1-тарау. Криминалистиканың жалпы теориясы №1 лекция. Криминалистика пәні, жүйесі, міндеттері мен әдістері



жүктеу 135,63 Kb.
бет1/2
Дата19.01.2022
өлшемі135,63 Kb.
#33507
түріЛекция
  1   2
1498773269165 Крими дәрістер


1-ТАРАУ. Криминалистиканың жалпы теориясы

1 лекция. Криминалистика пәні, жүйесі, міндеттері мен әдістері.

МАҚСАТЫ: Криминалистика басқа да ғылымдар сияқты обьективтік құбылыстар заңдылықтарының жиынтығы болып табылады. Бірақ та осы көптеген жинақтардан криминалистиканың айырмашылығы, ол қылмысты ойдағыдай ашуға, тергеуге және алдын алуға қажетті заңдылықтарды оқытады.
Криминалистиканың пәні,
Криминалистиканың жүйесі,
Криминалистиканың міндеттері мен әдістері.
Криминалистика басқа да ғылымдар сияқты обьективтік құбылыстар заңдылықтарының жиынтығы болып табылады. Бірақ та осы көптеген жинақтардан криминалистиканың айырмашылығы, ол қылмысты ойдағыдай ашуға, тергеуге және алдын алуға қажетті заңдылықтарды оқытады.

Қылмысты оқиға адамдардың әрекет-қимылдарынан болатындықтан қоршаған ортада, әсіресе қылмыс орнында көптеген іздер қаладыда, қылмыскер туралы мәлімет көзіне айналады. Ал, осы іздердің пайда болу үрдісі обьектінің қасиеті, белгілері және бейне түсіру ерекшеліктері негізінде қажетті бір заңдылықтарға бағынады. Іздерді, басқа да айғақ заттарды оқиға болған жерден тауып, оларды салыстыру, талдау, тексеру нәтижесінде қылмыстың тетігін анықтаймыз.

Криминалистика пәні іздерді, айғақ заттарды іздеу, табу, бекіту, зерттеу әдістерінің және сол үшін қажетті техникалық криминалистік құралдары пайдалану жолдарын оқытып үйретеді.

Криминалистика ғылымының пәні екі бөлімнен тұрады:

Бірінші бөлімі заңдылықтары:

қылмыс тетігінің заңдылықтары;

қылмыс және оған қатысушылар туралы ақпараттың пайда болу заңдылықтары;

дәлелдемелерді жинақтау, зерттеу, бағалау мен пайдалану заңдылықтары.

Екінші бөліміне қылмыспен күресуге қажетті криминалистік құрал-жабдықтарды, тәсілдер мен әдістерді ойлап шығару, практикаға енгііп пайдалану және оларды жетілдіру жатады.

Криминалистика – бұл қылмыс тетігінің заңдылықтары, қылмыс және оның қатысушылары жөніндегі ақпараттың пайда болуы, сонымен бірге дәлелдемелерді жинақтау, бағалау мен қолдану туралы және қылмысты ашу, тергеу және алдын алуға бағытталған әдіс-тәсілдерінің танымдылық заңдылықтары туралы ғылым.

Криминалистика жүйесі ғылымның пайда болуынан бастап бүкіл тарихы бойына дамып және жетілдіріліп отырады. Бұл процесс осы күнге дейін жалғасуда. Криминалистика өз алдына ерекше, дербес ғылым болғандықтан, оның өзі іштей өзара байланыстығы жеке бөлімдерінен құралған ғылым жүйесі болып табылады. Көптеген оқулықтарда дәстүрлі түрде криминалистика жүйесі төрт бөлімнен құралған, олар:

Криминалистиканың жалпы теориясы;

Криминалистік техника;

Криминалистік тактика;

Криминалистік әдістеме.

Криминалистиканың міндеттері жалпы, арнаулы және нақты болып үш топқа бөлінеді.

Криминалитиканың жалпы немесе басты міндеті құқық қорғау органдарына қылмыспен күресуде қылмыстық құқық, криминология, қылмыстық іс жүргізу құқығы мен басқа да ғылымдар саласы сияқты өз тұрғысынан көмектесу.

Криминалистиканың арнаулы міндеттері мыналар:

криминалистика пәнінің негізін құрайтын обьективтік заңдылықтардың одан әрі кеңейтіп оқып зерттеу, осы ғылымның жалпы және жеке теорияларын дамыту, олардың жалпы әдістемелік негіздерін жасау;

Заттай жәлелдемелерді, іздерді тауып алу, бекіту, зерттеу үшін керекті жаңа криминалистік әдістер мен тәсілдерді одан әрі өңдеп жетілдіру және осы әдістерді пайдалануға лайықты жаңа техникалық құралдарды жасап шығару;


Алдын ала тергеу, сот тергеуінің және криминалистік сараптаманың ұйымдастырушылық, тактикалық және әдістемелік негіздерін жетілдіру. Әрбір тергеу әрекеттерінің тактикалық әдістерін өңдеу арқылы олардың нәтижелігін арттыру;

Қылмыстардың жекелеген түлерін тергеудің әдістемесін өңдеп жетілдіру үшін жаңа ұсыныстар енгізу;

Қылмысты азайту үшін криминалистік сақтық шараларын құқық қорғау органдарына ұсыну;

Шет елдердегі криминалистика ғылымы жетістіктері мен тәжірибелерін қылмысты ашу, тергеу және алдын алу үшін пайдалану.

Криминалистиканың нақты міндеттері тез уақыт аралығында орындалатын сипатта болып келеді; мәселен, осы ғылым алдында өзінің кейбір кезеңінде қылмыстың жаңа түрлерін немесе топтарын тергеу әдістемесін шығару міндеті қойылады.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
Криминалистиканың пәні, жүйесі, міндеттері мен әдістері.
Криминалистикалық ұқсастыру теориясы және диагностика, олардың қолданбалы мағынасы.
Криминалистикалық ілімдер жүйесі.


жүктеу 135,63 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау