І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
ІІІ Қорытынды
1)Тақырыптық карталар белгілі бір тақырыпты ашады. Мысалы, ауыл шаруашылығы өсімдіктердің таралуы, табиғат зоналары мен жауын шашын,т.б.,тақырыптық карталарды екі топқа бөліп қарастыруға болады: қоғамдық және табиғи құбылыстар картасы.
2)Тақырыптық карталар екі үлкен топқа бөлінеді
а)табиғаи құбылыстары картасы немесе физикалық-географиялық карталар:
ә)қоғамдық құбылыстар картасы немесе әлеуметтік-экономикалық карталар деп бөлінеді
3)Тақырыптық карталарда бейнелеудің өзімдік әдістері қолданылады.Оларға салалық түс әдісі,изосызықтар мен қозғалыс сызықтары әдістері жатады
Карталар табиғат пен қоғам құбылысының үйлесуімен өзара байланысын, олардың кеңістіктегі орналасуын жəне олардың мезгілге қарай өзгеруін, картографиялық кескіндеумен бейнеленеу арқылы береді. Карталар белгілі бір тақырыптағы карталарды құрастыру, жасау, өңдеу жəне басып шығару тəсілдерін жəне олардың мазмұндық мəселелерін зерттеумен айналысады. Карта жасауда ГАЖ картаға аса көңіл бөледі. ГАЖ-да картаны құрастыру дәстүрлі тәсілмен немесе автоматтандырылған картографиялаумен салыстырғанда қарапайым әрі ыңғайлы. Ол мәліметтер базасын құрудан басталады, шыққан мәліметтер, яғни олардың көзі ретінде қарапайым күнделікті қағаз карталарын сандық түрлендіру арқылы қолданылады. Осындай мәліметтер базасын әркелкі аумақтағы, әртүрлі масштабтағы белгілі бір шартты белгілері бар карта құрастыруға мүмкіндік береді. Әр уақытта мәліметтер базасы жаңа деректермен толықтырылып, ондағы басқа деректерді түзетіп,сол мезетте экранға көрсетеді.
Карта қоршаған ортаның барлық компоненттерін қамтуға болады. Карталар қолдану аясына байланысты әр түрлі болып келеді. Мысалы, геологиялық, геофизикалық, жер беті және дүниежүзілік мұхит түбінің бедері картасы, метеорологияқ және климаттық, гидрологиялық, топырақ картасы, физико-географиялық ландшафтану мен географиялық аудандастыру т.б.[1] Осының ішінен менің қарастырайын деп отырған тақырыптық картаның бірі-геоморфологиялық карта. Себебі, физикалық-географиялық немесе басқа да көптеген карталардың негізі ол жер бедері болып келеді. Ал, сол жер бедерін зерттейтін ғылымның бірі-геоморфология ғылымы.
Карта – белгілі бір математикалық заңдылықтарға сүйене отырып (масштаб, проекция) жасалынатын жер шарының кішірейтіліп, жердің қисықтығын ескере отырып, əртүрлі шартты белгілермен белгіленіп қағаз бетіне түсірілуі. Қолдану мақсатына қарай карталар əскери шаралар, халық шаруашылығы, мелиорациялау, тау – кен өндірісі, туристерге қажетті, бағдар алу, экономикалық – географиялық мақсатта, географиялық білімді тереңдету үшін қажетті құрал.
Карталар мазмұнына қарай:
1) Жалпы географиялық карталар - жергілікті жердің басты нысандары түгел, дəл көрсетіліп, яғни ел қоныстарын, суларын, өнеркəсібін, жер бедерін жəне т.б.[2] бірдей дəрежеде бейнеленуін айтамыз.Мысалы, физикалық - географиялық карталар.
2)Тақырыптық карталар– карта тақырыбына байланысты, тек сол тақырыптарына ерекше көңіл аударылып бейнеленетін карта. Мысалы, дүниежүзілік мұхиттар картасы, климаттық карталар. Тақырыптық карталарды 3 топқа бөліп қарастырады. Олар келесідей:
1) Физикалық географиялық карталар.
2) Әлеуметтік экономикалық карталар.
3) Арнайы карталар.(1-кесте) Тақырыптық карталардың жіктелуі
(1-кесте)
Тақырыптық карталар белгілі бір тақырыпты ашады. Мысалы, ауыл шаруашылығы өсімдіктердің таралуы, табиғат зоналары мен жауын шашын,т.б.,тақырыптық карталарды екі топқа бөліп қарастыруға болады: қоғамдық және табиғи құбылыстар картасы.
Табиғи құбылыстар картасы қоршаған ортаның барлық компоненттерін қамтуға болады. Қоғамдық тақырыптық карталарға геологиялық, геофизикалық, жер беті және дүниежүзілік мұхит түбінің бедері картасы, метеорологиялық және климаттық, гидрологиялық, топырақ картасы, физикалық географиялық ландшафтану мен географиялық аудандастыру карталары жатады.
Тақырыптық карталардың қолдану аясы кең. Тақырыптық карталар белгілі бір арнайы тақырыпта құрылып, сонысымен ерекшелінеді. Тақырыптық карталардың түрі өте көп. Мен соның ішінде геоморфологиялық карталардың ерекшелігіне тоқталып өтемін.Ол жер бедерінің пішіні мен оның сипаттамасын негізге ала отырып жасалынады. Яғни, жеке көрсеткіштердің жиынтығы ретінде бедердің жалпы сипаттамасын, оның ішіндегі негізгілері болып табылатын – морфологиясын, морфометриясын, қалыптасу тегін және бедердің жасын бейнелеп береді. Геоморфологиялық карталар геологиялық карталармен салыстырғанда шартты белгілермен жер бедері пішінін бейнелеу арқылы ерекшелінеді.