111
№7 Лабораториялық жҧмыс. CorelDRAW – мен жұмыс істегенде қолданылатын
арнайы эффектілер
Цель работы:
студенттерді тірек объектілер арасын ең қысқа жолмен созып түрлендіруге үйрету.
студенттерге қисық контур бойымен созып түрлендіру арқылы доғаланған және
иілген эффектілер алу мүмкіндіктерін кӛрсету.
студенттерді жақындату эффектілері мен линза эффектілерімен таныстыру.
Эффект – дегеніміз бұл ӛте кең де әрі кӛпжақты түсінік. Басқаша айтқанда векторлық
графикада объектілерге қолданылатын барлық операцияларды эффектілер деп айтуға
болады.
1 тапсырма. "Градиенттік бояумен құю" және "Интерактивтік мӛлдірдік"
құралдарының кӛмегімен "Жүрек" бейнесін алу (1-сурет).
1. Жүрек суретін салып, оған радиальдық бояумен құю командасын пайдаланып,
тӛмендегі бейнені алыңыз.
2. Жүрек суретінің кӛшірмесін алыңыз.
3. Сурет кӛшірмесіне "Интерактивтік мӛлдірдік" эффектісін қолданыңыз да, оны
бірінші суреттің үстіне орналастырыңыз.
4. Ақтаңдақ бейнесін тӛменде кӛрсетілген амалдар тізбегі арқылы алыңыз.
5. Ақтаңдақты "Жүрек", үстіне орналастырыңыз, алдын ала оған "Интерактивтік
мӛлдірлік", типі "Сызықтық" түрін қолданыңыз.
1-сурет. Нәтижелік бейне.
2 тапсырма. "Градиенттік бояумен құю" және "Интерактивтік мӛлдірлік"
құралдарының кӛмегімен "Жүрек" бейнесін алудың екінші нұсқасы: жүрек бейнесін және
оның кішірейтілген кӛшірмесін алыңыз (2- сурет).
112
2- сурет. Тапсырманы орындауға арналған дайындықтар.
1. Үлкен фигураны сызықты градиентті бояумен құйыңыз, ал кішкентай жүректі
ашық қызыл түспен бояңыз.
2. Екі бӛлікті біріктіріп, оларға "Интерактивті ӛту" командасын қолданыңыз.
3. Осы бейненің басқа нұсқасын алыңыз.
4.Тӛмендегі 3- суретте кӛрсетілгендей "Жүрек" суретін алуға тырысыңыз.
3- сурет. Нәтижелік бейне.
3 тапсырма. «Жақындату эффектісін» орындаңыз.
1. 4- суретте кӛрсетілгендей гүл мен қызыл қоңыз суретін салыңыз.
2. Шеңбер салыңыз да, оны кӛшіріңіз.
3. Кӛшірілген шеңберді кішірейтіп, оны бірінші шеңбердің ішіне орналастырыңыз.
4. Тіктӛртбұрыш салып, оның екі бұрышын доғаландырыңыз. Салынған барлық
объектілерді біріктіріп, лупа алыңыз.
5. Шеңбер салыңыз да, оған линза эффектісін қолданыңыз: Эффектілер→Линза
→Үлкейту (3-ке тең деп беріңіз).
6. Осы алынған шеңберді лупа ішіне терезе орнына қойып, барлық объектілерді
топтаңыз.
7. Лупаны гүлге апарсаңыз, үлкейтілген эффектіні кӛресіз. Жұмыс нәтижесі 4-
суреттегідей болады.
113
4- сурет. Нәтижелік бейне.
4 тапсырма. Созып түрлендіру эффектілерін орындаңыз.
1. 5- суретте кӛрсетілген бейнелерді Созып түрлендіру эффектілерін қолдану
арқылы орындаңыз.
5- сурет Рисунки, созданные с использованием перетекание.
Бақылау сҧрақтары:
1. Бірнеше эффектілер мысалдарын келтіріңіз, олардың қандай құралдармен
орындалғанын айтыңыз.
2. Линза деген сӛзді қалай түсінеміз, оның қангдай түрлері бар және онымен жұмыс
істейтін құралдарды қалай баптауға болады.
3. Мөлдірлілікті линза мӛлдірлілігі кӛмегімен және "Интерактивтік мӛлдірлілік"
құралы кӛмегімен қалай баптауға болады?
Лабораториялық жҧмыс №8. Powerclip. Растерлік бейнелерді ӛңдеу
Жұмыс мақсаты:
студенттерді растерлік бейнелерді ӛңдеудің негізгі тәсілдерімен таныстыру.
"PowerClip" (Фигурамен кесу) командасының жиыны.
Командалар "Эффектілер" мәзірінде орналасқан. Бұл мәзірдің ӛзі тӛрт командадан
тқрады: Place Inside Container (Контейнер ішіне орналастыру), Extract Contents (Ішінен
алу), Edit Contents (Ішіндегілерді редакциялау), Finish Edit This Level (Бұл деңгейдегі
редакциялауды тоқтату).
Place Inside Container командасы ерекшеленген объектіні басқа объектінің –
контейнердің ішіне орналастырады. Объектінің контейнерге симаған бӛлігі кӛрінбей
қалады.
1 тапсырма. Растерлік бейнелерді ӛңдеу.
1.Растерлік бейнелерді жүктеу үшін File → Import (Файл → Импорт) командасын
орындау керек.
2.Бейне кӛлемін Pick (Таңдау) немесе Bitmap → Resample (Нүктелермен салынған
сурет → Көлемін өзгерту) құралдарының кӛмегімен ӛзгертуге болады.
3.Shape (Форма) құралы еркін формалы бейне алуға мүмкіндік береді. Түрлендіру
барысында қисықтың түйінді нүктелерін қосуға немесе алып тастауға болады (1-сурет).
114
1-сурет. Бастапқы бейне мен түрлендірілген бейне.
4. Knife (Пышақ) құралының кӛмегімен бейнені қисықпен бӛліңіз (2-сурет).
2-сурет.
5. Eraser (Резинка) құралы бейненің кейбір бӛліктерін ӛшіруге мүмкіндік береді.
Бейненің бүтін кесінділерін Arrange → Break RGB Bitmap Apart құралы арқылы бір-
бірінен бӛліп тастауға да болады (3-сурет).
3-сурет. Бейне кесінділерін бӛліп тастау.
2 тапсырма. PowerClip құралының кӛмегімен " жазғы" жазу тізбегін алыңыз (4-
сурет).
1. "ЖАЗ" деген сӛзді шрифтін (мысалы, Century Schoolbook, 168 кегль), деп алып
жазыңыз.
2. Алынған жазбаны қисыққа түрлендіріңіз, құйылған бояуын алы тастап, абрис
тағайындаңыз.
3. Тӛмендегідей бір растерлік суретті жүктеңіз.
4. Қисыққа түрлендірілген жазуды жүктелген бейне үстіне орналастырамыз.
5.Растерлік суретті контейнер – текст үстіне апарып қоямыз. Алдын ала объектіні
контейнер ішінде автоматты түрде ортасына орналастыру командасын алып
тастаймыз. Ол үшін Tools → Options баптауында автоматты түрде ортасына
орналастыру PowerClip жалау белгісін алып тастаймыз.
6. Бейнені контейнер ішіне орналастырамыз.
4-сурет.
Достарыңызбен бөлісу: |