ВА сериялы ажыратқыштар
Жаңа тогы 1600А дейін ВА50 сериялы ажыратқыштар ескі АЕ3700, АЕ20 сериялы және АВМ, «Электрон» сериялы ажыратқыштарды ауыстырды.
Тогы 4000 А дейін ВА75 ажыратқыштары АВМ және «Электрон» сериялы ажыратқыштарды толығымен ауыстырады.
ВА сериялы жаңа ажыратқыштар желіні қорғауда электр энергия көздері қуатының артуымен, қысқа тұйықталу тогының өсуімен туатын көптеген проблемаларды шешті. Сонымен қатар олардың габариттерінің кішіреюі құрамына кіретін құрылғылардың өлшемдерінің азаюына мүмкіндік береді. (КТП, КУ, т.б.)
Ажыратқыштар тұрақты және айнымалы ток жүйелерінде жұмыс істеуге арналған. ВА75-ті желіге параллель жұмысқа екеуден қосуға болады, онда қорытынды ток 5000А (2х2500А) және 6300А (2х4000А) болады. Бұл кезде олардың арасында ток таралуына қарамастан қорғаныс жақсы жұмыс істейді.
Егер апат алдында желі 0,7 Iном. – ден жоғары жүктелген болмаса, ажыратқыштар апаттық режимде 3 сағатқа дейін асқын жүктелуге рұқсат береді,.
100А –ге дейінгі ажыратқыштар тек қана стационарлы болады.
160А-ге дейінгі ажыратқыштар стационарлы және қадалған болады.
250 А-ге дейінгі және одан жоғары ажыратқыштар стационарлы да, жылжымалы да болады.
ВА75 (4000А)-тек қана стационарлы.
ВА75(2500А)-тек қана жылжымалы.
Ажыратқыштар жетектері қолмен немесе қашықтан басқарылады.
ВА50-тің электр магнитті жетегі бар.
ВА75-тің электр қозғалтқышты жетегі бар (жөндеу кезінде қолмен басқаруға болады).
Автоматты ажыратқыштарды таңдау
Жылулық ажыратқыш (магнит қосқыштық жылулық релесі)
Iтепл.р. ³ Iдл.
Электр магнитті немесе аралас ажыратқыш
Iэл ³ Iдл.
Электр магнит немесе аралас ажыратқыштың іске қосылу тоғы
Iср.эл. ³ 1,25×Iкр.
Жалғыз қозғалтқыш тармағы үшін Iкр=Iпуск .
Сипаттамасы токқа кері тәуелді реттелетін ажыратқыштың іске қосылу тоғы
Iср.р. £ 1,25 Iдл.
Жарылысқа қауіпті бөлмелер үшін Iдлит=1,25× Iдлит.дв.
Барлық жағдайда қорғаныс аппараттары қысқа тұйықталу кезінде сенімді ажырату қажет. Ол үшін бейтарабы жерге тұйықталған желілерде Iодноф.к.з. және бейтарабы оқшауланған желілерде Iдвухф.к.з тоққа кері тәуелді Iном.расц. 3 немесе одан да көп есе үлкен болуы керек; электр магнитті ажыратқышы бар автоматтың жұмыс тоғынан 1,1 немесе одан да көп есе үлкен болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |