1 требования к структуре умк дисциплины



жүктеу 5,18 Kb.
Pdf просмотр
бет16/49
Дата10.02.2018
өлшемі5,18 Kb.
#9350
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   49

 
41 
Матрицалық принтерлердің 9–инелілігі және 24–инелілігі бар.  
Кемшіліктері:  матрицалық  принтер  –  механикалық  құрылғы,  сондықтан  да  оның 
жұмысы  шумен  қабаттасылады.    Баспаға  басу  сапасы  принтер  мүмкіндігіне,  яғни  бір 
дюймдегі – dpi (нүктелер санына) байланысты. Бейнелермен жұмыс істегенде матрицалық 
принтерлердің сапасы ӛте тӛмен.   
Бҥріккіш принтерлер. 
Бүріккіш принтерлердің жұмысы инелік принтерлердің жұмысына ұқсас.  
Түрлі түсті бүріккіш принтерлердің сапасы матрицалық принтерлерден жоғары, бірақ 
лазерлік  принтерлерге  қарағанды  бағалары  тӛмен.  Түрлі  түс  тӛрт  негізгі  түсті  бірінің 
үстіне  бірін  салу  арқылы  алынады.      Бұл  принтерлер  тек  сапалы,  жақсы  қағаздармен 
жұмыс  жасай  алады.    Бүріккіш  принтерлердің  графиканы  баспаға  басу  мүмкіндіктері 
300*300 ден  720*720 dpi дейін барады.   
Бүріккіш принтерлердің негізгі кемшілігіне  сиясының кеуіп қалатындығы жатады.   
Лазерлік принтерлер. 
Бүріккіш  принтерлер  мен  лазерлік    принтерлердің  баспаға  басу  сапасы    матрицалық 
және  бүріккіш  принтерлерге  қарағанда  жоғары,  бірақ  баспаға  басу  құны  жоғары.  
Сондықтан  да  жоғары  сапалы  ақ-қара  түсті  графикалық  бейнені    алу  үшін  лазерлік 
принтерді,  ал  түрлі  түсті  графикалық  бейнелерді  алу  үшін  бүріккіш  принтерлерді 
пайдаланған  жӛн.  Ақ-қара  түсті  лазерлік  принтерлерге  қарағанда  түрлі  түсті  принтерлер 
ӛте қымбат тұрады.  
 
2.2.  Графикалық  бейнелерді  енгізу    қҧрылғылары  және  олардың  негізгі 
сипаттамалары.  
 
Плоттерлер (графоқҧрушылар). 
Плоттер (графоқұрушы) – бұл диаграммаларды, басқа да бейнелерді қағазда, 
пластикада,фотосезімтал материалдарда  автоматты түрде құратын құрылғы. 
 
Сурет 5. Плоттер MDX-20  
 
Сканерлер. 
Сканер  бұл  енгізу  құрылғысына  жатады.    Ол  компьютер  жадына    бейнелерді, 
мәтіндерді, фотсуреттерді енгізуге мүмкіндік береді.  


 
42 
 
 
Сканерлер мынадай түрлерге бӛлінеді:  
− 
қарапайым  қолдық  сканерлер    –  бұл  кішігірім,    арзан,  қарапайым 
құрылғылар.  Олар  кітап,  журнал  беттеріндегі  бейнелердің,  мәтіндердің  кӛшірмесін  алу 
үшін қолданылады.  Стандартты мүмкіндігі 300–400 dpi-ден аспайды.  
− 
барабанды сканерлерде  кӛшірмесін алатын бейне үлгісі айналмалы барабанда 
орналасады.  Олар кӛбінесе баспахана жұмыстарында қолданылады.  
− 
парақты сканерлерде   кӛшірмесін алатын бейне үлгісі  А4 форматты сызғыш 
бойында орналасады.   
− 
планшеттік  сканерлер  бейне  үлгілерінің  кӛшірмесін  автоматты  тәртіпте 
орындайды. Планшеттік сканерлердің айыру мүмкіндігі 1200 dpi-ге дейін барады.  
 
Сканер  компьютерге  тізбектелген  порт  арқылы  жалғанса,  онда  сканерден 
ақпарат алу ӛте жәй, ал USB интерфейсі арқылы қосылса, онда ақпарат алу жылдамырақ 
болады.  
 
Бақылау сҧрақтары: 
1.  Графикалық бейнелерді шығаруға арналған қандай құрылғыларды білесіздер? 
2.  Дисплей  буфері дегеніміз не? 
3.  Экран түріне байланысты мониторлар қандай түрлерге бӛлінеді? 
4.  Бейнеадаптер дегеніміз не? 
5.  Бейнеадаптерлердің қандай түрлерін білесіздер? 
6.  Баспаға басу технологиясы бойынша принтерлерді қандай түрлерге бӛлуге 
болады? 
7.  Бүріккіш принтерлер қалай жұмыс істейді? 
8.  Лазерлік принтерлерге сипаттама беріңіз. 
9.  Плоттер дегеніміз не? 
10. Сканерлер қандай түрлерге бӛлінеді? 
 
  
3-ші лекция.  Графикалық мәліметтер туралы тҥсінік 
   

 Графикалық ақпараттарды сақтау форматтары. 
 
Компьютерлік графикада бейнелерді сақтау үшін отызға жуық  файл форматтары бар. 
Бірақ олардың кейбіреулері ғана барлық программаларда жұмыс істей алады. Векторлық, 
растрлық және үшӛлшемді бейнелердің форматтары бір-біріне сәйкес келмейді. Кӛптеген 
графикалық  редакторларда  ақпаратты  тез  ашып  және  кодталған  бейнелерді  тез  қалпына 
келтірукерек,  сондықтан  да  оларды  жадыға  жазғанда  ӛз  форматын  қолданып  сақтаған 
тиімді. Егер бейнелерді құру барысында бірнеше программалар қолданылған болса немесе 
бейнені  электрондық  пошта  арқылы  басқа  адамға  жіберетін  болсаңыз,  онда  барлық 
программаларда жұмыс істей алатын форматтарды қолданған жӛн. 


 
43 
Форматтар  қандай  мақсатқа    арналып  жасалғандығына  байланысты,  әр  формат 
графикалық ақпаратты әртүрлі етіп сақтайды.  
Компьютерде  графикалық  ақпаратты  векторлық  және  растрлық  түрде  беруге 
болатыны белгілі, сондықтан файлдар форматы да сәйкес векторлық және растрлық болып 
бӛлінеді.  
Растрлық файлдар форматында: 

бейне ӛлщемі  –  горизонталь және вертикаль ӛлшемдері бойынша бейненүктелердің 
саны. 

биттік тереңдік – бір бейненүктенің түсін сақтау үшін қолданылатын биттер саны. 

бейнені сипаттайтын деректер және қосымша ақпараттар сақталады. 
 Растрлық  графика  бейнелерінің  кӛлемі  ұлкен  болғандықтан,  растрлық  файлдар 
форматында қысу алгоритмі қолданылады. Қысу алгоритмдері екі түрлі болады: 

файлдарды архиватор-программалардың кӛмегімен қысу; 

файл форматына енгізілген қысу алгоритмінің кӛмегімен қысу.  
Бірінші жағдайда арнайы архиватор-программалар бастапқы файлды қысу алгоритмін 
қолдана отырып, жаңа файл құрады. Бірақ осылайша қысылған файлды қайтадан бастапқы 
қалпына келтірмейінше ешқандай программа оны ӛздігінен аша алмайды.  
Бейнелерді мәтіндер сияқты әртүрлі типтеріне байланысты ӛзіндік қысу алгоритмдері 
бар.  
3.1. Графикалық ақпараттарды сақтау форматтары. 
TIFF  (Tagged  Image  File  Format,  файл  атының  кеңейтілуі  .TIF)  жоғары  сапалы 
растрлық  бейнелерді  сақтауға  арналған  кең  таралған  формат.  Бұл  формат  барлық 
программаларда  жұмыс  істей  алады.  Ол  ақ-қара  түстен  RGB    және  CMYK  моделдеріне 
дейін барлық түстерді қамтиды.  
PSD  (PhotoShop  Document,  файл  атының  кеңейтілуі  .PSD).  Растрлық  графикалық 
файлдарды  сақтайтын,  Adobe  Photoshop  графикалық  редакторында  пайдаланылатын 
формат. Бұл формат қабаттар параметрлерін, арналарды,тұнықтық  кӛрсеткіщін және кӛп 
қабаттарды  сақтау  үшін  қолданылады.  Бұл  форматта  ақпаратты  қысу  алгоритмі  жоқ 
болғандықтан, файлдың кӛлемі үлкен болып келеді. Бұл форматтың кемшілігі осыда деп 
айтуға болады.   
PCX (PC PaintBrush File Format, файл атының кеңейтілуі .PCX) форматын  PaintBrush 
PC  программасы  үшін  Z–Soft  жасаған.  Бұл  форматтағы  файлдарды  барлық  графикалық 
редакторлар  аша  да  және  импорттай  да  алады.  Форматта  RLE  қысу  алгоитмі 
қолданылады.  Бейненің  түстік  бӛлінуін  сақтамауы,  түстік  моделдің  аздығы  және  басқа 
шектеулер  бұл  форматтың  қазіргі  таңда  ескірген  форматтар  қатарына  енуіне  септігін 
тигізді.  
JPEG  (Joint  Photographic  Experts  Group  файл  атының  кеңейтілуі  .JPG)  растрлық 
бейнелерді  сақтауға  арналған  формат.  Нақты  мәндердің  орнына  JPEGнүктеден  нүктеге 
ауысу  жылдамдығын  сақтайды.  Ол  кейбір  мәндерді  ортақтастырып  артық  түстік 
ақпаратты  лақтырып  тастайды.  Қысу  деңгей  жоғарылаған  сайын,  кӛптеген  деректер 
лақтырылып  тасталынады  да,  бейненің  сапасы  тӛмендейді.  Осы  форматты  қолдану 
барысында BMP форматындағы файлды 10-500 есе аз етіп қысуға болады. Мұндағы қысу 
әдісі  ақпараттарды  жоюға  негізделген,  сондықтан  бұл  формат  ты  электрондық 
басылымдарға  қолданған  жӛн.  Бұл  форматта  әрбір  нүктенің  түсі  24  биттен  тұрады. 
Сондықтан 16 млн. түсті сақтау мүмкіндігі бар.    
Егер,  8-биттік  GIF  форматындағы  бейнені  24-биттік  JPEG  форматына  ауыстырып, 
бейнені  қайтадан  GIF  форматында  қарайтын  болсақ,  онда  бейне  сапасын  екі  рет,  екі 
түрлендіруде де  жоғалтады.   
GIF  (Graphics  Interchange  Format,  файл  атының  кеңейтілуі  .GIF)    форматын  1987 
жылы CompuServe фирмасы желімен растрлық бейнелерді тарату үшін ойлап тапқан. Бұл 
форматты қысу жоғары сапалы, Web-беттерінен бейнелерді жылдам жүктейді. Бұл формат 
LSW қысу алгоритмін пайдаланады.  


жүктеу 5,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау