Жарнамалық хабар – компанияның өз хабарламаларында не айтылатындығын жоспарлауы. Жарнамалық хабарламаны өңдеген кезде оның мазмұнын, түрін және стилін таңдап алу керек.
Жарнамалық сөз мәнері (слоганы), (жарнамалық ұран) – тауар сапасын, фирманың тура немесе абстрактілі түрдегі бейнесін көрсететін қысқа лозунг немесе ұран.
Жарнама үндеуінің стилі – жарнама мәтінін көркемдеп айту тәсілі, мәнері және оны баяндау үні, сарыны.
Жарнама жасау стилдері:
натураға қарап жасау;
фантазия (қиял);
көңіл – күй мен бейне;
клиенттер мен лидерлер пікірі;
тауарларды жариялау;
әзіл – оспақты пайдалану;
символикалық кейіпкерлер;
тарихи әңгіме ретіндегі жарнама жанры;
музыка;
ғылыми дәлелдер;
Достарыңызбен бөлісу: |