1-ші гипермәтін: АҚш ақШ – тың «ndividual swith Disabilities Education Act»



жүктеу 38,08 Kb.
бет5/7
Дата13.02.2023
өлшемі38,08 Kb.
#41272
1   2   3   4   5   6   7
лек инк теор

5-ші гипермәтін: Швеция
Швеция инклюзивті білім беру идеясының дамуы табысты жүргізілетін елдердің бірі болып саналады. Интеграцияға бағыт алу бұл елде 1969 жылы басталды, бұл кезде Швецияда соған сәйкес үкіметтік құжат пайда болды.
60-70-жылдары Швецияда, содан кейін көптеген дамушы елдерде, дамуы артта қалған адамдарға арналған ірі интернататтар және психиатриялық ауруханалар жабылды.
1980 жылы Швеция дамуында ауытқуы бар балаларды оқытуды ұйымдастырудағы тұғырлардың өзгерісін тіркеген оқу жоспарын қабылдады. 1989 жылы орта білім туралы жаңа Заң қабылданды, ал 1990 жылдан бастап – коррекциялық педагогтарды оқытудың арнайы бағдарламасы қайта қарастырылды.
1995 жылы мұғалімдердің, тәрбиешілер мен директорлардың рөлін анықтайтын жаңа білім беру стандарты бекітілді. Стандарт 5 және 9 сыныптарды аяқтауда қол жеткізілетін білімнің міндетті деңгейін ғана береді. Білім министрлігі мұғалімдердің оқытудың қойылған мақсаттарына жетуге мүмкіндік беретін, оқытудың әдістерін өздерін анықтайтынын қарастырады. Оқу үдерісін ұйымдастырудағы жалпы жауапкершілік мектеп директорына жүктеледі. Соған сәйкес, арнайы сыныптардағы оқушылардың саны күрт қысқарды, оларды жалпы білім беретін мектепке ауыстыра бастады.
1986 жылдан бастап Швецияда көруінде бұзылуы бар балаларға арналған арнайы мектептер жоқ, олардың барлығы тұрғылықты мекен-жайы бойынша мектепке интеграцияланған. Инклюзивті білім беру ерекше мұқтаждығы бар балаларға қатысты мемлекеттің саясатының стратегиялық бағыты болып табылады. Бұл елдегі ерекше мұқтаждығы бар балалардың көпшілігі, қарапайым сыныптарға интеграцияланған. Көруінде, естуінде, ақыл-ойында ауытқуы бар балалар арнайы мектепте білім алады, онда балалар ауытқудың типтері бойынша сараланады. Мұндай мектептерде олар 21-23 жасқа дейін оқи алады.
Қазіргі кезде арнайы мектептер жалпы білім беретін мектептің сыныбына интеграциялаған балаларды қолдау бойынша ресурс Орталығы болып саналады. Ақыл-ойында кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектептер, жалпы білім беретін мектептегі сыныптарға интеграцияланған.
Швецияда балалық кездегі ерте аутизмі бар балаларды арнайы оқыту күрделі мәселе болып табылады. Бұл балалар әдеттегі мектепте шағын топтарда оқытылады. Әрбір 3-балаға 2 мұғалім және ассистенттен келеді. Сонымен бірге, Швецияның жалпы білім беретін мектептеріндегі интеграциялық оқыту әлі барлық қызығушылық танытқан адамдарға қанағаттандырмайды.
Швециядағы арнайы білім беру жалпы білім беретін мектептерге дамуында жетпіспеушіліктері бар балалардың санын неғұрлым көбейтуге бағытталған. Дамуында ауытқулары бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізу 4 нұсқада жүзеге асырылады.
Біріншісі, мұнда бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, бірақ мектепте немесе одан тыс уақытта оған қосымша қызмет көрсетіледі: емдеу шаралары, тәрбиелеу жұмыстары т. б. қарастырылған.
Екінші нұсқа бойынша, бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, қосымша күтім алады және қосымша арнайы бағдарлама бойынша оқиды.
Үшінші нұсқа, бала мектептегі негізгі уақытта арнайы сыныпта, арнайы бағдарлама бойынша оқиды, мұндай типте психикалық дамында кешігушілік бар балалар қарастырылған.Ал, уақытының басқа бөлігінде қарапайым бағдарлама бойынша өз жасындағы оқушылармен дайындалады.
Төртінші нұсқа бойынша,бала тек арнайы бағдарлама бойынша арнайы сыныпқа барады, бұл типте әдетте ойлау қабілеті бұзылған балалар білім алады [2].
Швеция ерекше қажеттілікке мұқтаж балалар қарапайым сыныптарға орналастырылған және балалар онда қажетті қолдау алуда. Әр сыныпта арнайы педагогтың немесе ассистенттің көмегі және көмекші арнаулы құралдарды қолдану арқылы білім беріледі. Есту, көру қабілеттері бұзылған, ойлауында артта қалушылығы бар балалар ауытқулары бойынша бөлінген арнайы мектептерде білім алады және онда 21–23 жасқа дейін оқи алады.



жүктеу 38,08 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау