1 требования к структуре умк дисциплины



жүктеу 5,18 Kb.
Pdf просмотр
бет14/49
Дата10.02.2018
өлшемі5,18 Kb.
#9350
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   49

 
36 
 
3-сурет. Конструкторлық графика мысалы. 
 
Конструкторлық  графика  құралдарымен  жазықтықтағы  бейнелер    (проекциялар, 
қиықтар) ғана емес, кеңістіктегі үш ӛлшемді бейнелерді де алуға болады.  
Иллюстрациялық графика 
Иллюстрациялық графика – бұл компьютер экранында еркінше сызу және сурет салу. 
Иллюстрациялық  графика  пакеттері  жалпыға  арналған  қолданбалы  программалық 
жабдықтауға  жатады.  Иллюстрациялық  графиканың  қарапайым  программалық  ортасын 
графикалық редакторлар деп атайды.  
Көркемдік және жарнамалық графика  
Кӛркемдік және жарнамалық графика  (4-сурет) теледидар экраны арқылы дамыған 
графика  облысы  .  Компьютердің  кӛмегімен  жасалынған  жарнамалық  роликтер, 
мультфильмдер, компьютер ойындары, видеосабақтар, видеопрезентациялар. 
  
 
4-сурет. Кӛркемдік графика мысалы. 
 
 Бұндай есептерді  шешетін графикалық пакеттер компьютердің жадының кӛлемі  мен 
оның  жұмыс  істеу  жылдамдығына  үлкен  талап  қояды.  Бұл  пакеттердің  ерекшеліктері 
ӛмірдегі  шынайы    бейнелер    мен    "қозғалатын  суреттерді"  құру  және  үш  ӛлшемді 
объектілердің  суреттерін,  олардың  бұрылуын,  жақындауын,  алыстауын  құруда.  Бұл 
жұмыстардың  бәрі  ӛте  үлкен  кӛлемді  есептеулермен  байланысты.    Объектіге  түсетін 
жарықты, оның кӛлеңкесін  шығару оптика заңдылықтарын ескеріп есептеуді талап етеді.   
Компьютерлік графиканы сонымен қатар кино индустриясында да 70-80 ші жылдары 
кӛптеп  пайдалана  бастады.  Мысалы  Американдық  режиссерлер  Стивен  Спилберг  және 
Джеймс  Камерондар  түсірген  (1989),  «Терминатор  1-3»    (1989-2003),  «Чужие»    (1992), 
«Титаник»  (1998)  атты  «Оскар»  сыйлықтарына  ие  болған  фильмдерінде  «Autodesk» 
компаниясының  жасап  шығарған  «Аутодеск-Аниматор»  және  «Силикон  Графикс» 
компаниясының  бағдарламасы  «Open  GL»  бағдарламалары  фильмге  жаңа  әсер  әкеліп, 
әрлендірді. Сондай-ақ «Disney» студиясының шығарған мультфильмдерінде қолданылған 


 
37 
анимация, үш кӛлемдегі персонаждар компьютерлік графиканың ӛнімдері деуге болады.  
Компьютерлік  анимация және мультимедиа 
Компьютерлік  анимация  –  бұл  дисплей  экранында  қозғалатын  бейнені  алу.  Суретші  
экранда  суреттің  бастапқы  және  соңғы  түрін  салады,  ал  қалған  аралықтағы  суреттердің 
түрлерін компьютер  есептеп, экранға шығарады. Мультимедиа  – бұл экрандағы жоғары 
сапалы  бейнені  дыбыспен  бірге  біріктіру,  ол  оқу-ағарту,  жарнама,  ойын 
бағдарламаларында кең тараған.  
Мультимедиа  мүмкіндіктерін  толық  пайдалану  үшін  компьютерге  арнайы 
программаларды орнатып қана қоймай, арнайы құрылғыларды қосу қажет.      
Интернет үшін қажетті графика 
Интернеттің  жергілікті  желісінің  пайда  болуы,  онда  компьютерлік  графиканың    ең 
маңызды орын алуына алып келді.  Күн ӛткен сайын кӛрнекі графиканы тасымалдаудың  
әдістері жетілдіріліп отыр.  
 
Компьютерлік графика тҥрлері 
Компьютерлік  графика  бейнелеу  тәсіліне  байланысты  үш  түрге  бӛлінеді.  Бұлар 
растрлық  графика, векторлық графика және фрактальдық  графика.  Оларда  бейнелердің 
монитор экранына шығу немесе қағазға  баспадан басылу  принциптері әртүрлі. 
Растрлық  әдіс  –  бейне  боялған  нүктелер  жиынынан  тұрады.  Растрлық    графиканы 
электрондық    (мультимедиялық)    және  полиграфиялық  баспа  жұмыстарында 
қолданылады.    Растрлық    графика  құралдарымен  жасалынған  иллюстрацияларды 
компьютерлік  программалар  кӛмегімен  сирек  құрады.  Кӛбінесе  суретшілердің  салған 
суреттерін пайдаланылады.  Соңғы жылдарда компьютерге Растрлық  графиканы (5-сурет) 
енгізу  үшін  цифрлық  фото  және  видеокамералар  кеңінен  қолдау  тапты.  Интернетте  тек 
қана Растрлық  графика қолданылады.  
 
 
5-сурет. 
       Растрлық  графика  электронды  (мультимедиалық)  және  полиграфиялық 
басылымдарды жасап шығару үшін де жиі қолдылады. Растрлық графикалық редакторлар 
кӛбінесе жаңа суреттерді салу үшін емес, дайын суреттерді ӛңдеу үшін қолданылады. Осы 
мақсатта  кӛбінесе  суретшілердің  қолымен  салынған  дайын  суреттер  сканерленіп  алады 
немесе  фотосуреттер  алынады.  Соңғы  кездері  растрлық  кескіндерді  компьютерге  енгізу 
үшін сандық фотокамералар мен видеокамералар кеңінен қолданылуда.  
 
Векторлық  әдіс  –  бұл  әдіс  бейнені  кесінділер  мен  доғалар    жиыны  түрінде 
бейнелейді. Бұл жағдайда вектор  - бұл бір объектіні сипаттайтын деректер жиыны.  


 
38 
 
Векторлық  графиканың  басты  артықшылығы  оған  кескін  сапасын  жоғалтпай  ӛзгеріс 
енгізуге,  оңай  кішірейтуге  және  үлкейтуге  болатындығы.  Келесі  артықшылығы  - 
векторлық  кескіндердің  ақпараттық  кӛлемі  растрлық  кескіндермен  салыстырғанда 
әлдеқайда  аз  болады.  Векторлық  кескіндер  СorelDRAW,  Adobe  illustrator  секілді 
векторлық графикалық редакторларда жасалады.  
   Векторлық  графикамен  жұмыс  істеуге  арналған  программалық  құралдар  бірінші 
кезекте  кескіндерді  ӛңдеу  үшін  емес,  оларды  жаңадан  салу  үшін  қолданылады.  Бұндай 
құралдар  жарнама  агенттіктерінде,  дизайнерлік  бюроларда,  редакциялар  мен 
баспаханаларда  кеңінен  қолданылады.  Қарапайым  геометриялық  объектілер  мен 
қаріптерді  пайдалануға  негізделген  безендіру  жұмыстары  векторлық  графика 
құралдарының кӛмегімен әлдеқайда оңай іске асады 
 
Растрлық және  векторлық  графиканың салыстырмалы сипаттамасы 
Салыстыру критериясы 
Растрлық графика 
Векторлық графика 
Бейнені құру тәсілдері  
Растрлық  бейне  кӛптеген 
нүктелер жиынынан тұрады 
Векторлық 
бейне 
командалар  тізбегі  түрінде 
сипатталады  
Дүниедегі  шынайы  объек-
тілерді бейнелеу  
Растрлық  суреттер  шынайы 
объектілерді  бейнелеу  үшін 
тиімді 
Векторлық 
 
графика 
фотография сияқты   сапалы 
бейнелерді  алуға  мүмкіндік 
бермейді  
Бейнені редакциялау сапасы 
 
 
 
Растрлық 
суреттердің 
масштабын 
ӛзгерткенде 
және 
айналдырғанда 
қисайып кетеді  
Векторлық 
бейнелерді 
сапасын 
тӛмендетпей 
түрлендіруге болады  
Бейнені 
баспаға 
басу 
ерекшеліктері 
Растрлық 
суреттер 
принтерлерде  оңай  баспаға 
басылады 
Векторлық  суреттер  кейде 
баспаға 
басыл-майды 
немесе 
қағазда 
үлгіден 
басқаша болып шығады 
 
Фрактальдық  графика  бейнені  математикалық  есептеулер  арқылы  шығаруға 
арналған.    Фрактальды  кӛркем  композицияны  құру  оның  суретін  салуда  немесе 
әшекейлеуде емес, оны программалауда.  
Фрактальдық графика,  векторлық сияқты  – есептеу арқылы пайда болады, бірақ одан 
айырмашылығы  компьютер  жадында  ешқандай  объект  сақталмайды.  Бейне  формула 
арқылы  құрылады,  сондықтан  компьютер  жадында  тек  формула  сақталады.  Теңдеу 
коэффициенттерін  ӛзгерту  арқылы,  тіпті  басқа  суретті  алуға  болады.    Фрактальдық 
графиканың  табиғаттың  тірі  үлгілерін  есептеу  арқылы  модельдеу  қабілетін,  ерекше 
бейнелерді автоматты кӛбейту үшін пайдаланады.   
 
 


жүктеу 5,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау