1 требования к структуре умк дисциплины



жүктеу 1,45 Mb.
бет6/9
Дата22.05.2018
өлшемі1,45 Mb.
#16151
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Лекция мазмұны

Жобаны инвестициялау кезеңінде есептік-талдаудың көлемді жинағы, жобалау кезеңінде қабылданған техникалық, жоспарлы, табиғатты қорғаушы және басқа шешімдер нақтыланады және бөлшекетенді, қаржылық және коммерциялық тиімділік анықталады, жобалау объектісінің әлеуметтік салдары және қауіпсіздігі құрылады. Осымен қатар кәсіпкерге (инвесторға және т.б.) оған негізделген шешімді қабылдауға, оның әрекетін жобаны тиімді жүзеге асыруға бағыттауға мүмкіндік беретін тұтас қорытынды құжат қажет. Осы мақсатта шетел және отандық тәжірибеде бизнес-жоспар құрылады – инвестициялық жобаның мүмкіндіктерін негіздеуге және бағалауға, табыстар мен шығындарды анықтауға, нақты ақшалардың ағымын есептеуге, шығынсыздықты, өтелу мерзімін талдауға және т.б. мүмкіндік беретін негізгі құжат. Бұл жобаны басқарудың арнайы құралы, инвестициялық жобалаудың тәжірибесінде кең қолданылатын техника-экономикалық негіздеудің нысаны. «Инвестициялық жобаның бизнес-жоспары» түсінігінің көптеген анықтамасын келесіге саюға болады: инвестициялық жобаның бизнес-жоспары – бөлімдердің жалпықабылданған тәртібі бойынша қысқа нысанда инвесторды болжанатын инвестициялардың тиімділігінде сендіруге және жобаны негіздеуге және бағалауға мүмкіндік беретін жобаның басты сипаттамалары баяндалатын негізгі құжат. Бизнес-жоспардың негізгі міндеті – жоба келешегінің жалпы жүйелік бағасын беру. Бизнес-жоспар инвесторға – капиталды салудың мақсатқа лайықтылығын анықтау үшін, кәсіпкерге – жобаны жүзеге асыру процесінде әрекет және басқару бағдарламасын жасау үшін, мемлекеттік органдарға – несиелік өзара қарым-қатынасты реттеу және бақылау үшін қажет. Инвестициялық жобаны дайындау келесі кезеңдерден тұратын күрделі процедура болып табылады.



    1. Инвестициялық жобаның идентификациясы.

    2. Жобаны жасау үшін бастапқы мәліметтерді жинау.

    3. Жобаның техникалық бөлімі ұйымдастырушылық құрылымды және нақты өнімді (жұмыс, қызметті) шығарудың физикалық жоспары, сәйкес инвестициялық шығындарды анықтау, сонымен бірге пайдалану кезеңінде пайда болатын шығындарды қосуы қажет.

    4. Маркетингтік талдау.

    5. Коммерциялық талдау.

    6. Қаржылық талдау.

    7. Бюджеттік, аймақтық және салалық талдау.

    8. Институционалды талдау.

    9. Экологиялық талдау.

    10. Тәуекелдерді талдау.

    11. Жобаны жүзеге асырумен байланысты заң сұрақтарын өңдеу.

    12. Жобаны сараптау.

Аяқталған инвестициялық жоба бизнес-жоспар түрінде жасалады. Бизнес- жоспардың құрылымы айтылған бөлімдердің қайталануын қарастырмайдыИнвестициялық жобаның бизнес-жоспары инвестициялық қызмет субъектісінің талаптарын қанағаттандыруы керек.

Өз-өзін бақылау сұрақтары

  1. Инвестицияны қаржыландыру көздері

  2. Инвестицияны қаржыландырудың бюджеттік әдісі

  3. Инвестицияның жіктелінуі

  4. Инвестицияның макро- және микродеңгейдегі рөлі

  5. Инвестицияның мәні мен рөлі неден қорытындыланады?

  6. Инвестицияның түрлері

  7. Инвестицияның экономикалық мазмұны

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Ковалев В.В. Методы оценки инвестиционных проектов М.: ФиС, 2003г.

  2. Маренков Н.Л. Инвестиции. Учебник. М: «Учебник МГУ», 2003г.

  3. Риск - анализ инвестиционных проектов: учебник для ВУЗов/ под ред. Грачевой М. В. М.: ЮНИТИ-Дана, 2001г.

  4. Сейтказиева А.М Инвестиционная деятельность предприятий Республики Казахстан. Учебное пособие. А: «Экономика», 1999 г.




  1. Лекция Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау әдістері

Лекция мақсаты - Инвестициялық жобаның тиімділігін анықтаудағы жалпы әдістер. Жобаның тиімділігінің көрсеткіштері. Жобаның экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері. Бағалаудың статистикалық әдістері. Инвестицияның өзін-өзі өтелу мерзімі. Инвестиция тиімділігінің коэффициенті. Бағалаудың динамикалық әдістері. Таза дисконтталған табыс

Лекция сұрақтары:

1. Жобаның тиімділік көрсеткіштері

2. Бағалаудың статистикалық әдістері

Лекция мазмұны

Сезімталдықты талдау барысында тәуекелге тексерілетін айнымалылардың тізбекті-жеке өзгеруі болып жатады: әрбір кезде айнымалылардың біреуі ғана өзінің мәнін пайыздардың болжамды санына өзгертеді және осының негізінде қабылданған критерийдің жаңа шамасы есептеледі.

Халықаралық тәжірибеде шығынсыздық нүктесін талдау (breakeven point analysis) кең қолданылады, ол жобаның тәуекелдерін бағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қарапайым тәсілі және инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау кезінде қолданылатын қаржылық ақпараттың элементінің бірі болып табылады.

Шығынсыздықты талдау өндіріс көлемінің, өзіндік құнның және пайданың өндіріс процесінде осы көрсеткіштердің өзгеруі кезіндегі өзара байланысын зерттеу болып табылады. Осындай талдаудың мақсаты – шығын, өндіріс көлемі және пайда арасындағы балансталған қатынасты айқындау; нәтижесінде – шығындардың орнын толтыру үшін қажетті өткізу көлемін табу. Шығынсыздықты талдауды жүргізу нақты процесті модельдеу болып табылады және келесі бастапқы алғы шарттарда негізделеді:



  • бір жағынан, өткізу бағаларының өзгеріссіздігі, екінші жағынан, тұтынылатын өндірістік ресурстар бағаларының өзгеріссіздігі.

  • кәсіпорын шығындарын тұрақты (өндіріс көлемінің өзгерісінде өзгермейтін) және айнымалы (өндіріс көлеміне пропорционалды өзгеретін) шығындарға бөлу.

  • түсетін түсімнің және өткізу көлемінің пропорционалдығы.

  • өндірістің критикалық көлемінің жалғыз нүктесінің бар болуы.

  • өндіріс көлемінің өткізу көлеміне теңдігі.

  • бірнеше бұйым шығарған жағдайда бұйымдар ассортиментінің тұрақтылығы.

сипатталған алғы шарттар жүйесі қатаң болып табылады. Шығынсыздық нүктесін талдау графикалық және аналитикалық нысанға ие болуы мүмкін. Бірінші жағдайда – бұл аталған көрсеткіштер арасындағы өзара байланысы, мұнда шығындардың орнын толтыруға қажетті өткізу көлемі ерекше нүктемен - өндірістің критикалық көлемінің нүктесімен (шығынсыздық нүктесі) сипатталады. Осындай шығарылым көлемі кезінде кәсіпорын не пайда, не залал алмайды, яғни өнімді өткізуден түсім оның толық өзіндік құнына (шығынға) тең.

Сезімталдықты классикалық талдау барысында әрбір айнымалының тізбекті-жеке өзгерісі өтеді: тек бір ғана айнымалы өзінің мәнін пайыздардың болжамды санына өзгертеді және осының негізінде пайдаланылатын критерийдің жаңа шамасы есептеледі (мысалы, NPV немесе IRR). Содан кейін базистік жағдайға қатысты критерийдің пайыздық өзгерісі бағаланады және критерийдің пайыздық өзгерісінің айнымалының бір пайызға өзгерісіне қатынасын білідіретін сезімталдық көрсеткіші есептеледі. Тура осылай әрбір қалған айнымалы бойынша сезімталдық көрсеткіші есептеледі. Содан кейін сарапшы жоба үшін аса төмен және аса жоғары тәуекелді айнымалыларды (көрсеткіштерді) айқындауға мүмкіндік беретін сезімталдық матрицасын құралады.



Өз-өзін бақылау сұрақтары

  1. Инвестициялық шешімді қабылдау және жүзеге асыру кезеңдері

  2. Инвестицияны қаржыландыру көздерінің түрлері

  3. Инвестицияны қаржыландыру көздері

  4. Инвестицияны қаржыландырудың бюджеттік әдісі

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Староверова Г.С., Медведев А.Ю, Сорокина И.В. Экономическая оценка Инвестиций. Учебное пособие. М: «Кронус», 2006 г.

  2. Баймуратов У.Б Инвестиции и инновации: нелинейный синтез. Том3. Избранные научные труды. – Алматы: «БИС», 2005г.

  3. Ковалев В.В. Методы оценки инвестиционных проектов М.: ФиС, 2003г.

  4. Маренков Н.Л. Инвестиции. Учебник. М: «Учебник МГУ», 2003г.


12 лекция Белгісіздік және тәуекелдік жағдайында инвестициялық жобаны бағалау

Лекция мақсаты - Белгісіздік және тәуекелдік түсініктері. Жобалық тәуекелдің жіктелінуі. Тәуекелді бағалау процесінің кезеңдері. Тәуекелді бағалау әдістері. Жобаның тәуекелін сапалық бағалау. Диверсификация. Лимиттеу. Хеджирлеу.Сақтандыру.Жобалық тәуекелдері талдаудың сандық тәсілі. Тәуекелдің мөлшерін сандық тәсілі. Тәуекелдің мөлшерін анықтау. Белгілері бір тәуекел мөлшеріне қатысты математикалық куту, дисперсия және орташа квардраттық ауытқуды қолдану. Тәуекелмен басқару

Лекция сұрақтары:

1. Белгісіздік және тәуекелдік түсініктері

2. Жобалық тәуекелдердің жіктелінуі

3. Тәуекелді бағалау әдістері



Лекция мазмұны

Кез-келген жобаның мақсатқа лайықтылығын сипаттай отырып, тиімділіктің екі түрі болады: экономикалық және әлеуметтік.

Әлеуметтік тиімділік түсінігі екі жақтан қарастырылуы мүмкін. Біріншіден, коммерциялық қызметке инвестициялау кезіндегі әлеуметтік тиімділік немесе пайданың өсіміне көмектесетін жобаның тиімділігі. Екіншіден, пайданың генерациялануын қарастырмайтын, фирманың ішінде және одан тыс бағытталған әлеуметтік мақсаттарға бағытталған жобаның тиімділігі. Әлеуметтік тиімділік инвестициялық жобаның тиімділігінің бірінші кезектегі критерийі ретінде қарастырылады. Осы кезде экономикалық тиімділік жобаны жүзеге асыру барысында орындалатын әрекеттердің оңтайлығын сипаттайтын критерий ретінде қарастырылады. Әлеуметтік нәтижелер жобаның әлеуметтік ортаны жақсартуға салымды көрсетеді, нәтижесінде – келесі бағалармен сипатталатын адамдардың өмір сапасын көтеру:


  • өмір деңгейі – халықтың табыстары (орташа жалақы және басқа төлемдер); халықтың тұтынушылық мақсаттағы тауарлар мен қызметтермен қамтамасыз етілуі; тауарлар мен қызметтерге бағалар мен тарифтер; халықтың тағам өнімдерін, басқа тауарларды және қызметтерді тұтынуы; тұрғын үймен, шаруашылық-тұрмыс объектілерімен және коммуналды қызметтермен қамтамасыз ету;

  • өмір сүру салты – халықтың жұмысбастылығы (жаңа жұмыс орындарының саны); кадрларды дайындау; халықты білім, мәдениет және өнер, денсаулық сақтау, спорт, көліктік қызмет көрсету объектілерімен қаматамсыз ету; әлеуметтік қауіпсіздік (құқықбұзушылықтың төмендеуі);

  • денсаулық және өмір ұзақтығы – еңбек жағдайларының жақсаруы; денсаулық сақтау саласының дамуы; қызмет көрсету деңгейі.

Тиімділіктің келесі түрлері: жобаның жалпы тиімділігі және жобаға қатысудың тиімділігі болып бөлінеді. Өз кезегінде жобаның жалпы тиімділігі:

  • жобаның қоғамдық (әлеуметтік-экономикалық) тиімділігі;

  • жобаның коммерциялық тиімділігі.

Жобаға қатысудың тиімділігі:

  • кәсіпорын-қатысушылар үшін инвестициялық жобаның тиімділігі;

  • акционерлер үшін тиімділігі;

  • жоғары деңгейлердің жобаға қатысуының тиімділігі, соның ішінде аймақтық, халықшаруашылық және салалық тиімділігі;

  • инвестициялық жобаның бюджеттік тиімділігі.

Кәсіпорын деңгейіндегі экономикалық тиімділіктің көрсеткіштері өндірістік нәтижелерді – өнімді өткізуден түскен түсімнен өзіндік қажеттіліктерге, пайда (табыс) немесе өндірістің ағымды шығындарын (өзіндік құн) өтеуге кеткен бөлігін алып тастағандағы бөлігі, және кәсіпорын жұмыскерлеріне және олардың жанұяларының мүшелеріне қатысты әлеуметтік нәтижелерді есептеуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, инвестициялық жобалардың коммерциялық тиімділік, бюджеттік тиімділік аймақтық тиімділік көрсеткіштері бар.

Тәуекел күрделі және көп аспектілі категория. Ғылыми әдебиетте тәуекелдің көп түрлері кездеседі, бұл кезде жиі жіктеу белгісі тәуекелін сипаттауға және талдауға тырысатын объект болып табылады. Жіктеуге әртүрлі тәсілдемелерді көптеген жағдайда жіктеудің мақсаттары мен міндеттерінің түрлілігімен түсіндіруге болады. Бірақ бірқатар жағдайларда бірдей жіктеу белгілері кезінде тәуекелді белгілі бір топқа жатқызудың әртүрлі, кейбір жағдайда қарама-қайшы критерийлері ұсынылады.

Пайда болу көзі тұрғысынан тәуекелдер жүйелік (макроэкономикалық) және жүйелік емес (микроэкономикалық) болып бөлінеді.



Жүйелік тәуекелдер сыртқы жағдайлармен анықталады, субъектіге тәуелсіз және онымен реттелмейді. Оларға елдік тәуекел, форс-мажорлық жағдайлар тәуекелі жатады.

Елдік тәуекел кәсіпкерлік қызметтің интернационализацясымен тікелей байланысты. Ол сыртқы экономикалық қызметтің барлық қатысушылары үшін өзекті және елдердің саяси-экономикалық тұрақтылығына тәуелді. Берілген тәуекел экономикалық және саяси тәуекелге бөлінеді.

Экономикалық тәуекел елдің экономика саласындағы жағымсыз өзгерістердің мүмкіндігінен туындауы мүмкін.

Саяси тәуекел елдегі саяси жағдайдың өзгеру салдарымен байланысты. Саяси тәуекелге жатқызылады:

Көрініп тұрғандай, берілген тәуекелдер тығыз қатысты болып табылады және өзара байланыста қарастырылуы керек.



Форс-мажорлық жағдайлар тәуекелі табиғи апаттардың жобаны жүзеге асыру барысына әсер ету қауіптілігін анықтайды.

Жүйелік емес тәуекелдер нақты субъектіге тән, оның жағдайына тәуелді және оның нақты спецификасымен анықталады. Осы тәуекелдерді басқаруға болады және басқару қажет. Олардың ішіндегі маңыздыларына тоқталайық.

Іскерлік тәуекел – жобаны жүзеге асыратын компанияның немесе жобаның салалық спецификасымен анықталатын тәуекел.

Қаржыландыру тәуекелі – жобаны жүзеге асыру сәтіндегі қажетті ақша қаражаттарының жоқ болу тәуекелі, сонымен бірге несиелеу немесе тікелей инвестициялау шарттарының өзгеру тәуекелі.

Техникалық тәуекел – жобалаудағы қателермен, таңдалған технологияның кемшіліктерімен, мамандандырылған жұмыс күшінің жеткіліксіздігінен, жүргізілетін жұмыстардың мерзімдерін бұзудан, шикізатқа, энергияға және құраушыларға бағаның көтерілуінен және т.б. туындайтын тәуекел.

Маркетингтік тәуекел – нарықты зерттеудің төмен деңгей тәуекелі.

Компанияны «әлсіз» басқару тәуекелі.

Өтімділік тәуекелі – бағадағы маңызды жоғалтуларсыз активтерді тез сату мүмкіндігінің тәуекелі (инвестициялау объектісін сату қажеттілігі кезінде туындайды).

Өз-өзін бақылау сұрақтары

  1. Таза дисконтталынған табыс қалай есептелінеді?

  2. Тәуекелдерді бағалау процестерінің кезеңдерін атаңыздар

  3. Тәуекелділікті бағалау кезінде қандай әдістер қолданылады?

  4. Тікелей инвестициялардың портфельді инвестициялардан ерекшеліктері

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Найденков В.И. Инвестиции. Учебное пособие. Москва: «РИОР», 2005г.

  2. Подшиваленко Г.П., Киселева Н.В., «Инвестиционная деятельность». Учебное пособие. М: «Кнорус», 2005г.

  3. Аньшин В.М. Инвестиционный анализ. Учебное пособие. М: «Дело», 2003г.

  4. Бочаров В.В. Инвестиционный менеджмент. Учебное пособие. С-П: «Питер», 2002г.

  5. Булатов А.С. Экономика. Учебник. М: «юрист», 2000г.

  6. Новиков А.В. Фондовый рынок как механизм привлечения инвестиций. Новосибирск НТ АЭиУ, 2000г.


4.ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ Қаржылық инвестициялар

  1. Лекция Қаржылық инвестициялар, инвестициялық сапа мен тиіміділігін бағалау

Лекция мақсаты - Қаржылық инвестицияларды өлшеудің жалпы әдістмесі. Қаржылық инвестициялар портфелінің қалыптасуы. Қысқа мерзімді қаржылық құралдардың табыстылығын өлшеу. Вексельдермен операциялардың табыстылығы. екселдердің сатып алу-сатылуын есепке алу. ысқа мерзімді қаржылық құралдарыны сату және сатып алу. Облигациялардың табыстылығын талдау.

Лекция сұрақтары:

1. Бағалы қағаздардың инвестициялық сапасы

2. Фьючерстерді қолданудың негізгі бағыттары

3. Фьючерстік бағалардың жағымды өзгерісінен алынатын табыс



Лекция мазмұны

Инвестициялардың тиімділігі инвестициямен байланысты шығындар мен нәтижелердің қатынасын көрсететін және бір инвестициялардың басқаларына қарағандағы экономикалық артықшылықтары туралы айтуға болатын көрсеткіштер жүйесімен сипатталады. Инвестициялардың тиімділік көрсеткіштері келесі белгілер бойынша жіктелінеді:

Инвестициялардың экономикалық тиімділігінің критерийі көрсеткіші бойынша:


  • абсолютті, бұл жерде жалпылайтын көрсеткіштер жобаны жүзеге асырумен байланысты нәтижелер мен шығындардың құндық бағалары арасындағы айырма ретінде анықталады;

  • қатысты, бұл кезде жалпылайтын көрсеткіштер жоба нәтижелерінің құндық бағаларының оларды алуға кеткен жиынтық шығындарға қатынасы ретінде анықталады;

  • уақытша, онымен инвестициялық шығындардың өтелу мерзімі бағаланады.

Әртүрлі уақытта болатын ақша шығындары мен нәтижелерді салыстыру әдісі бойынша:

  • статикалық, бұл кезде әртүрлі уақыт сәттерінде пайда болатын ақша ағымдары бірдей бағалы болып бағаланады;

  • динамикалық, бұл жерде жобаны жүзеге асырумен байланысты ақша ағымдары әртүрлі уақытта болатын ақша ағымдарының салыстыруын қамтамасыз ете отырып, олардың дисконтталуы арқылы эквиваленттік негізге келтіріледі.

Статикалық әдістер деп есептік бағаларға негізделген әдістерді атайды, ал динамикалық әдістер деп дисконтталған бағаларға негізделген әдістерді атайды.

Статикалық әдістер тобына инвестициялардың өтелу мерзімі (Payback Period, PP) және инвестициялардың тиімділік коэффициенті (Accounting Rate of Return, ARR) әдістері жатады.

Инвестициялық жобаларды бағалаудың кең тараған статикалық көрсеткіші өтелу мерзімі болып табылады.

Жобаның өтелу мерзімі – бұл эксплуатациядан түскен табыстар бастапқы инвестицияларға тең болған (капиталдық шығындар және эксплуатациялық шығындар) кезде объектіні жүзеге асыру сәтінен бастап оны пайдалану сәтіне дейінгі кезең болып табылады. Жобаны статистикалық қаржылық бағалаудың тағы бір көрсеткіші инвестициялардың тиімділік коэффициенті (Account Rate of Return немесе ARR) болып табылады. Берілген коэффициент пайданың есептік нормасы немесе жоба рентабельділігінің коэффициенті деп аталады.

Инвестициялық жобаларды бағалаудың динамикалық әдістеріне таза ағымды құн (Net Present Value, NPV), инвестициялардың рентабельділік индексі (Profitability Index, PI), ішкі рентабельділік нормасы (Internal Rate of Return, IRR), модификацияланған ішкі рентабельділік нормасы (Modified Internal Rate of Return, MIRR), инвестицияның дисконтталған өтелу мерзімі (Discounted Payback Period, DPP) жатады.



Өз-өзін бақылау сұрақтары

  1. Нақты және қаржылық инвестициялар

  2. Портфельді инвестицияның инвестицияны қаржыландыру әдісі

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Янковский К.П. Инвестиции, Учебное пособие СПб: Питер 2007 «Серия» «Краткий курс».

  2. Графова Г.Ф, ГуськовС.в экономическая оценка инвестиций Учебное пособие М: «Дашков и К», 2007г.

  3. Басовский Л.Е, Басовская Е.Н. Экономическая оценка инвестиций Учебное пособие М: «Инфра-М», 2007г


14 лекция Халықаралық инвестициялар

Лекция мақсаты - Халықаралық инвестициялар түсінігі. Халықаралық инвестициялар объектілері мен субъектілері. Халықаралық инвестициялар портфелін қалыптастыру мен таңдау. Халықаралық инвестициялар портфелін қалыптастырудың пассивті және активті әдістері. Халықаралық инвестициялар портфелінің табыстылығын талдау. Тұрақты инвестициялық капитал кезіндегі табыстылық. Айнымалы инвестициялық капитал кезіндегі табыстылық. Халықаралық инвестициялар портфелінің тәуекелін бағалау.

Лекция сұрақтары:

1. Халықаралық инвестициялар түсінігі

2. Халықаралық инвестициялар объектілері мен субъекілері

3. Халықаралық инвестициялар портфелінің тәуекелін бағалау



Лекция мазмұны

Қазіргі кезде халықаралық инвестициялау кең қолданысқа ие болды. Яғни шетел эмитентінің бағалы қағаздарын сатып алу осыдан барып олар салынған инвестициядан өте жоғары табыс алады.

Халықаралық инвестицияларды келесідей субъектілер жүзеге асырады:


  1. инвестициялық қорлар

  2. зейнетақы қорлар

  3. акционерлік қоғамдар

  4. жеке инвесторлар.

