2)Кәсіби өзін-өзі анықтау туралы түсінік,психологиядағы теорияларды сызба түрінде көрсету.
Кәсіби өзін – өзі анықтау – адамның өз кәсіби қабілеттерінің даму деңгейі мен бағытын ұғынуы.
Кәсіби өзін – өзі анықтаудың басты ( ізгі ) мақсаты – адамдағы өз даму келешегін өз бетінше саналы түрде жоспарлауға және оны іскеасыруға деген іштей дайындықтың бірте – бірте қалыптасуы. ( Ізгі мақсат деп аталу себебі бұл мақсатқа қол жеткізу өте сирек кездеседі ).
Кәсіби өзін – өзі анықтаудың міндеттерінің негізгі топтарынаақпаратты-анықтамалық немесе ағартушылық, диагностикалық ( өзін – өзі тануға жәрдемдесу), моральді – эмоциялық ( таңдауда, шешім қабылдауда көмек көрсету) міндеттері жатады.
Адам өзі көп жағдайда өзін-өзі кәсіби анықтай алмайды, сондықтан ол кеңесшінің көмегіне жүгінуіне тура келеді.
Кеңесші мен клиенттің қатынасы барысында кәсіби өзін – өзі анықтау мәселелерін шешу күрделілігінің мынадай деңгейлері болады:
1)проблема клиент қатысуынсыз шешіледі – клиент пассивті позицияны ұстанып, таңдау субъекті болмайды;
2)проблема клиентпенбірлесе отырыпшешіледі – диалог, өзара әрекет, бірлесе жұмыс істеу;
3)клиенттің өз проблемаларын өз бетінше шешуге дайындығының бірте – бірте қалыптасуы – клиент нағыз субъектке айналады.
«Психологиялық теориялар»
1. Актуализатор - бұл виртуалдық тілдік таңбаның актуализациясы немесе тілдік аударманың бір тәсілі.Мысалы, өткен шақта болған нәрсенің дәл қазір жүзеге асуы, яғни виртуалдық етістік мағынасының айту актісімен ара қатысы.
2. Фрейдизм — австриялық ғалым Зигмунд Фрейдтің (1856- 1939) есімімен аталатын психологиядағы бағыт. Зерттеу ілімі психоанализ деп аталады. Фрейдизм XX ғасырда психологияда кең таралған ағым.
3. Эмоция теориялары — эмоциялардың және эмоциялық процестердің табиғаты, құрылысы, функциялары және динамикасы туралы теориялар.Эмоциялық құбылыстардың табиғатын түсіндіру ерте кезден бастап, әр уақытта да ойшылдар мен ғалымдарды қызықтырған еді. Ертеде философияда, мысалы, эмоциялық үрдістер мен құбылыстарды танымның ерекше түрі ретінде қарастырды. Ағзаның өмірінде эмоцияның мәні мен маңызын түсіндіретін алғашқы кең тараған теориялардың бірі – Чарлз Дарвин ұсынған теория болды. Әртүрлі тірі жәндіктердің анатомиялық физиологиялық ұйымының жалпылығымен сыртқа байқалатын олардың эмоциялық көңіл күйлерінің расында белгілі байланыстың бар екендігін ол көрсетіп берді.
Достарыңызбен бөлісу: |