1 web-сайттың қазіргі заманғы қоғамдағы ролі


 Пәндік салаға талдау жасау



жүктеу 0,83 Mb.
Pdf просмотр
бет2/25
Дата19.02.2018
өлшемі0,83 Mb.
#10094
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

14 

 

1 Пәндік салаға талдау жасау 



 

1.1 Қазақстандғы интернет 

 

2010-2012  ж.ж.  экономикалық  өсім  инфрақұрылымның  дамуына 



байланысты  мемлекеттік  және  жекеменшік  кәсіпорындардың  инвестициялық 

өсімін айқындады. Сонымен қатар, ол жұртшылықтың жоғары білім әлеуетіне 

ие  болуға  әзір  болуына  мүмкіндік  туғызды  (Интернетке  қол  жетімділікке 

бағаны кезең-кезеңмен төмендете отырып және ақырғы тұтынушыға берілетін 

арналардың  өткізгіштік  мүмкіндігін  кеңейту  арқылы).  Мемлекеттік  уәкілдік 

етуші 


органдардың 

бүкіл 


осы 

уақыт 


аралығында 

ақпараттық-

коммуникациялық саланың даму басымдығын талай рет қайталай жариялаған 

тынымсыз еңбегі процестің ілгерілеуіне белгілі дәрежеде мүмкіндік туғызды. 

ҚР  республикалық  ақпараттандыру  және  байланыс  (АБА)  Агенттігінің 

мәліметі  бойынша  2010  ж.  Интернеттің  таралу  дәрежесі  (1,9  млн.)  құрады, 

2011  -35%,  алайда  2012  жылдың  қазан  айында  байланыс  операторларының 

есебіне сүйене отырып, ақпараттандыру және байланыс Агенттігінің төрағасы 

47%  (7,4млн.  адам)  деген  санды  көрсетті.  Бұл  санға  кеңтарапты 

қолжетімділіктегі  2,2млн.  абонент,  коммутирлі  қолжетімділікте  (dial-up) 

0,6млн.  абонент,  сонымен  қатар  Интернет  торына  мобильды  қолжетімділікте 

4,6млн.  абонент  кірді.  Мобильды  Интернет  қызметін  (WAP,  GPRS,  EDGE) 

пайдаланушы  ұялы  операторлар  абоненттер  көбінесе  тұтынушылардың 

алғашқы  екі  категориясының  біріне  қатысты  болғандықтан  бұл  көрсеткішті 

дұрыс деп санаудың өзі қиындау. Күмәнді десек те, ресми санақ әдістемесінде 

абоненттер  санының  тез  өсуінің  жағымды  фактілерін  атауға  болады: 

кеңтарапты  қолжетімділік  абоненттері  саны  -  2010  жылы  981  мыңнан,  2011 

жылы  1973  мыңға  дейін,  яғни  бір  жарым  еседей  артық  болса,  2012  жылы 

қайтадан  екі  есеге  арта  түсті.  Шетелдік  дерек  көздері  Қазақстан  бойынша 

аздап  жоғарылау  санды  көрсетеді.  Сонымен  WorldStat  Internet  ұйымының 

санағы  бойынша  Интернеттің  еніп  таралу  дәрежесі  12,3%-ды  (1,9млн.) 

құрайды,  әйтсе  де  республика  жұртшылығының  Әлемдік  ғаламтордағы 

қатынасу  қарқынының  жоғары  екендігі  мойындалады:  2000-2012ж.ж. 

аралығында  қолданушылар  саны  29  есеге  артты.  Ірі  Budde  Comm  Интернет-

компаниясының  мәліметіне  сәйкес  қолданушылар  саны  1,5млн.  адамды 

құрайды,  мобильді  телефондар  арқылы  қолжетімділікті  есепке  алмағанда 

таранып  ену  дәрежесі-9,8%.  Hivos  Қорының  (Нидерланды)  «Ғаламдық 

ақпараттық  ұйымының»  есебінде  сарапшылардың  пікірі  бойынша  мұндай 

көрсеткіштер  қазірше  жеткілікті  деп  санала  қоймайды,  оның  себебі 

телекоммуникация  секторын  либерализациялау  қарқынының  баяулығы  және 

бағаның бірте-бірте төмендетілуіне қарамастан, Интернет қызметі тарифы әлі 

де жоғары болып отыр. Бұған Интернетті үйде пайдалануға мүмкіндіктері бар 

-  аса  кең  тарала  қоймаған  «орта  класс»  қабатын,  Қазақстандағы  ауыл 

тұрғындарының  жоғары  процентті  құрайтындығын  және  АКТ  мәселесінде 

көпшіліктің сауатының төмендігін қоса айтуға болады. Сарапшылар тобында 



15 

 

бұл  факторлар  ортасы  басқа  да  институционалдық  параметрлермен 



үйлесімділікте  электрондық  даярлық  дәрежесін  атайды.  Осыған  қарамастан, 

пайдаланушылардың  көрсетілген  әлеуметтік  өсімі  әрі  мемлекеттік  және 

жекеменшік 

провайдерлер 

инвестициясының 

жалғасуы, 

алаңда 

бәсекелестіктің  қыза  түсуі,  технологиялық  инновациялар,  жекелеп  алғанда, 



кейбір өткізгішсіз жүйенің дамуы негіз береді. 

 

1.2 Қазақстандағы интернет-сақтандыру жүйесі 

 

Қазіргі  уақытта  Қазақстанда  қаржылық  қызметтің  көптеген  онлайндық 



нұсқасы  бар.  Интернетте  жасалынған  биржалық  келісімнің  саны  дәстүрлі 

жасалынған  келісімнен  артып  түседі.  Банктердің  желілік  өкілдері  өздерінің 

тұтынушыларына  интернет  арқылы  өз  қаржыларын  қашықтықтан  басқару 

әдісін кеңінен ұсынуда. Интернет-дүкендерде қоғамның бөлінбес бір бөлігіне 

айналып  баруда.  Отандық  төлем-ақылырдың  сан-түрлі  әдістерінің  халыққа 

ұсынылуы  интернет  жүйесінің  елімізде  кеңінен  тарап,  халықтық  қолданысқа 

ие болды. 

Қазақстанда  50  аса  сақтандыру  компаниялары  интернет  желісінде 

көрсетілген.  Бұл  ретте  көптеген  сақтандыру  компаниялардың  Web-сайты  тек 

мәлемет жеткізу мен өз қызметтерімен таныстыру рөлін атқарып отыр. 

Осы  және  өзгеде  себептерге  байланысты  қазақстандық  сақтандырушы 

компаниялардың Web-сайтын ол компаниялардың Интернет-өкілдігі деп айта 

алмаймыз.  Қазақстанда  полисті  тұтынушыға  Интернет  желісі  арқылы  беру 

туралы  арнайы  заң  болмайына  байланысты,  сақтандыру  полисі  сақтанушыға 

тек  почта  арқылы  (бұлжағдайда  сақтандырушының  бір  жақты  қолы 

қойылады), курьерлік қызмет компаниясы арқылы немесе сақтанушы офиске 

келіп  өзі  алып  кетеді.  Тағы  маңызды  проблеманың  бірі,  сақтандырушы  мен 

сақтанушы  арасындағы  төлем  ақының  жүруі.  Екі  жақты  төлем  ақы  жүргізу 

жүйесіне  сенімсіздіктің  салдарынан  интернет  жүйесінде  пластикалық  карта, 

цифрлық  ақшаны  қолданбайды.  Әдетте  салымды  ақша  мен  қолма-қол  төлеу 

жүргізіледі. 

Яғни,  қазақстандық  сақтандыру  компанияларының  негізгі  мәселесі 

болашақ  тұтынушыға  компания  жайлы  және  көрсететін  қызметі  жайлы 

жеткілікті  дәрежеде  мәлемет  жеткізу.  Компания  жайлы  мәлеметке  келесідей 

тармақтар кіру қажет: 

-  компанияның даму тарихы; 

-  негізгі қаржылық есептіліклің қысқа нұсқасын ұсыну; 

-  үлкен, белгілі серіктестер жайлы мәлемет; 

-  басты офис пен бөлімшелердің мекен-жайы. 

Бұл  тұста  тұтынушы  мен  сатушының  арасындағы  сенім  маңызды  рөл 

атқарады. Сол себепті қаншалықты осы мәлеметтер сенімді түрде жеткізілсе, 

соншалақты  тұтынушының  компанияға  деген  көз-қарасы  жақсы  болып,  соң 

кезекте сақтандыру полисіне тапсырысты тап осы сақтандырушыға беретініне 

кепіл. 



жүктеу 0,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау