4-ші гипермәтін: Италия
Көптеген мамандардың пікірлері бойынша, Италия қалған дүние жүзіне инклюзивті білім берудің зертханасына айналды. Өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап, осы елдегі арнайы мектептер мен сыныптардың оқушыларының көпшілік бөлігі, жалпы білім беру жүйесіне интеграцияланды.
1971 жылы Италияда ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беретін мектепте оқыту құқығы туралы бірінші Заң пайда болады. 1977 жылы мұндай оқытуды ұйымдастырудың белгілі нормативтерін құрастырған Заң қабылданды:
- сыныптағы балалардың ең көп саны – 20;
- дамуында ерекшеліктері бар балалардың сыныптағы ең көп саны – 2;
- мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау бойынша арнайы іс-шаралар, сыныптағы сабақтың мазмұнына «енгізілген»;
- арнайы бағдарламалар бойынша оқитын сыныптар қысқартылады;
- арнайы педагогтар қалыпты мектеп мұғалімдерімен командаға бірігеді;
- педагогтардың екі категориясы сыныптың барлық оқушыларымен өзара әрекетке түседі.
Қазіргі кезде мүмкіндігі шектеулі барлық балалардың 99%-ы жалпы білім беретін мектепте оқиды. Оларға «қолдау мұғалімі» (тьютор) көмек көрсетеді. Қарапайым сыныпта қолдау мұғалімінен арнайы көмек алу үшін, бала дамуында ауытқуы бар бала ретінде тіркелуі керек. Тіркеу ата-аналардың келісімімен бір жылға жүзеге асырылады, бұл мерзім аяқталғаннан кейін, арнайы көмекті ұзарту немесе тоқтату туралы шешім қабылданады.
Арнайы педагогтар мен мүмкіндігі шектеулі оқушылардың ресми арақатынасы – 1:4, бірақ шынына келген бұл 1:2 болады. Италия үшін сыныпта көзі көрмейтін (соқыр) немесе құлағы естімейтін (саңырау) баланың болуы қалыпты тәжірибе болып саналады, сыныптағы қалған барлық балалар Брайль әліппесін немесе ым-ишара тілін үйренеді. 1992 жылы шыққан Италияның жаңа заңы, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіруді ғана емес, сонымен бірге академиялық пәндер бойынша сапалы оқытуды басты орынға қояды. Осы Заңға сәйкес, барлық балалар жалпы білім беретін мектепке қабылдануы керек және оларға сапалы білім алу үшін барлық жағдайлар жасалуы керек. Аталған Заңға сәйкес, 16 мыңға жуық балалар арнайы (коррекциялық) мектептен жалпы білім беретін мектепке ауыстырылды және 10 мыңға жуық оқушы әдеттегі университеттерге қабылданды,
1997 жылы Италияда дискриминация туралы Заң қабылданды, содан кейін ерекше қажеттіліктері бар 160 мың бала жалпы білім беретін мектептерге ауыстырылды, олардың мыңға жуығының дамуында ауытқуы бар.
2003 жылы Италияның білім министрлігі мектептердің барлық директорларына жұмыстан үздіксіз тренингке қатысуды міндеттейді, бұл тренингке қатысу өмірге инклюзивті білім берудің ұлттық саясатын жетілдіру үшін қажет болады. Мұнда жалпы білім беретін мектептің барлық мұғалімдеріне, жылына 40 сағат боп белгіленген біліктілікті арттыру курсынан өту міндеттелді.
Итальяндық тұғырдың ерекшелігі ретінде, жалпы білім беретін мектептің мүмкіндігі шектеулі балаларды диагностикалау және емдеу бойынша параллельді жұмыс жүргізетін медициналық және әлеуметтік мекеме мамандарымен тығыз өзара әрекеттің болуы алынады (дәрігерлер, психологтар, әлеуметтік қызметкер, мейірбикелер, логопедтер, функционалды және физикалық терапевтер және т.б.). Сонымен бірге, мүмкіндігі шектеулі оқушыларды жалпы білім беретін ортаға интеграциялау үдерісін дамыту, Италияда өз шешімін талап ететін мәселелермен қатар жүзеге асырылады. Жалпы білім беретін мектептің көпшілік мұғалімдері интеграцияны теріске шығармайды, бірақ оны сынып өміріне ендіруде бірқатар қиындықтары болады. Олар мүмкіндігі шектеулі оқушыларды оқытудың жауапкершілігін қолдаушы мұғалімге (тьютор) жүктеуді ұсынады. Бұдан басқа, мұғалімдер тьютордың сыныптан осындай балалармен жұмыс істегенін қалайды.
Италияда білім беруді интеграциялау мәселесі бірнеше себептермен байланысты:
- интеграция үдерісі мектеп және мектепке дейінгі ұйымдардың мұқтаждықтарын қажетті зерттеуді жүргізусіз, қажетті мамандардың болуын анықтаусыз басталды;
- инклюзивті білім беру мәслесі бойынша жалпы білім беретін мектептің мұғалімдерін оқыту шектелді және жеткіліксіз болды. Аталған тақырыпнама бойынша 1 айдың ішінде арнайы сабақтар (курс), оң нәтиже бермеді, көпшілік мұғалімдер мұндай оқытудан мүлдем өтпеді, соған сәйкес жалпы білім беретін мектептің мұғалімдері ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқыту міндетін қоймайды, себебі олардың интеграцияға дайындығы жеткіліксіз деңгейде болады;
- жоғары сыныптарда жұмыс істейтін қолдаушы мұғалімдердің көпшілігінің арнайы (дефектологиялық) дайындығы жоқ;
- сынып мұғалімі мен қолдаушы мұғалімнің (тьютор) ынтымақтастығы көп жағдайда қиындау жағдайда болады: қолдаушы мұғалім және жалпы білім беруші мұғалім өз іс-әрекетінің аймақтарын анықтай алмады және өздерінің міндеттерін бір-біріне жүктеді;
- жалпы білім беру үдерісіне ақыл-ойында ауыр ауытқуы бар балалар енгізілді, бұл өз кезегінде балаларды бірлесіп оқытуда және олардың қарым-қатынасын ұйымдастыруда бірқатар заңды қиындықтарға әкелді. Көпшілік мамандар мұндай балалар үшін арнайы сыныптардың ашылуы туралы пікірлерін білдірді. Алайда, Италияда бұл ұсыныс түбегейлі қабылданбады, себебі ол арнайы білім берудің жеке жүйесінің «қайта туындауына» алып келеді, ол бұл елде «абыройды төмендететін» және оқытуда ешқандай пайда әкелмейтін құбылыс ретінде қабылданады. Нәтижесінде, айқын интеллектуалды ауытқулары бар балалар жай оқытылмайды;
- орта мектептің жоғары сыныптарында білім беру үдерісіне қатысушылардың тарапынан инклюзивті білім беруге жағымсыз қатынас. Дені сау балалардың ата-аналары көп жағдайда, әдеттегі сыныпта ауытқуы бар оқушылардың болуына қарсы шығады.
Осылайша, Италиядағы интеграцияны осы мәселенің кең мағынасында қол жеткізілген мақсаты деп санауға болады. Алайда, осы мәселе бойынша жүйелі орталықтанған мәліметтердің жетіспеушілігінен, білім беру интеграциясы үдерісінің нәтижесі туралы мәлімет өте аз.
Достарыңызбен бөлісу: |