№11 ортаңғы «Жұлдыз»тобының
Жазғы сауықтыру-шынықтыру шараларының есебі 2017 жыл
Жаз кезінде балалардың ағзасын сауықтыруға,эмоциалық, жеке тұлғалық, танымдық тұрғыда дамытуға септігін тигізетін жағдай жасап.Жазғы кезде балалардың таза ауада болу уақыты ұзарды. Сауықтыру жұмыстарының жүйелі өткізу:
-әрбір бүлдіршіннің қабілеттерін ашуға қажетті жағдай жасау;-бала өмірін қызықты және мазмұнды ету;
-құрдастармен және ересектермен қарым –қатынаста жұмыс жасауға үйрету;
-дене және психикалық денсаулығығын нығайту,
- қажетті іс - әрекетті белсене және өз бетінше орындауға;
- спорттың әртүрлі түрлерімен айналыса білуге мүмкіндік береді.
Жазғы сауықтыру жұмыстары жылдық жоспарға сәйкес ұйымдастырылды және тәрбиеленушілердің өмірін және денсаулығын қорғау, денсаулықты сақтау тәртібін ұйымдастыру, балалардың танымдық қызығушылығын дамытуға бағытталды
Жазғы сауықтыру жұмыстарының негізгі мақсаты:
балабақшада балалармен жазғы сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға ең тиімді жағдайлар жасау және балалардың жазғы мезгілде танымдық қызығушылығын дамыту;
балалардың спорттық іскерліктерін дамыту және балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру бойынша жұмыстарды жалғастыру; балалардың көтеріңкі көңіл-күйін туғызу.
Тәрбиеленушілердің таза ауада көбірек болуына, қимылды ойындар арқылы қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыруға, спорттық ойындарға, ойын-сауықтарға үлкен берілді.
Жазғы мезгілде балалардың денсаулығын нығайтуға ерекше көңіл бөлінді.
Жаз айларына арналған іс-шаралар жоспары түзіліп, дене тәрбие нұсқаушысы, саз жетекшісі, тәрбиешілермен бірге балалардың қорғау күніне "Бақытты балалық шақ", "Алақай жаз келді", "Көңілді старт", спорттық ойын-сауық, "Менің туған өлкем" тас жолда сурет салу көрмесі, "Менің сүйікті ертегім", "Ертегіде қонақта" , "Ертегілер еліне саяхат" қуыршақ театры, "Қауіпсіздік ережесін сақтаймыз", "Ережені білейік, аман-есен жүрейік!" танымдық ойын сауық", "Астана-арман қала" , "Су атасы Сүлеймен күні", "Менің сүйікті балабақшам," шаралары өткізіліп, балалар үшін қызыты мереке болды, қимылды ойындар мен спорттық жарыстар барысында ойынға қатысушылар өз ептіліктерін және мықтыларын көрсетіліп балалар осы шараларға белсене қатысты.
Жаз мезгілде сауықтыру және шынықтыру шараларын өткізуге мүмкіндік көп. Әдіскер мен тәрбиешілер жазғы сауықтыру және шынықтыру жұмыстарында ауызды шаю, қолды жуу, ауа және күн ванналарын қабылдау , саяжайда жалаң аяқ жүру сияқты шынықтыру шаралары күнделікті жүргізілді.
Қимылды ойындар қолданып балалардың белсенді ойын ойнады. Күн ыссы уақытта балалар ағаштардың көлеңкесіндегі жолдармен жүгіріп шынықтыру және тыныстау гимнастикасының кешенін орындады. «Денсаулық» білім беру саласы: дене шынықтыру,қауіпсіз мінез-құлық негіздері, валеология бөлімдерінен тұрады. Осыған орай жылдық жоспарға балалардың салауатты өмір салтын сақтау және әр баланың ерекшелігіне қарай дене дамуын қалыптастыруға сауықтыру шаралары қаралған,олар: таза ауада дене шынықтыру,ертеңгілік жаттығулар,спорттық ойын-сауықтар,серуен,серуендегі қимылды ойындар, сергіту сәттері,ұйқыдан кейінгі гимнастика,массаж, жалаң аяқ жүру,су процедуралары. Сондықтан ойын кезінде баланың денесін дұрыс ұстауын, аяғын түзу басуын қадағалаған дұрыс. Қысқы ойындарда бала шанамен ойнағанды, қар ұстап ойнағанды жақсы көреді. Жаз , күз мезгілінде саябаққа барғанды ұнатады: жапырақ жинау, маусымдық киіммен ,мысалы, аяғында ботинка, үстінде күртемен жүгіру қимылды қиындатары белгілі, бірақ ойын баласы оны жеңуге ұмтылады. Бала бойында осылай қимыл қозғалыста төзімділік, ептілік, ширақ қимыл дамиды. Бұлардың барлығы да денені шынықтыруға жатады. Ауа райы қандай болса да таза ауда болу пайдалы.
Жаз мезгілде ата-аналармен жұмыс жалғастырылды. Ата-аналарға ақыл-кеңестер берілді, әңгімелер жүргізілді. ата-аналар бұрышындағы жазғы мезгілде балалардың денсаулығын қорғау және нығайту, ағзаны шынықтыру, тыныс алу гимнастикасы және жазғы демалысты ұйымдастыру туралы ақпараттар мезгілімен ауыстырылды.
Сонымен қатар балабақшада балалардың тамақтануы да қадағалауда болады.Ас мәзірінің құнарлылығы,сапасы мен әртүрлілігі басты назарда ұсталады.Жыл мезгіліне қарай берілетін ас мәзірі өзгертіліп бекітіледі.Дұрыс отыру,тағамдарды ретімен жеу,үстел үстінде өзін дұрыс ұстай білуді үйренеді. Мәдени-гигиеналық дағдылары қалыптасады
Достарыңызбен бөлісу: |