Ұйымдастырушылық шаралар - құрамына өрт қауіпсіздігі бойынша оқу өткізу, өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуын тексеру кіреді.
Өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидасы
1. Өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту ұйымдардың жұмыскерлерін өрт қауіпсіздігі шараларына оқытуды ұйымдастыру тәртібін белгілейді (ауыл шаруашылық, салынып жатқан және қайта салынып жатқан объектілердің, мектепке дейінгі, жалпы білім беру және жоғары оқу орындарының, тұрмыстық мақсаттағы, сауда, қоғамдық тамақтану, емдеу, театр, ойын-сауық және мәдени-ағарту ұйымдарының, кеңсе, күзет, пәтерлер иелерінің кооперативі мекемелерінің өрт қауіпті өндірістері бар өндірістік объектілердің).
2. Өртке қарсы нұсқаулық пен өрт-техникалық минимумін зерделеу ұйымдардың жұмыскерлерін өрт қауіпсіздігі шараларына оқытудың негізгі түрлері болып табылады.
3. Өртке қарсы нұсқаулық ұйымдардың жұмыскерлеріне негізгі өрт қауіпсіздігі талаптарын жеткізу, өндірістер мен жабдықтардың технологиялық үдерістерінің өрт қауіптілігін, өрттен қорғау құралдарын, сондай-ақ өрт шыққан жағдайда олардың іс-қимылдарын зерделеу мақсатында жүргізіледі.
4. Өртке қарсы нұсқаулықты өрт қауіпсіздігі үшін жауапты тұлға Өртке қарсы нұсқаулықтың үлгілік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бойынша осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес өткізеді.
5. Өртке қарсы нұсқаулық өткізу кезінде ұйымның қызмет ерекшелігін ескерген жөн.
6. Өртке қарсы нұсқаулықты өткізу ұйымдардың жұмыскерлерін мыналармен:
ұйымда белгіленген өртке қарсы режиммен, сондай-ақ ішкі тәртіп нұсқауларымен және өрт қауіпсіздігі талаптарымен;
жұмыс учаскелеріндегі барынша өрт қауіпті жерлермен;
өрт туындайтын ықтимал көздермен және себептермен, олардың сақтандыру шараларымен және өртті байқаған кездегі әрекеттермен;
жұмыс орнында, қондырғыда, аппаратта, цехта және ұйым аумағында лапылдап жануды болдырмау үшін жұмысты бастар алдында, процесте және жұмысты аяқтағаннан кейін, жұмыстан кетер алдында сақталуға тиіс өрт қауіпсіздігі шараларымен;
өрт сөндіру құралдарын пайдалану әдістерімен, өрт сөндіру ережелерімен және тәсілдерімен таныстыруды қамтиды.
7. Өткізу сипаты мен уақытына қарай өртке қарсы нұсқаулық кіріспе, алғашқы, қайта, жоспардан тыс және мақсатты болып бөлінеді.
Өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық өткізуді есепке алу журналы оқыту, нұсқаулықтар өткізудің белгіленген мерзімдерін сақтау саласында жұмысты бақылау үшін қажет.
Журнал нөмірленуі, тігілуі және оған оны жүргізу үшін жауапты қол қоюы және ұйымның мөрімен бекітілуі қажет. Журнал өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғада сақталады.
9. Кіріске өртке қарсы нұсқаулық:
барлық жұмысқа жаңадан қабылданғандармен, олардың біліміне, кәсібі (лауазымы) бойынша жұмыс өтіліне қарамастан;
ауысымдық жұмыскерлермен;
ұйымға іссапарға жіберілген жұмыскерлермен;
өндірістік оқуға немесе практикаға келгендермен өткізіледі.
10. Кіріспе өртке қарсы нұсқаулықты ұйымда өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлға жүргізеді.
11. Кіріспе өртке қарсы нұсқаулық жұмыскердің игерген дағдылары мен ұйымда белгіленген өртке қарсы режимді сақтауын, өрт шыққан кезде іс-қимыл жасаудың практикалық жаттығуын білуін тексерумен және өрт сөндіру құралдары мен өрттен қорғау жүйелерін білуін тексерумен аяқталады.
Кіріспе нұсқаулықтан өтпеген адамдар қызметтік міндеттерін атқаруға жіберілмейді.
12. Алғашқы өртке қарсы нұсқаулық тікелей жұмыс орнында:
барлық жаңадан қабылданған жұмыскерлермен;
осы ұйымның бір бөлімшесінен екіншісіне ауысатындармен;
жұмыс орнын ауыстырған жағдайда олар үшін жаңаша жұмысты орындайтын жұмыскерлермен;
ұйымға іссапарға жіберілген жұмыскерлермен;
ауысымдық жұмыскерлермен;
ұйым аумағында құрылыс-монтаждау және өзге де жұмыстарды орындайтын құрылыс саласының мамандарымен;
өндірістік оқуға немесе практикаға келгендермен өткізіледі.
13. Алғашқы өртке қарсы нұсқаулықты көрсетілген жұмыскерлер санатымен өткізуді әрбір құрылымдық бөлімшеде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адам жүргізеді.
14. Алғашқы өртке қарсы нұсқаулықты әр жұмыскермен дербес, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану, өрт шыққан кезде іс-әрекеттер жасау, адамдарды көшіру, зардап шеккендерге, сондай-ақ бір типтік жабдыққа қызмет көрсететін адамдар тобымен және жалпы жұмыс орны шегінде көмек көрсету дағдыларын практикалық тұрғыда көрсету және машықтау арқылы өткізіледі.
15. Қайта өртке қарсы нұсқаулық жұмыс орнында алғашқы өртке қарсы нұсқаулық бағдарламасы бойынша жалпы жұмыс орны шегінде дербес немесе бір типтік жабдыққа қызмет көрсететін адамдар тобымен өткізіледі.
16. Жоспардан тыс өртке қарсы нұсқаулық:
өрт қауіпсіздігі бойынша жаңа нормативтік құқықтық актілерді қолданысқа енгізу немесе бұрын әзірленгендерін өзгерту кезінде;
өндірістің технологиялық үдерісін өзгерту, жабдықты, аспаптарды, негізгі шикізатты, материалдарды ауыстыру немесе жаңарту, сондай-ақ объектінің өртке қарсы жай-күйіне әсер ететін өзге де факторларды өзгерту кезінде;
ұйым жұмыскерлері өрттің шығуына әкелуі мүмкін немесе соған әкеп соқтырған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған кезде;
ұйымға өрт-техникалық тексеріс жүргізу барысында ұйымдардың жұмыскерлері білімдерінің жеткіліксіз екендігі анықталған жағдайда мемлекеттік өрт бақылау органдарының талаптары бойынша өрт қауіпсіздігі шараларын қосымша зерделеу үшін;
ұқсас өндірістерде болған өрттер туралы ақпараттық материалдар келіп түскен кезде;
ұйымдардың жұмыскерлерінің өрт қауіпсіздігі талаптарын қанағаттанарлықсыз білу фактілері анықталған кезде өткізіледі.
17. Жоспардан тыс өртке қарсы нұсқаулық ұйымда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапты жұмыскермен немесе қажетті дайындығы бар жұмыстың басшысы тікелей, дербес немесе бір кәсіптің жұмыскерлерінің тобымен өткізіледі. Жоспардан тыс өртке қарсы нұсқаулықтың көлемі мен мазмұны әрбір нақты жағдайда оны өткізу қажеттілігі туындаған себептер мен жағдайларға байланысты анықталады.
18. Мақсатты өртке қарсы нұсқаулық:
газ, бу және тозаң-ауа қоспасының, өзге де жанғыш газдардың (электрмен және газбен дәнекерлеу, бензинмен кесу, дәнекерлеу лампаларын, жанарғыларды пайдалана отырып жұмыс істеу, битум қайнату және жылу мен ұшқын бөлу арқылы өзге де жұмыстар) жоғары өрт қауіптілігімен және өзге де отты жұмыстармен (ашық отты қолдану, ұшқын түзу, жабдықты, құралды, материалдарды тұтану (өздігінен тұтану) болуы мүмкін температураға дейін қыздыру арқылы жұмыс істеу) байланысты бір реттік жұмыстарды жүргізу кезінде;
төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезінде;
рұқсат наряды рәсімделетін жұмысты жүргізу кезінде, жарылыс қауіпті өндірістерде отпен байланысты жұмыстарды жүргізуге;
ұйымда экскурсиялар өткізу кезінде;
ұйымда адамдар жаппай жиналатын іс-шараларды (алқа отырыстарын, жиналыстар, конференциялар, кеңестер және т.б.) дайындау кезінде өткізіледі.
19. Мақсатты өртке қарсы нұсқаулықты ұйымда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапты адам немесе жұмыстың жетекшісі тікелей өткізеді.
20. Өрт қауіпсіздігі жөніндегі мақсатты өртке қарсы нұсқаулық жұмыскердің меңгерген дағдыларын және ұйымда белгіленген өртке қарсы режимнің сақталуын, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдануды, өрт шыққан кезде іс-әрекеттер жасауды білуін, адамдарды көшіру, зардап шеккендерге көмек көрсету ережесін білуін тексерумен аяқталады.
21. Өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын білу көлемінде, өртке қарсы режим, технологиялық үдеріс пен ұйым өндірісінің өрт қауіптілігі, сондай-ақ ұйымда өрттің алдын алу, өрт кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығын және мүлікті құтқару бойынша практикалық дағдыларды машықтауға мүмкіндік беретін тәсілдер мен іс-қимылдар бөлігінде өрт-техникалық минимуміне тізбесі осы Қағидаға 3-қосымшада келтірілген қызметкерлер міндетті түрде оқытылады.
22. Ұйым басшыларын, мамандары мен жұмыскерлерін қызметі бағытына қарамастан өрт-техникалық минимумін оқыту жұмысқа қабылдағаннан кейін бір ай ішінде және кейінгі уақытта соңғы рет оқытудан өткен күнінен бастап жылына кемінде бір рет өткізіледі.
23. Өрт-техникалық минимумін оқыту өндірістен қол үзіп және өндірістен қол үзбей ұйымдастырылады.
24. Өндірістен қол үзіп, өрт-техникалық минимумін оқудан:
ұйым басшылары мен бас мамандары немесе олардың міндеттерін орындайтын адамдар;
ұйымдардың өрт қауіпсіздігіне және өртке қарсы нұсқаулықты өткізуге жауапты жұмыскерлер;
балалар мен жасөспірімдердің демалысы, оларды сауықтыру және жұмыспен қамту қызметін көрсететін ұйымдардың басшылары;
газбен электрлік дәнекерлеу және өзге де отпен байланысты жұмыстарды орындайтын жұмыскерлер өтеді.
25. Әзірленген және бекітлген бағдарламалар бойынша ұйымда өрт-техникалық минимумін тікелей:
ұйым бөлімшелерінің басшылары, басшылар мен бас мамандар;
жарылыс, өрт қауіпті өндірістер бөлімшелерінің жұмыскерлері;
бөлімшелерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты жұмыскерлер;
ұйымды тәулік бойы күзетуді жүзеге асыратын жұмыскерлер оқиды.
26. Өрт-техникалық минимумі бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымда тікелей ұйым басшысы немесе ұйым басшысы, өрт қауіпсіздігі саласында тиісті біліктілігі бар өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлға өткізеді.
27. Ұйым басшыларының, мамандары мен жұмыскерлерінің өрт қауіпсіздігі талаптарын білулерін тексеру өрт-техникалық минимумі аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады және құрамы кемінде үш адамнан тұратын біліктілік комиссиясы тексереді.
28. Білім тексеру жөніндегі біліктілік комиссиясының құрамына басшылар мен ұйымдағы өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғалар кіреді.
29. Білімдерін тексеруден өтетін жұмыскерлер бағдарламамен және білім тексеру кестесімен алдын ала танысады.
30. Ұйым жұмыскерлерінің өрт қауіпсіздігі талаптарын білуін кезектен тыс тексеру бұрын өткізілген тексеріс мерзіміне қарамастан:
өрт қауіпсіздігі талаптарын қамтитын нормативтік құқықтық актілер жаңадан бекітлген кезде немесе оларға өзгерістер енгізілген кезде (бұл ретте);
жұмыскерлердің өрт қауіпсіздігі шараларын қосымша білуін қажет ететін жаңа жабдық пайдалануға берілгенде және технологиялық үдерістер өзгерген кезде (мұндай жағдайда тиісті өзгерістермен байланысты өрт қауіпсіздігі талаптарын білуіне тексеріс жүргізіледі);
жұмыскерді тағайындаған немесе басқа жұмысқа ауыстырған кезде, егер жаңа міндеттері өрт қауіпсіздігі жөніндегі қосымша білімді қажет ететін болса (олар өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауды бастағанға дейін);
болған өрттерден кейін, сондай-ақ ұйым жұмыскерлердің өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылығы анықталған кезде;
жұмыста осы лауазымда бір жылдан астам үзіліс болған кезде;
мемлекеттік өрт бақылау органдары тексеріс жүргізген кезде өткізіледі.
31. Жұмыскерлердің өрт қауіпсіздігі талаптарын білуін уақытылы тексеруді бақылауды ұйым басшысы жүзеге асырады.
32. Бағдарламалар кәсіби қызметтің ерекшеліктерін, лауазымы бойынша міндеттерді орындау ерекшеліктері және салалық құжаттардың ережелерін ескере отырып, тыңдаушылардың әр санаты үшін дайындалады. Өрт-техникалық минимумін оқыту сағаттарының санын ұйым басшысы орындалатын жұмыстың сипатына байланысты анықтайды.
33. Арнайы бағдарламаларды дайындау кезінде:
практикалық оқытуға;
ұйымда белгіленген өртке қарсы режимді сақтауға;
алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалана білуге;
өрт шыққан кезде іс-әрекет жасауға, зардап шеккендерді көшіру мен көмек көрсетуге аса назар аударылады.
Достарыңызбен бөлісу: |