Әдістемелік нұсқаулары:
1-сұрақ бойынша: үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, азаматтық қоғам институттарының дамуы, І Азаматтық форум және оның маңызы, демократиялық үрдістің дамуы туралы қарастыру.
2-сұрақ бойынша: азаматтық қоғамды одан әрі демократияландыру және дамыту бойынша ұсыныстар әзірлейтін тұрақты жұмыс істейтін Кеңес ұйымдастыру, демократияландыру және азаматтық қоғам мәселелері бойынша Ұлттық комиссияның қызметі, БАҚ-ң қызметі туралы қарастыру.
3-сұрақ бойынша: 2003 жылғы 2 желтоқсандағы азаматтық және саяси құқықтар туралы пакт және оны жүзеге асыру, Қазақстан Президенті жанында адам құқықтары жөніндегі Комиссияның құрылуы және оның қызметі, ҚР-да адам құқы жөніндегі өкілетті институттың (Омбудсмен) енгізілуі, өлім жазасына мораторий енгізу, Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтар, азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактілерді бекітуі, заңдарды ізгілендіру туралы қарастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |