43
- блог. Weblog ағылшын сөзінен тараған. Орысша термині – «желілік
күнделік» - бұл автордың жеке мақалалары орналасатын сайт. Әдетте
мақалалар ретінде сайттарға сілтемелер болуы мүмкін. Бұл категорияға келесі
CMS-тарды жатқызуға болады: bBlog, CMS MyPUPBlog, Nucleus, plog,
pMachineFree, WordPress;
- форумдар – бұл сайтта пікір алмасу құралы. Форумда хаттар
пошталық хаттар сияқты өз авторы мен мазмұны бар. Бірақ хат жіберу үшін
арнайы прогрмма қажет емес – жай ғана сайтта сәйкес форманы толтыру
қажет. Форумның принциптік қасиеті, онда хаттар өзара байланысқан
тредтерге (thread - жіп) біріктірілген. Форумға жауап берген жағдайда сіздің
жауабыңыз алдыңғы шығыс хатқа байланысқан болады;
- хостингтің Админ панелі. Бұл класқа Control PANEL (С-панель),
Direct Admin өнімдері жатады.
Объектілі-бағытталған мәліметтер үлгісінде негізделген жүйелер
функционалды, иекмді болып келеді, бірақ ол күрделі.
CMS-та мәліметтер қорының желілік түрі – графтар теориясына
сүйенеді: ақпарат құрылымы өзара байланысқан, белгіленген түйіндер түрінде
көрсетіледі. Жүйе фундаменті ретінде мәліметтер сипатының желілік үлгісі
көрсетілген желілік жүйесі ғана емес, сонымен бірге дәстүрлі реляционды
МҚБЖ қызмет ете алады. Реляционды кестелерде түйіндер, олардың
атрибуттары және өзара байланыстары жайлы ақпарат сақталады. Атрибуттың
байланыстан айырмашылығы, атрибутта – өз мәні, ал байланыста – басқа
түйінге сілтеме сақталады. Бағытталған графтан мәліметтерді бөлу үшін
әдетте түйіндер тізімін құрау, түйіндер атрибуттарын бас атрибут түйіні
бойымен анықтау сияқты өңдеудің рекурсивті процедуралары пайдаланады.
Модульдер тәуелсіз және берілген типтің құжаттарымен жұмысына
толығымен жауап береді. Модульді CMS-жүйелерінің ортақ кемшілігі, ол –
мазмұнының модуль негізінде қатаң белгіленген құрылымды қамтуы. CMS –
бұл хостинг-аймақта орнатылатын және екі негізгі функция атқаратын
программа болып табылатындықтан, оның басты функциясы – мәліметтер
қорында сақталатын, алдын ала анықталған контентпен, дизайнмен, яғни
мәтіндермен,
суреттермен,
кестелермен
және
т.б.
материалдарды
құрылымдап, қолданушыларға сайт беттерін көрсету (2.5-сурет).
44
2.5 cурет - CMS жүйесінің жұмыс істеу принципі
Мынаны ескерген жөн, мұндай түрде сайт беттері болмайды. Жеке
шаблондар және түрлі материалдар жиыны – мәтін, суреттер, мұрағатталған
файлдар, MSOffice/PDF құжаттары және т.б. материалдарды құрайды. CMS
қолданушы сұраныс жіберген жағдайда web-бет құрастырылады. Сонымен
жағдайдан тәуелсіз, қолданушыға ешкім көрмейтін, қандай да бір уникалды
ақпарат көрсетіледі.
Тағы бір функциясы – сайт басшысына ешбір арнайы тәжірибелерсіз
сайтты басқаруға көмектесуге болады.
2.2.7 Drupal қолдану ортасы
CMS
қолданушыларын
түрлі
топтарға
жатқызуға
болады.
Қолданушылар тобы қолданушыға тиесілі құқықтарды анықтайды. Кез келген
CMS жүйесін орнатуда бір қолданушы құрылады, ол суперадминистратор
болып табылады. Оған «Admin» аты және орнату кезінде көрсетілген
парольге иеленеді.
Әрбір CMS жүйесінде қолданушылардың орнатылған тобы бар. Бұл
келесідей топтар:
- Super Administrator;
- Administrator;
- Manager;
- Auditor;
- Editor;
- Publisher.
45
Administrator тобы Super Administrator-ға қарағанда бірнеше
қысқартылған құқыққа ие. Бұл топқа жататын қолданушылар келесі
құқықтарға ие:
- Super Administrator тобының қолданушыларын қосуға және өзгертуге;
- Global Congiguration Settings – глобальді өңдеу бөліміне кіруге;
- массалы e-mail хаттарды жіберуге;
- шаблонды қосуға немесе өзгертуге;
- тілдік файлдарды қосуға/өзгертуге тыйым салынады.
Manager тобы бойынша контентті басқару үшін құрылған. Бұл топтың
қолданушылары сайттың админ панелінде тіркелуіне болады, бірақ:
- басқа қолданушыларды өзгерту;
- модульдерді орнатуға;
- компоненттерді орнатуға;
- супер
администратормен көрсетілген кейбір компоненттерге
қатынауға тыйым салынады;
- Registered тобының қолданушылары сайтқа логин пішіні көмегімен
кіре алады, сонымен қатар сайтқа құрылған қосымша ақпаратқа қатынай
алады;
- Author тобының қолданушылары өздері қосқан сайттағы контент
ақпаратты өзгерте алады;
- Editor тобы қолданушыларға кез келген қолданушымен құрылған
контент ақпаратты қосуға немесе өзгертуге мүмкіндік алады;
- Publisher тобы – кез келген контент ақпаратты жариялауға, өңдеуге
немесе қосуға мүмкіндігі бар [13].
Қазіргі заманғы сапалы CMS жүйесі келесі сипаттамаларды қамтуы
қажет:
1) Қарапайым инсталляция. CMS-тың алғашқы эксплуатация кезеңі –
орнату (инсталляция) кезеңі. Үдеріс максималды түрде құжатталған,
қарапайым болу керек – мәліметтер базасын құруды немесе конфигурациялық
құжаттарды басқарудан бастамау қажет. Бұл орнату скриптінің көмегімен
орындалатын қарапайым процедура болу керек.
2) Жылдам бастау. CMS жүйесін оны қолданушы пайдалана бастаған
сәттен максималды үйрену қажет. Орнату тапсырмалары біртіндеп
күрделенуі, қарапайым үдерістен күрделі үдеріске өтуі қажет. Сосын бірнеше
css стильдерін қосу мүмкіндігі (нұсқа ретінде – шаблонды таңдау), және жаңа
құжатты басқа сілтемелер мен web-беттермен байланыстыру керек. Әрі қарай
шолу жүйесінің орнатылуы және барлық мүмкін қызметтердің қосылуы,
функционалды блоктардың іске асуы орындалады.
3) Сапалы құжаттау. Егер CMS жүйесін орнатуда қандай да бір
қиындықтар туындаса, құжаттаманы оқыған абзал.
4) Администрациялауды бөлу және құрамын басқару.Барлық ашық
CMS жүйелері «администратор» және «қолданушы» деген түсініктерді
айырады, бірақ қолданушы құрамды басқару және администрлеу тәртібі
арасында өзгертулер енгізу үшін ауысу міндетті емес. CMS жүйелерінің 98%