбеуі де мүмкін, бірақ, боямасыз дәләлденген 

шындық осы. Жүрек тәрбиесі деген тәрбие құлаққа тосын 

естілгенмен, ақылға өте қонымды. Әл-Фараби былай деп 

ғылыми тұжырымдапты: «Жүрек ішкі табиғи жылылықтың 

көзі».  Басқа  мүшелерге  үш  жастан  бес  жас  аралығында 

дүниені тану үшін баланың қойған сан сұрақтарына ата-

анасы  ойлана  жауап  беріп,  түсінуге  тырысады.  Ата-ана 

мен  отбасы  мүшелері  баланың  қоршаған  ортаны,  жарық 

дүниедегі сан алуан құбылыстарды танып-білуіне ықпал 

етеді. Осылайша, отбасындағы адамгершілік-рухани білім 

мен  тәрбиенің  арқасында  бала  адамгершілік  әліппесін 

үйреніп, дүние таным тәрбиесін алады. 

Ал, бес жастан он бес жасқа дейінгі мектеп жасындағы 

тәрбие – адамгершілік тәрбиесі. Бес жасқа толғанда ата-

анасы  баласын  өзін-өзі  тануға  баулу  үшін  адамгершілік 

әліппесін адамгершілік тәрбиесімен сабақтастырады. Бала 

бойына жақын адамгершілік қасиеттердің сіңісуі тәрбиеге, 

өскен ортаға байланысты деп түсінген халық: «Қарағайға 

қарап  тал  өсер,  қатарына  қарап  бала  өсер»,  «Тәрбиесін 

тапса адам болар, оқуын тапса, білім қонар» - деп тәлім-

тәрбие, оқу-білім мәселелеріне үлкен мән бергені белгілі.

Өзіміз  де  өмір  тәжірибесінен  көріп  жүргеніміздей, 

тәрбиеші  ретінде  баланың  адамгершілік  қасиеті  сабақ 

үстінде ұстаздармен және құрбы-құрдасымен үнемі қарым-

қатынаста  қалыптасып  отырады.  Әдеби  кітаптардан, 

оқулықтардан,  мақалалар,  әңгімелер,  өлеңдер,  ертегілер 

оқу,  оны  талқылау,  ой  бөлісу  баланың  өзге  адамдарға 

адамгершілік қадір-қасиетін дарыта білуге көмек береді.

Баланың  рухани  өмірі  –  кітап  әрбір  бала  үшін  оның 

досы,  ұстазы  және  ақылшысы  бола  білсе,  кітаптағы 

мақал-мәтелдер, даналық сөздер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер 

адамгершілік құндылықтың негізін қалайды.

Баланың  әр  қылығы  қызық.  Бірақ,  сол  қызықтауды 

да  талғап,  талдап  қарамаса  тағы  болмайды.  Сондықтан 

өмірде,  тәрбие  процесінде  қарапайым  мысалдар  арқылы 

адамгершілікке  тәрбиелеу  жолдарын  көрсетіп,  сынай, 

бағалай білуге үйрету, бір-бірімен сыпайы сөйлесу, өз ой- 

пікірін жасырмай ортаға сала білу, жақсы мінез-құлықтар 

дағдысын қалыптастыру үлкен нәтижелі іс болады.

Ендеше,  бала  бойында  берік  адамдық,  адамгершілік 

негіздерін  дамытып,  оларды  жаман,  теріс  ықпалдардан 

сақтай білсе, ата-ананың нағыз бақыты осы емес пе?

 Патима МҰХАМЕДЖАНОВА,                                                                                                                    

№37 орта мектептің мұғалімі

ПАРАСАТТЫ ҰРПАҚ ӨСІРСЕК...

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ

Қаңтардың  алғашқы  күні  біздің 

сыныптас-досымыз Сәндібекұлы Абзалдың 

отбасына  ауыр  тиді.  Абзал  сүйікті  жары 



Өтебайқызы  Ұлболсыннан  кенеттен  ай-

ырылып  қалды.  Абзал  мен  Ұлболсын  2013 

жылы  шаңырақ  көтеріп,  ата-аналарын 

қуанышқа  кенелткен  еді.  Бір  жыл  өткенде 

дүниеге  Ақниет  есімді  сәбилері  келіп, 

бақытқа  бөленген  Ұлболсын  кенеттен 

дүниеден  озады  деп  кім  ойлады  дейсің? 

Небәрі  25  жыл  пешенесіне  бұйырған 

өмірінде  Ұлболсын  ибалы  келін,  сүйікті 

жар, аяулы ана бола білді. Енді міне, бір от-

басына ғана емес, баршамыздың жүрегімізді сыздатқан сол ауыр күннің 

өткеніне де 40 күн толыпты. Уақыт зымырап өтуде, Алла Тағаланың 

ісіне көнбеске амалымыз жоқ. Ұлболсынның қалған өмір жасын артын-

да қалғандарға берсін. Иманы жолдас, мәңгілік жайы жәннатта болсын.

Бұл өмірден өткеніңе қырық күн,

Қырық күнде күлуді де ұмыттым.

Жылай-жылай, кебірсіген тамақты,

Көзден аққан жасты жұтып жібіттім.

Амал қанша,

Жазғырмаймыз Тәңірді, адамды алса.

Бақұл болшы! Мәңгілік жоқтап өтем,

Менің мына шаштарым ағарғанша...



Еске алушылар: жұбайы Абзал, қызы Ақниет және Абзалдың 

сыныптас-достары.

Сырдария  ауданы  бойынша  Мемлекеттік  кірістер    басқармасы 

жаңадан кәсіпкерлік қызметтерін бастайтын   субъектілерге «Бірыңғай 

кеңес  беру»  күні    2015  жылдың  26  ақпанынан  бастап,  әр  аптаның 

төртінші күні сағ. 9.00-ден 18.00-ге дейінгі уақытта Сырдария ауда-

ны бойынша Мемлекеттік кірістер  басқармасында жүргізілетіндігін  

хабарлайды.

Сырдария ауданы бойынша 

Мемлекеттік кірістер басқармасы

САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА !

Еске алу

Поэзия кеші



Әдеп тәрбиесі

жүктеу 365,44 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау