51.Морт материалдардың созылу және сығылу диаграммалары.
Созылу дегеніміз сырықтың көлденең қималарында тек қана N бойлық күші орын алып, басқа ІКФ нөлге тең болатын сырықтың жүктелу түрін айтады. Созылу кезінде бойлық күшінің бағыты қарастырылатын қиманың сыртқы нормалімен бірдей болуы тиіс. Сығылу созылудан формалды түрде тек қана бойлық күшінің бағытымен айырылады.
Созылу-сығылу кезіндегі статикалық түрде анықталмайтын жүйелер САД = байланыстар саны – статика теңдеулерінің саны Статка теңдеулері жеткіліксіз. Cаны САД–не тең элементте р деформацияларын өзара байланыстыратын қосымша теңдеулерді құрастыру қажет. Анықталатын жүйелер элементтерінде ІКФ мен кернеулер тек қана сыртқы күштер әсерінен пайда болады Статикалық түрде анықталмайтын жүйелер элементтерінде олар сыртқы күштер болмаса да болуы мүмкін (температураның өзгерісінен, тіректер орнынан ауытқуы және конструкцияның кейбір элементтері дәл өлшемдерімен жасалмауы себебінен). Созылу кезіндегі кернелген және деформацияланған күйлер
Кернеулер
p∙Aα = F и F=σ∙A,
Aα = A/cosα р = F/ Aα = σ∙cosα
σα= р∙cosα = σ∙cos 2α
τα= р∙sinα = σ∙sin 2α/2
а) α=0 болғанда (көлденең қималарда) σα= σ, τ α=0;
б) α=90° (бойлық қималарда) σα= 0, τα=0, яғни бойлық қабаттар өзара әрекеттеспейді
в) α=45° болғанда τ кернеуі ең жоғары мәніне ие болады τmax= σ/2;
г) α және (α+90°) бұрыштарымен орналасқан қималарда τ шамасының абсолют мәні бірдей; бұл жанама кернеулердің жұптылық заңы, ол әр қашан да орындалады.
Морт материалдар үшін δ шамасы 2-5%-дан аспайды. Морт материалдарға шойын, инструменттік болат, тас, бетон, шыны және т.б. жатады. Пластикалық және морт мате-риалдарға бөлу шартты екенін айта кету керек, өйткені сынау шарттарына (жүктелу жылдамдығына, темпе-ратураға) және кернеулі күйіне тәуелді морт материал-дардың биімділігі пластикалық материалдар секілді, ал пластикалық материалдардың биімділігі морт материалдар секілді болуы мүмкін. Мысалы, шойыннан жасалған үлгі жан-жақты сығу кезінде пластикалық қасиетіне ие болады. Ал болаттан жасалған қырнауы бар үлгі, оның δ қалдық деформациясы салыстырмалы кішкене болғанда сынады.
Морт материалдар үшін сығылу диаграммасының түрі созу диаграммасымен бірдей болып келеді. Диаграмма бойынша жанама кернеу анықталады, сонда сығу кезіндегі беріктік шегі созылу кезіндегі беріктік шегінен әдетте артық болады
Достарыңызбен бөлісу: |