№11
14.03.2013
• СЕССИЯ •
-2-
(14)
Орал қаласы бойынша шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту туралы
«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының,
«Жас Отан» жастар қанатының, облыстық
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен
жасөспірімдер ұйымының қолдауымен,
облыстық жол полициясы басқармасының
ұйымдастыруымен 11-16 наурыз аралығында
жол қауіпсіздігінің алдын алу, жол ережелерімен
оқушыларды таныстыру мақсатында «Біз
жолдағы қауіпсіздік үшін!» автошеруі өтуде.
Автошеру аясында Теректі және Бөрлі аудандарының
жасөспірімдерімен кездесу өтті. Шара барысында
аудандық жас қозғалыс инспекторлары көрермендерге
өздерінің үгіт-насихат жұмыстарын көрсетті. Сонымен
қатар, облыстық жол полициясының инспекторы Динара
Абдукаликова сөз алып, елімізде болып жатқан жолдағы
қатерлі жағдайларды сөз етті. Оның айтуынша, бүгінгі
күні еліміздегі жол-көлік оқиғалары өткен жылдармен
салыстырғанда екі есеге көбейген. Сондай-ақ, автошеру
ұйымдастырушылары жасөспірімдерге арналған «ЖОЛ-
ДОС көмекке асығады» мультипликациялық фильмнің
тұсаукесерін қатысушылар назарына ұсынды.
Автошеру өз жұмысын наурыз айының 15 жұлдызында
Ақжайық ауданы бүлдіршіндерімен кездесуден соң
қорытындылайтын болады. Ал оған дейін Зеленов және
Тасқала аудандарында болып қайтпақшы.
Жосабек ЕСЕНҒАЛИЕВ,
облыстық «Жас Ұлан»
ұйымының атқарушы хатшысы
Автошеру өз жұмысын бастады
Мұрат МҰҚАЕВ, Орал
қалалық кәсіпкерлік
бөлімінің бастығы
2012 жылдың қорытындысы бой-
ынша қалада 3767 заңды тұлға
тіркелді, оның 3586 жұмыс істейді,
яғни 95,2 пайызды құрайды. Онда
жұмыс істейтіндер саны – 11898.
20274 жеке кәсіпкер тіркелді,
оның 18635 жұмыс істейді, яғни 92,0
пайызды құраса, жұмыс істейтін
адамдар – 24216.
Өткен жылдың осы кезімен
с а л ы с т ы р ғ а н д а т і р к е л г е н
шаруашылық субъектілерінің
саны 8,5 пайызға өсті, жұмыс
істейтіндерінің саны 19,4 пайызға
өсті. Шағын кәсіпкерлікте жұмыс
істейтіндердің саны өткен жылдың
осы кезімен салыстырғанда 5,3-ке
өсіп, шағын бизнесте тұрғындардың
белсенді экономикалық үлесінің
31,2 пайызын құрады. Шағын
кәсіпкерлік саласында жұмыс
жасайтындардың саны 2011 жылдың
қорытындысымен салыстырғанда
1813 адамға өскен.
2012 жылдың қорытындысы
б о й ы н ш а ш а ғ ы н б и з н е с
субъектілерінен барлығы 12722,9
млн.теңге түсім түсті, оның ішінде
заңды тұлғалардан 11640,2 млн.
теңге, жеке тұлғалардан түскені
1082,7 млн.теңге
2013 жылдың 1 қаңтарына
шағын кәсіпкерлік субъектілері
арқылы 113690,0 млн. теңгенің
өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы
кезеңімен салыстырғанда 29,0
пайызға өсіп отыр.
Жылдың басынан бері салық
комитеті арқылы 7737 куәлік берілді,
тіркеу салымы 10,5 млн.теңгені
құрады, өткен жылдың осы кезеңімен
салыстырғанда 2 есеге көп.
2012 жылдың 12 айында екінші
деңгейдегі банктер арқылы шағын
бизнес субъектілеріне 19723,9 млн.
теңге несие берілді, оның ішінде
қысқа мерзімге – 10212,1 млн.
теңге, ұзақ мерзімге 9511,8 млн.
теңге. Өткен жылдың осы кезімен
салыстырғанда қысқа мерзімге
берілген несиенің көлемі 6,8 пайызға
азайды, ұзақ мерзімге берілген
несиенің көлемі 48 пайызға өскен.
2012 жылдың 12 айында шағын
кәсіпкерлік субъектілеріне 175
жер учаскелері бөлінді (18,47а),
оның ішінде сатып алынғаны – 38
(4,33га). Сонымен қатар
492 оңды
қорытынды тұрғын үйлердің бірінші
қабаттарын қайта жоспарлауға
берілді, оның 90-ы қайта жоспарла-
нып іске қосылды, осыған сәйкесті
39 дүкен, 25 кеңсе, 5 автокешен,
5 тіс емдейтін бөлме, 1 дәмхана,
3 шаштараз, 2 дәріхана, 1 банкет
залы, 1 мейрамхана, 1 сұлулық са-
лоны, 1 сауна, 1 букмекерлік кеңсе, 1
кондитерлік цех, 1 қонақ үй, 2 ателье,
1 ойын-сауық орталығы ашылды.
ҚР Үкіметінің 2010 жылдың 13
сәуіріндегі №301 қаулысымен
«Бизнестің жол картасы – 2020»
бағдарламасы бекітілген болатын.
Аталған бағдарлама экономиканың
шикізаттық емес секторындағы
аймақтық кәсіпкерліктің тұрақты
дамуын қамтамасыз етуіне, соны-
мен қатар қолда бар жұмыс орын-
дарын сақтап қалуға және қосымша
жаңа жұмыс орындарын ашуға
бағытталған.
2012 жылдың қорытындысы бо-
йынша Батыс Қазақстан облы-
сы бойынша аймақтық үйлестіру
кеңесімен «Бизнестің жол картасы
– 2020» бағдарламасы бойынша
жалпы сомасы 14,2 млрд. теңгеге
108 жоба мақұлданды. Оның ішінде
84 жоба қалаға тиесілі, жобалар
құны - 7,3 млрд.теңгені құрайды
және 817 жаңа жұмыс орындары
ашылды.
Мақұлданған жобаларды талдау
барысында бағдарламаның барлық
бағыттары бойынша көлік және
жинақтау - 42,8%, өнеркәсіп - 40,5%,
құрылыс - 8,3%, қызмет көрсету са-
ласы - 8,3%-ды құрап отыр.
2012 жылы «Бизнестің жол кар-
тасы-2020» бағдарламасының
жұмыс жасау бағыттары мен ондағы
өзгерістерді түсіндіру бойынша
қала кәсіпкерлерімен 4 семинар
ұйымдастырылды.
Ағымдағы 2013 жылдың 2 айында
Батыс Қазақстан облысы бойын-
ша аймақтық үйлестіру кеңесімен
«Бизнестің жол картасы-2020»
бағдарламасына сәйкес қала бо-
йынша жалпы сомасы 2,2 млрд.
теңгеге 18 жоба мақұлданды.
М ы с а л ы
« Н ұ рт ем » Ж Ш С .
Кредиттің бағыты: темірбетон
бұйымдарын шығаруға арналған
орын алу(бірінші бағыт пайыздық
ставканы субсидиялау бойынша 13-
7%).
Кредиттің сомасы: 64 000 000
теңге (жоба құны 160 901 303 теңге)
«Мектепке дейінгі шағын
орталық «Алмаз және L» ЖШС
Кредиттің бағыты: Мектепке
дейінгі шағын орталықты қайта
жабдықтауға және құрылғылар
алуға
арналған (бірінші бағыт пайыздық
ставканы субсидиялау бойынша
14-7%)
Кредиттің сомасы: 64 000 000
теңге (жоба құны 6 404 120 теңге)
Қала әкімдігінің 2006 жылғы 15
қарашадағы №2261 қаулысына
сәйкес кәсіпкерлік мәселелері бо-
йынша сараптама кеңесі жұмыс
жасайды. Құрамында «Атамекен
Одағы» ұлттық экономикалық па-
латасы» ЗТБ Батыс Қазақстан
облысындағы филиалы, «Заман»
Батыс Қазақстан облысының
өндірушілер қауымдастығы, Ба-
тыс Қазақстан облысы сауда-
өндіріс палатасы, Халықаралық
бизнес орталығы, «Шағын бизнес
орталығы» бар.
2012 жылдың қорытындысы бо-
йынша сараптама кеңесімен 12
жоба қаралған.
469 003 000 «Кәсіпкерлік қызметті
қолдау» бағдарламасына сәйкес
2012 жылы 2683,0 мың теңге
көлемінде «Сапалы өнім-2012»
көрмесін ұйымдастыруға қаражат
қарастырылды. Мемлекеттік са-
тып алу бағдарламасына сәйкес
үнемделген қаражатқа «С а-
палы қызмет-2012» көрмесі
ұйымдастырылды.
2012 жылдың 29 қыркүйегінде
«Орал қаласының кәсіпкерлік
бөлімі» мемлекеттік мекемесі
жыл сайынғы дәстүр бойынша
VI қалалық «Сапалы өнім-2012»
көрмесін ұйымдастырды.
К ө р м е ге Б ат ы с Қ аз а қ с та н
облыстық тамақ өнімдерін өндіруші
23 кәсіпорын қатысты. Оның 21-і
қалалық және 2-і аудандық өнім
өндіруші кәсіпорындар.
К ө р м ед е 6 ба ғ ы т б о й ы н -
ша көрсетілім ұсынылды. Олар
етті қайта өңдеу, нан өнімдері,
кондитерлік өнімдер, су және сусын-
дар, құс еті мен жұмыртқа, өсімдік
майы және шағу.
1-ші орынды «Үздік өндіруші»
номинациясы бойынша етті қайта
өңдеу өндірісімен айналысушы
«Агропродукт» ЖШС иеленді және
диплом мен бағалы сыйлықпен
(ноутбук) марапатталды.
2-ші орынды «Үздік өндіруші»
номинациясы бойынша құс еті
мен жұмыртқа өндіруші «Орал құс
фабрикасы» ЖШС иеленді және
диплом мен бағалы сыйлықпен (ка-
мералы мұздатқыш) марапатталды.
3-ші орынды «Үздік өндіруші» но-
минациясы бойынша нан өнімдері
өндірісімен айналысушы «Желаев
комбинаты» ЖШС иеленді және ди-
плом мен бағалы сыйлықпен (LED
теледидар) марапатталды. Барлық
қатысушыларға қала әкімінің аты-
нан ескеркіш сыйлықтар мен алғыс
хаттар табыс етілді.
Сондай-ақ 2012 жылдың 16
қазанында Жастар Мәдениет
үйінде IV қалалық «Сапалы қызмет»
көрмесі ұйымдастырылды. Аталған
көрмеге 25 қызмет көрсетуші
кәсіпорындар қатысты. 7 бағыт
бойынша сұлулық салондары,
фитнестік қызмет, емдеу-сауықтыру
қызметі, мейрамханалар қызметі,
туристік қызмет, дизайнерлік қызмет,
банктік т.б қызметтер көрсетілді.
Көрме соңында сұлулық салондары
арасында «Альбина» сұлулық ака-
демиясы үздік атанып, дипломмен
және бағалы сыйлықпен (LED теле-
дидар) марапатталды. Киім салон-
дары арасында «Мария-ханым» сән
үйі үздік атанып, дипломмен және
бағалы сыйлықпен марапатталды.
Мейрамханалар арасында «Белое
солнце» кешенді мейрамханасы
үздік деп танылса, туристік фирма-
лар арасында «Глобус-Тур» туристік
фирмасы үздік атанып, дипломмен
және бағалы сыйлықпен марапат-
талды. Дизайнерлік қызмет көрсету
бойынша «Колибри» дизайнерлік
студиясы үздік атанып, дипломмен
және бағалы сыйлықпен марапат-
талды.
Үздік экспозиция бойынша «Аль-
бина» сұлулық академиясы үздік
атанып, дипломмен және бағалы
сыйлықпен марапатталды.
Сондай-ақ Орал қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 26 шілдедегі №1879
«Орал қаласының аумағында
оқу құралдарының көшпелі сау-
да орындарын белгілеу туралы»
қаулысына сәйкес қала тұрғындарын
төмен бағалы оқу құралдарымен
қамтамасыз ету мақсатында 2012
жылдың тамыз-қазан айлары
аралығында оқу құралдарының
жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
2012 жылдың 23 ақпанында №435
«Уәкілеттілікті жүктеу туралы» Орал
қаласы әкімдігі қаулысының негізінде
әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодексінің 165-бабымен көзделген
белгіленбеген орындарда сауда
жасауға қатысты әкімшілік құқық
бұзушылық мәселелерімен айна-
лысатын жұмыс тобы құрылған бо-
латын. Жұмыс тобының құрамында
қалалық әкімдіктің өкілдері, Орал
қалалық ішкі істер басқармасы,
Орал қаласы бойынша мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасы, Орал қаласы
бойынша салық басқармасы, «Ба-
тыс Қазақстан электр желілерін
таратушы компаниясы» акционерлік
қоғамы электр энергиясын тасымал-
дау жөніндегі қалалық филиалы,
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Орал қалалық
аумақтық инспекциясының маман-
дары бар.
А т а л ғ а н қ а у л ы ғ а с ә й к е с
әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодексінің 165-бабымен көзделген,
белгіленбеген орындарда сауда
жасауға қатысты әкімшілік құқық
бұзушылыққа қатысты хаттама тол-
тыру Орал қаласының кәсіпкерлік
бөліміне жүктелген.
2012 жылдың мамыр айынан бас-
тап жұмыс тобы қала аумағындағы
жабайы сауданы және заңсыз
орнатылған сауда нүктелері мен
«Ел ырысы», «Мирлан», «Қайнар»,
«Тұлпар», «Орталық базар», «1100
ұсақ-түйек», «Жайық» дүкені, «Мари-
на» кафесі, 6-шы шағын аудан және
т.б қала аумағына тиесілі жерлерде
үлкен жүк көліктерінен сауда жаса-
ушыларды жою бағытында жоғары
көлемдегі жұмыстар және рейдтік
іс-шаралар тоқтаусыз жүргізілуде.
Облыстық және қалалық жол
қозғалысы қауіпсіздігі комисси-
ясы отырыстарында бөлімнің
ұсынысымен үлкен жүк көліктерінің
қаланың орталық бөліктеріне
кіруіне тыйым салу бойынша
шешім қабылданып, оны бақылауға
алу Орал қаласының кәсіпкерлік
бөліміне және БҚО бойынша жол
полиция басқармасына жүктеліп,
қала орталықтары ретке келтірілді.
Бүгінгі күні «Жайық» дүкені
маңайы, темір жол бекеті ауданы,
«Детсад» аялдамасы ауданы және
6 шағын аудандағы жабайы базар-
лар жойылды. Сонымен қатар жыл
басынан бері 100-ге жуық рұқсатсыз
және құжатсыз, мемлекет жерін
заңсыз пайдаланып қала аумағын
абаттандыру ережесін бұза отырып
орнатылған сауда дүңгіршектері
алынып тасталды.
Қала тұрғындарынан жабайы
саудаға қатысты жазбаша және
ауызша түрдегі шағымдар күн сай-
ын толассыз түсуде. 2012 жылдың
қорытындысы бойынша бөлімге
түскен аталған бағыттағы шағымдар
саны 80-нен астам. Тұрғындар
өздерінің шағымдарында орын алған
жабайы саудаға наразылықтарын
б і л д і р і п , с а у д а г е р л е р д і ң
антисанитарлық жағдайда көшені
ластап жатқанын айтып, жаяу
жүргіншілер жолдарында балық,
ет және сүт өнімдерін сату арқылы
пайда болған жабайы сауда мен
заңсыз орналасқан дүңгіршектерді
алып тастауды талап етеді. Осы
аталғандарға сәйкес бөлім ма-
мандары белгіленбеген жердегі
сауда-саттықпен айналысушыларға
барып, профилактикалық түсіндіру
жұмыстарын жүргізеді және ҚР
«Әкімшілік құқық бұзушылық тура-
лы» Кодексінің 165-бабына сәйкес
хаттама толтырады.
2011 жылы әкімшілік құқық
бұзушылық туралы кодексінің
1 6 5 - б а б ы м е н к ө з д е л г е н ,
белгіленбеген орындарда сауда
жасауға қатысты әкімшілік құқық
бұзушылық мәселелерімен тек қана
3 хаттама толтырылған болса, 2012
жылдың қорытындысы бойынша 75
хаттама толтырылып (72 хаттамаға
көп) Орал қалалық әкімшілік сотына
жолданды.
Әкімшілік құқық бұзушылық тура-
лы құжаттар Орал қалалық әкімішілік
сотында қаралады және 64 құжат
соттың шешімімен кінәлі деп таны-
лып, әкімшілік шара ретінде оларға
«ескерту» берілген.
Қаладағы шағын кәсіпкерлікті одан
әрі дамыту үшін түрлі салаларға
бағытталған шараларды, яғни кон-
курстар, жәрмеңкелер мен көрмелер
санын көбейту керек.
Қала бойынша 32 сауда базарла-
ры жұмыс жасайды. Онда 3 мыңнан
жоғары адам қызмет етеді және жа-
байы саудамен саябақтағы адамдар
саны 2 мыңнан астам. Халықтың
әлеуметтік тобына жататын зейнет-
керлер, жұмыссыздар және жалға
алынған пәтерлерде тұратын облыс
аудандарынан келушілер. Бөлімнің
жұмыс бағыты осы адамдарға
жағдай жасау, оларды дамыған
сауда базарларына орналастыру.
Бұл бағытта қала базарларының
басшыларымен жұмыс жүргізе оты-
рып, оларды орналастыру.
Бөлімдегі қызметкерлер саны 4
бірлік: бөлім бастығы, есепші және 2
бас маман. Бұл қаладағы бизнестің
дамуы бағытындағы іс-шараларын
толығымен қамтуға мүмкіндік бол-
майды, себебі негізгі уақыт пен күш
қаладағы жабайы сауданы жоюға
жұмсалады.