Бос ақша құралдары бар инвестор келесідей бағыттар бойынша инвестициялық портфелдерді қалыптастыра алады:

    1. инвестициялық портфелге шетелдің ұлттық нарықтарын қосу;

    2. ұлттық нарықтын эмитенті болып барлық акционерлік қоғамдар жатады, олар акция, облигация шығарады, сонымен бірге мемлекет және жергілікті басқару органдары ( мемлекеттік бағалы қағаздар, муниципалды займдар);

    3. екінші деңгейлі банктердің депозиттері.

Осы аталған портфель түрінің артықшылықтары бар:

    1. эмитент туралы барлық ақпараттарды алу мүмкіндігі мен рұқсаттылығы;

    2. ақша және қор нарығының ( қаржы нарығы)жағдайын дербес қадағалауға мүмкіндік береді;.

    3. валюта ауыстыру жөніндегі тәуекелді жою;

    4. қосымша шығындарды жою, яғни шетелде инвестициялау кезінде резидент емес эмитент пен салыстырғанда, резидент эмитенттің ұсынылған артықшылықтары салық, жеңілдік және т.б. пайда болуы.

Кемшіліктері:

      1. бұндай портфелдердің түрлері ұлттық нарықта табыстылықтың төмендеуінен сақтандырылмаған.ұлттық нарықта шетел инвестициялары қатысады. Осыдан ұлттық қор нарығы дүниежүзілік нарыққа енуіне және дүниежүзілік қор нарығының дағдарысқа ұшырауы біздің ұлттық қор нарығымыздың тұрақтылығына әсерін тигізеді.

      2. Инвестициялық портфел өзіне шетел инвесторын ұлттық валюталарын және сол ұлттық нарықта сатылатын бағалы қағаздарын енгізеді.

Аталған портфельдің артықшылығы : ол жоғары табыстылықта.

Кемшілігі: эмитенттің валюталық бағамының түсіп кету тәуекелі және эмитент тұр ақпараттарды жеткілікті түрде ала алмауы.

Инвестициялық портфель шетел эмитентінің бағалы қағаздарың кіргізеді және оны ұлттық нарықта сатады бірақ өздерінің шетел валютасында.

Халықаралық инвестициялаудың нәтижесінде портфельді қалыптастыру (ұлттық нарықтың бағалы қағаздары) өйткен халықаралық нарық бүкіл нарықтарды қамтиды.

Халықаралық инвестициялаудың дамуы бағалы қағаздардың табыстылығымен және тек қана ұлттық нарықтағы инвестициялармен салыстырғандағы тәуекелдің деңгейінің төмен болуымен байланысты болып келді.

Өз-өзін бақылау сұрақтары


  1. Халықаралық инвестициялар портфелін қалыптастыру

  2. Халықаралық инвестициялар портфелін таңдау

  3. Халықаралық инвестициялар түсінігі

  4. Халықаралық инвестициялардың ерекшеліктері

  5. Халықаралық инвестициялауды дамытуда қаржы институттарының рөлі қандай?

  6. Халықаралық инвестициялаудың негізгі бағыттары қандай?

  7. Халықтың жинақтары – инвестициялау көзі ретінде

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Афонин И.В. Инновационный менеджмент и экономическая оценка реальных инвестиций, Учебное пособие, М.: Гардариже, 2006г.

  2. Староверова Г.С., Медведев А.Ю, Сорокина И.В. Экономическая оценка Инвестиций. Учебное пособие. М: «Кронус», 2006 г.

  3. Баймуратов У.Б Инвестиции и инновации: нелинейный синтез. Том3. Избранные научные труды. – Алматы: «БИС», 2005г.

  4. Ковалев В.В. Методы оценки инвестиционных проектов М.: ФиС, 2003г.

  5. Маренков Н.Л. Инвестиции. Учебник. М: «Учебник МГУ», 2003г.

  6. Риск - анализ инвестиционных проектов: учебник для ВУЗов/ под ред. Грачевой М. В. М.: ЮНИТИ-Дана, 2001г.

  7. Сейтказиева А.М Инвестиционная деятельность предприятий Республики Казахстан. Учебное пособие. А: «Экономика», 1999 г.


жүктеу 1,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау